
- •Қазақстан ерте және орта ғасырларда.
- •1. Қазақстан территориясындағы тас ғасыры
- •2. Қазақстан территориясындағы қола дәуірі
- •3. Үйсіндер, қаңлылар, ғұндар
- •5. Түрік және түргеш қағанаты
- •704 Жылы батыс-түрік қағандығы құлап оның орнына түргеш қағанаты пайда болды/704-756ж.Ж./
- •6. Қарлұқтар /756-940ж.Ж./ мемлекеті
- •7. Оғыз мемлекеті
- •8. Қимақ қағанаты
- •9. Қарахан мемлекеті
- •10. Қыпшақтар мемлекеті
- •11. Қарақытай мемлекеті
- •12. Қазақстан территориясындағы Ұлы Жібек жолы
- •15. Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен творчествосы
- •17. Қазақ халқының қалыптасуы
- •18. Қазақ хандығының құрылуы
- •19. Қазақ хандығын нығайту үшін Қасым ханның күресі
- •20. Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығы
- •21. Тәуекел хан кезіндегі қазақ хандығы
- •23. “Жеті жарғы” заңдар жинағы
- •24. “Ақтабан шұбырынды” оқиғасы
- •Қазақстан кіші және орта жүздің ресейге қосылуы отаршылдықтың басталуы.
- •1. Қазақстан патшалы Ресейдің құрамында.
- •2. Абылайхан, оның ішкі және сыртқы саясаты
- •4. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
- •5. Бөкей хандығының құрылуы, Жәңгір ханның реформалары
- •6. Исатай Тайманов бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
- •10. 1822-1824 Жылғы ереже. Хан үкіметінің жойылуы
- •11. Ресейдің Қазақстанды отарлауының аяқталуы
- •14. Ғалым-демократ Шоқан Уәлиханов
- •15. Ақын-ағартушы Абай Құнанбаев
- •16. Халыққа білім беру. Ыбырай Алтынсарин
- •18. Орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныстандыру
- •Әдебиеттер
- •Қазақстан хх ғасырда.
- •1. 1905-1907Жылғы орыс революциясы, оның Қазақсанға әсері
- •2. 1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
- •3. Қазақстан 1917 жылғы ақпан революциясы жылдарында.
- •4. Қазан төңкерісі және Қазақстан
- •5. Алаш қозғалысы
- •6. Үш жүз социалистік партиясы
- •7. Қазақстан азамат соғысы жылдарында
- •8. Әскери коммунизм саясаты
- •9. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы
- •10. Жаңа экономикалық саясат
- •12. Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік тұрғыдан межелеу саясаты, оның Қазақстанға әсері.
- •13. Қазақ байларын тәркілеу
- •14. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясаты, ұжымдастырудың қортындылары
- •15. Мал шаруашылығын ұжымдастырудағы кателіктер мен бұрмалаушылықтар
- •16. Отызыншы жылдардағы ашаршылық
- •17. Қазақстанды индустрияландыру
- •18. 1920-1940 Жылдардағы халыққа білім беру
- •20. Араб, латын алфавиттерінің өзгертілуі, оның себептері
- •21. Хх ғасырдың 20-40 жылдары қазақ интелигенциясының ұлт мүддесі үшін күресі
- •22. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін
- •23. Ұлы Отан соғысының бастапқы кезіндегі сәтсіздік, оның себептері
- •24. Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі
- •25. Қазақстандықтардың майданға көмегі
- •26. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы
- •27. Қазақстанда өнеркәсіптің дамуы
- •28. 1940-1950 Жылдардағы идеология саласындағы бұрмалаушылықтар
- •29.Қазақстанда тың жер игеру, оның негізгі қорытындылары.
- •30. Тың жер игерудің зардаптары
- •31. Қазақстандағы тоқырау, оның себептері
- •33. 1986 Жылғы желтоқсан оқиғасы, оның сабақтары
- •34. Кеңес Одағының құлауы. Қазақстанның егемен мемлекет болып құрылуы
- •35. Қазақстан нарықтық экономикаға өту жолында
- •36. Қазақстанда меншікті жекешелендіру
- •37. Қазақстандағы демократия және жариялылық
- •38. Қазақстандағы көп партиялық жүйе
- •39. Егемен Қазақстанның сыртқы саясаты
- •40. Қазақстанда құқықты мемлекет қалыптастыру үшін күрес
- •41. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы
- •42. Қазақстанның 2030 стратегиясы
- •43. 1995 Жылғы Қазақстан Республикасының конституциясы
- •44. Қазақстандағы ұлт-аралық қарым-қатынас
- •45. Қазақстандағы қазіргі замандағы экологиялық хал-ахуал
- •46. Отан тарихындағы ақтаңдақтар, олардың себебі
- •47. Қазақстанда тарих ғылымының дамуы
- •Әдебиеттер
Қазақстан кіші және орта жүздің ресейге қосылуы отаршылдықтың басталуы.
1. Қазақстан патшалы Ресейдің құрамында.
Қазақ хандықтарының Ресейге қосылуы қарсаңында екі елдің өмірінде де мұны тездетуге әсер еткен саяси оқиғалар болды. Тәуекел, Жақназар, Тәуке хандардың кезінен екі елдің арасындағы саяси, экономикалық және сауда қатынасы біршама жолға қойылады. Патшалы Ресей, Қазан, Астрахань хандықтарын, Батыс Сібірді, Қазақстанмен шекаралас көшіп-қонып жүрген башқұрт, қалмақ, ноғай халықтарын жаулап алып Қазақстанмен шекаралас болды. Бірінші Петрдің кезінен патша үкіметі қазақ жеріне бірнеше бекіністер салды. Ресейдің жаңа дамып келе жатқан жеңіл өнер кәсібі үшін Қазақстан базары қажет болды.
Қазақ хандықтары да Ресеймен саяси, экономикалық қарым-қатынасты жолға қоюға мүдделі болды.
Қазақстанның шығысында шекаралас өлкеде қуатты жоңғар мемлекетінің құрылуы, жоңғар билеушілерінің шапқыншылық саясаты қазақ еліне зор қауіп төндірді. Жоңғар хунтайшылары ХVІІ ғасырдың ақыры, ХVІІІ ғасырдың басында қазақ жеріне бірнеше рет баса көктеп кірді, бұл шапқыншылық ақыры “Ақтабан шұбырынды” оқиғасына әкеп соқты. Қазақ халқы басын қосып күш жинап жоңғар шапқыншылығына бірнеше рет ойсырата соққы беріп елін, жерін қорғауға әзір екенін дәлелдеді. Бұған салқым Жәңгірдің Орбұлақтағы, Әбілхайыр бастаған қазақ сарбаздарының екі реткі жеңісі куә болады. Бұл жеңістердің негізгі шарты жүздердің, тайпалардың, рулардың басының бірігуі еді. Дегенмен қазақ халқының бірлігі үнемі баянды бола бермеді. 1729 жылы Аңырақай маңында болған жеңіс жоңғарларды қазақ жерінен біржола қуып тастауға мүмкіндік туғызып еді, бірақ бұл мүмкіндікті қазақ билеушілері пайдалана алмады. Жоңғар шапқыншылығы, оның артынан батысқа табандап жылжып келе жатқан Цин айдаһары қазақ билеушілерінің қуатты бір мемлекеттің көмегіне сүйену туралы шешім қабылдауына әсер еткен бірінші себеп еді. Екінші жағынан тайпа, рулардың орталық үкіметтен жеке дара болуды көздеуі, елдегі саяси бытыраңқылық, қазақ билеушілерінің өз үстемдігін нығайту мүддесі олардың Ресейдің қол астына өтіп оның көмегіне сүйену туралы шешім қабылдауына тағы бір себеп болды.
Аталмыш себептер 1730 жылы күзде кіші жүздің ханы Әбілхайырдың Ресейдің қарамағына алуды сұрап патша үкіметіне елшілік жұмсауға әкеп соқты. 1731 жылы ақпан айында Ресей патшайымы Анна Ионновна Кіші жүзді Ресейдің құрамына қабылдау туралы грамотаға қол қойды. 1740 жылы Орынборда болған съезде Орта жүздің ханы Әбілмамбет сұлтан Абылай Ресейдің құрамына кіру туралы шешім қабылдады. Қазақстанның Ресейге қосылуы көп жылдарға созылды. Кіші және Орта жүздің Ресейге өтуі туралы мәселе шешілген соң жекелеген тайпа, ру басылары патша үкіметіне адал болатыны туралы ант беріп қосылу процессі жалғаса берді.
Әбілхайыр хан Ресейге адал болатынын, Ресейдің қарамағындағы ұсақ халықтармен жер-жайылым үшін қақтығысқа бармайтынын, патша үкіметі талап етсе қазақтан әскер бере алатынын, өзінің бір ұлын аманаттыққа беретінін айтып патша үкіметінің өкілінің алдында ант берді. Патшаның Әбілхайырға жолдаған граммотасында қазақ елін басқа біреудің шапқыншылыған қорғайтыны туралы айтылғанымен бұл уәде орындалмады. Қазақ жүздері Ресейге қосылған соң тағы да отыздай жылға созылған жоңғар шапқыншылығы кезінде Ресей империясы қазақтарға көмекке келмеді.
Кеңес дәуірінде айтылып келген қазақ халқының Ресейге өз еркімен қосылғаны туралы қорытынды шындыққа жатпайды. Қазақ билеушілері Ресейге қосылу туралы шешім қабылдағанда халықтың пікірін алмады. Қазақ халқы Ресейдің отаршылдығына қарсы көп жыл бойы күресті. Ресейге қосылу мәселесінде қазақ атқа мінерлерінің біразы қарсы болғаны белгілі.
Осы және басқа оқиғалар Кіші және Орта жүздің Ресейге қосылуынан отаршылдықтың басталғанын патша үкіметінің Қазақстандағы саясатының отаршылдық сипатта болғанына дәлел.