
- •Қазақстан ерте және орта ғасырларда.
- •1. Қазақстан территориясындағы тас ғасыры
- •2. Қазақстан территориясындағы қола дәуірі
- •3. Үйсіндер, қаңлылар, ғұндар
- •5. Түрік және түргеш қағанаты
- •704 Жылы батыс-түрік қағандығы құлап оның орнына түргеш қағанаты пайда болды/704-756ж.Ж./
- •6. Қарлұқтар /756-940ж.Ж./ мемлекеті
- •7. Оғыз мемлекеті
- •8. Қимақ қағанаты
- •9. Қарахан мемлекеті
- •10. Қыпшақтар мемлекеті
- •11. Қарақытай мемлекеті
- •12. Қазақстан территориясындағы Ұлы Жібек жолы
- •15. Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен творчествосы
- •17. Қазақ халқының қалыптасуы
- •18. Қазақ хандығының құрылуы
- •19. Қазақ хандығын нығайту үшін Қасым ханның күресі
- •20. Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығы
- •21. Тәуекел хан кезіндегі қазақ хандығы
- •23. “Жеті жарғы” заңдар жинағы
- •24. “Ақтабан шұбырынды” оқиғасы
- •Қазақстан кіші және орта жүздің ресейге қосылуы отаршылдықтың басталуы.
- •1. Қазақстан патшалы Ресейдің құрамында.
- •2. Абылайхан, оның ішкі және сыртқы саясаты
- •4. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
- •5. Бөкей хандығының құрылуы, Жәңгір ханның реформалары
- •6. Исатай Тайманов бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
- •10. 1822-1824 Жылғы ереже. Хан үкіметінің жойылуы
- •11. Ресейдің Қазақстанды отарлауының аяқталуы
- •14. Ғалым-демократ Шоқан Уәлиханов
- •15. Ақын-ағартушы Абай Құнанбаев
- •16. Халыққа білім беру. Ыбырай Алтынсарин
- •18. Орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныстандыру
- •Әдебиеттер
- •Қазақстан хх ғасырда.
- •1. 1905-1907Жылғы орыс революциясы, оның Қазақсанға әсері
- •2. 1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
- •3. Қазақстан 1917 жылғы ақпан революциясы жылдарында.
- •4. Қазан төңкерісі және Қазақстан
- •5. Алаш қозғалысы
- •6. Үш жүз социалистік партиясы
- •7. Қазақстан азамат соғысы жылдарында
- •8. Әскери коммунизм саясаты
- •9. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы
- •10. Жаңа экономикалық саясат
- •12. Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік тұрғыдан межелеу саясаты, оның Қазақстанға әсері.
- •13. Қазақ байларын тәркілеу
- •14. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясаты, ұжымдастырудың қортындылары
- •15. Мал шаруашылығын ұжымдастырудағы кателіктер мен бұрмалаушылықтар
- •16. Отызыншы жылдардағы ашаршылық
- •17. Қазақстанды индустрияландыру
- •18. 1920-1940 Жылдардағы халыққа білім беру
- •20. Араб, латын алфавиттерінің өзгертілуі, оның себептері
- •21. Хх ғасырдың 20-40 жылдары қазақ интелигенциясының ұлт мүддесі үшін күресі
- •22. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін
- •23. Ұлы Отан соғысының бастапқы кезіндегі сәтсіздік, оның себептері
- •24. Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі
- •25. Қазақстандықтардың майданға көмегі
- •26. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы
- •27. Қазақстанда өнеркәсіптің дамуы
- •28. 1940-1950 Жылдардағы идеология саласындағы бұрмалаушылықтар
- •29.Қазақстанда тың жер игеру, оның негізгі қорытындылары.
- •30. Тың жер игерудің зардаптары
- •31. Қазақстандағы тоқырау, оның себептері
- •33. 1986 Жылғы желтоқсан оқиғасы, оның сабақтары
- •34. Кеңес Одағының құлауы. Қазақстанның егемен мемлекет болып құрылуы
- •35. Қазақстан нарықтық экономикаға өту жолында
- •36. Қазақстанда меншікті жекешелендіру
- •37. Қазақстандағы демократия және жариялылық
- •38. Қазақстандағы көп партиялық жүйе
- •39. Егемен Қазақстанның сыртқы саясаты
- •40. Қазақстанда құқықты мемлекет қалыптастыру үшін күрес
- •41. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы
- •42. Қазақстанның 2030 стратегиясы
- •43. 1995 Жылғы Қазақстан Республикасының конституциясы
- •44. Қазақстандағы ұлт-аралық қарым-қатынас
- •45. Қазақстандағы қазіргі замандағы экологиялық хал-ахуал
- •46. Отан тарихындағы ақтаңдақтар, олардың себебі
- •47. Қазақстанда тарих ғылымының дамуы
- •Әдебиеттер
23. “Жеті жарғы” заңдар жинағы
Қазақтың барлық үш жүзіне билігі толық тараған Тәуке хан тұсында “Жеті жарғы” немесе “Жеті ереже” өмірге келді. Бұл ереже “Тәукеханның ережесі” немесе “Тәуке ханның заңдары” деп аталды. Тегінде жеті жарғының негізгі көзі деп бәрінен бұрын қазақтардың әдеттегі бұйрығы құқығын, сондай-ақ Тәукенің бұрын өмір сүрген қазақ хандарының жазылмаған заң ережелерін мойындаған жоқ. Заңдарға негізінен алғанда қазақ қоғамының ХVІІ ғасырдағы әскери-саяси және әлеуметтік өмірінің қажеттеріне сәйкес келетін ережелер енгізілген. Жеті жарғыны жасау қолданылып келген әдеттегі құқық нормаларын қазақтың феодалдық қоғамның жаңа қажеттеріне бейімдеу, бұл орайда ол нормалардың феодал шонжарларының мүдделеріне сай келетіндерін ғана сақтау мақсатын көздеді. Сөйтіп Тәуке ханның “Ережесінде” сол кездегі қазақ қоғамының әлеуметтік және құқықтық нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жақтары қамтылған. “Жеті жарғы” заңы бойынша үкімет билігі хан қолында болды. Бүкіл халық мүддесіне байланысты мәселелерді халық жиналысында шешіп отырған. Жекелеген қылмыстық, азаматттық, семьялық, жер туралы, алым-салық туралы т.б. мәселелерді “Жеті жарғы” заңының баптары бойынша шешетін болған.
Мысалы, Қанға-қан алу, кек қайтару, құн төлеу, қатардағы кісі өлсе оның құны 1000 қоймен бағаланған, әйел өлсе 500 қой, ал үстем тап өкілдері Сұлтан, Қожа өлтірілетін болса 7-жай адамның құны төленетін болған. Сол сияқты дене мүшелеріне зиян келтіргені үшін де белгілі мөлшерде мал төленген. Мысалы, басбармақ сынса – 100 қой, шынтақ сынса – 20 қой шығынмен төленген. Егер де ұрлық жасаса ұрланған заттың құны үш тоғыз болып қайтарылуға тиісті болды. Егер мал ұрланса түйе басы бір тұтқын, жылқы басы бір түйе, қой басы бір жылқы қосып қайтарып беруге тиісті болды. “Жеті жарғы заңы бойынша өлім жазасы екі түрлі жолмен жүзеге асырылған: 1) Дарға асып өлтіру; 2) таспен атып өлтіру. Тәуке ханның “Жеті жарғысының” әрбір бабы сол заманның талабына сай келді. Онда әкімшілік, қылмыстық, азаматтық көзқарастар туралы ережелер енгізіліп, қазақ қоғамында заңдылықты тәртіпті нығайтудағы рөлі зор болды.
Қорыта айтқанда Тәуке хан реформасының нәтижесінде қазақ халқының тарихына ірі құқықтық өзгерістер енгізгендігімен әйгілі болды.
24. “Ақтабан шұбырынды” оқиғасы
1723 жылы тарихта есте қаларлық жұт болды.Қазақтар бұл жылы “Қайың сауған, ақ тышқан жылы”-деп атаған. Осы жылдың көктем айында төл алу және жазғы көші-қон. Қан жұмыстарымен айналысып жатқан қазақ еліне күтпеген жерден жоңғарлар шапқыншылық жасап, қарапайым бейбіт өмір сүріп отырған халықты қырғынға ұшыратты. Сөйтіп, 1723 жылғы осындай сұмдық оқиға тарихында қазақ халқының есінен шықпайтын оқиға болып қалды. Жоңғар шапқыншылығы мал соңынан жүрген қазақтардың басын біріктіріп қарсы күресуге мұршасын келтірмеді. Жоғар әскерлерінің негізгі бөлігі Сырдария маңына шоғырландырылды. Кейбір мәліметтерге қарағанда Ұлы жүзбен Орта жүз Самарқанд пен Бұқараға шегініп, Кіші жүз қазақтары Хиуаға қарай босқан. Сондай-ақ Еділ бойының қалмақтары Жайық казак-орыстары мен башқұрттар қазақ ұлыстарын тұс-тұстан талқандап малын айдап әкетті, өздерін тұтқынға алды. Орта Азия жеріне ауып барған қазақтар малына қолайлы жайылымдық жерлер таба алмады. Бұхар, Хиуа хандары қазақтардың ауыр жағдайын пайдаланып жаппай құлдыққа ұшыратқысы келді. Бұған мойын ұсынбаған олар Ресей шекарасына қарай ығысты. Қазақ хандығының құрамындағы Ташкент, Түркістан, Сайрам сияқты қалалар жау қолында қалды. Бұндай жағдай қазақ халқының экономикасына үлкен нұқсан келтірді. Осындай тарихи кезеңде қазақ халқының тарих сахнасынан құрып кету қаупі төнді. Ел басына ауыр күн туып бейбіт халық жазықсыздан жазықсыз жапа шекті, қан төгілді, халық үлкен дағдарысқа ұшырады, тау-тасты паналады. Сөйтіп, “Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұламаға” ұшырады. Халықтың басына түскен осынау қайғылы оқиғаны Қожахмет жырау былай жырлаған еді:
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,
Қарындастың айрылған жаман екен,
Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.
Бұл жөнінде Ш.Уәлиханов “ХVІІІ ғасырдың бас кезінде қазақ халқының басына күн туды. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық қазақтары, башқұрлар жан-жақтан анталады. Әсіресе жоңғарлардың қаһарлы жүзі қазақ елінің шымбайына қатты батты”-деп жазды.
25. Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының күресі
Қазақтардың ең қауіпті жауы ХVІІІ ғасырдың басында мейлінше күшейген жоңғар хандығы болды. ХVІІІ ғасырдың ІІ жартысында Шығыс Түркістан Оңтүстік Сібір жерлерін жаулап қазақ жеріне жақындай түсті. Олар қазақтарға қарсы күресте Қытайдың Цин империясының жәрдеміне сүйенді. ХVІІІ ғасырдың соңынан бастап Қазақстан жеріне дүркін-дүркін шабуыл жасап отырды. Бұндай соғыстардың барысында бірде жоңғарлар, бірде қазақтар алма-кезек жеңіске жетіп отырды. Жоңғарлардың қаупінің күшейе бастағанын көрген қазақтардың үш жүзінің хандары жоңғарларға қарсы бүкіл қазақтарды біріктіруді көкседі. Осындай жағдайды ескере отырып 1710 жылы үш жүз өкілдерінің съезі Қарақұмда болды да бүкіл қазақтардың жасағын құру туралы, жасақтың қол басшысына Орта жүздің батыры Бөгенбайды сайлау туралыв шешім қабылдады. Бұдан кейін қазақ пен жоңғарлар арасында бірнеше рет соғыс болып алма-кезек жеңіске жетіп отырды. ХVІІІ ғасырдың 20 жылдарында болған қақтығыстар екі жақтың қайсысына болса да жеңіс әпере алмады. Қазақ хандарының алауыздығын пайдаланған жоңғар феодалдары 1723 жылы көктемде көп әскерімен қазақ жеріне басып-жаншып кірді. Көктаудан жайлауға көшуге даярланып жатқан қазақтар қапыда қалды. Жоңғар басқыншыларына аяқ астынан төтеп бере алмай, мал-мүлкін, үй-жайын тастап басы ауған жаққа босып кетті. Жоңғарлар қазақтарды аямай қырды. Жоңғарлардан қашқан қазақтар Орта Азияға жер ауып барды. Орта азиялықтар қазақтарды жақсы қарсы алмады. Еділ өзеніне барған қазақтарға қалмақтар, башқұрлар тыныштық бермеді. Сөйтіп қазақ халқы ХVІІІ ғасырдың басында аса қиын қайғылы жағдайға ұшырайды. Бұл жағдай жоңғар шапқыншылығына қарсы бірігудің қажет екендігін көрсетті. Осыны түсінген қазақ хандары мен батырлары 1726 жылы бүкіл қазақ жасағын құрып, қолбасшыға кіші жүздің ханы Әбілхайырды сайлады. 1727 жылғы болған шайқаста қазақтар жоңғарларға ойсырата соққы берді. Бұл жер тарихта “Қалмақ қырған” деп аталды. (Байқоңыр маңы) 1729 жылы Ақырақай деген жерде қазақтар екінші рет қалмақтарға соққы берді. Дегенімен бұл екі жеңісте қазақтарды түпкілікті жеңіске жеткізе алмады. Жоңғарлар шапқыншылығы қазаққа көз-көріп, құлақ естімеген зардап шектірді. Тек 1758 жылы жоңғарлардың толық жойылуы ғана қазақтардың жоңғар тарапынан болған шабуылынан құтылуына мүмкіндік берді.