
- •Қазақстан ерте және орта ғасырларда.
- •1. Қазақстан территориясындағы тас ғасыры
- •2. Қазақстан территориясындағы қола дәуірі
- •3. Үйсіндер, қаңлылар, ғұндар
- •5. Түрік және түргеш қағанаты
- •704 Жылы батыс-түрік қағандығы құлап оның орнына түргеш қағанаты пайда болды/704-756ж.Ж./
- •6. Қарлұқтар /756-940ж.Ж./ мемлекеті
- •7. Оғыз мемлекеті
- •8. Қимақ қағанаты
- •9. Қарахан мемлекеті
- •10. Қыпшақтар мемлекеті
- •11. Қарақытай мемлекеті
- •12. Қазақстан территориясындағы Ұлы Жібек жолы
- •15. Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен творчествосы
- •17. Қазақ халқының қалыптасуы
- •18. Қазақ хандығының құрылуы
- •19. Қазақ хандығын нығайту үшін Қасым ханның күресі
- •20. Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығы
- •21. Тәуекел хан кезіндегі қазақ хандығы
- •23. “Жеті жарғы” заңдар жинағы
- •24. “Ақтабан шұбырынды” оқиғасы
- •Қазақстан кіші және орта жүздің ресейге қосылуы отаршылдықтың басталуы.
- •1. Қазақстан патшалы Ресейдің құрамында.
- •2. Абылайхан, оның ішкі және сыртқы саясаты
- •4. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
- •5. Бөкей хандығының құрылуы, Жәңгір ханның реформалары
- •6. Исатай Тайманов бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
- •10. 1822-1824 Жылғы ереже. Хан үкіметінің жойылуы
- •11. Ресейдің Қазақстанды отарлауының аяқталуы
- •14. Ғалым-демократ Шоқан Уәлиханов
- •15. Ақын-ағартушы Абай Құнанбаев
- •16. Халыққа білім беру. Ыбырай Алтынсарин
- •18. Орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныстандыру
- •Әдебиеттер
- •Қазақстан хх ғасырда.
- •1. 1905-1907Жылғы орыс революциясы, оның Қазақсанға әсері
- •2. 1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
- •3. Қазақстан 1917 жылғы ақпан революциясы жылдарында.
- •4. Қазан төңкерісі және Қазақстан
- •5. Алаш қозғалысы
- •6. Үш жүз социалистік партиясы
- •7. Қазақстан азамат соғысы жылдарында
- •8. Әскери коммунизм саясаты
- •9. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы
- •10. Жаңа экономикалық саясат
- •12. Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік тұрғыдан межелеу саясаты, оның Қазақстанға әсері.
- •13. Қазақ байларын тәркілеу
- •14. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясаты, ұжымдастырудың қортындылары
- •15. Мал шаруашылығын ұжымдастырудағы кателіктер мен бұрмалаушылықтар
- •16. Отызыншы жылдардағы ашаршылық
- •17. Қазақстанды индустрияландыру
- •18. 1920-1940 Жылдардағы халыққа білім беру
- •20. Араб, латын алфавиттерінің өзгертілуі, оның себептері
- •21. Хх ғасырдың 20-40 жылдары қазақ интелигенциясының ұлт мүддесі үшін күресі
- •22. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін
- •23. Ұлы Отан соғысының бастапқы кезіндегі сәтсіздік, оның себептері
- •24. Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі
- •25. Қазақстандықтардың майданға көмегі
- •26. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы
- •27. Қазақстанда өнеркәсіптің дамуы
- •28. 1940-1950 Жылдардағы идеология саласындағы бұрмалаушылықтар
- •29.Қазақстанда тың жер игеру, оның негізгі қорытындылары.
- •30. Тың жер игерудің зардаптары
- •31. Қазақстандағы тоқырау, оның себептері
- •33. 1986 Жылғы желтоқсан оқиғасы, оның сабақтары
- •34. Кеңес Одағының құлауы. Қазақстанның егемен мемлекет болып құрылуы
- •35. Қазақстан нарықтық экономикаға өту жолында
- •36. Қазақстанда меншікті жекешелендіру
- •37. Қазақстандағы демократия және жариялылық
- •38. Қазақстандағы көп партиялық жүйе
- •39. Егемен Қазақстанның сыртқы саясаты
- •40. Қазақстанда құқықты мемлекет қалыптастыру үшін күрес
- •41. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы
- •42. Қазақстанның 2030 стратегиясы
- •43. 1995 Жылғы Қазақстан Республикасының конституциясы
- •44. Қазақстандағы ұлт-аралық қарым-қатынас
- •45. Қазақстандағы қазіргі замандағы экологиялық хал-ахуал
- •46. Отан тарихындағы ақтаңдақтар, олардың себебі
- •47. Қазақстанда тарих ғылымының дамуы
- •Әдебиеттер
Қазақстан ерте және орта ғасырларда.
1. Қазақстан территориясындағы тас ғасыры
Адамзат тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі болып саналатын көне тас дәуірі (палеолит) адам баласы бірте-бірте төрт аяқтап жүруден екі аяқтап түрегеліп жүруге көше бастады. Алдыңғы, екі аяқ қолдың міндетін атқарып, алғашқы тұрпайы еңбек құралдарын пайдаланды. Көне тас ғасыры ежелгі, орта және соңғы палеолит болып бөлінеді. Әр бір халық өз тарихын осы дәуірден бастайды. Палеолит дәуірінің еңбек құралдары Оңтүстік өңірде (Жамбыл облысындағы Қаратау қаласының солтүстік-шығысында), Талас ауданы орналасқан жерде Бөріқазған және Тәңірқазған деген тұрақтардан және оңтүстік қазақстан облысының территориясында Қошқорған, Шоқтас, Қозыбай деген тұрақтардан табылған. Бұл жерлерден табылған көне тас дәуірінің еңбек құралдары тастан жасалған екі қырлы және бір қырлы тас шапқылар, ауыр тас сынықтары, ірі ура тастар -нуклеустар болып бөлінеді. Соңғы палеолит б.э.д. 35-30 мыңжылдықтардан б.э.д. 12-10 мың жылдықтардың аралығын қамтиды. Бұл жер шарының барлық климаттық аймақтарына адамның кеңінен тарай қоныстанған және тәсілдер мен нәсілдік топтардың прогрестік дамуы мен рулық қауымының қалыптасу үрдісімен, адам ұжымының қоғамдық ұйымдасуының өзіне тән алғашқы нышаны ретінде рудың шығуымен тікелей байланысты болды. Осы кездерде рулық ұйым барлық жерлерде ана тектес және шеше жағынан топтасты, ал әйелдер қауымда үстем жағдайда болды деп топшыланды. Б.э.д. 12 мың жылдықтан 5 мыңжылдың аралығын қамтыған орта тас дәуірі болып саналатын мезолит кезеңіндегі жетістік садақ пен жебенің кең қолданылуы болып табылады. Сондай-ақ еңбек құралдарын дайындауда техникасының таралуын, халықтың орын ауыстыруының артуын мезолиттің ең жалпы ерекше белгілері деп санауға болады. Жаңа тас дәуірі деп аталатын неолит кезеңі шамамен б.э.д. Ү-ІІІ мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Бұл дәуірдің негізгі жетістігі болып жер және мал шаруашылығын игеру болды. Сондай-ақ неолит кезеңінде басқа да мәдени-тұрмыстық жаңалықтардың шығуы атап айтқанда кен өндіру, қыш құмыра ісі, тоқыма ісі қоғамның дамуына өз ықпалын тигізбей қоймады. Энеолит дәуірі б.э.д. ІІІ-ІІ мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Энеолит дәуірінде климат ылғалды болды. Сол арқылы ірі сүтқоректілер санының күрт өсуіне жағдай жасалды. Энеолиттік кешендер оңтүстік өңірлерде неғұрлым көрінеді. Оларда мыс құралдарының енгізілуі егіншілер мен малшыларға өндірісті дамытуда елеулі табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік берді.
2. Қазақстан территориясындағы қола дәуірі
Адамдардың металл қорыту ісін меңгеруі қоғам дамуының алға басуына жол ашты. Қола дәуірінде адам қоғамының өндіргіш күштерінің дамуына мал шаруашылығы мен және егіншілікпен қатар әр түрлі рудаларды өндіру тас пен сүйекті ұсату аса маңызды рөл атқарды. Археологтардың қола дәуірінде мыс, алтын, қалайы, күміс қорытылып одан әрі түрлі қару-жарақ, зергерлік бұйымдар жасалды.
Қазақстан территориясындағы зерттелген қола дәуірінің мәдени ескерткіштері андронов мәдениеті деген атаумен аталды. Бірінші ескерткіштің табылған жері Ачинск маңындағы Андроново селосының атына қарай бұл мәдениет ғылымда шартты түрде «Андронов мәдениеті’’- деп аталды.
Қола дәуірінің ерте кезеңі Солтүстік Қазақстанда Феодоров кезеңі деп аталған, ал Орталық Қазақстанда бұл кезең Нура кезеңі деп аталды. Б.э.д. ХҮІІІ-ХҮІ ғғ. қамтыды. Қола дәуірінің орта кезеңі Солтүстік Қазақстанда Алтасу кезеңі б.э.д. ХҮ-ХІІ ғғ. қамтыды. Б.э.д. ХІІ ғасырдың Андронов мәдениеті тайпаларының экономикасында тұрмысымен мәдениетінде өзгерістер болды. Бұл өзгерістер қоғамның жаңа шаруашылық негізіне байланысты. Қола дәуірінің тайпалары кешенді түрде мал шаруашылығы және жер шаруашылығымен айналысқандықтан негізінен өзен, көлдердің жағаларында мекендеп, жер үйлерде тұрды. Қола дәуірі тайпалары мал, жер шаруашылығы мен қатар тау-кен ісімен де айналысып металл қорытты. Қола дәуірі кезінде Қазақстан дүние жүзіндегі ең алғашқы қола қорытушы ел болды. Өте көп көлемде металл қорытылды. Атап айтсақ Жезқазған өңірінен жалпы көлемі 100 мың тонна мыс өндірілген. Орталық Қазақстаннан 130 тонна қалайы өндіріліп, 15 мың тонна таза күміс алынған. Бұлар тек қана зерттелгені ғана. Андронов мәдениетінің тағы бір ерекше жетістігі құмыраларды кең көлемде пайдалануы қола дәуірінде құмыра жасау ісі бұрынғыдан да жетілдіріле түсті. Құмыраның әр түрлі формалары жасалды. Мысалы, горшок, банкі, т.б. тектес түрдегі құмыралар жасалынды. Андроновтықтар бірнеше үлкен патриархтың туыс семьялар бірлесіп, рулық қауым болып өмір сүрді. Бірнеше туысқан қауымдар тайпаны құрады. Бұған мысал ретінде б.э.д. І ғасырдағы Қазақстанның кеңбайтақ территриясындағы және Орта Азия жерлерінде өмір сүрген: арим, тур, дана сайрима, сайна, даха тайпаларын айтуға болады.