
- •Қазақстан ерте және орта ғасырларда.
- •1. Қазақстан территориясындағы тас ғасыры
- •2. Қазақстан территориясындағы қола дәуірі
- •3. Үйсіндер, қаңлылар, ғұндар
- •5. Түрік және түргеш қағанаты
- •704 Жылы батыс-түрік қағандығы құлап оның орнына түргеш қағанаты пайда болды/704-756ж.Ж./
- •6. Қарлұқтар /756-940ж.Ж./ мемлекеті
- •7. Оғыз мемлекеті
- •8. Қимақ қағанаты
- •9. Қарахан мемлекеті
- •10. Қыпшақтар мемлекеті
- •11. Қарақытай мемлекеті
- •12. Қазақстан территориясындағы Ұлы Жібек жолы
- •15. Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен творчествосы
- •17. Қазақ халқының қалыптасуы
- •18. Қазақ хандығының құрылуы
- •19. Қазақ хандығын нығайту үшін Қасым ханның күресі
- •20. Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығы
- •21. Тәуекел хан кезіндегі қазақ хандығы
- •23. “Жеті жарғы” заңдар жинағы
- •24. “Ақтабан шұбырынды” оқиғасы
- •Қазақстан кіші және орта жүздің ресейге қосылуы отаршылдықтың басталуы.
- •1. Қазақстан патшалы Ресейдің құрамында.
- •2. Абылайхан, оның ішкі және сыртқы саясаты
- •4. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
- •5. Бөкей хандығының құрылуы, Жәңгір ханның реформалары
- •6. Исатай Тайманов бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
- •10. 1822-1824 Жылғы ереже. Хан үкіметінің жойылуы
- •11. Ресейдің Қазақстанды отарлауының аяқталуы
- •14. Ғалым-демократ Шоқан Уәлиханов
- •15. Ақын-ағартушы Абай Құнанбаев
- •16. Халыққа білім беру. Ыбырай Алтынсарин
- •18. Орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныстандыру
- •Әдебиеттер
- •Қазақстан хх ғасырда.
- •1. 1905-1907Жылғы орыс революциясы, оның Қазақсанға әсері
- •2. 1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
- •3. Қазақстан 1917 жылғы ақпан революциясы жылдарында.
- •4. Қазан төңкерісі және Қазақстан
- •5. Алаш қозғалысы
- •6. Үш жүз социалистік партиясы
- •7. Қазақстан азамат соғысы жылдарында
- •8. Әскери коммунизм саясаты
- •9. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы
- •10. Жаңа экономикалық саясат
- •12. Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік тұрғыдан межелеу саясаты, оның Қазақстанға әсері.
- •13. Қазақ байларын тәркілеу
- •14. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясаты, ұжымдастырудың қортындылары
- •15. Мал шаруашылығын ұжымдастырудағы кателіктер мен бұрмалаушылықтар
- •16. Отызыншы жылдардағы ашаршылық
- •17. Қазақстанды индустрияландыру
- •18. 1920-1940 Жылдардағы халыққа білім беру
- •20. Араб, латын алфавиттерінің өзгертілуі, оның себептері
- •21. Хх ғасырдың 20-40 жылдары қазақ интелигенциясының ұлт мүддесі үшін күресі
- •22. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін
- •23. Ұлы Отан соғысының бастапқы кезіндегі сәтсіздік, оның себептері
- •24. Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі
- •25. Қазақстандықтардың майданға көмегі
- •26. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы
- •27. Қазақстанда өнеркәсіптің дамуы
- •28. 1940-1950 Жылдардағы идеология саласындағы бұрмалаушылықтар
- •29.Қазақстанда тың жер игеру, оның негізгі қорытындылары.
- •30. Тың жер игерудің зардаптары
- •31. Қазақстандағы тоқырау, оның себептері
- •33. 1986 Жылғы желтоқсан оқиғасы, оның сабақтары
- •34. Кеңес Одағының құлауы. Қазақстанның егемен мемлекет болып құрылуы
- •35. Қазақстан нарықтық экономикаға өту жолында
- •36. Қазақстанда меншікті жекешелендіру
- •37. Қазақстандағы демократия және жариялылық
- •38. Қазақстандағы көп партиялық жүйе
- •39. Егемен Қазақстанның сыртқы саясаты
- •40. Қазақстанда құқықты мемлекет қалыптастыру үшін күрес
- •41. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы
- •42. Қазақстанның 2030 стратегиясы
- •43. 1995 Жылғы Қазақстан Республикасының конституциясы
- •44. Қазақстандағы ұлт-аралық қарым-қатынас
- •45. Қазақстандағы қазіргі замандағы экологиялық хал-ахуал
- •46. Отан тарихындағы ақтаңдақтар, олардың себебі
- •47. Қазақстанда тарих ғылымының дамуы
- •Әдебиеттер
21. Хх ғасырдың 20-40 жылдары қазақ интелигенциясының ұлт мүддесі үшін күресі
20-40 жылдары Қазақстанда Сталиндық-Голощекиндік қатал әкімдік-әміршілдік жүйе қалыптасқанына қарамастан қазақ зиялыларының алдынғы қатарлы өкілдері ұлт мүддесі үшін күресті жалғастыра берді.
Ғасыр басында қазақ халқының ұлттық тәуелсіздігі үшін Алаш қайраткерлері қажырлы күрес жүргізді. Алаш қайраткерлерін Кеңес үкіметі құғын сүргінге ұшыратқан соң күрескерлердің келесі легі тарих сахнасына келді. Қазақ халқының ұлт мүддесі үшін күресті С.Қожанов, С.Садуақасов, Т.Рысқұлов және т.б. қайраткерлер жалғастырды.
С.Қожанов 20 жылдары патша үкіметі орыс шаруалары мен кулактарына тартып берген қазақ жерлерін иесіне қайтару үшін күресіп ұлтшыл, қожановшыл деген ат алып қудаланды.
С.Смагулов 30-жылдары қазақ байларын қанаушы деп тәркілеуге қарсы болып, оларды экономикалық әдістермен қыспақтау, коммунистік идеяны түсіндіру арқылы социализм жолына өткізуге болатынын дәлелдеп ұлтшыл, садуақасовшыл деген ат алып қудаланды.
Т.Рысқұлов РСФСР үкіметі төрағасының орынбасары қызметін атқара жүріп отызыншы жылдары ашаршылыққа ұшыраған қазақтарға көмек ұйымдастыруға көп күш жұмсады, екіншіден ол үкімет басшыларына хат жазып қазақ халқының ашаршылыққа ұшырауына әкеп соққан қателіктер мен бұрмалаушылықтарды әшкерлеп оларды түзетуді талап етті.
Аталған үш қайраткерлерден басқа да зиялы қауым өкілдері қазақ халқының ұлт мүддесі үшін әртүрлі әдістермен, жолдармен күресті. Мүндай қайраткерлер кеңес дәуірінде бұржуазияшыл-ұлтшыл делініп қудаланды.
22. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін 1929 жылдан басталды. Осы жылы Қазақстанның бірінші басшысы И.Голощекин Алаш қайраткерлеріне Кеңес үкіметінің кешірім жасағанына қарамастан олардың бір тобын, 1932 жылы екінші тобын соттатып жіберді, оларға буржуазияшыл-ұлтшыл, контреволюционерлер деген айып тағылды.
Бүкіл Кеңес одағы сияқты Қазақстанда да жаппай саяси қуғын-сүргін 1937-38 жылдары жүрілді. Отызыншы жылдардан қалыптса бастаған әкімдік-әміршілдік жүйе, ел өмірінде жүзеге асырылған өзгерістер кезінде жіберілген бұрмалаушылықтар мен қателіктер бұ қарсыластарды, оппозицияны туғызбай қоймады. Бүл Сталиннің жеке билігіне қауіп төндірді. Сталин олардан құтулудың жолын іздеді. Осы жылдары Сталин Кеңес Одағы социализмге қарай ілгерілген сайын тап күресі күшейе берді деген қағида ұсынды. Осы кезде Кеңес Одағында қанаушы тапқа жатқызуға болатындар түгел жойылған еді. Қоғам тек жұмысшы, шаруа, интелигенциядан құралды. Сондықтан тап күресі күшеюі мүмкін емес еді, бірақ халық Сталинның айтқанына сенді. Екінші жағынан халықаралық жағдай шиеленісіп Кеңес Одағына қарсы күштер бас көтере бастады, осындай жағдайда тәртіпті қатайтып, демократияны шектеуге тура келді. Сталин аталған жағдайларды жаппай саяси репрессия жүргізуге пайдаланды. Адал коммунистер, қайраткерлерге халық жауы, шет ел тыңшысы деген жала жабылды. Жаппай репрессия жүргізуші КГБ ұйымдары. Олар заң бұзды, үштік дегендерді құрып айыпталғандардың тағдырын соттан тыс шешті. Кеңес Одағында бірнеше он миллиондаған адамға саясти қылмыс тағылды.
Қазақстанда 110 мыңдай адамға бұржуазияшыл-ұлтшыл, шет ел тыңшысы деген айып тағылып, сотталды. Олардың ішінде Алаш қайраткерлері партия, кеңес ұйымдарының басшы қызметкерлері, ақын-жазушылар, ғалымдар және т.б. болды. Бүл адамдар елуінші жылдары түгелдей ақталды.