- •Қазақстан ерте және орта ғасырларда.
- •1. Қазақстан территориясындағы тас ғасыры
- •2. Қазақстан территориясындағы қола дәуірі
- •3. Үйсіндер, қаңлылар, ғұндар
- •5. Түрік және түргеш қағанаты
- •704 Жылы батыс-түрік қағандығы құлап оның орнына түргеш қағанаты пайда болды/704-756ж.Ж./
- •6. Қарлұқтар /756-940ж.Ж./ мемлекеті
- •7. Оғыз мемлекеті
- •8. Қимақ қағанаты
- •9. Қарахан мемлекеті
- •10. Қыпшақтар мемлекеті
- •11. Қарақытай мемлекеті
- •12. Қазақстан территориясындағы Ұлы Жібек жолы
- •15. Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен творчествосы
- •17. Қазақ халқының қалыптасуы
- •18. Қазақ хандығының құрылуы
- •19. Қазақ хандығын нығайту үшін Қасым ханның күресі
- •20. Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығы
- •21. Тәуекел хан кезіндегі қазақ хандығы
- •23. “Жеті жарғы” заңдар жинағы
- •24. “Ақтабан шұбырынды” оқиғасы
- •Қазақстан кіші және орта жүздің ресейге қосылуы отаршылдықтың басталуы.
- •1. Қазақстан патшалы Ресейдің құрамында.
- •2. Абылайхан, оның ішкі және сыртқы саясаты
- •4. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
- •5. Бөкей хандығының құрылуы, Жәңгір ханның реформалары
- •6. Исатай Тайманов бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
- •10. 1822-1824 Жылғы ереже. Хан үкіметінің жойылуы
- •11. Ресейдің Қазақстанды отарлауының аяқталуы
- •14. Ғалым-демократ Шоқан Уәлиханов
- •15. Ақын-ағартушы Абай Құнанбаев
- •16. Халыққа білім беру. Ыбырай Алтынсарин
- •18. Орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныстандыру
- •Әдебиеттер
- •Қазақстан хх ғасырда.
- •1. 1905-1907Жылғы орыс революциясы, оның Қазақсанға әсері
- •2. 1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
- •3. Қазақстан 1917 жылғы ақпан революциясы жылдарында.
- •4. Қазан төңкерісі және Қазақстан
- •5. Алаш қозғалысы
- •6. Үш жүз социалистік партиясы
- •7. Қазақстан азамат соғысы жылдарында
- •8. Әскери коммунизм саясаты
- •9. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы
- •10. Жаңа экономикалық саясат
- •12. Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік тұрғыдан межелеу саясаты, оның Қазақстанға әсері.
- •13. Қазақ байларын тәркілеу
- •14. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясаты, ұжымдастырудың қортындылары
- •15. Мал шаруашылығын ұжымдастырудағы кателіктер мен бұрмалаушылықтар
- •16. Отызыншы жылдардағы ашаршылық
- •17. Қазақстанды индустрияландыру
- •18. 1920-1940 Жылдардағы халыққа білім беру
- •20. Араб, латын алфавиттерінің өзгертілуі, оның себептері
- •21. Хх ғасырдың 20-40 жылдары қазақ интелигенциясының ұлт мүддесі үшін күресі
- •22. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін
- •23. Ұлы Отан соғысының бастапқы кезіндегі сәтсіздік, оның себептері
- •24. Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі
- •25. Қазақстандықтардың майданға көмегі
- •26. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы
- •27. Қазақстанда өнеркәсіптің дамуы
- •28. 1940-1950 Жылдардағы идеология саласындағы бұрмалаушылықтар
- •29.Қазақстанда тың жер игеру, оның негізгі қорытындылары.
- •30. Тың жер игерудің зардаптары
- •31. Қазақстандағы тоқырау, оның себептері
- •33. 1986 Жылғы желтоқсан оқиғасы, оның сабақтары
- •34. Кеңес Одағының құлауы. Қазақстанның егемен мемлекет болып құрылуы
- •35. Қазақстан нарықтық экономикаға өту жолында
- •36. Қазақстанда меншікті жекешелендіру
- •37. Қазақстандағы демократия және жариялылық
- •38. Қазақстандағы көп партиялық жүйе
- •39. Егемен Қазақстанның сыртқы саясаты
- •40. Қазақстанда құқықты мемлекет қалыптастыру үшін күрес
- •41. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы
- •42. Қазақстанның 2030 стратегиясы
- •43. 1995 Жылғы Қазақстан Республикасының конституциясы
- •44. Қазақстандағы ұлт-аралық қарым-қатынас
- •45. Қазақстандағы қазіргі замандағы экологиялық хал-ахуал
- •46. Отан тарихындағы ақтаңдақтар, олардың себебі
- •47. Қазақстанда тарих ғылымының дамуы
- •Әдебиеттер
19. Қазақ хандығын нығайту үшін Қасым ханның күресі
Қасым хан 1511-1523 ж.ж. хандық құрды. Оның ордасы Ақ ордада болды. Қасым хандығының құрамында Шығыс ноғай көшпелілері және Моғолстанның Батыс бөлігіндегі көшпелілер кірді. Сондай-ақ Қасымханның билігі Дулат, үйсін, қаңлы, т.б. тайпаларға да жүрді.
Қасымхан қазақ хандығының тәуелсіздігін және оның бір тұтастығын сақтап қалу үшін күресті. Бұл мақсатқа жету Қасымхан үшін өте қиындыққа түсті. Шайбанидтермен күресуге тура келді. Шайбанидтер Орта Азияның отырықшы халықтары мен қатар, Сырдария бойындағы көшпелді тайпаларға да өз үстемдігін жүргізуді көздеді. ХVІ ғасырдың бас кезінде Қасымханмен Шайбанидтер арасында қақттығыстар болып, 1509 ж. ол үлкен соғыстарға айналды. Сыр бойындағы соғыстар алма-кезек жеңістерге жетіп отырды. 1513 жылы өзбек хандары Қасымханға қарсы шабуыл жасап, Ұлы-тау өңірдегі қыстақтарды талқандап, басып алды. Қарсы шабуылға шыққан Қасымхан Шайбанидтердің әскерін ойсырата жеңеді. 1513 жылдың соңында Ирандықтармен болған соғыста Шайбани хан өледі. Ирандықтар және Темір әскерлерімен екі жақты соғыс оларды қатты әбіржітіп титықтатады. Осындай жағдайды пайдаланып Қасымхан Сайрам қаласын басып алады. Ташкент қаласын өзіне қаратып үлгермеді. Соғыстардың болып жатқанына қарамастан отырықшылар мен көшпенділер арасындағы сауда-саттық ешбір бәсеңдеместен дами берді. Осы кезде көшпенділер мен отрықышылардың сауда орталығы Сайрам қаласы болды. Сондай-ақ сауда-саттық Орта Азия мен қазақ хандықтары арасында жақсы қарқынмен дамып осы өңірдегі Сауран қаласы екінші бір үлкен сауда орталығына айналды.
Қасым хан Моғослтан мен достық қатынасты жолға қоюға ұмтылды. Моғолстан ханы да қазақтарды қолдап, жақсы қатынаста болуды қостады. Қасымның осы кезеңдегі Ноғай ұлысы жөнінде ұстанған саясаты маңызды рөл атқарды. Ноғай мырзалары өзара кескілескен ұрысқа кіріскен болатын. Феодалдық қырқысу соғысынан шошынған ноғай қауымы, көшіп, қазақ хандығының қол астына кірді. Қасымхан оларды қамқорлыққа алды. Ноғай ұлысының Москвамен жақындасуына қарсы болған мырзалармен де сыйластықта болды. Осылай ете отырып, ол Москва мен қазақ хандығы арасындағы қатынастың жақсаруына ұмтылды. Қасымхан қазақ байларына хан билігін мойындата отырып, ел бірлігін сақтады. Қасымхан тұсында қазақтардың саны 1 млн-ға жеткен және қазақ хандығының территориясы ұлғайып қалалар саны өсе түскен.
20. Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығы
Қасымхан өлгеннен кейін сұлтандар арасында хандық билікке тақ таласы күшейді. Көрші мемлекеттердің қазақ хандығына шабуылы жиілеп кетті. Соғыстың толассыз жүріп жатуы елді күйзеліске ұшыратты. Қазақстардың бұдан әрі шыдамы, төзімі жетпеді. Сөйтіп, олар өздерінің тәуелсіздігінің қауіпсіздігі үшін күреске шықты. Бұл күресті Қасымханның баласы Хақназар (Ақназар) басқарды. 1560 жылы Моғолстанның ханы қазақтарды өз жерінен қумақшы болды. Хақназар қарсы тұрып, моғол әскерлерінің тас-талқанын шығарды. Қазақ хандығының күш-қуатынан Сібір ханы Көшім де, сырттан көшірілген ноғай мырзалары да қауіптеніп, қорқып отырды. Қазақ хандығының айбарлы даңқы Москва патшалығына келіп жетті.
1573 жылы орыс патшасы өз елшісін Хақназар ханға жіберді. Елшіні Көшімнің адамдары қолға түсірді. 1574 жылы Иван Строгонов өзінің көпестеріне қазақтармен ақысыз сауда жасау граммота сыйлады. Бұл орнатылған сауда байланысы біртіндеп Москва мен Қазақстан арасында саяси қатынасқа айналды. Хақназар 1570 жылдың аяғында “Патшамен және ұлы князьбен арамызға бейбітшілік орнағанын қалаймын”-деді.
Бұқараның билеушісі Абдулла қазақ хандығының күш-қуаты артып отырғанын байқады да, оның өзінің үкімет билігін нығайту үшін пайдаланғысы келді. Сөйтіп, Хақназармен достық қатынас орнатты. 1579 жылы ірі феодал Баба Сұлтан Абдуллаға қарсы бүлік шығарып, Ташкентті басып алды. Абдулла Хақназардан көмек сұрады. Хақназар Баба сұлтанға қарсы аттанып, оны талқандап жеңеді. Жеңіліс тауып, әзер қашып құтылған Баба сұлтан енді қулық жасау арқылы Абдулла мен Хақназардың арасына от тастап, олардың достық одағын бұзды. Осыдан кейін 1580 жылы Баба сұлтан Абдуллаға қарсы соғыс ашты. Сонымен қатар Хақназарға да астыртын күшті сенімді отрядын жібереді. Сөйтіп, Баба сұлтан Хақназарға келісім жасаймыз деп алдап, Хақназар ордасына кіреді де күтпеген жерден олардың адамдарын қырып салады. Баба сұлтан астыртын адам жібертіп, Хақназардың екі баласын және өзін 1580 жылы өлтіреді.
