Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Leksiya_Kazakhstan_Tarih_305.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
468.48 Кб
Скачать

17. Қазақ халқының қалыптасуы

Қазақ халқы да дүние жүзінің басқа халықтарына тән заңдылықтың негізінде қалыптасты. Алғашқы қауымдық құрылыста рулар пайда болды, одан кейін тайпалар одағы дүниеге келді. Қоғамдағы өнідірістік күштердің дамуы нәтижесінде тайпалар одағы бірігіп, құлиеленуші, феодалдық қоғам кезінде халық болып қалыптасты. Ал, капитализм ұлттарды туғызды. Халықтың қалыптасу процесімен бірге тілдің қалыптасу процесі қатар жүрді. Сөйтіп, тіл ру тайпа, халық тілі, ең соңында ұлттық тіл болу кезеңдерін басынан кешірді. Халық пен оның тілінің дамуы өте ұзақ уақытқа созылды. Себебі, рулар, тайпалар бір-бірімен бірігу, ажырасу процестері болып отырған. Ішкі, сыртқы саяси-экономикалық әлеуметтік жағдайлар бұл процестердің ілгерілеуіне не артқа кетуіне үнемі өзнің әсерін әсерін тигізіп отырды. Қазақ даласында алғашқы рулар одағы б.э.д ҮІІ-ІІ ғ.ғ. пайда болған сақ, үйсін, қаңлы тайпалары. Қазақстан территориясын мекендеген бұл тайпалардың қазақтардың түпкі аталары деп есептейді. Түрік қағанатының қалыптасуы, одан кейінгі феодалдық мемлекеттердің құрылуы отырықшы егіншілік пен қалалардың өсуі, тайпалардың рухани мәдениетінің дамуы бір, түркі тілдес әдет-ғұрыптары ұқсас халықтардың өзара араласып жатуы қазақ халқының қалыптасуының алғы шарты болып табылады. ХV ғасырдың орта кезінде қазақ халқының қалыптасуы, шаруашылықтың дамуы, феодалдық қатынастардың жетілуі феодалдық ірі мемлекет қазақ хандығының құрылуына себеп болды. Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының қалыптасу процесін аяқтады.

18. Қазақ хандығының құрылуы

Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы қазақ хандығының құрылуына үлкен әсерін тигізді. Бұл екі процес бір-бірімен тығыз байоаныста болды. Алтын Орда құлағаннан кейін Қазақстан территориясында Әбілхайыр хан басқарған өзбек және ноғай хандықтары құрылды. Өзбек хандығында хандық билікке Орда Ежен мен Шейбени ұрпақтарының арасында талас-тартыс басталды. Нәтижеде 1428 жылы Шейбаниттер ұрпағы Әбілхайыр хан болды. Оның хандық құрған 1428-1468 жылдар аралығында “Көшпелі өзбек мемлекеті” пайда болып, ол мемлекеттің территориясы айтарлықтай ұлғайды. ХV ғасырдың орта шенінде Сырдариядан Сібір хандығына дейінгі ұлан-байтақ территорияны алып жатты. Алайда бұл мемлекет ішінде үкімет билігі үшін үнемі айтыс-тартыс күшейіп отырды. Керей мен Жәнібек сұлтан және басқалары сияқты бір топ сұлтан біраз халықты ертіп Әбілхайыр ханнан Моғолстанға көшті. Моғолстан ханы Исабуға қашқындарды жақсы қарсы алып, олардың мекендеуіне Моғолстанның Батыстағы шеткі аймағы болып есептелінетін Шу мен Қозыбасы иелігін берді. Өзбек ұлысында ырың-жырың туып Әбілхайырханның қол астындағы халықтьың көпшілігі Керей мен Жәнібек хандардың қарамағына көшіп кетті. Сөйтіп, оларға қосылғандардың саны 200 мың адамға жетті. Қазақ сұлтандарының Жеке билік құра бастауы (1465-66 ж.ж.) Әбілхайыр ханнан қашқан Керей мен Жәнібектен басталатынын жоғароыда айтып өттік. Бұл жөнінде атақты тарихшы Мұхаммед Қайдар “Ол қазақ хандығы құрылды” – деп жазды. Жәнібек пен Керей құрған қазақ хандығы көп ұзамай-ақ халқының саны едәуірге жеткен дербес мемлекетке айналды. Ал оның территориясы Жәнібек хан тұсында Шу мен Сырдария өзенінінің шеңберіндегі жерлермен шектелсе, кейінірек өзбек хандығына тәуелсіз басқа сұлтан иеліктері де пайда бола бастады. Сонымен Жетісудың Батыс бөлігінде орнығып нығайған қазақ хандығы Моғолстан билеушілерімен бірігіп Дешті қыпшақтарға үкімет билігін өз қолдарына алуға барынша күш салды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]