
- •IV. Міндеттері:
- •V. Бағдарлама объектісі:
- •Курстың мазмұны
- •V. Жануарлар әлемі (34 сағат) Қарпайымдылар (7 сағат)
- •Күнтізбелік жоспар Барлығы 102 сағат
- •Түзуші ұлпалар (Меристемалар)
- •Жабындық ұлпалар
- •Колленхима
- •Склеренхима.
- •Өсімдік ұлпаларының жалпы ерекшіліктері, қызметтері және орналасқан жері
- •Теориялық бөлімі Ұлпалар тарауын қайталауға арналған тест сұрақтары
- •Практикалық бөлімі
Түсінік хат
Қазіргі таңда биологиядан олимпиадаларға дайындау курстары оқу бағдарламасының негізі бөлігі болып қалыптасып келеді. Бұл курстар бір жағынан оқушыларды биология пәніне қызықтырып ынталандырса, екінші жағынан оқушылардың білімін объективті бағалауға мүмкіндік береді. Оқушыларға биологияны тереңдетіп оқытудың бірнеше тәсілдері бар. Ол, әрине әртүрлі оқушылардың шығармашылық жұмыстары, рефераттар, ғылыми ізденістегі жұмыстар. Ал , бірақ олимпиадаға дайындық курстарының мазмұны мен алға қойылған міндеттердің жоғары деңгейде құрастырылудың арқасында және тақырыптардың мағыналарының ашылуы негізінде оқушы пән бойынша терең білім алып, нәтижесінде биологиялық эрудициялы тұлға қалыптасады.
І. Өзектілігі: Олимпиадаға дайындаудың қазіргі кезде қазақ тілінде құрастырылған әдебиеттер немесе мұғалімдерге арналған нұсқаулар жоқтын қасы. Нұсқаулардың болғанның өзінде орыс тілінде жазылған немесе кез келген мұғалімнің қолына түсе бермейтін тапшы әдебиет екені белгілі. Егер де олимпиадаға дайындайтын курстар мен әдістемелік-нұсқаулар арқылы пән мұғалімдері тәжірибе алмасып отырса, мұғалім шығармашылық ізденіс жолында жүрсе, мұғалім олимпиадаға дайындықтың дұрыс жолын таңдап алып , оңтайлы нәтижелерге қол жеткізер еді. Олимпиадаға дайындық бағытындағы мұғалімнің әдістемесінің мақсаты мен міндеттерінің дұрыс құрылуының арқасында оқушы пән бойынша терең білім алып, жоғары нәтижеге жетері сөзсіз. Бул курста биологиядан өткен аудандық, қалалық, республикалық және халықаралық олимпиадаларда кездескен тапсырмалар жинақталған. Сондықтан бұл оқулық ең бірінші оқушыларын олимпиадаларға дайындайтын ұстаздаздар үшін таптырмас көмекші құралдың бірі.
ІІ. Проблема: Олимпадаға дайындық курсына қатысқан оқушылардың барлығы бірдей бірден жоғары нәтиже көрсетеді деген ұғым алайда , өмірде шындыққа айнала бермейді. Ол жалғыз мұғалімнің шеберлігіне ғана байланысты емес. Біздің алдымызда тұрған мәселенің бірі оқушылардың өз бетімен шығармашылықпен, ізденіспен айналыспауы. Егер оқушы тек мұғалімнің бергеніне ғана қанағаттанып, өз тарапынан ізденбесе, әдебиеттерге үңілмесе нәтиже бола бермес. Сондықтан олимпиада курсында мұғалім алдына қойған міндеттің бірі оқушыны өз бетімен жұмыс істеуге итермелеу, ынталандыру болып саналады.
ІІІ. Мақсаты:. Мектеп бағдарламасының біліміне сүйене отырып, биология пәнін тереңдете оқытып, олимпиадаға дайындау. Арналған бағдарлама мемлекеттік тілде оқитын оқушыларға бұл пәнді игеруді жеңілдету мақсаты көзделген. Бұл курста өсімдіктану (ботаника) курсын терең меңгеруге жасалған.
IV. Міндеттері:
Оқушыларға олимпиадаға дайындық кезінде биология пәні бойынша терең білім беру;
Оқушыларды биологиялық ізденісте болуға, өз бетімен жұмыс істеуге жағдай жасау;
Өсімдіктану бойынша курсты тереңдету;
V. Бағдарлама объектісі:
Бағдарлама олимпиадаға дайындалатын оқушыларға арналған
VІ. Күтілетін нәтиже: Іздемпаз, білімге құштар, терең және тиянақты білім алған оқушы шығару.
VІI. Кімдерге арналған: Оқушылар мен ұстаздарға көмекші құрал Оқушылардың дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптар:
Оқушылар нені білу керек:
микроскоптың құрылысын;
жасушаның зерттелу тарихын;
жасушаның құрылысын;
өсімдік пен жануар жасушасының айырмашылығы мен ұқсастығын;
биологиялық анықтамалар мен терминдерді;
өсімдіктерде болатын физиологиялық әрекеттер
биологиялық үдерістер анықтамасын
Оқушылар нені істей алу керек:
жарық микроскобы мен ылғалды препараттарымен жұмыс істеу;
жасушаның бөліктерін танып оны суреттен көрсете алу;
микроскопттық қарапайым зерттеулерге препарат дайындай алу;
қызықтыратын тақырыптар бойынша реферат немесе баяндама жасай алу;
қазіргі таңдағы әртүрлі биологиялық кітаптармен жұмыс істеу алу;
Методикалық нұсқаулар:
жарық микроскоптарын пайдалану,
интерактивті тақтаны сабақтарда пайдалану,
ұлпа түрлерін көрсетуге арналған ылғалды препараттарды дайындау;
қосымша әдебиеттерден ақпарат жинау;
Курстың мазмұны
І. Жасуша құрылысы (8 сағат)
Жасушаның ашылу тарихы. Жасушаның құрылысы. Жасуша қабықшасы. Жасуша құрамындағы бірқабатты, екіқабатты және қабатсыз органоидтар. Олардың құрылысы мен ағзадағы қызметі. Тест. Олимпиадалық тапсырмалар орындау.
ІІ. Гистология (6 сағат)
Ұлпа дегеніміз не? Ұлпалардың түрлері. Құрылысы жай (бір ғана жасушалар түрінен тұратын) және күрделі (бірнеше типті жасушалардан құралған) ұлпалар. Меристема, олардың түрлері. Қызметі мен ерекшелігі. Паренхима. Паренхиманың қосымша түрлері. Өткізгіш ұлпалар. Флоэма мен ксилеманың құрылысы мен қызметі. Өсімдіктердегі транспорт. Осмос. Диффузия тірек ұлпасы. Склеренхима. Колленхима. Склереида . Тест. Олимпиадалық тапсырмалар орындау.
ІІІ. Өсімдік мүшелерінің анатомиясы мен физиологиясы (9 сағат)
Тамыр, сабақ, жапырақтың анатомиялық құрылысы, олардың бірінші реттік және екінші реттік қалыңдауы. Гүлдің құрылысы. Аналықтың орналасуына байланысты жемістердің түрлері. Апокарпты, синкарпты, лизокарпты, псевдокарпты. Даражарнақты және қосжарнақты тұқымдардың құрылысы мен бір-бірінен айырмашылықтар мен ұқсастықтары. Тест. Олимпиадалық тапсырмалар орындау.
ІV. Тірі ағзалар дүниесі (11 сағат)
Вирустар. Вирустардың құрылысы, түрлері, олар тудыратын аурулар. Бактериялар. Бактериялардың тіршілігі. Граммоң және граммтеріс бактериялар. Бактериялар тудыратын аурулар. Саңырауқұлақтар. Төменгі сатылы саңырауқұлақтар. Оомицеттер, дейтридиомицеттер, хитридиомицетер, базидиомицеттер. Төменгі сатылы өсімдіктерге жалпы шолу. Балдырлар , мүктер, қыналар және олардың тіршілік ету формалары. Олардың көбеюі мен дамуы. Мүктер, қырықбуындар, плаундар, папоротниктер. Олардың тіршлігі, көбеюі, дамуы, ерекшіліктері. Тест. Олимпиадалық тапсырмалар орындау.