Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
философия реферат акикат.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60.18 Кб
Скачать

2. Адамға дүниенiн iшкi мәнiн үңiлуге, табиғаттың, қоғамның, тухани өмiрдiң даму заңдылықтарың бiлуге, адам санасының ең жоғары бейнелеу формасы- ғылыми абстракциялық, теориялық ойлау көмектеседi.

Санада заттың көп-түрлi бейнелерi қалыптасады, ойдың табиғаты тiлмен байланысты болып, оны әр-түрлi түсiнуге әкелдi:ассоциативтiпсихологиясында ойлау- есте бар образдардың қарапайым үйлесiмдiлiгiне әкелiп саяды, ұқсаттық, жақындастық, айырмашылық; бихевиоризм-сананы принциптi тiкелей байқауға болмайды деп, бейне тек қана ойдын туындысы деп, ойды психологиядан алып тстайды; вирцбург мектебiнiң  психологтары- ойлау жалпы бейне түрiнде болмайды, өйткенi сезiмдiкке қатысы жоқ; гештальд психологиясы- ойлау дегенiмiз сананың тұйықты құрылымдарында ойдың қозғалысы, сондықтан да бейне мен ой пара-пар.

Жалпы, ойлауды- сезiмдiк және ұғымдық бейнелер арқылы интелектуалды операциялар жүргiзу қабiлетi ретiнде түсiнуге болады. Баланың психикасын зерттеушiлер, ұғымдық ойлаудың алдында, оның ерекше формалары (көрнекi-iскерлiк және көрнекi-бейнелеу)  қалыптасатының дәлелдейдi.

Ойлау бұл адам миының табиғи функциясы. Ол қатан тұрғыдан индивидуалды. Бiр адамның ойлауы  басқа адамның ойынаң мүлдем басқаша, бөлек болып келедi. Бiрақ адамдар бiр-бiрiн түсiне алады. Ойлау процесiнiн нәтижесi идеалдықтан материалдыққа өтуiнде. Адамның ойлары мәдениет жемiсiнде объективтендiрiледi. Ойдың генезисi- ойдың сөзге немесе затқа, сөздiн заттық ойға өтуi.

Ойлау-сезiмдiк қабылдаудың мәлiметтерiн талдап, “тәртiпке” келтiредi, яғни сезiмдiк қабылдау бере алмайтын жаңа бiлiм бередi. Бұл процесс, сезiмдiк танымнаң абстрактiлiк ойлауға өту- диалектикалық секiрiс болып табылады. Секiрiс нәтижесiнде ұғыну процесi iске асады: нақты сезiмдiк материалдан терең мазмұнды ойлауға көшу. Ойлау-заттар мен құбылыстардың мәндi қасиеттерi мен қатынастарын мақсатқа сай абстрактiлi, жанама және жалпылау формасында бейнелендiру процесi.  Ойлаудың  мақсаты- практикалық, теориялық мәселенi қою, шешу арқылы ақиқатқа жетуге талпыну.

Таным объектiсi iшкi және сыртқы, құбылыс және мән, жекеде және жалпылықтан тұрады; сезiну- сыртқы, құбылысты және жекенi  бейнелеу болып келсе, ойлау- iшкi, мәндi және жалпылық тұрғыдан түсiну болып табылады. Ойлау процесi (күнделiктi- практикалық, ғылыми-теориялық, көркемөнер де) жанама (косвенно, опосредованно) ойқортындылар жасау арқылы жүзеге асады. Ойлау таным формаларымен жанама байланысты: сезiмдiк әсер, символдық бейнелер, тiл, таңба-белгiлер жүйесi, өнер тiлi. Бұл жүйелердiн элементтерi ойлаудың абстракциялаужәне жалпылау сияқты логикалық операцияларың қамтамасыз етедi. Жалпылау деп белгiлi топқа, классқа жататын жекеше заттар мен құбылыстардың мәндi қасиеттерi мен белгiлерiнiн сол топқа жататын барлық нәрселерге ойша қолдануды айтады.Абстракциялау-нәрселердiң мәндi белгi, қасиеттерiн ойша бөлiп алып, мәнсiз белгiлерi мен жақтарына көңiл аудармау.

Ойлау мен тiл генетикалық тұрғыда адамның заттық әрекетiмен байланысты. Ойға қатысты тiл бiрнеше қызметтердi атқарады: 1) бiздiн ойларымызды жеткiзу формасы, ойдың идеалды мәнi тiлде ғана материалданады, объективтендiрiледi, бұл функция- мәнқалыптастыру(смыслообразующая); 2) тiл арқылы адам басқа адмдармен қарым-қатынас орнатады, бiрдененi есте сақтап қалып және басқаларға информацияны жеткiзе алады- коммуникативтi; 3)тiл, ойды жеткiзу құралы болғанымен қатар жаңа бiлiм алу құралы да болып табылады-гносеологиялық, 4) тiл арқылы өткен ұрпақтардың тарихи-мәдени тәжiрибесi (әдет-ғұрыптар, ережелерi мен идеалдар) келесi ұрпақтарға жеткiзiледi, мұнда ұрпақтарды тәрбиелеу,  бiлiм беру iске асады- әлеуметiк-мәдени.

Сонымен, адамның қалыптасуы мен дамуында, таным мен ойлау процесiнде тiл маңызды және шешушi роль ойнайды. Ол адамға дүниенiигеруге көмектесiп, адамды “адам” етедi. Көптеген ойшылдар адамның танымдық және практикалық әрек барысында әлемнiң бейнесiнiң қалыптасуы, тiл аппаратына байланысты дейдi. Мысалы: Гумбольт- тiл туралы ойды дамытып, оны “халық рухынын” көрiнiсiнiң формасы деп түсiндi; Кассирер- тiлдi адамның туғаннаң бар, символдармен қолдану  қабiлетi деп түсiндi; Бергсон мен Гуссерль- сезiмдiк тәжiрибенi ерекше түрде өзгерту (трансформациялау) тiлдiн қасиетi туралы идеяны усынады, Айдукевич- ұғымдық аппаратты өзгерту жолымен жалпы әлемнiң беәнесiн де соған сай өзгертуге болады деп, тiлдi әсерледi.

Әрине, тiл- шындық дүниенiң адам санасында бейнеленуiнiң қажеттi құралы болып табылатыны еш күмән келтiрмейдi. Тiлдiк құралдардың дамуы мен жетiлдiруi адамның бiлiмi мен практикалық әрекетiне тiкелей байланысты болатынның да ескеру қажет. Тiл-дегенiмiз, ойлауды, танымды, коммуникацияны, информацияны сақтау және оны жеткiзу, сондай-ақ адамды басқарудың құралы қызметiн атқаратың, әлеуметтiк-мәдени детерминацияланған белгiлер жүйесi болып табылады.

Әр таңба- бұл материалды объект, ол қарым-қатынас пен ойлауда басқа объектiнi алмастырады. Сондықтан, нақты объектiлердi алмастыру қасиетi тiл таңбалары, бiзге заттармен емес, олардың бейнелерiмен қолдануға мүмкiндiк бередi. Көптеген тiл таңбалары үш топқа бөлiнедi: а)таңба-индекстер-олармен белгiленетiн заттар өзара себептiлiк қатынаста болады, оттың орынына түтiн, уақытты белгiлеу үшiн сағаттын тiлдерiн ынғайлы орналастыру; в)таңба- бейнелер бұл нақты заттарды алмастыратын бейнелер, фотография, сурет, кестелер, схемалар,иконалар; с)таңба-символдар белгiленетiн затпен физикалық қатынасы жоқ, светофор, теарт маскалары, көгершiн.

Екi түрлi таңба бiр объектiнi белгiлеу мүмкiн, бiрақ әр түрлi мән-мағынада. Керiсiнше болу мүмкiн емес. Мысалы: “Дүниеде ең терен көл ” және “Бұл көлге, 300 өзен құйылады, ал одан тек бiр      өзен өз бастауын алып ағады”- Байкал.

Тiлдiн мән-мағынасың түсiну және оның ойлау процесiмен өзара арқатынасын анықтау, көп жағдайда тiлдiн бастапқы негiзiн ашып айқындаумен байланысты. Бұл мәселемен (тiлдiн пайда болу негiзi) байланысты әр түрлi түсiнiктер бар:1)дiни түсiнiк- тiл адамға Құдай мен берiлген (Библия-құдай дүниеде бар жануарлар мен құстарды адам алдына әкелдi, ол оларға ат беру үшiн; Гермес- адамдар мен құдайлар арасында аудармашы қызметiн атқарды); 2)конвенциональды теория- келесем-шарт теориясы, мұнда адамдар заттарды қалай атауды келiсiп алдын-ала келiсiп алды деп есептеу;  3)еңбек теориясы- тiлдiн пайда болуын табиғи, аяқ-астынан пайда болған күрделi әлеуметтiк құбылыс деп түсiну, оның пайда болуын ойлау мен қоғамдық еңбекпен байланыстыру.

Қазырғы философияда тiлдiн пайда болуын келесi аспектiлерде қарастырады:

1)  әлеуметтiк-мәдени шеңберде, мұнда тiл болмыс сферасы ретiнде мәдениеттiн аса маңызды белгiсi болып қаралады, ал белгiлi бiр адамдар қауымы оның мәнiң айқындайды. Мұнда тiл диалог, сухбат жүргiзу мүмкiндiк ретiнде түсiндiрiледi, өз ойын жеткiзу  және басқаны түсiну мүмкiндiгi, әр-түрлi тiлдердi жоғары тұрғыда бiрiктiру, ал жеке индивидуалдықты- жалпы ойлауға айналдыру;

2) философиялық- психологиялық контексте тiлдердiн негiзгi типтерi мен (заттық, образдық, таңбалы, символдық) және ойдың түрлерiн (практикалық, гуманитарлық, операторлық, көркемдiк, техникалық және теориалық) сараптап, олардың ерекшелiктерiн айқындап, екi жүелердiн арасындағы  байланыстарды анықтау; 3) логико-гносеологиялық аспектiде, тiл болуы мүмкiн әлемдердiн бiрi ретiнде көрiнедi, оған белгiлi бiр логика және ойдың спецификалық заңдары тән. Мұнда логикалық заңдардың универсалдылығы және тiлдiн  заттық аймағымен өзара байланысы маңызды болып келедi.

3.Логика…дәлелдiң қаруы болып табылады, ал интуиция шығармашылық қаруы. А.Пуанкаре

Өзiнiң заттық және теориялық әрекеттер барысында адам көптеген қиын жағдайлар,  мәселелермен  кездеседi. Оларды шешу үшiн адам қатты ойланып толғанады, өзiнiн барлық интелектуалды мүмкiндiктерiн қолданады. Кейде күрделi мәселе аяқ астынан, өзiмен-өзi шешiлгендей болады. Бұл кезде интуиция туралы айтқан жөң. Интуицианың келесi түрлерiн атауға болады: сезiмдiк және интелектуалды, қарапайым және профессионалды (техникалық, ғылыми, медециналық, көркемдiк, педагогикалық т.б.). Тарихтан мысалы келтiретiн болсақ: Менделеев, Пушкин, Кукуле (бензольного кольца), Рассел шешiм түсте келген, немесе Пуанкаре математикада автоморфты функциялардың болуы мүмкiн емес екенiң екi апта еңбектенiп тырысты, бiрақ шешiм аяқ-астынан  көптеген ойлардың екеуi қосылып мұндай функциялардың бар екенiн дәлелдемесi болып шықты. Сонымен, бұл мысалдар интуицияның келесi факторлармен байланысты:

* миға аяқ-астынан, тоспаған жерде кенет (внезапго) шешiмнiң пайда болуы;

* шешiмдi тiкелей көру және оған жанама түрде жету;

* шешiмнiң жаңа болуы, бұрында үлгiсi болмаған, ештенеге ұқсамайды (субъектiнiң өзiне);

* шешiмдi табу процесiнiң бейсаналығы, шiшiм табу жолдарының және тәсiлдерiнiң түсiнiксiздiгi, қайталамбастығы.

Егер айтылған факторларды есепке алса, интелектуалды интуиция деп дәлелдеменiң көмегiмен басқа шындықтан шығармай және тек сыртқы сезiмдермен қабылдамай, жанама түрде ақылдың ақиқатты тану қасиетi деген анықтамасына келемiз. Ал егер, интуиция бiлiмдi тiкелей сезiм мүшелерi арқылы қабылдау болса, онда бұл сезiмдiк интуицияның анықтамасы болады.

Интуицияны осылай, әр түрлi түсiну антика кезенiнең келе жатыр. Платон интуицияны “ерекше iшкi көз”, “ақылдың жоғары қасиетi”, аяқ-астынан жанама бiлiм алу деп түсiндi. Декарт интуицияны интелектуалды сфераға жатқызып, оны ақылдың мұқият және ашық түсiнiгi деп жариялады. Фейербах шы интуицияны сезiмдiк феномен деп түсiндi. Интуицияны бейсаналық сферасына жатқызған ойшылдар да болды, А.Бергсон инстинктi сияқты, З.Фрейд   шығармашылықтың жасырын негiзгi принципы деп түсiндi. “Құдiреттi анық” деп түсiнуде бар.

Қазырғы заман әдебиетте келесi аңықтама берiледi: Интуиция- бұл ақиқатқа дәлелдемелер арқылы емес, оны тiкелей көрiп өту жолымен жеткен  интелектуалды феномен. Мұны ғылыми зерттеулер дәлелдеп қана қоймай, олардың механизмiнде ашып көрсетедi. Бастапқы кезенде, адам психикасында санасыздық деңгейiнде белгiлi түрде түсiнбейтiн сезiмдiк және ұғымдық бейнелер жинақталады. Сонан сон, осы санасыздық деңгейде интелектуалды операциялар арқылы сол бейнелердi “өндеу” жүредi. Мұнда сезiмдiк бейнелер логикалық бейнелерге және керiсiнше өтуi болады. Дәл осы сәтте адам алдында тұрған мәселенi саналы түрде түсiну процесi өтедi, нәтижесiнде мәселе айқын да, нақты шешiлу мүмкiн. Интуицияның ең соңғы кезеңiнде аяқ-астынан шешiмге келу жалпы бiртұтас сезiмдiк-логикалық бейненiң қалыптасуы, санасыздықтың ең терен, ең түпкiрiнде жатқанның сыртқа саналық деңгейiне шығуымен байланысты болу мүмкiн. Уақыттық қатынаста бұл процесс ұзақ немесе тез, жылдам да болуы мүмкiн.

Интуиция адамның шығармашылық әрекеттерiмен де тығыз байланысты, өйткенi ол белгiлi бiр жанашылдықты қамтамасыз етедi; жаңа техникалық шешiм, дараөнердiн өзiндiк шығармасы т.б. Шығармашылық- дегенiмiз үнемi бiр жаңаны iздеу барысында  белгiлiнiң, стандартты, дәстүрлi, үйреншiктiнiң шекарасын бұзуды бiлдiредi. Жоғары шығармашылықтың туындыларына сапасы жаңа материалды және рухани құндылықтарды, адамның үлгiлi емес әрекеттерiнiң нәтижесiнде пайда болған  дүниеде аналогы жоқты айтады. Нағыз шығармашылық интуициясыз мүмкiн емес, мұнда саналы мен бейсаналы процестер қатар жүредi, екеуiн ажырату қиынға түседi. Сондықтан да, таным мен өнерде интуицианың маңызың жоғарлату немесе төмендету дұрыс емес. Интуициалық, сезiмдiк қабiлеттер интелект пен, адамның практикалық қызметiмен бiрге дамиды. Танымдық процестiн қажеттiгi бола отырып, интуиция адамның рационалды әректтерiн ынталандарады, кейбiр жағдайларда жаңа бiлiмдерге әкелiп.

5. Адамның алған бiлiмдерi оныс есiнде “жүк” ретiнде қалабермейдi, ол оны өзiнiң практикалық әрекеттерiнде қолданады. Қоршаған әлем туралы алған бiлiмдерiне сүене отарып, адам бағдар (ориентируется) жасайды, бұл дүниеге белсендi әсерiн тигiзедi, оны мақсаттарына сай өзгертедi. Бiрақ әр бiлiм адамның көмекшiсi бола бермейдi. Өйткенi, бiлiм шынайы емес, терен емес болу да мүмкiн. Онда ол бiлiм керi әсерiн тигiзiп, адамның өмiрiнде қауып тудыруда мүмкiн.

Танымның мақсаты шынайы бiлiм. Шындық, ақиқат дегенiмiз не? Бұл сұрак гносеологияның iргелi мәселелерiнiң бiрi. Философияда бұл мәселе жайында бiр қалыпты түсiнiк жоқ. Бiреулер, бiлiмнiң шындыққа сай келуi деп түсiнедi, бұл үйлесiмдiк немесе корреспонденция теориясы. Келесiлерi, ақиқат деген тәжiрибеде дәлелденгеннiң өзi дейдi, бұл эмпирикалық тұғырнама. Үшiншiлер, ақиқат бұл келiсiм шарт деп уағыздайды- конвенционалды теория. Төртiншiлерге, ақиқат бұл бiлiмнiң өзiндiккелiсiмдiлiгi- когеренция теориясы. Бесiншiлер, бiлiм тек пайда әкелгенде, практикада тиiмдi болғанда ғана ақиқатты болады деп есептейдi- прагматикалық тұғырнама.  Ақиқат концепциясының дәстүрлiнемесе классикалық концепциясы бiрiншi түсiнiгiмен байланысты. Ол көне замандарда пайда болды. Аристотель “үзiлгендi үзiлгендеп, байланыстыны байланысты дейтiн деп айтатың шындыққа жетедi”. Ортағасырларда, Фома Аквинский “ақиқат дегенiмiз интелект пен заттың арасындағы келiсiммен айқындалады”. Декарт “ақиқат- өзiнiн мән-мағынасында ойдың затқа үйлесiмдiлiгi”. Бұл пiкiрдi материслистер де, идеалистер де; диалектиктер мен метафизиктер де; теологтар мен атеистер де келiстi. Қазырғы заманда корреспонденция теориясы негiзiнде келесi түсiнiк қалыптасты: 1) ақиқатты түсiну объективтi және субъективтi шындықың бар екенiн мойындауды бiлдiредi; 2) ақиқат таным объектiсiмен, субъектiсiмен және оның практикалық әрекетiмен байланысты бiлдiредi; 3) ақиқат нақты болып табылады, оның мазмұны танымның нәтижелерiне баға берiлетiн нақты орынмен, және уақытпен себептелiнедi; 4) ақиқат шексiз процесс болып табылады, онда бiлмеуден бiлiмге, толық емес бiлiмнен толық бiлiмге өту болып жатады.

Сонымен, ақиқат- таным субъектiсiнiң практикалық бiлiмде алынатың шындықты барабар бейнелеу. Әр бiр ақиқат өзiнiң формасы жағынан субъективтi: ол субъектiнiң әрекетiнiң нәтижесi және субъектiден тыс өмiр сүрмейдi. Ол тұлғаның “iзiн” сақтайды, өйткенi ол өзiнiн әлеуметтiк-тарихи тәжiрибесiне сүйенедi. Ал, мазмұны жағынан ақиқат объективтi: адам санасынан  тыс, одан тәуелсiз тұрған объектiнi адам санасында бейнеленуi. Мұнда, ақиқат тұланың ерекшелiктерiне, танымның тәсiлдерiне тәуелдi емес- ол жақсыз, жалпы ақиқатты (общезначима).

Адамның және адамзаттың дамуымен объективтi дүние жайында бiлiмдер де өзгередi, өркениеттiн жаңа сатысына көтерiлуiмен бiлiм алу құралдары да өзгередi. Бұрын, басында танылмаған, танылады, белгiсiз болған белгiлi болады. Бұдан ақиқаттың салыстырмалы болатыны анықталады, ол екi аспектiде көрiнедi: 1) салыстармалы ақиқат қоғамның дамуының белгiлi бiр деңгейiне лайықты, сол бiлiмдердi алудын тәсiлдерiн себептейтiн (обуславливающий) толық емес, нақты емес бiлiмдер; 2) оларды алу шарттарына, орыны мен уақытына байланысты, тәуелдi бiлiмдер. Салыстырмалы бiлiмдердiн, оның бiрiншi анықтамасына сай келесi мысалды ретiнде кез келген ғылымды келтiруге болады. Әр ғылым, осы мағынада толық емес, толық аяқталған бiлiм емес болып келедi. Екiншi мағынасына сай мысал келесi қағиданы келтiруге долады “Зорлық бұл зұлымдық”, бұл қағида адмгершiлiкке қарсы мақсатта қолданған кезде ақиқат, ал қылмыскерлермен күрес жүргiзу барысында немесе отанының шекарасың қорғау кезiнде ол зұлымдық болмайды.  Және бұл мысал ақиқаттың салыстырмалығы мен нақтылығының байланысын көрсетедi, келесi түiнге әкеледi: абстрактiлi ақиқат болмайды, ол үнемi нақты.  Абсолюттi ақиқат бұл 1) шексiз дүниенi тұтас күйiнде түсiну мен байланысты толық жетiлген, сарқылған бiлiм; 2) келешекте терiстелмейтiн бiлiмдер. Бiрiншi жайда жалпы әлем және оның жеке салалары туралы толық жетiлген бiлiмдi аламыз, оған жету мүмкiн емес өйткенi адамның танымдық мүмкiндiктерi шектеулiжәне  шексiзде, алуан түрлi дүние өзгермелi. Екiншi жайда еш уақытта терiстелмейтiн, тек толықтырылып, терендетiлiп отыратың және танымның кейiнгi барлық сатыларында шынайы болып қала беретiн бiлiмдi айтамыз. Мысалы “қозғалыс- дегенiмiз кез келген өзгерiс болып табылады”, “Қоғам- табиғаттың ерекше бөлiгi”.

Таным процесiнде абсолюттi және салыстырмалы ақиқат тығыз байланыста: абсолюттi ақиқат салыстырмалыдан құрылады, сондай-ақ салыстырмалы бiлiмдерде абсолюттi дшынайы бiлiмдердiн бөлшектерi бар. Сонда абсолюттi және салыстырмалы ақиқаттар бiр бiлiмнiң әр түрлi қырлары болып табылады. Салыстырмалы бiлiмдерi абсолюттендiру релятивизмге әкеледi, ол танымның нәтижелерiне күмән келтiредiскептизм, немесе объективтi бiлiмдi алу мүмкiндiгiн терiстейдi- агностицизм (Юм-бiлiм сезiмдiк таныммең, тәжiрибемен, ойдың мүмкiндiктерiмен шектеулi, сондықтан бiлiм сыртқы, мәндi емес, терен емес; Кант-“өзiндiк затты”танп бiлу мүмкiн емес, танылатың құбылыс қана-феномен, ал танылмайтын “өзiндi зат”-ноумен). Абсолюттi бiлiмдi маңызын асыра дәрiптеу догматизм.

Ақиқатт проблемасын шешу барысында келесi ұғымдарға көңiл бөлу қажет: расталған және расталмаған (болымды, гипотетикалық) бiлiмдер, ақиқат, жалғандық және адасушылық. Расталған бiлiм- бұл объективтi, шынайы бiлiм. Және олар шынайы болып логикалық тұрғыда дәлелденгең де, немесе эмпирикалық, эксперименталды, нақты дәлелдеңген кезде есептеледi. Мысалы, Абай 1845-1904 ж. өмiр сүрдi. Нақты, құжат арқылы дәлелденедi; немесi “Сократ пенде (смертный)” логика бойынша “бәр  адамдар пенделi” және “Сократта адам”.  Ал расталмаған бiлiм логикалық тұрғыдан толық дәлелденбеген немесе әлi практикада өз көрiнiсiн таппаған бiлiмдер. Мұндай бiлiмдер күмән тудырады және қосымша дәлелдемелердi қажет етедi. Мысалы, Жер планетасынаң басқа планеталарда тiршiлiктiн болуы;  “Бiздiн факультетiмiздiң студенттерiнiң кобi мұғалiм болғылары келедi ” бiрнеше топтардаң пiкiртерiм негiзiнде алыңған.  Бiлiмнiң ерекше түрi, растау немесе терiстеуге болмайтын, ол  белгiсiз бiрдене туралы бiлiмдер, олар көбiнесе өз көрiнiстерiн мәселе ретiнде табады. Мысалы, философияда өмiр және өлiм мәселесi, қажеттiлiк пен еркiндiк мәселелерi т.б. гносеологияның спецификалық феноменi адасушылық болып табылады. Егер өтiрiк – бұл шындықты әдейi бұрмалау болса, жалған бiлiмдердi шынайы бiлiм деп көрсетiге тырысқан пиғыл (намерение) болып табылады, ондаадасушылық әдейi емес бiлiидi бұрмалау болып келедi. Адасушылық- бұл қателiк. Адасушылық- бұл шынайы деп қабылданған дұрыс емес, немесе керiсiнше қаралатың бiлiмдер. Мысалы, философия мен ғылымдарда көптеген уақыт бойынша геоцентiрлiк теория қолданды, немесе биологияда тұқымдық қасиеттердi жеткiзуде жоғары молекулярлы белок қосындылары алады беп есептелдi (бiрақ сонғы он жылда клеткаларға дейiн тiршiлiктiн алғышарттары нуклейiн қышқылдары (ДНК,РНК) және белок емес, кiшi молекулалардың “динамикалық ойындары”, ол кейбiр металдардың (темiр, мырыш-цинк, алюминий, никель, мыс-медь) иондары, сера-күкiрт, фосфор, азоттың қосындылары, және аминоқышқылдар мен көмiрсутектердiң- углеводы бiраз органикалық молекулалары).  Адасушылықтың себептерi әр түрлi болады: психологиялық (жеке тұлға ұстанымдары, таптаурын-стереотиптер); логикалық (қортынды жасау ережелерiн бiлмей бұзу); гносеологиялық (танылатын объектi туралы қалыптасып қойған субъективтi пiкiр, сынаржақтылық және фрагментарлы бiлiм); әлеуметтiкмәдени (қоғамдық пiкiрге немесе идеологияға бағытталыну) т.б.

Ақиқаттың өлшемдерiне қоғамдық практика жатады: 1) ол таным процесiмен тiкелей байланысты, оның дамуын айқындайды және алынған қортындылардың растылығы мен толық болуын анықтайды; 2) практика абсолюттi (адам басқа өлшемдердi тапқан жоқ), салыстырмалы (тарихи шектеулi болғандықтан қоғам жинаған барлық бiлiмдердi дәлелдей алмайды), универсалды (болған және келешекте болатын адамдардың тәжiрибесi мен әрекеттерiн қамтиды); 3) объективтi (өзгерiлетiн объект) және субъективтi (адамның белсендi-саналы әрекеттерi) жақтары бар; 4) практика сезiмдiк, абстрактiлi (жалпы) және тiкелей шындықты қамтиды.

Маркстiн философиясында практика кең мағынада қарастырылады, дүниенi және адамды  өзгертуге бағытталған адамның мақсатталған сезiмдiк-заттық әрекеттерi деп.  Практиканың мұндай жалпы түсiнiгi теориялық танымның басқа салаларында ақиқаттың жеке өлшемдерiн қлдануды терiстемейбi. Мысалы: жаратылыстану ғылымдарында- эксперимент және бақылау, өнер мәселесi мен айналысатың ғылымдар- жалпы мәдени, эстетикалық, этикалық өлшемдерге бой бұрады, математика немесе логика өте абстрактiлi ғылымдар ретiнде, олардың қағидаларың тiкелей тексеру мүмкiн емес- теориялардың “қолданбалығы”, басқа ғылымдарда, техникада, өндiрiсте көрiн табуы мен қатар формальды-логикалық (теорияның толықтығы, қарамайшылықтың болмауы, интерсубъективтiлiгi) өлшемдi қолданады.

Соңғы кездерде ақиқат критерилерiмен байланысты жаңа концепциялар пайда болды:

1.ақиқаттың когеренттi тұғырнамасы (Лейбниц, Спиноза, Гегель, Гемпель, Нейрат) бiлiмнiң байланыстылығын, жүйелiлiгiн, бiртұтастығын мойындайды. Мұнда логикалық өлшемдер басшылыққа алынады. Жалпы жүйеде бiр-бiрiмен байланысты үйлесiмдiлiкте пiкiрлердiн болуы, көп бұынды логикалық құрылым. Бұл тұғырнама нормативтi болып келедi, өйткенi субъектiден алшақ болып, бiрiншi орынға танымдық процедуралармен бiлiмнiң өзiне бередi.

2. ақиқатылықтың конвенционалды тұғырнамасы (Пуанкаре) мұнда ғылыми теориялар және онда қолданылатың ұғымдар объективтiшындықтың бейнесi емес, ол адамдардың арасындағы келiсiмнiң болу (конвенция) нәтижесi.

3. ақиқатылықтың прагматикалық тұғырнамасы (көне Қытай және антика философияда өз бастамасың алған- ақиқаттың практикалық құндылығын мойындау, маркстiк философияға да тән- ақиқаттың өлшемi практиак болып есептелдi, Джемс, Дьюи, Пирс т.б. жалғасын тапты) ақиқат мақсатқа жетуге мүмкiндiк беретiн пайдалық. Олар өздерiнiң назарын ақиқаттың әлеуметтiк маңызына, оның комуникативтiлiгiне және қоғам мен мойндалуына аударды.