
- •Қазақстан ерте және орта ғасырларда.
- •1. Қазақстан территориясындағы тас ғасыры
- •2. Қазақстан территориясындағы қола дәуірі
- •3. Үйсіндер, қаңлылар, ғұндар
- •5. Түрік және түргеш қағанаты
- •704 Жылы батыс-түрік қағандығы құлап оның орнына түргеш қағанаты пайда болды/704-756ж.Ж./
- •6. Қарлұқтар /756-940ж.Ж./ мемлекеті
- •7. Оғыз мемлекеті
- •8. Қимақ қағанаты
- •9. Қарахан мемлекеті
- •10. Қыпшақтар мемлекеті
- •11. Қарақытай мемлекеті
- •12. Қазақстан территориясындағы Ұлы Жібек жолы
- •15. Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен творчествосы
- •17. Қазақ халқының қалыптасуы
- •18. Қазақ хандығының құрылуы
- •19. Қазақ хандығын нығайту үшін Қасым ханның күресі
- •20. Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығы
- •21. Тәуекел хан кезіндегі қазақ хандығы
- •23. “Жеті жарғы” заңдар жинағы
- •24. “Ақтабан шұбырынды” оқиғасы
- •Қазақстан кіші және орта жүздің ресейге қосылуы отаршылдықтың басталуы.
- •1. Қазақстан патшалы Ресейдің құрамында.
- •2. Абылайхан, оның ішкі және сыртқы саясаты
- •4. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
- •5. Бөкей хандығының құрылуы, Жәңгір ханның реформалары
- •6. Исатай Тайманов бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
- •10. 1822-1824 Жылғы ереже. Хан үкіметінің жойылуы
- •11. Ресейдің Қазақстанды отарлауының аяқталуы
- •14. Ғалым-демократ Шоқан Уәлиханов
- •15. Ақын-ағартушы Абай Құнанбаев
- •16. Халыққа білім беру. Ыбырай Алтынсарин
- •18. Орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныстандыру
- •Әдебиеттер
- •Қазақстан хх ғасырда.
- •1. 1905-1907Жылғы орыс революциясы, оның Қазақсанға әсері
- •2. 1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
- •3. Қазақстан 1917 жылғы ақпан революциясы жылдарында.
- •4. Қазан төңкерісі және Қазақстан
- •5. Алаш қозғалысы
- •6. Үш жүз социалистік партиясы
- •7. Қазақстан азамат соғысы жылдарында
- •8. Әскери коммунизм саясаты
- •9. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы
- •10. Жаңа экономикалық саясат
- •12. Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік тұрғыдан межелеу саясаты, оның Қазақстанға әсері.
- •13. Қазақ байларын тәркілеу
- •14. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясаты, ұжымдастырудың қортындылары
- •15. Мал шаруашылығын ұжымдастырудағы кателіктер мен бұрмалаушылықтар
- •16. Отызыншы жылдардағы ашаршылық
- •17. Қазақстанды индустрияландыру
- •18. 1920-1940 Жылдардағы халыққа білім беру
- •20. Араб, латын алфавиттерінің өзгертілуі, оның себептері
- •21. Хх ғасырдың 20-40 жылдары қазақ интелигенциясының ұлт мүддесі үшін күресі
- •22. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін
- •23. Ұлы Отан соғысының бастапқы кезіндегі сәтсіздік, оның себептері
- •24. Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі
- •25. Қазақстандықтардың майданға көмегі
- •26. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы
- •27. Қазақстанда өнеркәсіптің дамуы
- •28. 1940-1950 Жылдардағы идеология саласындағы бұрмалаушылықтар
- •29.Қазақстанда тың жер игеру, оның негізгі қорытындылары.
- •30. Тың жер игерудің зардаптары
- •31. Қазақстандағы тоқырау, оның себептері
- •33. 1986 Жылғы желтоқсан оқиғасы, оның сабақтары
- •34. Кеңес Одағының құлауы. Қазақстанның егемен мемлекет болып құрылуы
- •35. Қазақстан нарықтық экономикаға өту жолында
- •36. Қазақстанда меншікті жекешелендіру
- •37. Қазақстандағы демократия және жариялылық
- •38. Қазақстандағы көп партиялық жүйе
- •39. Егемен Қазақстанның сыртқы саясаты
- •40. Қазақстанда құқықты мемлекет қалыптастыру үшін күрес
- •41. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы
- •42. Қазақстанның 2030 стратегиясы
- •43. 1995 Жылғы Қазақстан Республикасының конституциясы
- •44. Қазақстандағы ұлт-аралық қарым-қатынас
- •45. Қазақстандағы қазіргі замандағы экологиялық хал-ахуал
- •46. Отан тарихындағы ақтаңдақтар, олардың себебі
- •47. Қазақстанда тарих ғылымының дамуы
- •Әдебиеттер
6. Үш жүз социалистік партиясы
Кеңес үкіметі, коммунистік идеология, қазақ халқының болашағы туралы мәселеде қазақ интелегенциясы екі топқа бөлінді. Коммунистік идеологияға қарама-қайшы бағыт ұстағандар Алаш қозғалысының маңына топтасты да, Кеңес үкіметін, коммунистік идеологияны жақтаушылар үш жүз социалистік партияның маңына топтасты. Қазақ интеллигенциясының басым көпшілігі, неғұрлым зиялылары Алаш идеясына ден қойды.
Үш жүз социалистік партиясы да Алашпен бір деңгейде, 1917 жылы желтоқсанда құрылды. Бүл партия өз көзқарасын өзінің органы Үш жүз газеті мен жергілікті коммунистік бағыттағы газеттер арқылы жария етіп отырды. Партияның басшысы М.Айтпенов, оның орынбасары К.Тоғысов болды.
Партия өз бағдарламасын жариялады. Бағдарламада қазақ халқы өзінің автономиялық мемлекетін құрып Түркістан федерациясының құрамына кіреді де, ол Ресейдің қарамағында болады, осындай жолмен қазақ халқының тәуелсіздікке қолы жетеді деп есептеді. Үш жүздіктер өзінің бағдарламасы, көзқарасы жөніннен әуелі солшыл есерлерге жақын болады да, соңынан коммунистердің бағдарына көшті. Партия бес-ақ ай өмір сүрді. Партия басшыларының арасындағы ауыз бірліксіздік, партиялық мансапқа таласушылық бұл партияның ыдырауына әкеп соқты. Өзі өмір сүрген 5 айдың ішінде Үш жүз партиясы Алаш партиясына қарсы ымырасыз күрес жүргізді. Сондай-ақ кеңес үкіметін, оның жүзеге асырып жатқан шараларын қолдауға өзінің барлық іс-әрекетін бағыттап отырды.
7. Қазақстан азамат соғысы жылдарында
1917 жылы қазан айында болған төңкеріс кезінде үкімет билігінен айрылған буржуазия мұнымен ымырласқысы келмеді. Бүл тап өз қарулы күшін жасақтап кеңес үкіметіне қарсы күресті. Буржуазияның қарулы күші ақгвардияшылар деп аталды. Коммунистер бастаған жұмышы табы қызыл армия бөлімдері арқылы ақгвардияшыларға қарсы күресті. Сөйтіп бір елдің ішіндегі азаматтардың соғысы басталды.
Қазақстанда азамат соғысының алғашқы ошағы 1917 жылы Орынборда казак әскерлерінің атаманы Дутовтың жергілікті кеңес үкіметін құлатуымен басталды. Мүнан соң Жетісу, Орал, Ақмола, Семей, облыстарында ақтар кеңес үкіметін құлатып буржуазиялық үкіметтер орнатты. Шет ел интервенциясы, Чехословакия корпусының бүлігі ақ гвардияшылардың күш алуына көмектесті. 1918 жылы жазда Жетісу облысының азғантай жері мен Сырдария облысында ғана Кеңес үкіметі сақталып қалды. Ақгвардияшыларға Қазақстанда алашорда үкіметі көмектесті.
Қызыл Армия бөлімдерімен бірге қазақ халқы ақгвардияшыларға қарсы күресті. 1919 жылдың ақырында Қазақстанның көпшілік бөлігі ақтардан азат етілді. 1920 жылы Жетісудағы азамат соғысының ақгвардияшылдар фронты талқандалып азамат соғысы аяқталды.
8. Әскери коммунизм саясаты
Азамат соғысы кезінде елдің барлық экономикалық ресурсын соғыс мүддесіне жұмылдырып, соғысып жатқан Қызыл армияны азық-түлік, киім-кешек, қару-жарақпен қамтамасыз қажет болды. Осы мақсатпен кеңес үкіметі әскери коммунизм саясаты ету деп аталатын шараларды жүзеге асырды. Бүл саясат соғыс жағдайына байланысты жүргізуге мәжбүр болған төтенше және уақытша саясат еді. Кеңес үкіметі Қызыл армияны нанмен қамтамасыз ету үшін үстем таптың, ең әуелі кулактардың тығып отырған астығын күшпен алды. Ол үшін жұмысшы отряды дегенді құрып кулактардың қоймаларын тінтіп жасырған астықтарын үкіметке тікелей тәркіледі. Бүл шара Қызыл армияның қажетін толық өтей алмады. Сондықтан салықты салғыртпен ауыстырды. Салық шаруалардың өндірген астығының бір бөлігін ғана алса салғырт кезінде өнімнің азғантай бөлігін ғана шаруаға қалдырып басқасын түгелдей үкіметке алды. Еңбек міндетін енгізді. Еңбек жасындағы барлық адам еңбек етуге міндетті болды. Көлік міндетін енгізді. Көлігі барлар /машина, арба т.б./ әскердің және өнеркәсіп орындарының отынын, жүгін тасуға міндетті болды. Еркін саудаға шек қойылды. Азық түлік адамдардың таптық белгісіне қарай бөлінді. Мәселен нан бөлгенде жұмысшының, қызыл армия жауынгерінің, шаруалардың нормасы көп болды да бұрынғы үстем тапқа жататындардың нормасы аз болды. Натуралдық айырбас енгізілді. Жүмысшылардың айлығы өніммен берілді. Жоғарыда аталған және тағы басқа төтенше шаралардың жиынтығын әскери коммунизм саясаты деп атайды. Бүл атау коммунизмнің принциптерін күшпен енгізу деген мағына береді. Әскери коммунизм ұзақ уақыт жүргізуге болмайтын еді. Азамат соғысы аяқталысымен бұл саясат өзгертілді.