
- •Қазақстан ерте және орта ғасырларда.
- •1. Қазақстан территориясындағы тас ғасыры
- •2. Қазақстан территориясындағы қола дәуірі
- •3. Үйсіндер, қаңлылар, ғұндар
- •5. Түрік және түргеш қағанаты
- •704 Жылы батыс-түрік қағандығы құлап оның орнына түргеш қағанаты пайда болды/704-756ж.Ж./
- •6. Қарлұқтар /756-940ж.Ж./ мемлекеті
- •7. Оғыз мемлекеті
- •8. Қимақ қағанаты
- •9. Қарахан мемлекеті
- •10. Қыпшақтар мемлекеті
- •11. Қарақытай мемлекеті
- •12. Қазақстан территориясындағы Ұлы Жібек жолы
- •15. Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен творчествосы
- •17. Қазақ халқының қалыптасуы
- •18. Қазақ хандығының құрылуы
- •19. Қазақ хандығын нығайту үшін Қасым ханның күресі
- •20. Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығы
- •21. Тәуекел хан кезіндегі қазақ хандығы
- •23. “Жеті жарғы” заңдар жинағы
- •24. “Ақтабан шұбырынды” оқиғасы
- •Қазақстан кіші және орта жүздің ресейге қосылуы отаршылдықтың басталуы.
- •1. Қазақстан патшалы Ресейдің құрамында.
- •2. Абылайхан, оның ішкі және сыртқы саясаты
- •4. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
- •5. Бөкей хандығының құрылуы, Жәңгір ханның реформалары
- •6. Исатай Тайманов бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
- •10. 1822-1824 Жылғы ереже. Хан үкіметінің жойылуы
- •11. Ресейдің Қазақстанды отарлауының аяқталуы
- •14. Ғалым-демократ Шоқан Уәлиханов
- •15. Ақын-ағартушы Абай Құнанбаев
- •16. Халыққа білім беру. Ыбырай Алтынсарин
- •18. Орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныстандыру
- •Әдебиеттер
- •Қазақстан хх ғасырда.
- •1. 1905-1907Жылғы орыс революциясы, оның Қазақсанға әсері
- •2. 1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
- •3. Қазақстан 1917 жылғы ақпан революциясы жылдарында.
- •4. Қазан төңкерісі және Қазақстан
- •5. Алаш қозғалысы
- •6. Үш жүз социалистік партиясы
- •7. Қазақстан азамат соғысы жылдарында
- •8. Әскери коммунизм саясаты
- •9. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы
- •10. Жаңа экономикалық саясат
- •12. Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік тұрғыдан межелеу саясаты, оның Қазақстанға әсері.
- •13. Қазақ байларын тәркілеу
- •14. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясаты, ұжымдастырудың қортындылары
- •15. Мал шаруашылығын ұжымдастырудағы кателіктер мен бұрмалаушылықтар
- •16. Отызыншы жылдардағы ашаршылық
- •17. Қазақстанды индустрияландыру
- •18. 1920-1940 Жылдардағы халыққа білім беру
- •20. Араб, латын алфавиттерінің өзгертілуі, оның себептері
- •21. Хх ғасырдың 20-40 жылдары қазақ интелигенциясының ұлт мүддесі үшін күресі
- •22. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін
- •23. Ұлы Отан соғысының бастапқы кезіндегі сәтсіздік, оның себептері
- •24. Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі
- •25. Қазақстандықтардың майданға көмегі
- •26. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы
- •27. Қазақстанда өнеркәсіптің дамуы
- •28. 1940-1950 Жылдардағы идеология саласындағы бұрмалаушылықтар
- •29.Қазақстанда тың жер игеру, оның негізгі қорытындылары.
- •30. Тың жер игерудің зардаптары
- •31. Қазақстандағы тоқырау, оның себептері
- •33. 1986 Жылғы желтоқсан оқиғасы, оның сабақтары
- •34. Кеңес Одағының құлауы. Қазақстанның егемен мемлекет болып құрылуы
- •35. Қазақстан нарықтық экономикаға өту жолында
- •36. Қазақстанда меншікті жекешелендіру
- •37. Қазақстандағы демократия және жариялылық
- •38. Қазақстандағы көп партиялық жүйе
- •39. Егемен Қазақстанның сыртқы саясаты
- •40. Қазақстанда құқықты мемлекет қалыптастыру үшін күрес
- •41. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы
- •42. Қазақстанның 2030 стратегиясы
- •43. 1995 Жылғы Қазақстан Республикасының конституциясы
- •44. Қазақстандағы ұлт-аралық қарым-қатынас
- •45. Қазақстандағы қазіргі замандағы экологиялық хал-ахуал
- •46. Отан тарихындағы ақтаңдақтар, олардың себебі
- •47. Қазақстанда тарих ғылымының дамуы
- •Әдебиеттер
16. Отызыншы жылдардағы ашаршылық
Ауыл шаруашылығын, әсіресе мал шаруашылығын ұжымдастыру саясаты, бұл саясатты жүзеге асыруда жіберілген қателіктер мен бұрмалаушылықтар қазақ халқына аса ауыр зардап әкелді. Біріншіден қазақ халқы малынан айырылып қалды. 1929 жылғы 40 млн малдан 1932 жылы 5-ақ млн мал қалды.
Екіншіден, қазақ халқы бұрын соңды болмаған ашаршылыққа ұшырады. 1926 жылғы санақ бойынша Қазақстанда 5,8 млн. қазақ болған еді, 1933 жылы 2,5 млн қазақ қалды. 2 млн қазақ аштан қырылды. 1,3 млн қазақ басқа жаққа көшіп кетті. Сөйтіп қазақ мемлекеті малының 88 пайызынан, халқының 60 пайызынан айырылып қалды. Қазақ халқының басына түскен бұл оқиғаның зардабы Ақтабан шұбырынды оқиғасымен пара-пар болды. Көптеген өлкелер, соның ішінде қазақ халқының алтын бесігі Сарыарқа өлкесі қаңырап бос қалды. Қазақтың талай әулеті құрып кетті. Аштан қырылған халықтың орны 35 жылдан соң ғана толды. Бүл қайғылы оқиғаның көп себептері бар. Негізгі себеп коммунистік партияның, оның жергілікті өкілдерінің мал шаруашылығын ұжымдастыру туралы қате саясаты, сол саясатты жүзеге асырғанда жіберілген қателіктер болды. Қазақстанда бірінші басшы болып істеген Голощекин қазақтардың жаппай құрылып жатқанын естігенде бұл қазақ ауылындағы тап күресі, қазақтың бізге жақтастары қалып тап жаулары құрыйды деп мәлімдеген. Қазақтар жаппай қырылып жатқанда Кеңес үкіметі шет елге валютаға астық сатып отырды.
Қазақ зиялылары қолдан келген шарасын істеді. Т.Рысқұлов РСФСР үкіметінің төрағасының орынбасары ретінде ашаршылыққа ұшырағандарға көмек ұйымдастырды. Т.Рысқұлов және басқалар Сталинге, Голощекинге хат жолдап ашаршылықтың ащы шындығын ашып көрсетті. Кеңес дәуірінде қазақ халқының басына түскен ауыр хал-ахуал жасырын ұсталды. Қазақстан тәуелсіздік алған соң ғана бұл қайғылы оқиғаның бет пердесі ашылды.
17. Қазақстанды индустрияландыру
Кеңес Одағында 1920-1940 жылдары елді индустрияландыру саясаты жүзеге асырылды. Бүл саясат өз нәтижесін берді. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысында жеңіске жетуінің негізгі себебінің бірі елді индустрияландыруда қол жеткізген жетістіктер еді.
Индустрияландыру Қазақстанда да жүрілді. Қазақстандағы индустрияландыру Түркістан-Сібір темір жолынан басталды. 1927 жылы көктемде бір жағы Семейден, екінші жағы Луговая станциясынан басталған Түркісиб темір жолы 1929 жылы жазда Алма-Атада түйісті. Ұзындығы 1445 км бұл жол Қазақстанды табиғи байлығы мол Сибирь өлкесімен, Батыста Кеңес Одағының Орталық бөлігімен, Европа елдерімен жалғастырып Қазақстанның оңтүстік және Шығыс бөлігінде өндіргіш күштердің дамуына маңызды роль атқарды. Индустрияландыру барысында Ақтөбеде тыңайтқыш комбинаты, Балқаш мыс қорту заводы, Шымкент қорғасын заводы орнады. Қарағандыда өндірістік жолмен көмір өндіру басталып, Қарағанды Сібір темір жолына қосылды. Бірнеше ет комбинаттары, қант заводтары салынды. Сондай-ақ мұнай, түсті металлургия саласында біраз өндіріс орындары салынды, жұмысшы табы қалыптасты.
Кеңес Одағындағы индустрияландыру негізінен орталық аудандарды қамтыды да шет аймақтар, соның ішінде Қазақстан сол орталықтың шикі зат базасы болып қала берді. Соғысқа дейін Қазақстанда машина жасау қолға алынбады. Халық тұтынатын тауардың 80-90 пайызы басқа жерден әкелінді. Қазақстанда тұңғыш машина жасау заводы соғыс кезінде батыстан көшіріліп келген завод негізінде 1946 жылы іске қосылды. Бүл қазіргі Алматыдағы ауыр машина жасау заводы /АЗТМ/ еді.