
- •Қазақстан ерте және орта ғасырларда.
- •1. Қазақстан территориясындағы тас ғасыры
- •2. Қазақстан территориясындағы қола дәуірі
- •3. Үйсіндер, қаңлылар, ғұндар
- •5. Түрік және түргеш қағанаты
- •704 Жылы батыс-түрік қағандығы құлап оның орнына түргеш қағанаты пайда болды/704-756ж.Ж./
- •6. Қарлұқтар /756-940ж.Ж./ мемлекеті
- •7. Оғыз мемлекеті
- •8. Қимақ қағанаты
- •9. Қарахан мемлекеті
- •10. Қыпшақтар мемлекеті
- •11. Қарақытай мемлекеті
- •12. Қазақстан территориясындағы Ұлы Жібек жолы
- •15. Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен творчествосы
- •17. Қазақ халқының қалыптасуы
- •18. Қазақ хандығының құрылуы
- •19. Қазақ хандығын нығайту үшін Қасым ханның күресі
- •20. Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығы
- •21. Тәуекел хан кезіндегі қазақ хандығы
- •23. “Жеті жарғы” заңдар жинағы
- •24. “Ақтабан шұбырынды” оқиғасы
- •Қазақстан кіші және орта жүздің ресейге қосылуы отаршылдықтың басталуы.
- •1. Қазақстан патшалы Ресейдің құрамында.
- •2. Абылайхан, оның ішкі және сыртқы саясаты
- •4. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
- •5. Бөкей хандығының құрылуы, Жәңгір ханның реформалары
- •6. Исатай Тайманов бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
- •10. 1822-1824 Жылғы ереже. Хан үкіметінің жойылуы
- •11. Ресейдің Қазақстанды отарлауының аяқталуы
- •14. Ғалым-демократ Шоқан Уәлиханов
- •15. Ақын-ағартушы Абай Құнанбаев
- •16. Халыққа білім беру. Ыбырай Алтынсарин
- •18. Орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныстандыру
- •Әдебиеттер
- •Қазақстан хх ғасырда.
- •1. 1905-1907Жылғы орыс революциясы, оның Қазақсанға әсері
- •2. 1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
- •3. Қазақстан 1917 жылғы ақпан революциясы жылдарында.
- •4. Қазан төңкерісі және Қазақстан
- •5. Алаш қозғалысы
- •6. Үш жүз социалистік партиясы
- •7. Қазақстан азамат соғысы жылдарында
- •8. Әскери коммунизм саясаты
- •9. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы
- •10. Жаңа экономикалық саясат
- •12. Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік тұрғыдан межелеу саясаты, оның Қазақстанға әсері.
- •13. Қазақ байларын тәркілеу
- •14. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясаты, ұжымдастырудың қортындылары
- •15. Мал шаруашылығын ұжымдастырудағы кателіктер мен бұрмалаушылықтар
- •16. Отызыншы жылдардағы ашаршылық
- •17. Қазақстанды индустрияландыру
- •18. 1920-1940 Жылдардағы халыққа білім беру
- •20. Араб, латын алфавиттерінің өзгертілуі, оның себептері
- •21. Хх ғасырдың 20-40 жылдары қазақ интелигенциясының ұлт мүддесі үшін күресі
- •22. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін
- •23. Ұлы Отан соғысының бастапқы кезіндегі сәтсіздік, оның себептері
- •24. Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі
- •25. Қазақстандықтардың майданға көмегі
- •26. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы
- •27. Қазақстанда өнеркәсіптің дамуы
- •28. 1940-1950 Жылдардағы идеология саласындағы бұрмалаушылықтар
- •29.Қазақстанда тың жер игеру, оның негізгі қорытындылары.
- •30. Тың жер игерудің зардаптары
- •31. Қазақстандағы тоқырау, оның себептері
- •33. 1986 Жылғы желтоқсан оқиғасы, оның сабақтары
- •34. Кеңес Одағының құлауы. Қазақстанның егемен мемлекет болып құрылуы
- •35. Қазақстан нарықтық экономикаға өту жолында
- •36. Қазақстанда меншікті жекешелендіру
- •37. Қазақстандағы демократия және жариялылық
- •38. Қазақстандағы көп партиялық жүйе
- •39. Егемен Қазақстанның сыртқы саясаты
- •40. Қазақстанда құқықты мемлекет қалыптастыру үшін күрес
- •41. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы
- •42. Қазақстанның 2030 стратегиясы
- •43. 1995 Жылғы Қазақстан Республикасының конституциясы
- •44. Қазақстандағы ұлт-аралық қарым-қатынас
- •45. Қазақстандағы қазіргі замандағы экологиялық хал-ахуал
- •46. Отан тарихындағы ақтаңдақтар, олардың себебі
- •47. Қазақстанда тарих ғылымының дамуы
- •Әдебиеттер
2. Абылайхан, оның ішкі және сыртқы саясаты
Абылай төре тұқымынан, өз аты Әбілмансұр. Ол 1712 жылы дүниеге келеді. Жас кезінде көп қиыншылық, жоқшылық көрген. Төле бидің малын баққан. Абылайдың қазақ халқының тәуелсіздігі үшін қажырлы күрескерлік қасиеті, ерлігі 1729 жылы Аңырақайда жоңғарларға қарсы соғыста айқын көрінеді. Жоңғарлармен шешуші шайқас жүріліп жатқан кезде “Абылайлап” жауға шауып ерлік жасайды. Осыдан былай ол “Абылай” деп аталып кетеді.
Абылай жас кезінде Орта жүздің ханы Әбілмамбеттің жанында кеңесші сұлтан ретінде Орта жүз хандығының ішкі, сыртқы саясатын айқындауға, оны жүзеге асыруда үлкен рөл атқарады. Ол өзінің қабілеттілігінің арқасында ханмен бірдей дәрежеде болады. Сондықтан да жекелеген тарихшылар Абылайды орта жүзге 40 жыл хан болды деп есептейді. 1771 жылы Әбілмамбет хан қайтыс болған соң Орта жүздің игі жақсылары Абылайды Әзірет Сұлтан мешітінде ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Абылай осы кезден бүкіл қазақтың ханы деп есептеле бастайды. Оның билігі Ұлы және Кіші жүзге де жүреді. Абылай 1740 жылы Әбілмамбет ханмен бірге Орынборға барып Ресей тағына адал болу туралы ант береді. Ал енді Абылай орта жүз ханына сайланған соң патша үкіметі онан хан ретінде ант алуды көздейді. Бірақ Абылай өзін қазақ халқы хан етіп сайлағанын бетке ұстап патша үкіметіне ант беруден бас тартады. Қазақ даласындағы Абылайдың беделі патша үкіметінің оны Орта жүздің ханы деп мойындауына әсер етеді. Абылай 1781 жылы қайтыс болады.
Абылайдың бүкіл қазақтың ханы ретінде ұстанған ішкі саясаты шетел басқыншыларына қарсы бүкіл қазақ халқының басын біріктіруге байланысты болды. Ол Тәуке хан бастаған сұлтандардан, ру басшыларының жеке даралығына қарсы күрес жүргізіп едәуір нәтижелерге қол жеткізеді.
Абылай ханның сыртқы саясаты Ресей, Жоңғар, Цин империясының Қазақстандағы саясатына сай жүрілді. Абылайхан Ресей тағына хан ретінде ант бермегенімен онан алыстап кетпеді де, бодандыққа байланысты Ресейдің жүргізген саясатын жүзеге асырмады. Абылай хан Цин империясының да бодандығын мойындады. Ол Ресей мен Қытайға бодандықты қазақ халқының мүддесі үшін пайдаланды, қазақ халқының мүддесіне қайшы қадамға бармады. Бұл саясат нәтиже берді.
Абылай ханның сырт саясатындағы маңызды бағыты жоңғарларға байланысты болды. Абылай елуінші жылдары қазақ жерлеріне қоныс тепкен жоңғарларды оңтүстік өлкеден қуу соғысын ұйымдастырды. Қытай армиясының шапқыншылығынан жоңғар мемлекеті әлсіреген кезде Абылай хан жоңғар хунтайшыларының азаттық қозғалысын қолдап жоңғар ісіне араласты.
Сөйтіп қазақ халқының басына түскен ауыр жылдары Абылай хан жүргізген көреген саясат қазақ елінің тәуелсіздігін, елін, жерін сақтап қалуда үлкен рөл атқарды.
3. Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы
1773-1775 жылдары Ресейде Дон казагы Емельян Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі болды. Ол өз сыбайластарының көмегіне сүйеніп өзін ІІІ Петр патша деп жариялады. Пугачев патша үкіметіне қарсы басыбайлылықты жою үшін күресті. Басыбайлылықтан зардап шеккен шаруалар оның маңына топтасты. Ол қазақтарға арнап манифест жариялады. Онда қазақтарға жер беремін, ешкімге жәбірлетпеймін деген уәде берді. Ресей отаршылдығынан зардап шегіп жерінен айрылған қазақтар Пугачев көтерілісіне қатысу арқылы патша чиновниктері тартып алған жер жайылымдарын қайтарып алмақ болды. Сондықтан Кіші және Орта жүздің қазақтары көтеріліске белсене қатысты. Пугачев өз сарбаздарымен Орынбор қаласын қоршайды. Бұл қоршауға 6000 қазақ қатысты деген мәлімет бар. Орынборды ала алмаған Пугачев Қазан, Саратов қалаларын қоршайды, бұған да қазақтар қатысты. Пугачев бастаған қозғалыс 1775 жылы қаңтар айында жеңіліске ұшырап Пугачев дарға асылды.
Пугачев бастаған шаруалар қозғалысына қазақтардың қатысуы олардың патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы тұңғыш рет бас көтеруі еді. Пугачев көтерілісі қазақ халқының алдағы уақыттарда ұлт-азаттық қозғалысында жалғасын тапты.