
- •Қазақстан ерте және орта ғасырларда.
- •1. Қазақстан территориясындағы тас ғасыры
- •2. Қазақстан территориясындағы қола дәуірі
- •3. Үйсіндер, қаңлылар, ғұндар
- •5. Түрік және түргеш қағанаты
- •704 Жылы батыс-түрік қағандығы құлап оның орнына түргеш қағанаты пайда болды/704-756ж.Ж./
- •6. Қарлұқтар /756-940ж.Ж./ мемлекеті
- •7. Оғыз мемлекеті
- •8. Қимақ қағанаты
- •9. Қарахан мемлекеті
- •10. Қыпшақтар мемлекеті
- •11. Қарақытай мемлекеті
- •12. Қазақстан территориясындағы Ұлы Жібек жолы
- •15. Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен творчествосы
- •17. Қазақ халқының қалыптасуы
- •18. Қазақ хандығының құрылуы
- •19. Қазақ хандығын нығайту үшін Қасым ханның күресі
- •20. Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығы
- •21. Тәуекел хан кезіндегі қазақ хандығы
- •23. “Жеті жарғы” заңдар жинағы
- •24. “Ақтабан шұбырынды” оқиғасы
- •Қазақстан кіші және орта жүздің ресейге қосылуы отаршылдықтың басталуы.
- •1. Қазақстан патшалы Ресейдің құрамында.
- •2. Абылайхан, оның ішкі және сыртқы саясаты
- •4. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
- •5. Бөкей хандығының құрылуы, Жәңгір ханның реформалары
- •6. Исатай Тайманов бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
- •10. 1822-1824 Жылғы ереже. Хан үкіметінің жойылуы
- •11. Ресейдің Қазақстанды отарлауының аяқталуы
- •14. Ғалым-демократ Шоқан Уәлиханов
- •15. Ақын-ағартушы Абай Құнанбаев
- •16. Халыққа білім беру. Ыбырай Алтынсарин
- •18. Орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныстандыру
- •Әдебиеттер
- •Қазақстан хх ғасырда.
- •1. 1905-1907Жылғы орыс революциясы, оның Қазақсанға әсері
- •2. 1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
- •3. Қазақстан 1917 жылғы ақпан революциясы жылдарында.
- •4. Қазан төңкерісі және Қазақстан
- •5. Алаш қозғалысы
- •6. Үш жүз социалистік партиясы
- •7. Қазақстан азамат соғысы жылдарында
- •8. Әскери коммунизм саясаты
- •9. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы
- •10. Жаңа экономикалық саясат
- •12. Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік тұрғыдан межелеу саясаты, оның Қазақстанға әсері.
- •13. Қазақ байларын тәркілеу
- •14. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясаты, ұжымдастырудың қортындылары
- •15. Мал шаруашылығын ұжымдастырудағы кателіктер мен бұрмалаушылықтар
- •16. Отызыншы жылдардағы ашаршылық
- •17. Қазақстанды индустрияландыру
- •18. 1920-1940 Жылдардағы халыққа білім беру
- •20. Араб, латын алфавиттерінің өзгертілуі, оның себептері
- •21. Хх ғасырдың 20-40 жылдары қазақ интелигенциясының ұлт мүддесі үшін күресі
- •22. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін
- •23. Ұлы Отан соғысының бастапқы кезіндегі сәтсіздік, оның себептері
- •24. Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі
- •25. Қазақстандықтардың майданға көмегі
- •26. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы
- •27. Қазақстанда өнеркәсіптің дамуы
- •28. 1940-1950 Жылдардағы идеология саласындағы бұрмалаушылықтар
- •29.Қазақстанда тың жер игеру, оның негізгі қорытындылары.
- •30. Тың жер игерудің зардаптары
- •31. Қазақстандағы тоқырау, оның себептері
- •33. 1986 Жылғы желтоқсан оқиғасы, оның сабақтары
- •34. Кеңес Одағының құлауы. Қазақстанның егемен мемлекет болып құрылуы
- •35. Қазақстан нарықтық экономикаға өту жолында
- •36. Қазақстанда меншікті жекешелендіру
- •37. Қазақстандағы демократия және жариялылық
- •38. Қазақстандағы көп партиялық жүйе
- •39. Егемен Қазақстанның сыртқы саясаты
- •40. Қазақстанда құқықты мемлекет қалыптастыру үшін күрес
- •41. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы
- •42. Қазақстанның 2030 стратегиясы
- •43. 1995 Жылғы Қазақстан Республикасының конституциясы
- •44. Қазақстандағы ұлт-аралық қарым-қатынас
- •45. Қазақстандағы қазіргі замандағы экологиялық хал-ахуал
- •46. Отан тарихындағы ақтаңдақтар, олардың себебі
- •47. Қазақстанда тарих ғылымының дамуы
- •Әдебиеттер
14. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясаты, ұжымдастырудың қортындылары
Кеңес Одағының Коммунистік партиясының ХҮ сьезі Кеңес Одағында ауыл шаруашылығын ұжымдастыру туралы шешім қабылдады. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру 1929-1932 жылдары жүрілді. Ауыл шаруашылығын ұжымдастырғанда партия және Кеңес үкіметі бірнеше мақсат қойды.
Осы кезде Кеңес Одағында өнеркәсіп мемлекеттік меншікте болды да ауыл шаруашылығында жеке меншік үстем болды. Меншіктің екі түрінің арасындағы қайшылықты жою ұйымдастырудың негізгі мақсатының бірі болды. Екіншіден, КОКП мен Кеңес үкіметі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, ұжымдасқан еңбектің нәтижесінде еңбек өнімін жоғарлатып халықтың тұрмыс күйін жақсартпақ болды. Үшіншіден, ауыл шаруашылығындағы жеке меншікті жойып ауыл шаруашылығынан алынатын өнімді үкімет қолына топтастыру арқылы елді индустрияландыруға қор жинамақ болды. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясатын жүргізгенде көтерген мақсаттардың ішінен жоғарыда айтқандардың бірінші, үшіншісі орындалып, екіншісі орындалмады, нәтиже бермеді. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру еңбек өнімін арттыру мақсатын шеше алмады. Ұжымдастырғаннан соңғы 70 жылда Кеңес одағында, соның ішінде Қазақстанда егістік өнімі өспеді, мал басы азайды.
Ауыл шаруашылығын ұйымдастырудың нәтижесінде ұжымдық меншікке сүйенген колхоз, мемлекеттік меншікке сүйенген совхоз деп аталатын шаруашылықтың екі түрі орнады. Ұжымдық меншік келе келе мемлекеттік меншіктің бір түріне айналды.
15. Мал шаруашылығын ұжымдастырудағы кателіктер мен бұрмалаушылықтар
Мал шаруашылығын ұжымдастырудың өзі қате саясат болды, сондай саясатты жүзеге асырғанда көптеген бұрмалаушылықтар мен қателіктер орын алды. Кеңес Одағында 1920-1940 жылдары социализм орнату мақсатында жүзеге асырылған ірі-ірі экономикалық өзгерістердің ішінен нәтиже бермегені ауыл шаруашылығын ұжымдастыру болды. Бүл шара сонымен бірге қазақ халқына ауыр зардап әкелді. Қазақ халқы жанынан, малынан айырылып қалды. Ұжымдастыру барысында жіберілген қателіктер мен бұрмалаушылықтар:
1. Ұжымдастыру Кеңес Одағында, Қазақстанда халықтың өз еркімен емес, күшпен, әкімшілік әдіспен жүрілді. Колхозға кірмегендерді барлық жағынан қыспаққа алды, олардың сайлау еркін жойды, жер-су, жайылыммен, салықпен қысты, бай, кулак деп тәркілейміз, жер аударамыз деп қорқытты. Осылардың салдарынан колхозға күшпен кіргендер көп болды, олардың колхозды көркейтуге пайда келтірмейтіні белгілі.
2. Ұжымдастыру халықты күшпен отырықшыландырумен ұштастырылды. Отырықшыландыру тәрізді күрделі мәселені қазақтың киіз үйлерін бір жерге жинап көше-көше етіп тігумен шешпек болды. бір жерге топтасқан мал сол жерлердің шөбі біткенде жаппай қырылды.
3. Ұжымдастыруды жүргізгенде ұжымдасқан шаруашылықтың серіктестік тәрізді қарапайым түрінен бастап халықты біріккен еңбеңкке үйретіп оның артықшылығына олардың көзін жеткізу қажет еді. Іс жүзінде біріккен шаруашылықтың колхоз, коммуна тәрізді жоғарғы түрлерін таңдады.
4. Ұжымдастыруды мемлекетке ет дайындау науқанымен қоса жүргізді. Ет дайындау міндетін орындамағандар қатал жазаланды. Егін екпейтін көшпенді қазақтардан астық салығын алды. Аталмыш қателіктер қазақ халқына ауыр зардап әкелді.