
- •Қазақстан ерте және орта ғасырларда.
- •1. Қазақстан территориясындағы тас ғасыры
- •2. Қазақстан территориясындағы қола дәуірі
- •3. Үйсіндер, қаңлылар, ғұндар
- •5. Түрік және түргеш қағанаты
- •704 Жылы батыс-түрік қағандығы құлап оның орнына түргеш қағанаты пайда болды/704-756ж.Ж./
- •6. Қарлұқтар /756-940ж.Ж./ мемлекеті
- •7. Оғыз мемлекеті
- •8. Қимақ қағанаты
- •9. Қарахан мемлекеті
- •10. Қыпшақтар мемлекеті
- •11. Қарақытай мемлекеті
- •12. Қазақстан территориясындағы Ұлы Жібек жолы
- •15. Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен творчествосы
- •17. Қазақ халқының қалыптасуы
- •18. Қазақ хандығының құрылуы
- •19. Қазақ хандығын нығайту үшін Қасым ханның күресі
- •20. Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығы
- •21. Тәуекел хан кезіндегі қазақ хандығы
- •23. “Жеті жарғы” заңдар жинағы
- •24. “Ақтабан шұбырынды” оқиғасы
- •Қазақстан кіші және орта жүздің ресейге қосылуы отаршылдықтың басталуы.
- •1. Қазақстан патшалы Ресейдің құрамында.
- •2. Абылайхан, оның ішкі және сыртқы саясаты
- •4. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
- •5. Бөкей хандығының құрылуы, Жәңгір ханның реформалары
- •6. Исатай Тайманов бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
- •10. 1822-1824 Жылғы ереже. Хан үкіметінің жойылуы
- •11. Ресейдің Қазақстанды отарлауының аяқталуы
- •14. Ғалым-демократ Шоқан Уәлиханов
- •15. Ақын-ағартушы Абай Құнанбаев
- •16. Халыққа білім беру. Ыбырай Алтынсарин
- •18. Орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныстандыру
- •Әдебиеттер
- •Қазақстан хх ғасырда.
- •1. 1905-1907Жылғы орыс революциясы, оның Қазақсанға әсері
- •2. 1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
- •3. Қазақстан 1917 жылғы ақпан революциясы жылдарында.
- •4. Қазан төңкерісі және Қазақстан
- •5. Алаш қозғалысы
- •6. Үш жүз социалистік партиясы
- •7. Қазақстан азамат соғысы жылдарында
- •8. Әскери коммунизм саясаты
- •9. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы
- •10. Жаңа экономикалық саясат
- •12. Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік тұрғыдан межелеу саясаты, оның Қазақстанға әсері.
- •13. Қазақ байларын тәркілеу
- •14. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясаты, ұжымдастырудың қортындылары
- •15. Мал шаруашылығын ұжымдастырудағы кателіктер мен бұрмалаушылықтар
- •16. Отызыншы жылдардағы ашаршылық
- •17. Қазақстанды индустрияландыру
- •18. 1920-1940 Жылдардағы халыққа білім беру
- •20. Араб, латын алфавиттерінің өзгертілуі, оның себептері
- •21. Хх ғасырдың 20-40 жылдары қазақ интелигенциясының ұлт мүддесі үшін күресі
- •22. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін
- •23. Ұлы Отан соғысының бастапқы кезіндегі сәтсіздік, оның себептері
- •24. Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі
- •25. Қазақстандықтардың майданға көмегі
- •26. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы
- •27. Қазақстанда өнеркәсіптің дамуы
- •28. 1940-1950 Жылдардағы идеология саласындағы бұрмалаушылықтар
- •29.Қазақстанда тың жер игеру, оның негізгі қорытындылары.
- •30. Тың жер игерудің зардаптары
- •31. Қазақстандағы тоқырау, оның себептері
- •33. 1986 Жылғы желтоқсан оқиғасы, оның сабақтары
- •34. Кеңес Одағының құлауы. Қазақстанның егемен мемлекет болып құрылуы
- •35. Қазақстан нарықтық экономикаға өту жолында
- •36. Қазақстанда меншікті жекешелендіру
- •37. Қазақстандағы демократия және жариялылық
- •38. Қазақстандағы көп партиялық жүйе
- •39. Егемен Қазақстанның сыртқы саясаты
- •40. Қазақстанда құқықты мемлекет қалыптастыру үшін күрес
- •41. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы
- •42. Қазақстанның 2030 стратегиясы
- •43. 1995 Жылғы Қазақстан Республикасының конституциясы
- •44. Қазақстандағы ұлт-аралық қарым-қатынас
- •45. Қазақстандағы қазіргі замандағы экологиялық хал-ахуал
- •46. Отан тарихындағы ақтаңдақтар, олардың себебі
- •47. Қазақстанда тарих ғылымының дамуы
- •Әдебиеттер
9. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы
1920 жылы көктемде Қазақстанда азамат соғысы аяқталған соң ақгвардияшылар құлатқан Кеңес үкіметін қайта құру басталды. 1919 жылы шілде айында РСФСР-дың Халық комиссарлар кеңесі қазақ өлкесін басқаратын революциялық комитет /казревком/ құру туралы шешім қабылдады. Қазревкомның негізгі міндеті Қазақстан кеңестерінің құрылтай жиналысын шақыру дайындығын жүргізіп Қазақстанда Кеңес үкіметін орнату болды, казревкомның тағы бір міндеті қазақ жерлерін біріктіру, оның территориялық тұтастығын қамтамасыз ету болды. Казревком 1919 жылғы шілдеден 1920 жылғы қазанға дейін 15 ай өмір сүрді. Осы уақыттың ішінде қазақ автономиялы республикасын жариялауға байланысты қыруар жұмыс атқарды.
1920 жылы 26 тамызда Бүкіл Ресейлік Орталық Атқару комитеті мен халық комиссарлар Кеңесі Қырғыз автономиялық Советтік Социалистік республикасын құру туралы декрет қабылдады. Бүл республика РСФСР-дың құрамында болды да астанасы Орынбор қаласы болып белгіленді. 1920 жылы қазан айында болған Қазақстан кеңестерінің құрылтай жиналысы Орталық Атқару комитетін құрып оның төрағасына Меңдешовты сайлайды.
1925 жылы Қазақстанның екінші астанасы Ақмешіт қаласында болған Қазақстан кеңестерінің Ү съезі Қазақстанның жаңа астанасын Қызылорда деп өзгертіп қазақтардың тарихи атын қалпына келтірді. Осы кезден Қазақстандағы Кеңес мелекеті Қазақ АССР болып аталды. 1936 жылы Қазақстан Одақтас республика болып құрылып СССР-дың тікелей құрамына енді.
10. Жаңа экономикалық саясат
Әскери коммунизм саясаты азамат соғысы кезінде армияның қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатын шешкенімен өнім өндірушілердің экономикалық ынтықтығын жойып жіберді. Сондықтан Кеңес үкіметі бұл саясатты азамат соғысы аяқталар аяқталмастан жаңа экономикалық саясатпен алмастырды. Жаңа экономикалық саясат бойынша азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырды. Еңбек ету әркімнің өз қалауына берілді. Көлік міндеттілігі өзгерді, енді әркім өз еркімен пайда табу үшін жүк таситын болды. Еркін сауда енгізілді, өнім өндіруші өндірген өнімнің өз қажетінен артылғанын базарға шығарып сатып пайда табуға мүмкіндік алды. Аталмыш шаралар өнім өндірушінің экономикалық ынтықтығын арттырды. Бүл өнімнің молаюына әсер етті. Әрбір өнім өндірушінің ынтықтығы артып өнімнің молаюы бүкіл елдің экономикасын жандандырды.
Экономикалық ынтықтықтың артуы каптиалистік қатнастарды тудырды. Сауда, алыпсатарлық, базар дамыды, нарықтық қатнас қалыптаса бастады. Бүл Кеңес Одағына, социализмге қауіпті көрініс еді. Сондықтан Кеңес үкіметі ұзамай жаңа экономикалық саясаттың арғарай өрістеуіне тыйым салып экономиканы бір орталықтан жоспарлы түрде басқаратын қатал жүйені енгізді.
11. Жер-су реформасы
Патшалы Ресейдің жер саласындағы саясатының салдары қазақ халқы үшін өте ауыр болды. Бүл жағдай кеңес үкіметі орнаған соң да оңалмады. 1921 жылы ҚАССР-ның Орталық Атқару Комитеті жерді мемлекеттік қор деп жариялады. Бүл шешім бойынша жерді өз бетімен меншіктенуге, сатуға, сатып алуға тыйым салынды. Дегенмен бұл шара қазақтардың жер саласындағы теңсіздігін жоя алмады.
1921 жылы Қазақстан Орталық Атқару Комитеті қоныс аудару басқармасының қарамағындағы игерілмеген жерлер, помещиктер мен кулактардың жерлері, нормалардан артық жерлерді қазақтарға қайтарып беру туралы декрет қабылдады. Жер-су мәселесін түпкілікті шешу үшін 1921 ж. Жетісу, Сырдария облыстарында жер су реформасы жүрілді. Оңтүстікте суармалы егістік болғандықтан жер мен судың маңызы бірдей еді. Сондықтан реворма бойынша жерді ғана емес, суды да баяу қажет болды. Бүл реформаны ұйымдастыру Сүлтанбек Қожановқа жүктелді.
Реформаны жүргізу үшін жергілікті жерлерде қосшы одағы құрылды. Осы одақтың көмегіне сүйенген қазақтар өздерінің бұрынғы жайылым, егістік жерлерін қайтарып алды. Жер су реформасы 1922 жылы аяқталып тек Жетісуда қазақтар 134 мың десятина жер алды.
Жер-су реформасын ұйымдастырған С.Қожанов жер мәселесін шешу үшін орыс шаруаларын, кулактарды кері қоныстандыруды ұсынды. Бүл үлкен дау туғызды. Москвадан арнайы комиссия келіп орыс кулактарының талабын қолдады. С.Қожановқа кейін Қожановшыл деген айып тағылды.
Дегенмен жер су реформасы қазақ халқына өз нәтижесін берді. Патша үкіметінің тұсында жерлерінен айырылған қазақтар оның біразын болса да қайтарып алды.