Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИНФОРМ .docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42.15 Кб
Скачать

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

Медициналық биофизика және информатика кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Медициналық мекемелердегі дәрігердің автоматтандырылған

жұмыс орны

Орындаған: 1 – 045 топ студенті

Төрегелді Б

Тексерген: Тажина А

Қарағанды 2014

ЖОСПАР

  1. Кіріспе

    1. Автоматтандыру

  2. Негізгі бөлім

    1. Кардиография түсінігі

    2. Зерттеу

    3. Кардиология саласын автоматтандыру. Электрокардиография.

  3. Қолданылған әдебиет тізімдері

КІРІСПЕ

ААвтоматтандыру

втоматтандыру, технологиялық қолдануәдісі, экономика – математикалық метод және басқару системасы, нәтижесінен толық босатады.Беру және қолдану энергиясын, материалдар немесе көп көлемдегі өңделгенақпараттар.

Автоматтандырылады :

1) технологиялық, энергетикалық, транспорттық және тағы басқа өндірістік прцестер;

2) өнеркәсіп, жоспарлау және басқару цехы, кәсіпорын, құрылыс, әскери обьекті, қосу және т.б.;

3) ғылыми іздеулер, медициналық және техникалық диагностика, програмирование, инженерлік есептеулер, және т.б.

Автоматтандырудың мақсаты – жұмыс уақытын үнемдеу, оптимизациялық басқару, адамның денсаулығына зиянды жұмыс уақытынан босату. Автоматтандыру – ғылыми техникалық процестің бірі;

Автоматтандыру – ғылыми функциялық басқару элементінің кең таралған түрі. Автоматтандыру өз кезегінде техникалық кибернетиканың бір түрі.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Кардиография түсінігі

Кардиология (грекше kardіa – жүрек және logos – ілім) – жүрек пен қан тамырларының құрылысы, қызметі және олардың ауруларының пайда болу себептері мен дамуы, белгілері және оларды анықтау, емдеу әдістері мен олардан алдын ала сақтану жолдары туралы ғылым, медицинаның бір саласы.Сондай-ақ кардиология жүрегі мен қантамырлары зақымданған адамды аурудан айықтыру әдістерін жетілдірумен де шұғылданады.

Зерттеу

Республикада кардиология дербес ғылым ретінде Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) емдеу кафедрасы ашылысымен қалыптаса бастады (1935). Жалпы және жеке органдардағы, әсіресе, жүректегі қан айналысының жүйке, қан арқылы реттелуі жөніндегі мәселелерді зерттеп, интер- және экстроцепторлардың жүрек тамырларына, артериялық және веналық қысым мөлшеріне, лимфа айналысына тигізетін әсері, оның механизмі айқындалды (А.П.Полосухин, Н.О.Базанова, Р.Ә.Сәтбаева, А.М.Бекетаев, І.А.Бірімжанова, А.Е.Бөлекбаева, т.б.). Шокқа (есеңгіреу) қарсы арнайы сұйық дәрі дайындалды (Полосухин, т.б.). Жүрек пен қан тамырлары зақымданған кездегі холестерин алмасуы зерттелді (Т.Я.Полосухина, В.И.Якубовская), жүйке жүйесі қызметінің бұзылуының артериядағы қан қысымының өзгеруіне әсері анықталды

(Б.А.Атшабаров). Маймен реакцияға түсетін, жүрек етін сергітетін өсімдік препараттары (Бунге киікотының сұйық сығындысы, хош иісті алабұта, т.б.) дәрігерлік практикаға енгізілді (Ф.Ж.Жұмағалиева, Р.Ә.Сәтбаева, т.б.). Республиканың әр өңірінде жүректің ишемиялық аурулары мен артериялық гипертонияның таралу жиілігі (Сәтбаева, М.Ш.Тастамбекова), жүрек және қантамыр ауруларының эпидемиологиясы мен одан алдын-ала сақтану жолдары анықталды (А.Ж.Рысмендиев), республикада артериялық гипертонияны емдеу мектебінің негізі қаланды (Ә.Жүсіпов). Қазақстанның өнеркәсіп орындарында істейтін жұмысшылар арасында артериялық гипертонияның таралуы (эпидемиологиясы), одан сақтану жолдары зерттелді (Ғ.А.Құлқыбаев, О.А.Әбдібаев, т.б.). Жүректің ишемиялық ауруларына антиоксидант және кальций әсерін бейтараптайтын дәрілермен әсер ете отырып, жүрек етінің зақымдануын тежеуге болатыны дәлелденді (Құлқыбаев, т.б.)