Қорытынды бағалау:
10 ұпай – бала тапсырманы 25 сек. дейін орныдайды, оның ішінде, 7 суреттегі 7 кем детальды көре біледі.
8-9 ұпай – детальды іздеуге 26 сек. 30 сек.дейін аралық.
6 - 7 ұпай – детальды іздеуге 31 – 35 сек.дейінгі аралық.
4 – 5 ұпай – барлық детальды іздеуге 36 – 40 сек.дейінгі аралық
2 – 3 ұпай – барлық детальды іздеуге 41 – 45 сек.дейінгі аралық
0– 1 ұпай ‒ 45 сек.артық уақытта табады.
Қабылдаудың даму деңгейін анықтау:
10 ұпай – өте жоғары;
8 – 9 ұпай – жоғары;
4 – 7 ұпай – орташа;
2 – 3 ұпай – төмен;
Ұпайы өте төмен.
2 – әдістеме «Тыныс белгілерін қой»
Мақсаты: «Балалардың зейінін зерттеу, оның бөліну және шоғырлану қасиеттерін анықтау».
Көрнекілік: балаларға арнайы бланк беріледі, жоғары қатарда тыныс белгілері, ал төменгі қатарда тізбекпен салынған суреттер саны - 100, олар – төртбұрыш, үшбұрыш, ромб, дөңгелек, қарындаш, секундомер.
Зерттеу процедурасы: Тапсырманы орындамас бұрын, балаларға нұсқау беріледі, әрбір фигураның ішіне, үлгіде көрсетілген тыныс белгілерін қоямыз. Олар: сызықша, ұшақ, қосу, нүкте белгілері қойылады. Бала тапсырманы 2 минут ішінде орындайды, ал жалпы қорытынды, яғни зейіннің бөлінуі мен шоғырлануы екі минут ішінде қаралып, толтырылған фигуралар саны; жіберілген қателер, дұрыс толтырылмаған немесе мүлдем толтырылмаған фигура.
Қорытынды бағалау:
10 ұпай көрсеткіш – 1,00 жоғары, өте жоғары;
8 – 9 ұпай көрсеткіш – 0,75 және 1,00 аралығында – жоғары;
6 – 7 ұпай – s көрсеткіш – 0,50 – 0,75 аралығында орташа;
Ұпай s көрсеткіш – интервал 0,25 – 0,50 төмен;
0 – 3 ұпай s көрсеткіш – 0,00 – 0,25 өте төмен.
3- әдістеме « Фигураны ата»
Мақсаты: Баланың есте сақтауын бағалау
Көрнекілік: 10 қатардан тұратын сериялы сурет және секундомер.
Зерттеу процедурасы: Балаларға суреттер беріледі: 5 сурет берілген, олардың алғашқысы қою линиялы қатармен ерекшеленеді, кейінгі 4 сурет ішінен ұқсасын ата: осылайша 10 қатардағы тапсырма ретімен орындалады.
Тапсырманы орындауға 1,5 минут беріледі, егер де бала сол уақыт ішінде үлгермесе, оған аяғына дейін орындауға мүмкіндік береміз.
Қорытынды бағалау:
10 ұпай – бала тапсырманы 45 сек.жеткізбей орындайды.
8 – 9 ұпай – тапсырманы 45 -50 сек.аралығында орындалады.
6 – 7 ұпай – тапсырма 50 – 60сек.аралығында орындалады.
4 – 5 ұпай – тапсырманы 60 – 70 сек.аралығында орындалады.
2 – 3 ұпай 70 – 80 сек.аралығында орындалады.
0 – 1 ұпай 80 сек.жоғары аралықта орындалады.
Қорытынды бағалау:
10 ұпай–өте жоғары деңгей;
8 – 9 ұпай– жоғары;
4 – 7 ұпай – орташа;
2 – 3 ұпай – төмен;
0 –1 ұпай –өте төмен.
4 – әдістеме «Кері бейнеулер»
Мақсаты: Қоршаған ортадағы құбылыстар мен нәрселер арасындағы байланыстар, олар жөніндегі қарапайым түсініктерді елестету, бейнелеу, логикалық байланыстыра білуді бағалау: жан - жануарлар, олардың тіршілік етуі, табиғат т.б.туралы түсініктерін логикалық байланыспен жеткізе білуі.
Көрнекілік: суреттер, секундомер (суреттегі бейнелер кері бейнеленген түрде беріледі).
Зерттеу белгілері: балаға, алдымен, кері бейнелі суретті көрсетеміз. Мұқият қара, сурет дұрыс салынған ба? Немесе орны өзгерген нәрселер бар ма? Егер теріс бейнелі сурет болса, атап, себебін түсіндіріңіз және сол бейнелі суреттің «дұрыс орнын немесе белгісін көрсетіп беріңіз». Нұсқау бойынша орындау екі бөлімнен тұрады. 1 – теріс суреттерді бала атап көрсетеді, 2 – шын мәнінде бейне қалай берілетінін түсіндіреді.
Бала сол уақыт ішінде неғұрлым көбірек кері бейнелерді көрсетіп дұрыстығын атауға тырысу керек.
