
- •Қазақстан ерте және орта ғасырларда.
- •1. Қазақстан территориясындағы тас ғасыры
- •2. Қазақстан территориясындағы қола дәуірі
- •3. Үйсіндер, қаңлылар, ғұндар
- •5. Түрік және түргеш қағанаты
- •704 Жылы батыс-түрік қағандығы құлап оның орнына түргеш қағанаты пайда болды/704-756ж.Ж./
- •6. Қарлұқтар /756-940ж.Ж./ мемлекеті
- •7. Оғыз мемлекеті
- •8. Қимақ қағанаты
- •9. Қарахан мемлекеті
- •10. Қыпшақтар мемлекеті
- •11. Қарақытай мемлекеті
- •12. Қазақстан территориясындағы Ұлы Жібек жолы
- •15. Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен творчествосы
- •17. Қазақ халқының қалыптасуы
- •18. Қазақ хандығының құрылуы
- •19. Қазақ хандығын нығайту үшін Қасым ханның күресі
- •20. Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығы
- •21. Тәуекел хан кезіндегі қазақ хандығы
- •23. “Жеті жарғы” заңдар жинағы
- •24. “Ақтабан шұбырынды” оқиғасы
- •Қазақстан кіші және орта жүздің ресейге қосылуы отаршылдықтың басталуы.
- •1. Қазақстан патшалы Ресейдің құрамында.
- •2. Абылайхан, оның ішкі және сыртқы саясаты
- •4. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
- •5. Бөкей хандығының құрылуы, Жәңгір ханның реформалары
- •6. Исатай Тайманов бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
- •10. 1822-1824 Жылғы ереже. Хан үкіметінің жойылуы
- •11. Ресейдің Қазақстанды отарлауының аяқталуы
- •14. Ғалым-демократ Шоқан Уәлиханов
- •15. Ақын-ағартушы Абай Құнанбаев
- •16. Халыққа білім беру. Ыбырай Алтынсарин
- •18. Орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныстандыру
- •Әдебиеттер
- •Қазақстан хх ғасырда.
- •1. 1905-1907Жылғы орыс революциясы, оның Қазақсанға әсері
- •2. 1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
- •3. Қазақстан 1917 жылғы ақпан революциясы жылдарында.
- •4. Қазан төңкерісі және Қазақстан
- •5. Алаш қозғалысы
- •6. Үш жүз социалистік партиясы
- •7. Қазақстан азамат соғысы жылдарында
- •8. Әскери коммунизм саясаты
- •9. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы
- •10. Жаңа экономикалық саясат
- •12. Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік тұрғыдан межелеу саясаты, оның Қазақстанға әсері.
- •13. Қазақ байларын тәркілеу
- •14. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясаты, ұжымдастырудың қортындылары
- •15. Мал шаруашылығын ұжымдастырудағы кателіктер мен бұрмалаушылықтар
- •16. Отызыншы жылдардағы ашаршылық
- •17. Қазақстанды индустрияландыру
- •18. 1920-1940 Жылдардағы халыққа білім беру
- •20. Араб, латын алфавиттерінің өзгертілуі, оның себептері
- •21. Хх ғасырдың 20-40 жылдары қазақ интелигенциясының ұлт мүддесі үшін күресі
- •22. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін
- •23. Ұлы Отан соғысының бастапқы кезіндегі сәтсіздік, оның себептері
- •24. Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі
- •25. Қазақстандықтардың майданға көмегі
- •26. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы
- •27. Қазақстанда өнеркәсіптің дамуы
- •28. 1940-1950 Жылдардағы идеология саласындағы бұрмалаушылықтар
- •29.Қазақстанда тың жер игеру, оның негізгі қорытындылары.
- •30. Тың жер игерудің зардаптары
- •31. Қазақстандағы тоқырау, оның себептері
- •33. 1986 Жылғы желтоқсан оқиғасы, оның сабақтары
- •34. Кеңес Одағының құлауы. Қазақстанның егемен мемлекет болып құрылуы
- •35. Қазақстан нарықтық экономикаға өту жолында
- •36. Қазақстанда меншікті жекешелендіру
- •37. Қазақстандағы демократия және жариялылық
- •38. Қазақстандағы көп партиялық жүйе
- •39. Егемен Қазақстанның сыртқы саясаты
- •40. Қазақстанда құқықты мемлекет қалыптастыру үшін күрес
- •41. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы
- •42. Қазақстанның 2030 стратегиясы
- •43. 1995 Жылғы Қазақстан Республикасының конституциясы
- •44. Қазақстандағы ұлт-аралық қарым-қатынас
- •45. Қазақстандағы қазіргі замандағы экологиялық хал-ахуал
- •46. Отан тарихындағы ақтаңдақтар, олардың себебі
- •47. Қазақстанда тарих ғылымының дамуы
- •Әдебиеттер
18. 1920-1940 Жылдардағы халыққа білім беру
Қазақстанда 1920-1940 жылдары жүзеге асырылған мәдени шаралардың бірі халыққа білім беру мәселесі маңызды орын алады.
Халыққа білім беру саласында жүзеге асырылған негізгі шаралардың бірі халықтың сауатсыздығын жою үшін күрес болды. 1930 жылы Қазақ АССР Орталық атқару комитеті сауатсыздықты міндетті түрде жою туралы декрет қабылдады. Декрет бойынша әрбір сауатты адам бірден аз емес адамның сауатсыздығын жоюға міндетті болды. Сауатсыздықты жою үшін әр бір ауылда, мекемелерде сауат ашу мектебі, кружоктар орнады. 1930 жыл дегенде қазақтардың едәуір бөлігі араб алфабиті бойынша сауатын ашқанымен оны латынға өзгерткенде халықтың көпшілігі сауатсыз болып келеді. 1940 жылы жаңа алфавит енгізгенде осы жағдай қайталанды.
Осы жылдары Қазақстанда жалпыға білім беру жүйесі қалыптасты. Бүл жүйе бастауыш /4 ж/ орталау /7 ж/ орта мектептерден /10ж/ құрылды. Жалпыға білім беру жүйесінің қалыптасуы жоғарғы оқу орындарын ашуға мүмкіндік берді. 1928 жылы тұңғыш жоғарғы оқу орны /қазіргі Алматы университеті/ 1934ж. тұңғыш университет ашылды.
Мұғалімдер дайындау, оқу құралдарын жасауға көп көңіл бөлінді. Мұғалімдер дайындайтын техникумдар, халық ағарту институттары ашылды.
Жалпыға білім беру жүйесі толық қалыптасып үлгірмеген жағдайда қазақ жастарының жоғарғы білім алуына жоғары оқу орындарының жанынан ашылған жұмысшы факультеттері маңызды роль атқарды. 30- жылдардан ауыл шаруашылық мамандарын дайындайтын институт ашылды. Интенер кадрлар РСФСР қалаларында, Урал-Қазақстан өнеркәсіп академиясында дайындалды.
19. 20-40 жылдары әдебиеттің дамуы
20-40 жылдары қазақ әдебиетінің дамуында елеулі табыстар болды. Осы жылдары Сакен Сейфуллин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, М.Жұмабаев, Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов т.б. ақын, жазушылар қазақ әдебиетін дамытуға үлкен үлес қосты. С.Сейфуллиннің Тар жол, тайғақ кешу, С.Мұқановтың Ботагөз романдары, Ілияс, Мағжанның поэмалары тәрізді халық сүйіп оқитын шығармалар дүниеге келді. Бүл кездегі қазақ әдебиетінің негізгі тақырыбы қазан төңкерісінің нәтижесінде қазақ халқының, экономикасы мен мәдениетінің көркеюі туралы болды. Жазушылардың шығармаларының сапасы, деңгейі социалистік реализм, таптық, партиялық принциптермен өлшеніп бұл шеңберден ауытқып қазақ халқының бай әдеби мұрасын насихаттап, әдет-ғұрыптың дәріптеген шығармалар буржуазияшыл-ұлтшылдық деп қудаланды. 1937 жылғы жаппай қуғын-сүргін кезінде қазақтың майталман жазушыларының біразы жапа шекті. Осы жылдары пролетар-шаруа жазушыларының қазақ ассоциасы құрылып жазушылардың басын біріктіруге әсер етті.
20. Араб, латын алфавиттерінің өзгертілуі, оның себептері
Қазақ халқы ХХ ғасырдың басына дейін араб алфавитын пайдаланып келді. Алаш қозғалысының идеологы, белгілі филолог ғалым Ахмет Байтұрсынов араб алфавитын қазақ фонетикасына сәйкестіріп жаңа әліппе жасады. А.Байтұрсыновтың атымен аталған бұл әліппе үйреніп сауат ашуға оңай, жеңіл болды. Осы алфавитты 1928 жылы латын алфавитына оны 1940 жылы кирилицаға өзгертті. Қазақ алфавитын оншақты жылдың ішінде өзгерткенде коммунистік партияның көздеген мақсаты не деген сұрау туады. Алфавит өзгерту уақыт, қаражат талап ететін күрделі оқиға. Соған қарамастан алфавитты өзгерткенде коммунистік партия төмендегідей мақсат қойды. 1. Әліппені өзгерту сол халықтың тарихи жадын жоюға көмектеседі, Араб әліппесін өзгерткен соң мұнан соң дүниеге келген ұрпақ араб алфавитында жазылған мәдени, әдеби мұраларды игере алмайды, олар өз ата бабаларының не үшін күресіп қан төккенінен қабарсыз қалады, сөйтіп халықтың тарихи жады жойылады. Халықты бағындыру, оған өз үстемдігін жургізуде бұл отаршылдарға ең сенімді құрал. Екіншіден, қазақ және басқа халықтарды кирилицаға өткізу орыс мәдениетін енгізу, орыстандырудың сенімді құралының бірі болды.