Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Leksiya_Kazakhstan_Tarih_305.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
468.48 Кб
Скачать

Қазақстан хх ғасырда.

1. 1905-1907Жылғы орыс революциясы, оның Қазақсанға әсері

Ресейде 1861 жылы басыбайлылық қатнасты жойды, сөйтіп феодализмнің негізгі тірегінің бірі жойылды. Дегенмен оның екінші тірегі -патша үкіметі қалып қойды. Патша үкіметі феодалдардың үкіметі болғандықан солардың мүддесіне қызмет етті. Бұл капитализмнің дамуына, Ресейдің прогресс жолына түсуіне патша үкіметі бөгет болып отыр деген сөз. ХХ ғасырдың басында Ресей өзімен теңдес басқа елдермен салысырғанда артта қалған аграрлық ел болды. Мүның себебі феодализм түгелдей жойылмағанында еді.

Сондықтан патша үкіметін құлату Ресейдің прогресс жолына түсуіне шешуші роль атқаратын еді. Патша үкіметін құлату үшін Ресей халқы, оның алдыңғы қатарлы қайракерлері көп күш жұмсады. Мұны декабристер көтерілісінен, шаруалар көтерілісінен, патшаны өлтірмек болған, өлтірген әрекеттерден байқауға болады. Бірақ бұл әрекетер нәтиже бермеді. Патша үкіметін құлату дегеніміз патшаны өлтіру емес, үкіметті оның барлық атрибудтарымен /армия,полиция,т.б./ құлату қажет. Екінші сөзбен айтқанда үкіметі құлату үшін революция қажет болды.

1905-1907 жылдары Ресейде осындай революция болды. Бұл революцияның сипаты-буржуазиялық демократиялық революция. Революцияны буржуазия, оның партиясы- кадет бастады. Революцияның қозғаушы күші жұмысшы табы болды. 1905 жылғы «қанды жексенбіден Петербургта басталған революция бүкіл елді қамтыды. Дегенмен революция жасаған халықтан патша үкімет күшті болып шықты, революция жеңілді.

Бұл революция Қазақстанға да әсер етті. Қазақ еңбекшілері, кен орындары мен темір жол жұмысшылары патша үкіметіне қарсы көтеріліске шықты. Революцияның әсерімен қазақ топырағында тұңғыш саяси партия - кадет партиясының қазақ бөлімі құрылды.

2. 1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

1916 жылы бүкіл Қазақстанды қамтыған қозғалыс Ресейдің отаршылдығына қарсы қазақ халқының соңғы ірі шайқасы еді. Бұл қозғалыс ұлт-азаттық сипатта болды. Қозғалыстың негізгі себебі Ресейдің отаршылдық әрекетінің тереңдей түсуі еді. Патша үкіметті қазақтарды ата бабасынан бері мекендеп келе жатқан жерінен қуып, оған орыс шаруаларын қоныстандырды, қазақтар шөл, шөлейт өлкелерге қуылды. Сөйтіп жер мәселесі шиеленісті, бұл 1916 жылғы қозғалыстың негізгі себебі еді. Қозғалыстың 1916 ж күзде бұрық етуіне патшаның июнь жарлығы себепші болды. Бұл жарлық бойынша үкімет қазақ және басқадай бұратана халықтардан соғысып жатқан /бірінші дүние жүзілік соғыста/ орыс армиясының жағдайын жеңілдету үшін тылдағы қара жұмысқа /окоп қазу, жүк тасу т.б./. 19-43 жастағы азаматтарды алмақ болды. Бұл бір жағынан Ресейдің азаматтарымен бірдей қолына қару беріп майданға жібермегені бұратана халықтардың намысына тиді. Ресейдің отаршылдығына қарсы көп жыл күрескен қазақтардың қолына қару беруге патша үкіметі қорықты. Екінші жағынан жастар тылдағы жұмысқа барғысы келмеді. Болыстарда тылдағы жұмысқа баратындардың тізімін жасағанда әділетсіздік орын алды, ауқатты адамдарының балалары пара беру арқылы тізімге ілікпеді, тізімге көпшілігінде қарапайым қазақ ілінді.

Көтеріліс Жетісу, Сырдария, Маңғыстау, Торғай, Ақмола, Семей облыстарын қамтыды. Көтерілісті қазақтың интеллигенция өкілдері басқарды. Жетісуда көтеріліске Тоқаш Бокин, Бекболат Әшкеев, Сыр бойында Тұрар Рысқұлов, Торғайда Амангелді Иманов, Әліби Жангельдин, Семейде Сәкен Сейфуллин т.б. басқарған.

Көтеріліске қатысушылар сарбаз жинап болыстардың ауылдарына шабуыл жасап ондағы қара жұмысқа шақырылған азаматтардың тізімін, салық кітапшаларын тауып алып өртеп жіберіп отырды. Кей жерде халыққа жексұрын болған болыстар, хатшыларды өлтірді, патша үкіметі жұмсаған жазалаушы отрядтармен соғысты.

1916 жылғы қозғалыстардың ішінен Торғайдағы қозғалыс тегеурінді, ұзаққа созылған, ұйымдасқан сипатта болды. Халық батыры, дарынды қолбасшы Аманкелді жиналған сарбаздарды әскер өнеріне үйретті, ұсталарды жинап қару-жарақ соқтырды. Патшаның жазалаушы отрядынан жеңілген басқа облыстағы көтерілістен қашқан қазақтар Аманкелді сарбаздарына келіп қосылып жатты. Торғайдағы көтерілісшілердің саны 50 мың адамға жетті. Аманкелді сарбаздары патша үкіметі жолдаған жазалаушы әскерлермен бірнеше рет шайқасып көбіне жеңіске жетіп отырды. Торғайдағы қозғалыс 1917 жылғы ақпан революциясымен ұласты. Патша тақтан құлаған соң оның орнына келген Уақытша Үкімет қазақ жерінен жазалаушы отрядтарды кері әкетуге мәжбүр болды.

Тылдағы жұмысқа баруға қарсы болған қазақ жастарының мақсаты негізінен орындалды. Тізімге ілінген 400 мыңдай қазақтардың 150 мыңы ғана тылдағы жұмысқа барып қайтты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]