
- •Қазақстан ерте және орта ғасырларда.
- •1. Қазақстан территориясындағы тас ғасыры
- •2. Қазақстан территориясындағы қола дәуірі
- •3. Үйсіндер, қаңлылар, ғұндар
- •5. Түрік және түргеш қағанаты
- •704 Жылы батыс-түрік қағандығы құлап оның орнына түргеш қағанаты пайда болды/704-756ж.Ж./
- •6. Қарлұқтар /756-940ж.Ж./ мемлекеті
- •7. Оғыз мемлекеті
- •8. Қимақ қағанаты
- •9. Қарахан мемлекеті
- •10. Қыпшақтар мемлекеті
- •11. Қарақытай мемлекеті
- •12. Қазақстан территориясындағы Ұлы Жібек жолы
- •15. Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен творчествосы
- •17. Қазақ халқының қалыптасуы
- •18. Қазақ хандығының құрылуы
- •19. Қазақ хандығын нығайту үшін Қасым ханның күресі
- •20. Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығы
- •21. Тәуекел хан кезіндегі қазақ хандығы
- •23. “Жеті жарғы” заңдар жинағы
- •24. “Ақтабан шұбырынды” оқиғасы
- •Қазақстан кіші және орта жүздің ресейге қосылуы отаршылдықтың басталуы.
- •1. Қазақстан патшалы Ресейдің құрамында.
- •2. Абылайхан, оның ішкі және сыртқы саясаты
- •4. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
- •5. Бөкей хандығының құрылуы, Жәңгір ханның реформалары
- •6. Исатай Тайманов бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
- •10. 1822-1824 Жылғы ереже. Хан үкіметінің жойылуы
- •11. Ресейдің Қазақстанды отарлауының аяқталуы
- •14. Ғалым-демократ Шоқан Уәлиханов
- •15. Ақын-ағартушы Абай Құнанбаев
- •16. Халыққа білім беру. Ыбырай Алтынсарин
- •18. Орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныстандыру
- •Әдебиеттер
- •Қазақстан хх ғасырда.
- •1. 1905-1907Жылғы орыс революциясы, оның Қазақсанға әсері
- •2. 1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
- •3. Қазақстан 1917 жылғы ақпан революциясы жылдарында.
- •4. Қазан төңкерісі және Қазақстан
- •5. Алаш қозғалысы
- •6. Үш жүз социалистік партиясы
- •7. Қазақстан азамат соғысы жылдарында
- •8. Әскери коммунизм саясаты
- •9. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы
- •10. Жаңа экономикалық саясат
- •12. Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік тұрғыдан межелеу саясаты, оның Қазақстанға әсері.
- •13. Қазақ байларын тәркілеу
- •14. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясаты, ұжымдастырудың қортындылары
- •15. Мал шаруашылығын ұжымдастырудағы кателіктер мен бұрмалаушылықтар
- •16. Отызыншы жылдардағы ашаршылық
- •17. Қазақстанды индустрияландыру
- •18. 1920-1940 Жылдардағы халыққа білім беру
- •20. Араб, латын алфавиттерінің өзгертілуі, оның себептері
- •21. Хх ғасырдың 20-40 жылдары қазақ интелигенциясының ұлт мүддесі үшін күресі
- •22. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін
- •23. Ұлы Отан соғысының бастапқы кезіндегі сәтсіздік, оның себептері
- •24. Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі
- •25. Қазақстандықтардың майданға көмегі
- •26. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы
- •27. Қазақстанда өнеркәсіптің дамуы
- •28. 1940-1950 Жылдардағы идеология саласындағы бұрмалаушылықтар
- •29.Қазақстанда тың жер игеру, оның негізгі қорытындылары.
- •30. Тың жер игерудің зардаптары
- •31. Қазақстандағы тоқырау, оның себептері
- •33. 1986 Жылғы желтоқсан оқиғасы, оның сабақтары
- •34. Кеңес Одағының құлауы. Қазақстанның егемен мемлекет болып құрылуы
- •35. Қазақстан нарықтық экономикаға өту жолында
- •36. Қазақстанда меншікті жекешелендіру
- •37. Қазақстандағы демократия және жариялылық
- •38. Қазақстандағы көп партиялық жүйе
- •39. Егемен Қазақстанның сыртқы саясаты
- •40. Қазақстанда құқықты мемлекет қалыптастыру үшін күрес
- •41. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы
- •42. Қазақстанның 2030 стратегиясы
- •43. 1995 Жылғы Қазақстан Республикасының конституциясы
- •44. Қазақстандағы ұлт-аралық қарым-қатынас
- •45. Қазақстандағы қазіргі замандағы экологиялық хал-ахуал
- •46. Отан тарихындағы ақтаңдақтар, олардың себебі
- •47. Қазақстанда тарих ғылымының дамуы
- •Әдебиеттер
31. Қазақстандағы тоқырау, оның себептері
Кеңес Одағында ел өмірінің барлық саласын қамтыған тоқырау 60 жылдардың ортасынан басталып 80 жылдардың ортасына дейін жалғасты. Тоқырау деп ел экономикасының ешбір өзгеріссіз тоқтап қалғанын емес, экономикалық даму қарқынының жылдан жылға құлдырап келе 80 жылдардың ортасында терең кризиске әкелгені айтылады.
Кеңес Одағы бойынша өнеркәсіп өнімінің жылдық өсімі 1961 -70 жылдары орта есеппен 8,7 пайыз болса, 1981-1985 жылдары 3,7 пайыз болып құлдырады. Мұндай көріністі Қазақстан экономикасынан да байқауға болады. 81-86 жылғы бес жылдық жоспарды Қазақстанның әрбір 4 кәсіп орны орындамады, 1986 жылға дейінгі 9 жылдың ішінде орнаған 334 кәсіпорынның тең жартысы нормативтік қуатына жетпеді. Мүндай көріністі Қазақстан экономикасының басқа саласынан, оның ішінде ауыл шаруашылығынан да байқауға болады.
Тоқырау саяси салада болды. 30-жылдардан қалыптаса бастаған әкімдік-әміршілдік жүйе тоқырау жылдарында күшейе түсті. Демократия дамымады, үкімет билігі халықтың қолынан партияның қолына өтті. Конституцияда көрсетілген азаматтардың құқығы бұзылды, Кеңес Одағында басқаша ойлаушылар қудаланды, сөз, баспасөз бостандығына қатал цензура қойылды.
Әлеуметтік-рухани салада да тоқырау көрінісін байқауға болады. Экология саласындағы құлдырау халық денсаулығына ерекше зыян әкелді. Арал қасіреті, Байқоңыр, Семейдегі ядролық қару сынау қазақ халқының ден саулығына орны толмас зыян келтірді.
Тоқыраудың негізгі себептері Кеңес Одағында саяси салада бір партияның үстемдігі, экономика саласында бір орталықтан басқарылатын жоспарлы экономиканың үстемдігі, идеология саласында бір ғана марксистік идеологияныңң үстем болуы, Кеңес Одағындағы басшылардың қабілетсіздігі және т.б. себептерді айтуға болады.
32. 50-60 жылдардағы шаруашылық реформасы
1957 жылы сол кездегі Кеңес Одағында бірінші басшы болған Н.Хрущев шаруашылық реформа енгізді. Реформаның басты мақсаты бір орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйні өзгертіп экономиканы басқаруды жергілікті органдардың қолына беру болды. Халық арасында Хрущевтың атымен аталған бұл реформа бойынша экономиканы басқаруды жергілікті жерлердің қолына беру мақсатымен экономика саласы бойынша құрылған министрліктерді, мемлекеттік жоспарлау комиссиясын таратып жергілікті жерлерде административтік-экономикалық райондар құрылды. Бұл райондарда экономиканы басқаратын халық шаруашылық кеңестері /совнархоз/ құрылды. Совнархоздардың қолына сол райондағы барлық шаруашылық объектілері берілді. Совнархоздар өз қарамағындағы шаруашылықтардың өнім өндіру, оны сату мәселесін өздері шешетін болды.
Қазақстанда облыстардың орнына 9 экономикалық-әкімшілік район орнады. Бұл шараның нәтижесінде шаруашлықты басқару жергілікті жердің қолына өтті. Бүл әрбір кәсіпорынның, әрбір районның экономикалық ынтықтығын арттыруға, сөйтіп ел экономикасын дамытуға мол мүмкіндік ашты. Осы реформаның нәтижесінде 5-6 бесжылдық жоспар толық орындалды. 1964 жылы үкімет басына келген Брежнев 1957 жылғы реформаны тоқтатып бір орталықтан басқаратын жоспарлы экономикалық жүйені қалпына келтірді. Бүл Кеңс Одағында экономикалық тоқыраудың басталуына әкеп соқты. Мүны сезген Кеңес Одағының Министрлер Кеңесінің төрағасы Н.Косыгин 1967 жылы жаңа реформа енгізді. Ол жоспарлы экономика мен нарықтық экономиканың артықшылығын ұштастырып ел экономикасын тоқыраудан құтқаруды көздеді. Дегенмен Косыгин реформасы нәтиже бермеді де ұзамай тоқтатылды.