
- •Қазақстан ерте және орта ғасырларда.
- •1. Қазақстан территориясындағы тас ғасыры
- •2. Қазақстан территориясындағы қола дәуірі
- •3. Үйсіндер, қаңлылар, ғұндар
- •5. Түрік және түргеш қағанаты
- •704 Жылы батыс-түрік қағандығы құлап оның орнына түргеш қағанаты пайда болды/704-756ж.Ж./
- •6. Қарлұқтар /756-940ж.Ж./ мемлекеті
- •7. Оғыз мемлекеті
- •8. Қимақ қағанаты
- •9. Қарахан мемлекеті
- •10. Қыпшақтар мемлекеті
- •11. Қарақытай мемлекеті
- •12. Қазақстан территориясындағы Ұлы Жібек жолы
- •15. Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен творчествосы
- •17. Қазақ халқының қалыптасуы
- •18. Қазақ хандығының құрылуы
- •19. Қазақ хандығын нығайту үшін Қасым ханның күресі
- •20. Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығы
- •21. Тәуекел хан кезіндегі қазақ хандығы
- •23. “Жеті жарғы” заңдар жинағы
- •24. “Ақтабан шұбырынды” оқиғасы
- •Қазақстан кіші және орта жүздің ресейге қосылуы отаршылдықтың басталуы.
- •1. Қазақстан патшалы Ресейдің құрамында.
- •2. Абылайхан, оның ішкі және сыртқы саясаты
- •4. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
- •5. Бөкей хандығының құрылуы, Жәңгір ханның реформалары
- •6. Исатай Тайманов бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
- •10. 1822-1824 Жылғы ереже. Хан үкіметінің жойылуы
- •11. Ресейдің Қазақстанды отарлауының аяқталуы
- •14. Ғалым-демократ Шоқан Уәлиханов
- •15. Ақын-ағартушы Абай Құнанбаев
- •16. Халыққа білім беру. Ыбырай Алтынсарин
- •18. Орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныстандыру
- •Әдебиеттер
- •Қазақстан хх ғасырда.
- •1. 1905-1907Жылғы орыс революциясы, оның Қазақсанға әсері
- •2. 1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
- •3. Қазақстан 1917 жылғы ақпан революциясы жылдарында.
- •4. Қазан төңкерісі және Қазақстан
- •5. Алаш қозғалысы
- •6. Үш жүз социалистік партиясы
- •7. Қазақстан азамат соғысы жылдарында
- •8. Әскери коммунизм саясаты
- •9. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы
- •10. Жаңа экономикалық саясат
- •12. Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік тұрғыдан межелеу саясаты, оның Қазақстанға әсері.
- •13. Қазақ байларын тәркілеу
- •14. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясаты, ұжымдастырудың қортындылары
- •15. Мал шаруашылығын ұжымдастырудағы кателіктер мен бұрмалаушылықтар
- •16. Отызыншы жылдардағы ашаршылық
- •17. Қазақстанды индустрияландыру
- •18. 1920-1940 Жылдардағы халыққа білім беру
- •20. Араб, латын алфавиттерінің өзгертілуі, оның себептері
- •21. Хх ғасырдың 20-40 жылдары қазақ интелигенциясының ұлт мүддесі үшін күресі
- •22. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін
- •23. Ұлы Отан соғысының бастапқы кезіндегі сәтсіздік, оның себептері
- •24. Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі
- •25. Қазақстандықтардың майданға көмегі
- •26. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы
- •27. Қазақстанда өнеркәсіптің дамуы
- •28. 1940-1950 Жылдардағы идеология саласындағы бұрмалаушылықтар
- •29.Қазақстанда тың жер игеру, оның негізгі қорытындылары.
- •30. Тың жер игерудің зардаптары
- •31. Қазақстандағы тоқырау, оның себептері
- •33. 1986 Жылғы желтоқсан оқиғасы, оның сабақтары
- •34. Кеңес Одағының құлауы. Қазақстанның егемен мемлекет болып құрылуы
- •35. Қазақстан нарықтық экономикаға өту жолында
- •36. Қазақстанда меншікті жекешелендіру
- •37. Қазақстандағы демократия және жариялылық
- •38. Қазақстандағы көп партиялық жүйе
- •39. Егемен Қазақстанның сыртқы саясаты
- •40. Қазақстанда құқықты мемлекет қалыптастыру үшін күрес
- •41. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы
- •42. Қазақстанның 2030 стратегиясы
- •43. 1995 Жылғы Қазақстан Республикасының конституциясы
- •44. Қазақстандағы ұлт-аралық қарым-қатынас
- •45. Қазақстандағы қазіргі замандағы экологиялық хал-ахуал
- •46. Отан тарихындағы ақтаңдақтар, олардың себебі
- •47. Қазақстанда тарих ғылымының дамуы
- •Әдебиеттер
10. 1822-1824 Жылғы ереже. Хан үкіметінің жойылуы
Патша үкіметі 19 ғасырдың басында отаршылдық саясатты тереңдете отырып, қазақ халқының саяси тәуелсіздігіне қол сұқты. Патша үкіметі 1822 жылы “Сібір қазақтары туралы”, 1824 жылы “Орынбор қазақтары туралы” ереже қабылдап аталмыш ережелер бойынша хандық үкіметті жойды. Қазақтарды қазақтардың өзі билеген “Дала демократиясы” деп аталған хандық үкімет қазақтардың саяси тәуелсіздігінің белгісі еді. Сондықтан хандық үкіметті жою қазақ халқының саяси тәуелсіздігін жою болып табылады. Хандық үкіметті жою патша үкіметінің отарлау саясатының тереңдей бастағанын дәлелдеген оның отаршылдық саясатындағы кезекті қадам болды.
Патша үкіметі хандық үкіметті жойып Ресейдің әкімшілік жүйесін енгізді. Орта жүзге округтік жүйе енгізді. Бұл жүйе бойынша орта жүз округ, болыс, ауылға бөлінді. Әкімшілік жүйесінің соңғы сатысы болып есептелетін ауыл 50-70 үйден құралды. 10-12 ауыл бірігіп бір болыс болды. 10-15 болыстан округ құралды. Округтерді аға сұлтандар, болыстарды сұлтандар, ауылды ауылнайлар басқарды. Аталған лауазымдағылар Қазақстанда патша үкіметінің саясатын жүзеге асыруға тиіс болды. Ереже бойынша қазақ билерінің құқығына шек қойылды. Олар дау-дамай тәрізді ұсақ істерді ғана қарайтын болды. Орта жүзде Қарқаралы, Көкшетау округтері құрылып, кіші жүз бен орта жүздің түйілісіндегі қазақ жерін бірте-бірте тартып алу саясатын патша үкіметі жүзеге асырды.
Ереже бойынша болыстармен ауылнайларды сайлау жүйесі енгізілді. Бұл басқару жүйесіндегі прогресс болғанымен болыс сұлтандарының мұрагерлік құқығын қалдырғаны сайлау жүйесінің прогрессивтік мәнін жоққа шығарды.
Патша үкіметі 1824 жылы қабылдаған Орынбор қазақтары туралы ережеге сай хан үкіметі жойылды. Кіші жүзді билеуші сұлтандар бастаған 3 бөлікке бөлді. Бұл үш бөлік кіші жүздің Батыс, Орта, Шығыс бөлігінде орналасқан руларға негізделіп құрылды. Мәселен, Шығыс бөлік Әлімұлы, Шөмекей, Қыпшақ руларынан құрылды. Бұл бөліктер Орынбордағы шекаралық комиссияға бағынатын болды да билеуші сұлтандар шекаралық комиссиясының чиновнигі дәрежесінде болды. Билеуші сұлтандарды Орынбор әскери губернаторлары, басқа чиновниктерді шекаралық комиссия тағайындады.
Кіші жүзде орта жүзде енгізілгендей сайлау жүйесі болмады. Кіші жүзге арналған ережеде қамқоршы деген лауазым енгізілді. Оның міндеті әскери бекіністер мен қазақтардың арасына байланыс орнату болды. Оқиғаның алдағы барысында бұл лауазым Ресейдің отаршылдық саясатын жүзеге асыратын құралға айналды. Сот жүйесінде өзгерістер болды. Қазақтардың арасындағы ірі қылмыстарды Орынбордағы әскери сот шешті. Билерге ұсақ-түйек істер қалдырылды.
1822-1824 жылдары Орта және Кіші жүзге енгізілген ереже бойынша бұл екі жүз де хан үкіметі жойылды. Ресей жаңа әкімшілік жүйесін енгізді. Бұл жүйе алдағы уақытта қазақтардағы билік Ресей чиновниктерінің қолына беруге дайындық болды.
11. Ресейдің Қазақстанды отарлауының аяқталуы
Қазақстанның Ресейге қосылуы 18 ғасырдың бірінші жартысында Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейдің отарына айналуынан басталды. Мұнан соң ХІХ ғасырдың ақырына дейінгі уақытта жекелеген рулардың Ресейге қосылу процессі жүрілді.
Ұлы жүз Ресейге ең соңынан қосылды. Мұның себебі Ұлы жүздің жері осы кезде Қоқан, Хиуа билеушілерінің қол астында болды. Қазақстанның оңтүстігін өзіне қосып алу үшін Ресейге аталмыш екі мемлекетпен соғысуға тура келер еді. Патша үкіметі бұған барғысы келмеді.
Ұзамай Ресейді Қазақстанның оңтүстігін жаулап алуды тездетуге итермелеген оқиға болды. 1839 жылы ағылшындар Афганистанды басып алды. Орта Азия мемлекеттерінен шекаралас болған ағылшындар бұл өлкеге өз ықпалын жүргізу әрекетіне көшті. Орта Азия халықатырының арасында ағылшын тыңшылары қаптап кетті. Олар халықты Ресейге қарсы, ағылшынның пайдасы үшін үгіттеді. Патша үкіметі үшін Орта Азияның маңызы зор еді. Орта Азия, Қазақстан Шығыс елдеріне апаратын сауда жолында болды, бұл елдердің ауыл шаруашылығынан алынатын шикізат, Ресей өнеркәсәбінің өнім өткізетін рыногы осы елдерде болды. Сондықтан Ресей Орта Азиядан айрылғысы келмеді. Орта Азияға өту үшін Қазақстанның оңтүстігін жаулап алу қажет болды.
ХІХ ғасырдың алпысыншы жылдары патша үкіметі Қазақстанның Оңтүстігіндегі қалаларды бірінен соң бірін әскери күшімен жаулап алды. Қоқан, Хиуа билеушілерінің езгісінен зардап шеккен Ұлы жүз халқының көпшілігі жаулап алуға келген орыс армиясын құтқарушы деп есептеді. Бұл жағдай Ресей армиясының хиуалықтарды Оңтүстіктегі қалалардан оңай қуып шығуға әсер етті.
Қазақ халқының келесі бір бөлігі Ресейдің жаулап алушылық әрекетімен ымырасқысы келмеді. Мәселен, Кеңесарының баласы Садық сұлтан қол жинап, Ресей армиясымен соғысқанымен, саны көп, қаруы мықты армияға қарсы соғыста табысқа жете алмады.
Патша үкіметі Қазақстанның оңтүстігін қосып алған соң Орта Азиядағы мемлекеттерді бірінен соң бірін жаулап алып, бұл өлкеге үстем болмақ болған ағылшындардың үмітін үзіп тастады.
Қазақстанның оңүстігін жаулап алумен Ресейдің Қазақстанды отарлауы аяқталды.
12. Патша үкіметінің 1867-68 жылдардағы әкімшілік реформалары
Ресей Қазақстанды отарлауды аяқтаған соң оны Ресейдің билігіне әкімшілік тұрғысынан мықтап өткізу қажет болды. Осы кезде әкімшілік жүйесі Кіші және Орта жүзде екі түрлі, ұлы жүзде әкімшілік жүйе қалыптасып үлгермеген еді. Сондықтан бүкіл Қазақстанға бірыңғай басқару жүйесін енгізу қажет болды.
Патша үкіметі әкімшілік реформа енгізерден бұрын 1865-1867 жылдарды арнаулы комиссия тағайындап қазақ жерін зерттеп комиссияның зерттеу қорытындысына сүйеніп 1867 жылы Жетісу, Сырдария облыстарын, 1968 жылы Орынбор және Батыс Сібір өлкесін басқару туралы уақытша ереже қабылдады. Бұл ережелер бойынша Қазақстан Түркістан, Орынбор, Батыс Сібір деген үш генерал-губернаторлыққа бөлінді. Генерал губернаторлықтан соң облыс, уезд, болыс, ауыл деген әкімшілік жүйе енгізілді. Орынборда Орал, Торғай, Батыс Сібірде Ақмола, Семей облыстары, Түркістанда Жетісу, Сырдария облыстары болды. Бұрынғы Бөкей ордасын Астрахань губерниясына қосты.
Уездер болысқа бөлінді, болыстар рулық белгімен емес, территориялық белгімен бөлінді. Болыс пен ауылнайды үш жыл сайын сайлайтын болды, бұл лауазымдарға қазақтар сайлана алды. Әкімшілік жүйесінің басқа үш сатысында патша үкіметі тағайындайтын чиновниктер істеді. Қазақстандағы әскери және азаматтық істерді солар шешті. Болыс пен ауылнайдың құзырына ұсақ-түйек істер қалдырды. Болыс пен уездерде әскери сот, ауылда билер соты құрылды.
Ережеде халықтан алынатын салықтың түрі, мөлшері белгіленді. Ережеле мұсылман дінін шектеу, сол арқылы қазақтарды христиан дініне енгізуге байланысты шаралар көрініс тапты. Мешіт-медресені салуға үкімет ұлықсат беретін болды, әрбір болыста сайланып қойылатын, облыстық әскери губернаторы бекітетін, үкіметтен айлық алатын бір-ақ молда болуға тиіс болды.
Ереже бабынша бүкіл қазақ жері патша үкіметінің меншігі деп жарияланды.
13. Патша үкіметінің ХІХ ғасырдың 90-жылдардағы әкімшілік реформасы
1867-68 жылғы әкімшілік реформа екі жылға, уақытша, тәжірибе ретінде енгізілген-ді. Алайда бұл тәжірибе 20 жылға созылды. Мұның негізгі себебі қазақ халқының реформаға қарсылық көрсетуінде болды. Әсіресе реформаға қарсы күрес Арал, Торғай облыстарында күшті болды. Қарапайым халықтан құралған сарбаздар патшаның жазалаушы отярдымен шайқасты. Олар 1868 жылғы реформаны енгізуге келген уәкілдерді қуып тастап отырды. Аталмыш облыстарда болған көтеріліс жеңілгенімен патша үкіметінің әкімшілік реформа енгізуіне жол бермеді.
Осы себептен патша үкіметі тек 80-жылдардың ақырында ғана жаңа реформаны әзірледі. 1886 жылы патша үкіметі Түркістан өлкесін басқару туралы, 1891 жылы Ақмола, Семей, Жетісу, Арал, Торғай облыстарын басқару туралы ереже бекітті. Ереже бойынша 1867-68 жылдары енгізілген бес сатылы әкімшілік жүйе сақталды. Түркістан өлкесі облысқа, уездге бөлінді. 1886 жылғы ереже бойынша Орынбор және Батыс Сібір генерал губернаторын біріктіріп Дала генерал губернаторы атты бір генерал губернаторлық құрылды. Болыстар мен ауылнайлар сайланатын болды, сондай-ақ ережеде көрсетілгендей патша чиновниктерін аталмыш лауазымдарға сайлау жүргізбей-ақ тағайындау құқығы берілді.
Қазақтардан алынатын салық ақшалай алынатын болды. Бұл Ресейде товар-ақша қатынасының дамуына байланысты еді. Ереже бойынша империялдық және халықтық деп аталатын екі сатылы сот жүйесі енгізілді.
ХІХ ғасырдың алпысыншы, тоқсаныншы жылдарда патша үкіметінің Қазақстанда енгізген реформалары Ресейдің отаршылдық әрекетін жүзеге асыруға қолайлы әкімшілік жүйе қалыптастыру, Ресейде капиталистік қатынастардың дамуына құқық тұрғысынан жағдай жасау мақсатына бағытталды.