Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dar_t_1199_sinik.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
341.27 Кб
Скачать

Колленхима

Колленхима да паренхима секілді тірі жасушалардан тұрады. Олар беріктік және мықтылық қасиет береді.

Құрылысы.

Колленхима паренхимаға ұқсас, бірақ жасушалардың бұрыштарында қосымша цитоплазма жинақталады. Ол бірінші реттік қалыңдаудан кейін қана пайда болады.

Қызметі мен орналасуы.

Колленхима- механикалық ұлпа. Олар көбінесе жас өсімдікте екінші реттік қалыңдау болмайтын жапырақта тірек қызметін атқарады. Колленхима алғаш пайда болатын тірек ұлпасы. Олар тірі болғандықтан өсіп, созылып отырады, бірақ қасындағы жасушаларға өсуге кедергі жасамайды. Сабақ пен жапырақтың сағағында колленхиманың қызметі арта түседі, себебі олар ол жерлердің беткі қабатына жақын орналасады. Көбінесе өңнің астында орналасады.

Склеренхима.

Склеренхима жасушалары колленхимаға қарағанда өлі, бірақ олар да тірек қызметін атқарады. Склеренхиманың екі түрі бар: тін талшығы (волокна) және склереида (қиыршық жасушалар). Екі жасушаның да жасуша қабықшасы лигнин деген мықтылық қасиет беретін күрделі затпен қапталған. Олардың сыртында қарапайым шұрықтар болады. Лигнині жоқ жерлерден пласмодесмалар өтеді. Плазмодесма деген көрші жасушалар арасындағы цитоплазмалық жіпшелер. Склеренхиманың талшықтары лигнинденудің арқасында мықты. Ал бірнеше талшықтан құралған кезде мықтылық қасиеті арта түседі. Және оның мықт болуы талшықтардың ұштары бір-бірімен жалғасып жатады. Оған қосжарнақтылардың өткізгіш шоқтары мысал бола алады. Склерида тамырда, сабқат, жемісте, тұқымда әр жерлерінде шашыраңқы кездеседі.Мысалы: алмұрттың жемісінде слерида ж

Бірнеше жасушалардан тұратын күрделі ұлпалар. Ксилема мен флоэма.

Ксилема мен флоэма өсімдіктің өткізгіш ұлпасына жатады. Ксилема бойымен су мен минералды тұздар төменнен жоғарыға қарай қозғалады. Ал флоэма бойымен жоғары және төменге қарай органикалық заттар қозғалады. Екінші реттік қалыңдаған ксилеманы сүрек деп атайды.

Ксилема өсімдікте екі түрлі қызмет атқарады: сумен бірге тұздардың жылжуы мен өсімдікке тірек қасиетін береді. Сондықтан ол- физиологиялық және құрылымдық қызмет атқарады. Ксилеманың құрамында төрт түрлі: трахеидтер, түтіктер, паренхималық жасушалар және талшықтар кіреді.

Трахеидтер . Трахеидтер-лигнинденген ұршықтәрізді. Біріне бірі жанасқан трахеид ұштары слеренхиманың ұштары секілді . Сондықтан мұндай қасиет өсімдікке беріктік қасиетін береді. Трахеидтер – іші бос өлі жасушалардан тұрады. Трахеидтер ертеден келе жатқан өсімдіктерде алғаш пайда болған және бірінші реттік құрылымда болатын су өткізгіш жүйе, ал қалғаны осы трахеидтен пайда болған. Су өлі жасушалар бойымен еркін еш кедергісіз қозғалады. Бір трахеидтен келесі трахеидтке су шұрықтар арқылы немесе жасуша қабықшасының лигнинденбеген жерлері арқылы өтеді. Жабықтұқымдыларда трахеид саны түтіктер санына қарағанда аз.

Түтіктер (сосуды)

Түтіктер жабықтұқымдыларға тән өткізгіш элементтер. Олар біріне бірі жалғасқан қатар орналасқан ұзын түтіктер сияқты. Әр жасуша ксилеманың шоғын құрайды. Трахеидтерге қарағанда жалпақ және қысқа. Жас өсімдікте бірінші болып пайда болған ксилеманы алғашқы ксилема (протоксилема) деп атайды және ол тамыр мен сабақ ұшында болады. Протоксилема жасушалары өлі болғанымен созыла алады, әрі оның жасуша қабықшасы толықтай лигнинденбеген, тек қана сақина немесе оралма тәрізді қалыңдау болады. Протоксилемадан соң толық лигиниденген және ересек мүшелерде болатын метаксилема пайда болады. Сол кезде алғаш пайда болған түтіктер созылып, сосын жойылады. Дамыған метаксилема жасушалары созыла және өсе алмайды. Олар өлі, қатты, толықтай сүректенген түтіктер. Метаксилеманың қалыңдауының үш түрі бар: сатылы, тор тәрізді, нүктелі.

Ұзын толық ксилема түтіктері суды алшаққа тасымалдауға ыңғайлы . Трахеидтердікі сияқты түтіктерден түтікке су шұрықтар арқылы өтеді. Тамырда бірінші реттік ксилема ортасында орналасады, ал қосжарнақтылардың сабағында сақина ретінде немесе даражарнақтылардың сабағында өткізгіш шоқтар шашыраңқы орналасады.

Сүректі паренхима

Сүректі паренхиманың жасушаларының жасуша қабықшасы жұқа және іші тірі заттан тұрады. Екінші реттік ксилемада паренхиманың екі жүйесі бар. Екеуі де меристемалық жасушалардан пайда болады. Өзек сәулелері сүректі паренхимаға жатады. Бұл жерде танниндер немесе басқа қор заттары қорға жиналады.

Сүректі талшықтар

Олар да сүрек түтіктері сияқты трахеидтерден пайда болған. Трахеидке қарағанда қысқа және жіңішке, ал жасуша қабықшасы едәуір қалың, бірақ саңылаулары да трахеидтерге ұқсас. Сүрек түтіктеріне қарағанда сүректі талшықтар арқылы су қозғалмайды, ол мықтылық қасиет береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]