Қорытынды бағалау:
10 ұпай – егер де бала минут ішінде теріс атап, себебін түсіндіре білген жағдайда қойылады.
8 – 9 ұпай – бала барлық теріс бейнелерді атайды, бірақ суреттің ғана шын мәнінде қандай болу керектігін түсіндіреді.
6 – 7 ұпай –бала барлық теріс бейнені көрсетеді, бірақ суреттің себебін түсіндіре алмайды.
4 – 5 ұпай – барлық бейненің теріс жақтарын көрсетеді, бейненің себебін түсіндіре алмайды.
2 – 3 ұпай - 4 -суреттің суреттің теріс салынғанын атайды, түсіндіре алмайды.
0 – 1 ұпай 4 – суретке дейін атайды себебін түсіндірмейді.
Ескерту: жаттығудағы орындау барысында және жоғары ұпай бір бөлімді толық орындаған балаға қойылады, яғни суреттің теріс салынғанын айтады, бірақ түсініре алмайды.
Даму деңгейінің көрсеткіші:
10 - ұпай өте жоғары деңгей;
8 – 9 ұпай жоғары;
4 – 7 ұпай орташа;
2 – 3 ұпай төмен;
0 –1 ұпай өте төмен.
Мектеп жасына дейінгі баланың жеке даралық даму диагностикасы
5 – әдістеме «Қорқыныш үрей диагностикасы»
Мақсаты: эмоциялық – эффектілік жан толқуы өзгерістерін анықтау. Зерттеу процедурасы: Баламен төменгі ретте сауалнама жүргіземіз.
Алғашқы сауал «сен қандай нәрседен қорқасың?» сұрағымен басталады.
Жалғыз қалудан қорқасың ба?
Аурудан?
Басқа балалардан?
Тәрбиешіден?
Жазылудан?
Мыстан кемпірден, жеті жалмауыз, шайтаннан?
Қараңғыдан?
Қасқырдан, аюдан, иттен, өрмекшіден?
Машинада, поездан, ұшақтан?
Тасқыннан, найзағайдан?
Биіктен?
Тар бөлмеден, дәретханадан?
Судан, өрттен, оттан?
Соғыстан?
Дәрігерлерден?
Қаннан?
Қатты дыбыстан?
Қорытынды бағалау:
Баланың жауабына сай не нәрседен қатты қорқатыны жөнінде қорытынды жасалады. Қорқыныштың жалпы саны неғұрлым көп болса, ол баланы «бақыланушы топқа» қосып, коррекциялық бағытта жұмыс жүргізуге даярлаймыз (психоневрологпен кеңес).
Қорқыныш түрлерін төмендегіше топтастырамыз:
Дәрігерлік қорқыныш (ауру, егу, дәрігер).
Көңіл – күйлік (қатты дыбыстар, транспорт,өрт, соғыс).
Ертегі кейіпкерлері мен жануарлар туғызатын қорқыныштар.
Қараңғылық пен түстен пайда болатын қорқыныш.
Әлеуметтік жай күйлік (адамдар, балалар, кешігу, жазалау, жалғыздық, биіктік су).
6 – әдістеме «Жақын адамның өзіне қарым-қатынасының деңгейі мен сипатын зерттеу».
Мақсаты: баланың жақын адамдармен қарым – қатынасын және өзінің оларға қарым – қатынасын бағалау.
Жабдықтар: ақ қағаз бетіне алты қатардан тұратын екі баспалдақ ер бала мен қыз баланың бейнесі салынады.
Зерттеу процедуралары: екі сериядан тұрады.
Бірінші серия: Баламен оның отбасы мүшелері туралы әңгімелесу. Балабақшдағы жолдастары туралы пікірлесу, одан әрі қарай зерттеуші балаға алты қатарлы баспалдақтағы бір суретті береді және оларды қатарларға орналастыруды ұсынылады. Жоғарғы қатарға жолдас бола алмайтын балаларды отырғызуға болады. Содан соң балаға жасына бөлінген сурет беріледі (ұл немесе қыздың бейнесі), бұл тапсырма бойынша ол баспалдақтан өз орнын анықтайды.
Екінші серия: сол балалар тексеруге қайта қатысады. Балада тәрбиешісі қалай орналастырса, мен де солай жасаймын деген пікір болады. Әрі қарай баладан ата – анаң сені қандай қатарға орналастырар еді, апасы ше, ағасы, әжесі, атасы, т.б. туған – туыстарының өзіне берер бағасын немесе орнын анықтайды. Ал егер тәрбиеші немесе басқа бір туысқаны оны төменгі қатарға орналастырса, оның себебін түсіндіруін ұсынамыз.
