
- •Қазақстан ерте және орта ғасырларда.
- •1. Қазақстан территориясындағы тас ғасыры
- •2. Қазақстан территориясындағы қола дәуірі
- •3. Үйсіндер, қаңлылар, ғұндар
- •5. Түрік және түргеш қағанаты
- •704 Жылы батыс-түрік қағандығы құлап оның орнына түргеш қағанаты пайда болды/704-756ж.Ж./
- •6. Қарлұқтар /756-940ж.Ж./ мемлекеті
- •7. Оғыз мемлекеті
- •8. Қимақ қағанаты
- •9. Қарахан мемлекеті
- •10. Қыпшақтар мемлекеті
- •11. Қарақытай мемлекеті
- •12. Қазақстан территориясындағы Ұлы Жібек жолы
- •15. Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен творчествосы
- •17. Қазақ халқының қалыптасуы
- •18. Қазақ хандығының құрылуы
- •19. Қазақ хандығын нығайту үшін Қасым ханның күресі
- •20. Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығы
- •21. Тәуекел хан кезіндегі қазақ хандығы
- •23. “Жеті жарғы” заңдар жинағы
- •24. “Ақтабан шұбырынды” оқиғасы
- •Қазақстан кіші және орта жүздің ресейге қосылуы отаршылдықтың басталуы.
- •1. Қазақстан патшалы Ресейдің құрамында.
- •2. Абылайхан, оның ішкі және сыртқы саясаты
- •4. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
- •5. Бөкей хандығының құрылуы, Жәңгір ханның реформалары
- •6. Исатай Тайманов бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
- •10. 1822-1824 Жылғы ереже. Хан үкіметінің жойылуы
- •11. Ресейдің Қазақстанды отарлауының аяқталуы
- •14. Ғалым-демократ Шоқан Уәлиханов
- •15. Ақын-ағартушы Абай Құнанбаев
- •16. Халыққа білім беру. Ыбырай Алтынсарин
- •18. Орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныстандыру
- •Әдебиеттер
- •Қазақстан хх ғасырда.
- •1. 1905-1907Жылғы орыс революциясы, оның Қазақсанға әсері
- •2. 1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
- •3. Қазақстан 1917 жылғы ақпан революциясы жылдарында.
- •4. Қазан төңкерісі және Қазақстан
- •5. Алаш қозғалысы
- •6. Үш жүз социалистік партиясы
- •7. Қазақстан азамат соғысы жылдарында
- •8. Әскери коммунизм саясаты
- •9. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы
- •10. Жаңа экономикалық саясат
- •12. Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік тұрғыдан межелеу саясаты, оның Қазақстанға әсері.
- •13. Қазақ байларын тәркілеу
- •14. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясаты, ұжымдастырудың қортындылары
- •15. Мал шаруашылығын ұжымдастырудағы кателіктер мен бұрмалаушылықтар
- •16. Отызыншы жылдардағы ашаршылық
- •17. Қазақстанды индустрияландыру
- •18. 1920-1940 Жылдардағы халыққа білім беру
- •20. Араб, латын алфавиттерінің өзгертілуі, оның себептері
- •21. Хх ғасырдың 20-40 жылдары қазақ интелигенциясының ұлт мүддесі үшін күресі
- •22. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін
- •23. Ұлы Отан соғысының бастапқы кезіндегі сәтсіздік, оның себептері
- •24. Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі
- •25. Қазақстандықтардың майданға көмегі
- •26. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы
- •27. Қазақстанда өнеркәсіптің дамуы
- •28. 1940-1950 Жылдардағы идеология саласындағы бұрмалаушылықтар
- •29.Қазақстанда тың жер игеру, оның негізгі қорытындылары.
- •30. Тың жер игерудің зардаптары
- •31. Қазақстандағы тоқырау, оның себептері
- •33. 1986 Жылғы желтоқсан оқиғасы, оның сабақтары
- •34. Кеңес Одағының құлауы. Қазақстанның егемен мемлекет болып құрылуы
- •35. Қазақстан нарықтық экономикаға өту жолында
- •36. Қазақстанда меншікті жекешелендіру
- •37. Қазақстандағы демократия және жариялылық
- •38. Қазақстандағы көп партиялық жүйе
- •39. Егемен Қазақстанның сыртқы саясаты
- •40. Қазақстанда құқықты мемлекет қалыптастыру үшін күрес
- •41. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы
- •42. Қазақстанның 2030 стратегиясы
- •43. 1995 Жылғы Қазақстан Республикасының конституциясы
- •44. Қазақстандағы ұлт-аралық қарым-қатынас
- •45. Қазақстандағы қазіргі замандағы экологиялық хал-ахуал
- •46. Отан тарихындағы ақтаңдақтар, олардың себебі
- •47. Қазақстанда тарих ғылымының дамуы
- •Әдебиеттер
10. Қыпшақтар мемлекеті
Қыпшақтардың аты тарихта ҮІІІ ғасырдан белгілі бола бастады. Ол кезде қыпшақтар қазіргі Шығыс Қазақстан территориясын мекендеген. Х ғасырда олар Қазақстанның батыс, солтүстік өлкелеріне дейін тараған. ҮІІІ-Х ғасырларда олар қимақтар мемлекетінің құрамында болған. Алайда ұзамай қимақтардың әлсіреуіне байланысты билік қыпшақтардың қолына көше бастаған. Олар Сырдария, Арал, Каспий өлкесін басып алып Хорезімнің солтүтігіне тақап келеді. Хорезмдықтар олармен сауда жасап оларды әскери қызметке тартты. ХІ ғасырда Қыпшақтар ертістен Волгаға дейінгі ұлан байтақ жерді мекендеді. ХІ ғасырдың орта шенінде қыпшақтардың алды оңтүстік орыс далаларына дейін барып онда половецтар деп аталды. Қазақстан территориясында қалған қыпшақтар Дешт қыпшақ деп аталды. Қыпшақтардың құрамына Қазақстан территориясын өздерінен бұрын мекендеген халықтар кірді. Бұлардың барлығы дерлік түрік тілдестер. Қазақ халқының қалыптасуына Шығыс қыпшақ үлкен роль атқарды. Қыпшақтардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болды. Қыпшақтар көшіп қонып жүрді. Мал шаруашылығы үшін зор жайылым қажет болды. Қыпшақтардың көш-қонысы белгілі бір маршрут бойынша жүзеге асырылды. Олар қыста Арал, Сырдария бойын қыстады да жазда Оралға көшетін болды. Қыпшақтардың біразы жартылай көшпелі отырықшы болып егін шаруашылығымен айналысты. Егістік жерлер Сырдария, Сарысу, Есіл өзендерінің бойында болды. Олардың бір бөлігі суармалы егіншілікпен де айналысты. Мүны Ұлытау, Торғай өлкесіндегі суару жүйесінің, тоғандардың қалдығы дәлелдейді. Олар аң суарумен де шұғылданды. Балық та аулаған. Қыпшақтар феодалдық қатнастарда болды. Қыпшақтар ел деп аталатын бірлестіктерге бірікті. Мал жеке меншікте болды. Осы меншікке қол сұғу қатал жазаланып отырды.
Қыпшақ мемлекеті Русь, Калия балгарларымен, Орта Азия халықтарымен экономикалық қарым-қатнас жасап отырды. Олар мал мен малшаруашылығы өнімдерін Европа, Орта Азия елдерінің қол өнер бұйымдарына айырбастап отырды. Қыпшақ бірлестігі феодалдана бастаған мемлекет болды. Бұл мемлекетті хан басқарды. Хан үкіметі мұрагерлік арқылы жалғасып отырды. Қыпшақтар Сырдария өлкесі үшін Хорезм шахпен күресті. Хорезм шах қыпшақ жеріне дүркі-дүркін шабуыл жасап оның кейбір өлкесін, қаласын жаулап алып отырды. Монғол шапқыншылығы төніп келген кезде Хорезм шах пен қыпшақ арасындағы алауыздық олардың моңғол шапқыншылығына жем болуына әкеп соқты. Қыпшақтар түрік тілдес халық, қазақтың ата бабасы. Қазақ халқы қалыптасуының алдында ғана Қазақстан жерін мекендеген қыпшақтар қазақтың халық болып қалыптасуының ұйытқысы болды.
11. Қарақытай мемлекеті
ХІІ ғасырдың басында ішкі тайталастан Карахан мемлекеті әлсірей берді. Оның орнына Орта Азияда Хорезм мемлекеті дәуірлей бастады. Осы кезде қытай моңғол жерлерінде қидандардың қуатты мемлекеті құрылды. Қидандар енді Қазақ жерлеріне көз тіге бастады. 1010 жылы қидандар Жетісуға басып кіріп, 1014 жылы Орта Азия /Бухараға/ қауіп төндірді. Бірақ қидандар Бухара әкімшілігінен қатты соққы жеді. Осы кезде қидандардың тегеурінен Қазақстан территориясында мекендеген түрік тілдес халықтардың батысқа қарай миграциясы басталды. Осындай ұрымтал жағдайды пайдаланып, ендігі жерде Қидандар Оңтүстік Қазақстанда орын тебе бастады. Қазақстанның оңтүстігінде мекендеп, үстемдік еткен қидандар жергілікті халықтың ықпалымен жергілікті халыққа сіңісіп қарақытай атанып кетті. Сүйтіп ХІІ ғасырдың 30-40 жылдарында қазіргі Оңтүстік Қазақстан мен мауараннахр аймағының территориялары қарақытайлардың иелігіне өтті. Қидандардың тегі әлі зерттелмеген. Жалпы ғылымда моңғол тектес тайпалардан шыққан деген болжам айтылып жүр. Қарақытай қидандардың бір бөлігі. Оның құрамында түркі тілдестер болған деген пікірлер де бар. Қарақытайлар жергілікті басқару орындарын, қалалар мен егіншілікті қаратқан жоқ. Оларды өз мүддесі үшін пайдаланды. Олардың арасында егіншілердің болуы бұған әсер етті.
Бірақ қарақытай шонжарлары жергіліктті халықатан алым-салық алды. Әсіресе әскери салық халыққа өте ауыр тиді. Қарақытай мемлекетінің жоғарғы билеушісін Гурхан деп атады. Алайда жоғары билікті мұраға қалдыру жүйесі өзіндік сипат алды: Гурханға әдетте бұл да Гурхан деп аталатын әйел мұрагер болды. Бұл жергілікті мұсылман халықтарының наразылығын туғызды. Мүның себебі гурхандар екінші бір гурханның қызына үйленді. Сондықтан Гурхан қызы да таққа отыруға праволы деп есептелді. Қарақытайлар кезінде әскер басшыларының беделі күшейді. Мұның өзі қарақытай армиясындағы өзгерістердің мысалынан айқын көрінді. Армияны әскери бөліністерге бөле отырып, Елюй Даши Қатұн-Балықтың өзінде-ақ әрбір отрядтың санын 500 адамнан белгіледі. Бірақ Жетісуда Түрхан бұл тәртіпті күрт өзгертті. Бір әскери басшының қол астында жүзден аспайтын жауынгер болуға тиіс болды. Осындай жолмен армияны, басқару ішінара бөлшектенді. Жергілікті тайпалардың шекараларды қорғау жөніндегі қызметі сақталып қалды. Дегенімен әскери басшылардың беделі күшті болды. Олар нағыз бай феодалдарға айналып келе-келе Гурханға бағынатын болды. Қидандар жергілікті халықтарды қатты қанады. Бұндай жағдай жергілікті халықтың қарсылығын күшейтті. Бұл күресті хорезм шахы бастап, Бухара, Самархандтан қарақытайларды қуу басталып, 1210 жылы қарақытайлардың үстемдігі Қазақстан мен Орта Азия территориясында құлады.