
- •Қазақстан ерте және орта ғасырларда.
- •1. Қазақстан территориясындағы тас ғасыры
- •2. Қазақстан территориясындағы қола дәуірі
- •3. Үйсіндер, қаңлылар, ғұндар
- •5. Түрік және түргеш қағанаты
- •704 Жылы батыс-түрік қағандығы құлап оның орнына түргеш қағанаты пайда болды/704-756ж.Ж./
- •6. Қарлұқтар /756-940ж.Ж./ мемлекеті
- •7. Оғыз мемлекеті
- •8. Қимақ қағанаты
- •9. Қарахан мемлекеті
- •10. Қыпшақтар мемлекеті
- •11. Қарақытай мемлекеті
- •12. Қазақстан территориясындағы Ұлы Жібек жолы
- •15. Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен творчествосы
- •17. Қазақ халқының қалыптасуы
- •18. Қазақ хандығының құрылуы
- •19. Қазақ хандығын нығайту үшін Қасым ханның күресі
- •20. Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығы
- •21. Тәуекел хан кезіндегі қазақ хандығы
- •23. “Жеті жарғы” заңдар жинағы
- •24. “Ақтабан шұбырынды” оқиғасы
- •Қазақстан кіші және орта жүздің ресейге қосылуы отаршылдықтың басталуы.
- •1. Қазақстан патшалы Ресейдің құрамында.
- •2. Абылайхан, оның ішкі және сыртқы саясаты
- •4. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
- •5. Бөкей хандығының құрылуы, Жәңгір ханның реформалары
- •6. Исатай Тайманов бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
- •10. 1822-1824 Жылғы ереже. Хан үкіметінің жойылуы
- •11. Ресейдің Қазақстанды отарлауының аяқталуы
- •14. Ғалым-демократ Шоқан Уәлиханов
- •15. Ақын-ағартушы Абай Құнанбаев
- •16. Халыққа білім беру. Ыбырай Алтынсарин
- •18. Орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныстандыру
- •Әдебиеттер
- •Қазақстан хх ғасырда.
- •1. 1905-1907Жылғы орыс революциясы, оның Қазақсанға әсері
- •2. 1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
- •3. Қазақстан 1917 жылғы ақпан революциясы жылдарында.
- •4. Қазан төңкерісі және Қазақстан
- •5. Алаш қозғалысы
- •6. Үш жүз социалистік партиясы
- •7. Қазақстан азамат соғысы жылдарында
- •8. Әскери коммунизм саясаты
- •9. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы
- •10. Жаңа экономикалық саясат
- •12. Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік тұрғыдан межелеу саясаты, оның Қазақстанға әсері.
- •13. Қазақ байларын тәркілеу
- •14. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясаты, ұжымдастырудың қортындылары
- •15. Мал шаруашылығын ұжымдастырудағы кателіктер мен бұрмалаушылықтар
- •16. Отызыншы жылдардағы ашаршылық
- •17. Қазақстанды индустрияландыру
- •18. 1920-1940 Жылдардағы халыққа білім беру
- •20. Араб, латын алфавиттерінің өзгертілуі, оның себептері
- •21. Хх ғасырдың 20-40 жылдары қазақ интелигенциясының ұлт мүддесі үшін күресі
- •22. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін
- •23. Ұлы Отан соғысының бастапқы кезіндегі сәтсіздік, оның себептері
- •24. Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі
- •25. Қазақстандықтардың майданға көмегі
- •26. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы
- •27. Қазақстанда өнеркәсіптің дамуы
- •28. 1940-1950 Жылдардағы идеология саласындағы бұрмалаушылықтар
- •29.Қазақстанда тың жер игеру, оның негізгі қорытындылары.
- •30. Тың жер игерудің зардаптары
- •31. Қазақстандағы тоқырау, оның себептері
- •33. 1986 Жылғы желтоқсан оқиғасы, оның сабақтары
- •34. Кеңес Одағының құлауы. Қазақстанның егемен мемлекет болып құрылуы
- •35. Қазақстан нарықтық экономикаға өту жолында
- •36. Қазақстанда меншікті жекешелендіру
- •37. Қазақстандағы демократия және жариялылық
- •38. Қазақстандағы көп партиялық жүйе
- •39. Егемен Қазақстанның сыртқы саясаты
- •40. Қазақстанда құқықты мемлекет қалыптастыру үшін күрес
- •41. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы
- •42. Қазақстанның 2030 стратегиясы
- •43. 1995 Жылғы Қазақстан Республикасының конституциясы
- •44. Қазақстандағы ұлт-аралық қарым-қатынас
- •45. Қазақстандағы қазіргі замандағы экологиялық хал-ахуал
- •46. Отан тарихындағы ақтаңдақтар, олардың себебі
- •47. Қазақстанда тарих ғылымының дамуы
- •Әдебиеттер
37. Қазақстандағы демократия және жариялылық
Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған соң саяси өмірдің тұрақтылығы артты. Саяси өмірде демократия, жариялылық принциптері жүзеге асып халықтың саяси белсенділігі арта түсті.
Демократия және жариялылық принциптері Қазақстанның 1993, 1995 жылғы Конституцияларынан көрініс тапты.
Кеңес дәуірінде қалыптасқан социалистік демократияның орнына дүниежүзінің өркениетті елдерінің озық тәжірибесіне негізделген толық қанды демократиялық принциптер қалыптасып отыр. Қазақстан халқы ел өмірінің маңызды мәселелерін референдумда дауыс беру арқылы шешіп отырды. Бұл ел билеу ісіне халық бұқараның тікелей қатысып отырғанына дәлел. Ел басы, парламент баламалы түрде сайланады.
Қазақстанда үкімет билігін бөлісу конституцияда демократиялық жолмен шешілген. Заң, ереже қабылдау функциясын парламент, атқарушы билікті үкімет, сот билігін барлық дәрежедегі соттар жүзеге асырады.
Қазақстанда көп партиялық жүйенің қалыптасуы демократияның негізгі көріністерінің бірі. Партиялар ел басының, парламенттің сайлауына еркін қатысады. Мәжілісте партиялардың фракциясы бар.
Конституцияда азаматтарға толық құқық және бостандық беріліп, оларды жүзеге асыру мүмкіндігін үкімет өз мойынына алып отыр. Конституцияда көрсетілген сөз, баспаға жазу бостандығын жүзеге асыруда Кеңес дәуірінде енгізілген цензураның жойылуы, еркін бұқаралық ақпарат құралдарының қалыптасуы маңызды роль атқарады.
Қазақстанда саяси және идеологиялық әртүрлілік қалыптасты. Саяси әртүрлілік әр түрлі саяси партиялардың өмір сүруі, идеологиялық әртүрлілік әртүрлі идеологиялық пікір ағымдардың болуына жол беру арқылы қамтамасыз етіліп отыр.
Тәуелсіз, еркін бұқаралық ақпарат құралдарының қалыптасуы жариялылық принципін жүзеге асырудың негізгі құралы.
38. Қазақстандағы көп партиялық жүйе
Қазақстанда демократияның өрістеді, саяси әртүрліліктің қалыптасуының негізгі нәтижелерінің бірі көп партиялық жүйенің қалыптасуы. Қазақстанда бір партияның үстемдігі жойылып, халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарының саяси еркін айқындау мақсатымен саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар құрылды. Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарды құру тәртібі, олардың құқықтың мәртебесі Қазақстан республикасының конституциясы мен арнаулы заңда көрсетілген. Қазақстанның нарықтық экономикаға өту кезеңі басталғанда елде жүзден астам саяси партия, қоғамдық ұйымдар болды.
Қоституцияда және саяси партия туралы заңда саяси партиялардың тәуелсіздігі, мемлекеттің олардың ісіне араласпайтыны, саяси партиялардың заң алдында тең құқықтығы, саяси партияларды мемлекет қаржыландыруға тыйым салынатындығы, республиканың конституциялық құрылымын күшпен өзгерту, елдің қауыпсыздығынан нұқсан келтіру, ұлттық, расалық, діни, рулық қақтығысты насихаттаушы партиялардың құрылуына тыйым салынатыны, Қазақстанда басқа елдердің саяси партиясының құрылуына, іс әрекет жүргізуіне тыйым салынатыны заңдастырылған. 1996 жылы қабылданған саяси партиялар туралы заңда саяси партияларды құрудың құқықтық негіздері, олардың құқығы мен міндеттері, іс әрекетіне берілетін кепілдіктер, партиялар мен мемлекет органдарының ара байланысы сияқты мәселелер көрсетілді.
Заңда саяси партияларға кең құқық берілді. Олар өз іс әрекеті туралы мәлімет таратуға, өзінің мақсаттары мен міндеттерін насихаттауға, сайлауға қатысып, президентке, мәжіліске, маслихаттарға кандидаттар ұсынуға мәжілісте партия фракциясын құруға, бұқаралық ақпарат құралдарын орнатуға, баспа қызметін жүргізуге, жиналыс, митинг, шеру жүргізуге құқылы. Бүгінгі таңда саяси партиялар аталмыш құқықтармен еркін пайдаланып отыр.