Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Leksiya_Kazakhstan_Tarih_305.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
468.48 Кб
Скачать

25. Қазақстандықтардың майданға көмегі

Соғысып жатқан армияны азық-түлік, киім-кешек, қару жарақпен қамтамасыз ету ісіне қазақстандықтар зор үлес қосты.

СССР-дың бірқатар астық өндіретін аудандарын немістер басып алған жағдайда Қазақстан елдің астықты ауданының біріне айналды. 1940-42 жылдар Қазақстанның егіс алаңы 1 млн га-ға артты.

Соғыстың алғашқы күнінен қорғаныс қорына қаржы жинау басталды. Жүмысшылар мен қызметкерлер қосымша жұмысқа шығып, жексенбіліктер ұйымдастырып тапқан ақысын қорғаныс қорына аударып отырды. Соғыс жылдары Қазақстан еңбекшілері 1 млрд сом қаржы жинады. Сонымен қатар қару-жараққа қаржы жинап оған самолет, танк сатып алып майданға жіберіп отырды. Соғыс жылдары Қазақстан еңбекшілері қару-жараққа 723 млн сом қаржы жинаған. Жауынгерлерге жылы киім-кешек жіберіп отырды. Соғыс жылдары Қазақстан еңбекшілері 20-дан астам әскери бөлімдерді қамқорлыққа алды.

Соғыс жылдарында Қазақстан экономикасы түгелдей майданға қызмет етті. Соғыс жылдарында ел бойынша өндірілген мыс, марганец, қорғасын, полиметалдың басым көпшілігі Қазақстанда өндірілді. Жеңіске ғалымадар үлкен үлес қосты. Соғыстың бастапқы жылдары Қазақстанға батыстан 142 кәсіп орны, жарты миллион мал келді. Осы өндіріс орындары майданға қару-жарақ өндіруде үлкен роль атқарды.

Жеке адамдар майданға көмек ұжымдастырды. Атақты балуан Мұңайтпасов өзінің жинаған ақшасына самолет сатып алып майданға жіберді.

26. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы

Соғыстан кейінгі жылдары Кеңес Одағының, оның ішінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы ауыр жағдайда болды. Елдің астық қажеттігін егіншілік аудандары өтей алмады, мал басы өспеді, өнімі ел қажеттігін өтей алмады. Мүның көптеген себебі бар. Олардың негізгісі соғыс ауыл шаруашылығына ауыр зыян тигізді. Екінші үлкен себеп ауыл шаруашылығындағы өндірістік қатнастарының ескіруі болды. Колхоздарда егіс алаңы, мал колхозшыларының қауымдық меншігі деп аталғанымен олар ол меншіктің йесі емес еді. Жер мемлекет меншігінде болды да, мал да мемлекеттің меншігінің бір түріне айналды. Мемлекеттік меншікке ие болмады. Йесіз меншік өспеді, оны талан таражға салу оңай болды. Үшіншіден, ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекетке міндетті түрде алуға байланысты қалыптасқан жүйе өзін ақтамады. Ауыл шаруашылығында өнім өндіру, оны мемлекетке дайындау жүйесі өнім өндірушілердің ынтықтығын тудырмады. Ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау және сатып алу бағасы өнімнің өз құнынан төмен болды. Колхоздарда колхоз демократиясы бұзылды, колхозды басқару, өнімді жұмсау әкімшілік орындарының қолына өтті.

Партия мен үкіметтің орталық және жергілікті орындары бұл ауыр халден шығу үшін бірнеше шара қолданды. Мәселен осы жылдары колхоздарды ірілендіру шарасы жүрілді, пайдасыз ұсақ колхоздарды арасынан қосып ірілендірді. Колхоздарды совхоздарға айналдыру шарасын жүзеге асырды. Дегенмен бұлар күткен нәтижеге жеткізбеді. Ауыл шаруашылығындағы ауыр жағдайдан шығудың жолы өндірістік қатнасты жетілдіру, яғни ауыл шаруашылығындағы өндіріс құрал жабдығын /жер, мал, техника т.б./ йесінің меншігіне беру еді. Бүл жолға ешкім тәуекел ете алмады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]