Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Leksiya_Kazakhstan_Tarih_305.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
468.48 Кб
Скачать

16. Халыққа білім беру. Ыбырай Алтынсарин

ХІХ ғасырдың ортасына дейін қазақ балаларын оқытатын мектеп болмады. Осы кезден қазақ балаларына жеті жылдық білім беретін мектептер Бөкей ордасы, Орынбор, Омбы қалаларында орнай бастады. Бұл мектептердің негізгі мақсаты орыс әкімшілігінің төменгі орындары үшін хатшылар мен тілмаштар дайындау еді.

Қазақстанда халықтық бастауыш мектептердің ашылуы Ы.Алтынсариннің есімімен байланысты.

Ыбырай көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңаша педагог, ғалым болды. Ол орыс алфавитін негіздей отырып қазақ алфавитін жасады.

Ол 1841 жылы Қостанай облысында туды. Орынборда жеті жылдық мектепті бітірген соң Ресейдің шекаралық комиссиясында хатшы болып істеді. 1879 жылы Торғай облысында мектеп инспекторы болып істегеннен оның ағартушылық қызметі басталады. 1881-1892 жылы ол облыстың барлық 4 уезінде бір-бірден екі кластық орыс-қазақ училищесін, мектеп жанынан кітапхана ашады. Ол қазақ қыздарын оқытатын интернаты бар мектепті Ырғыз қаласында ашады. Ол қазақтардың көшіп-қонуына сай көшпелі бастауыш мектеп ашты. Торғай, Орынборға мұғалім даярлайтын мектеп орнатты. Ол бірнеше жинақ, оқу құралдарын жазды.

Ыбырай қазақтардың этнографиясын зерттеген ғалым. Ол қазақтардың қыз ұзату, құда түсу, өлік жерлеу, ас беру, бата оқу және т.б. әдет-ғұрпы жөнінде еңбек жазып Орынбордағы орыс географиялық қоғамы бөлімшесінің қабаршыларында жариялады. Этнография, география саласындағы ғылыми еңбектері үшін Ы.Алтынсарин Орыстың географиялық қоғамының мүшесіне сайланды.

17. ХІХ ғасырда Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы

ХІХ ғасырдың ақырында Ресей капиталистері Қазақстанда өнеркәсіп өндірісін ұйымдастырып өздерінің капиталын әкеле бастады. Қазақстандағы шикізат, арзан жұмысшы күші өнеркәсіпті дамытуға қолайлы болды. Кен өндірісі Қазақстанда дами бастаған өнеркәсіптің маңызды саласы болды. 1896 жылы бір ғана Қарқаралы уезінде 70-ке жуық шағын мыс өндіретін, 170 күміс-қорғасын, 3 темір, 2 күміс-никель, 4 мырыш руднигі, Атбасар уезінде 15 жерден мыс, күміс, қорғасын рудниктері ашылды. Бірнеше жерден таскөмір кені ашылды. Кәсіпорындарын пайдалану үшін акционерлік қоғам, әріптестік компаниялар орнады.

Өнеркәсіптің келесі саласы балық кәсіпшілігі. Балық өнеркәсібі Каспий мен Жайық өзенінің маңына топтасты. Каспийдің жағасында 150-ден астам балық аулайтын кәсіпшілік болды. Балқаш, Іле, Зайсан, Арал теңізі, Сырдария өзенінен балық ауланды.

Өнеркәсіптің келесі саласы тұз өндіру. Көл, өзендерден тұз өнідірілді. Өнеркәсіптің дамуы жол қатынасын жолға қоюды талап етті. Жайық, Ертіс, Іле өендерінде кеме қатынасы дамыды. 1876 жылы Саратовты Орынбормен жалғастырған темір жол іске қосылды. Ғасырдың ақырында Орынбор-Ташкент темір жолы салынып Қазақстан Ресейдің Орталық бөлігімен байланысты.

Өнеркәсіптің дамуына байланысты жұмысшы табы сан жағынан өсті. 1990 жылы Қазақстанда 11 мыңнан астам жұмысшы, оның 60% қазақтар болды. Жұмысшылардың жағдайы ауыр, жалақы аз, жұмыс 14-16 сағатқа созылды, жұмысшылар жер тамда тұрды. Алғашқы жұмысшы қозғалысы арыздану, қашып кету, стачка сияқты формада жүрілді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]