
- •Силлабус
- •Оқытушылар жайлы мәліметтер
- •Байланыс ақпараты
- •Пәннің саясаты
- •Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары
- •Баға шкаласы**
- •Білім бағасының критериі**
- •Дәлелді медицина және клиникалық фармакология кафедрасындағы сабақтардың барлық түрлерін бағалаудың ережелері
- •Аралық бақылау бағдарламасы
- •Қорытынды бақылау бағдарламасы
ҚММУ Ф 4/3-03/03
ҚММУ БЕ 4/03
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасы
Силлабус
Пән ДМН-3229 «Дәлелді медицина негіздері»
Мамандығы 5B130100 «Жалпы медицина»
Оқу сағатының көлемі (кредит саны): 45сағат (1кредит)
Курс: III
Семестр: 5
Қарағанды 2014 ж.
Силлабус 5B130100 «Жалпы медицина» мамандығына арналған, ДМН-3229 «Дәлелді медицина негіздері» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде құрастырылған, 27.06.2014 бекітілген.
Силлабус кафедра отырысында қарастырылды және бекітілді
02. 09. 2014г. Хаттама № 1а
Кафедра меңгерушісі Ш.С.Калиева
Оқытушылар жайлы мәліметтер
• КАЛИЕВА Шолпан Сабатаевна, медицина ғылымның кандидаты, доцент міндетін атқарушы
Педагогикалық стажы – 11 жыл
Жұмыс телефоны: 51-38-97
Ғылыми қызығушылығы: Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды ұтымды қолдану жүйесін жетілдіру, жартылай-патогенді және патогенді микроорганизмдердің антибиотикке төзімділігін зерттеу.
Ғылыми мектебі: 2004 жылы 14.00.25 – фармакология, клиникалық фармакология мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады, тақырыбы: «Стандарттық емдеуді енгізудің фармакоэкономиялық негіздеуі». 2006 ж. - 14.00.25 – фармакология, клиникалық фармакология мамандығы бойынша медицина ғылымының докторы атағына ізденуші ретінде диссертациялық жұмысы бекітілді, тақырыбы: «Жартылай-патогенді және патогенді микроорганизмдердің антибиотикке төзімділік жағдайы және антибактериальды дәрілік заттарды қолдану жүйесін жетілдіру», ғылыми кеңесшісі ҚР ҰҒА академигі, м.ғ.д., профессор И.Р.Күлмағамбетов.
Білім беру әрекетінің объектілеріне зияткерлік меншіктің 5 куәлігі, 90 аса басылымы, соның ішінде 20 оқу құралы және әдістемелік нұсқаулығы, монографиясы, клиникалық фармакология және ұтымды фармакотерапия бойынша оқулығы бар.
ҚММУ Этикалық комиссиясының мүшесі, Қарағанды облысы бойынша Облыстық денсаулық сақтау департаментінің облыстық формулярлы комиссия төрағасының орынбасары, ҚММУ клиникалық зерттеулерді бақылау бойынша комитетінің жетекшісі болып табылады.
Педагогикалық және кәсіби біліктілігін жоғарлату бойынша 86 сертификаты бар. «Клиникалық фармакология» мамандығы бойынша бірінші дәрігерлік категориясы бар.
Эл поштасы – S-Kalieva@kgmu.kz
• САҒАДАТОВА Торғын Кайролловна
Педагогикалық стажы – 13 жыл
Ғылыми қызығушылығы: емнің тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың әсерімен қолдану ұтымдылығын педиатриялық тәжірибиеде зерттеу.«Медициналық білім берудегі инновационды технологиялар», «Клиникалық фармакология және фармакотерапияның актуалды мәселелері», «Сәйкестік клиникалық тәжірибе» (GCP) циклдары бойынша біліктілігін жетілдіруден өтті, «Биомедицина статистика негіздері» мастер классында оқытылды.
АМЕНОВА Олеся Анварбековна
Педагогикалық стажы – 5 жыл
Ғылыми қызығушылығы: Анестезиологиялық-реанимациялық және хирургиялық тәжірибеде емдеудің тиімділігі және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында дәрілік заттардың әсері мен рационалды қолдануын оқып білу.«Клиникалық фармакология және фармакотерапияның актуалды мәселелері», «Сәйкестік клиникалық тәжірибе» (GCP) циклдары бойынша біліктілігін жетілдіруден өтті, «Биомедицина статистика негіздері» мастер классында, «Қаупі жоғары коморбидті науқасты жүргізу» семинарында оқудан өтті.
МИНАКОВА Наталья Андреевна
Педагогикалық стажы – 4 жыл
Ғылыми қызығушылығы: Анестезиологиялық-реанимациялық, хирургиялық және стоматологиялық тәжірибелерде емдеудің тиімділігі және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында дәрілік заттардың әсері мен рационалды қолдануын оқып білу.«Сәйкестік клиникалық тәжірибе» (GCP), «ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыру», «Клиникалық фармакология және фармакотерапияның актуалды мәселелері» циклдары бойынша біліктілігін жетілдіруден өтті, «Биомедицина статистика негіздері» мастер классында, «Қаупі жоғары коморбидті науқасты жүргізу» семинарында оқудан өтті.
ЖУНУСОВА Жеңіскүл Сардарбековна
Педагогикалық стажы – 3 жыл
Ғылыми қызығушылығы: Наркологиялық тәжірибеде емдеудің тиімділігі және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында дәрілік заттардың әсері мен рационалды қолдануын оқып білу. «Мәселеге бағдарланған оқытуды қолданып, оқу технологияларын жетілдеру» семинарынан оқудан, барлық мамандықтар үшін «Медициналық білім берудегі инновационды технологиялар» циклы бойынша, «Клиникалық фармакология және фармакотерапияның актуалды мәселелері» циклы бойынша біліктілігін жетілдіруден өтті.
««Жалпы дәрігерлік тәжірибесіндегі ұтымды фармакотерапия» элективті пәні бойынша 5В130100 «Жалпы медицина» мамандықтарына VI-VII курс жұмыс оқу бағдарламасы»» тақырыбына №1037 04.06.2014 жылдың объектісінен зияткерлік меншігіне куәлік тіркелген.
«Балалар психиатриясы (балалар наркологиясы)» мамандығы бойынша 1 дәрігерлік категориясы бар.
ТОНКАБАЕВА Бахытжан Елемесовна
Педагогикалық стажы – 2 жыл
Ғылыми қызығушылығы: Жалпы дәрігерлік тәжірибеде емдеудің тиімділігі және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында дәрілік заттардың әсері мен рационалды қолдануын оқып білу. «Сәйкестік клиникалық тәжірибе» (GCP)циклы бойынша біліктілігін жетілдіруден, «Дәлелді медицинаны оқу үрдісіне енгізу», «Қаупі жоғары коморбидті науқасты жүргізу» семинары бойынша оқудан, және де «Биомедицина статистика негіздері» мастер классынан өтті.
БЕГЕЙ Наталия Васильевна
Педагогикалық стажы – 1жыл
Ғылыми қызығушылығы: Акушерлік-гинекология тәжірибесінде емдеу қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету мақсатымен дәрілік заттарды ұтымды қолдану және әрекетін зерттеу. «Central European Symposium on Antimicrobials and Antimicrobial Resistance» конгрессіне қатысты, «Биомедицина статистика негіздері» мастер-классынан, «Оқу үрдісіне дәлелді медицинаны енгізу» семинарынан оқудан өтті.