
- •Қазақстан ерте және орта ғасырларда.
- •1. Қазақстан территориясындағы тас ғасыры
- •2. Қазақстан территориясындағы қола дәуірі
- •3. Үйсіндер, қаңлылар, ғұндар
- •5. Түрік және түргеш қағанаты
- •704 Жылы батыс-түрік қағандығы құлап оның орнына түргеш қағанаты пайда болды/704-756ж.Ж./
- •6. Қарлұқтар /756-940ж.Ж./ мемлекеті
- •7. Оғыз мемлекеті
- •8. Қимақ қағанаты
- •9. Қарахан мемлекеті
- •10. Қыпшақтар мемлекеті
- •11. Қарақытай мемлекеті
- •12. Қазақстан территориясындағы Ұлы Жібек жолы
- •15. Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен творчествосы
- •17. Қазақ халқының қалыптасуы
- •18. Қазақ хандығының құрылуы
- •19. Қазақ хандығын нығайту үшін Қасым ханның күресі
- •20. Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығы
- •21. Тәуекел хан кезіндегі қазақ хандығы
- •23. “Жеті жарғы” заңдар жинағы
- •24. “Ақтабан шұбырынды” оқиғасы
- •Қазақстан кіші және орта жүздің ресейге қосылуы отаршылдықтың басталуы.
- •1. Қазақстан патшалы Ресейдің құрамында.
- •2. Абылайхан, оның ішкі және сыртқы саясаты
- •4. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
- •5. Бөкей хандығының құрылуы, Жәңгір ханның реформалары
- •6. Исатай Тайманов бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
- •10. 1822-1824 Жылғы ереже. Хан үкіметінің жойылуы
- •11. Ресейдің Қазақстанды отарлауының аяқталуы
- •14. Ғалым-демократ Шоқан Уәлиханов
- •15. Ақын-ағартушы Абай Құнанбаев
- •16. Халыққа білім беру. Ыбырай Алтынсарин
- •18. Орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныстандыру
- •Әдебиеттер
- •Қазақстан хх ғасырда.
- •1. 1905-1907Жылғы орыс революциясы, оның Қазақсанға әсері
- •2. 1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
- •3. Қазақстан 1917 жылғы ақпан революциясы жылдарында.
- •4. Қазан төңкерісі және Қазақстан
- •5. Алаш қозғалысы
- •6. Үш жүз социалистік партиясы
- •7. Қазақстан азамат соғысы жылдарында
- •8. Әскери коммунизм саясаты
- •9. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы
- •10. Жаңа экономикалық саясат
- •12. Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік тұрғыдан межелеу саясаты, оның Қазақстанға әсері.
- •13. Қазақ байларын тәркілеу
- •14. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясаты, ұжымдастырудың қортындылары
- •15. Мал шаруашылығын ұжымдастырудағы кателіктер мен бұрмалаушылықтар
- •16. Отызыншы жылдардағы ашаршылық
- •17. Қазақстанды индустрияландыру
- •18. 1920-1940 Жылдардағы халыққа білім беру
- •20. Араб, латын алфавиттерінің өзгертілуі, оның себептері
- •21. Хх ғасырдың 20-40 жылдары қазақ интелигенциясының ұлт мүддесі үшін күресі
- •22. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін
- •23. Ұлы Отан соғысының бастапқы кезіндегі сәтсіздік, оның себептері
- •24. Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі
- •25. Қазақстандықтардың майданға көмегі
- •26. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы
- •27. Қазақстанда өнеркәсіптің дамуы
- •28. 1940-1950 Жылдардағы идеология саласындағы бұрмалаушылықтар
- •29.Қазақстанда тың жер игеру, оның негізгі қорытындылары.
- •30. Тың жер игерудің зардаптары
- •31. Қазақстандағы тоқырау, оның себептері
- •33. 1986 Жылғы желтоқсан оқиғасы, оның сабақтары
- •34. Кеңес Одағының құлауы. Қазақстанның егемен мемлекет болып құрылуы
- •35. Қазақстан нарықтық экономикаға өту жолында
- •36. Қазақстанда меншікті жекешелендіру
- •37. Қазақстандағы демократия және жариялылық
- •38. Қазақстандағы көп партиялық жүйе
- •39. Егемен Қазақстанның сыртқы саясаты
- •40. Қазақстанда құқықты мемлекет қалыптастыру үшін күрес
- •41. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы
- •42. Қазақстанның 2030 стратегиясы
- •43. 1995 Жылғы Қазақстан Республикасының конституциясы
- •44. Қазақстандағы ұлт-аралық қарым-қатынас
- •45. Қазақстандағы қазіргі замандағы экологиялық хал-ахуал
- •46. Отан тарихындағы ақтаңдақтар, олардың себебі
- •47. Қазақстанда тарих ғылымының дамуы
- •Әдебиеттер
12. Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік тұрғыдан межелеу саясаты, оның Қазақстанға әсері.
Түркістан автономиялық республикасының Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Т.Рысқұлов 1920 жылы Орта Азия мен Ресейді мекендеген түрік тектес халықтардың басын біріктіріп түрік республикасын құру, осы халықтардың өкілдері мүшесі болатын түрік коммунистік партиясын құру туралы идея көтереді. Оның мақсаты түрік халықтарының басын біріктіріп оны осы халықтар тұрғысында шовинистік саясат ұстанып отырған Кеңес үкіметіне қарсы қою еді. Түрік тектес халықтардың басының бірігуі Кеңес үкіметіне қауыпты еді. Сондықтан Коммунистік партия, Кеңес үкіметі Т.Рысқұловтың бұл идеясын қабылдамай тастады да, оның алдағы уақыттарда да жүзеге асу жолын кесуді ойлады. Бүл 1924 жылы жүргізілген межелеу саясатының негізгі мазмұны болды. Бүл саясат арқылы Кеңес үкіметі бір республикаға бірігіп отырған халықтарды бірнеше республикаға бөліп оларды ыдырату саясатын жүргізді. Өзбекстанды одақтас республика жасады, қалған үш халықты /қырғыз, түрікмен, тәжік/ автономиялық республика, облыс жасап біреулерін Өзбек ССР-на, біреулерін РСФСР-ға қаратты. Кеңес үкіметі бұл саясатты жүргізгенде коммунистік партия әрбір ұлтқа өз мемлекеттігін құрып беріп отыр деп түсіндірді. Бүл мемлекеттер сол халықтардың шын мәніндегі тәуелсіз мемлекеті бола алмағаны, Кеңес үкіметінің межелеу саясатының мақсаты түрік тектес халықтардың басын біріктірмеу, керісінше оларды өз ара ажырату болғаны айқын. Межелеу кезінде бұрын Түркістан АССР-ның құрамында болған екі облыс -Жетісу мен Сырдария облысы Қазақ АССР-на қосылды. Экономикасы салыстырмалы түрде жоғары дамыған, халқының көпшілігі қазақтардан құрылатын екі облыстың қосылуы Қазақстанға тиімді болды. Ресей оның есесіне Қазақстанның біраз жерін өзіне қосып алды.
13. Қазақ байларын тәркілеу
1928 жылы Қазақ АССР Орталық Атқару Комитеті байлар мен кулактар шаруашылығын тәркілеу туралы декрет қабылдады. Байлар деп мал шаруашылығымен, кулактар деп егіншілікпен шұғылданғандарды айтып отыр. Барлық малды ірі қараға шаққанда көшпелі аудандарда 400, жартылай көшпенді аудандарда 300, отырықшы мал шаруашылығымен шұғылданған аудандарда 150 ірі қара малы барлар байлар деп тәркіленді. Сонымен бірге бұрынғы сұлтандар, болыстар тәркіленді. Тәркіленген байларды басқа аудандарға жер аударуға тиіс болды. Қазақстанда 696 ірі байлар тәркіленді, олардан 145 мың ірі қара алынды. Тәркіленген малдарды құрылып жатқан колхоздар мен кедейлерге бөліп берді, қазақ байлары мен қатар 3123 кулактардың жері тәркіленді.
Байларды тәркілеу кезінде көптеген қателіктер, бұрмалаушылықтар орын алды. Феодал деп атауға болатын ірі байлармен қатар біраз ауқатты шаруалар тәркіленді. Байларды жер аудару туралы шешім қабылданғанда үкімет олардың алда жүрілуге тиіс ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға кесірі тиеді деп есептеп тәркіленген байларды басқа аудандарға жер аудармақ болды. Байларды тәркілеу жұмысын жергілікті жерлерде ұйымастырған саяси басқарманың адамдары олардың біразын шөл, шөлейт жерге апарып тастады. Олар Кеңес үкіметіне қарсы қарулы көтеріліске шықты. Қазақстанның біраз аудандарында болған көтеріліске қарапайым халық та қатысты.
Көп өнім бере алатын ірі шаруашылықтарды тәркілеу ел экономикасына көп зыян әкелді. Байлардан тәркіленген малдардың көпшілігін колхозшылар, кедейлер өсірмеді, күнделікті азық-түлікке пайдаланды. Сөйтіп байларды тәркілеу саяси тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да нәтиже бермеді.