
- •1.1. Жалақының түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері.
- •1.2 Қазақстан Республикасындағы еңбекақыны ұйымдастыру, одан ұсталынатын төлемдер мен шегерімдер
- •1.3 Еңбекақыны ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі
- •2.1 «Бұлақ-Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жалпы сипаттамасы
- •2.2 Қаржылық шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін талдау
- •2.3 Еңбекақы бойынша есебін талдау
2.2 Қаржылық шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін талдау
«Бұлақ – Астық» ЖШС-ы кірісі жылдық жұмыстың қорытындысы бойынша анықталады. «Бұлақ - Астық» ЖШС - ы кірісі материалдық және оларға теңестірілген шығындарды және еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығындарды өтегеннен кейін шаруашылық қызмет нәтижесінен алынған кірістер есебінен қорланады. «Бұлақ - Астық» ЖШС - ның баланстық кірісінен барлық заңды тағайындалған міндетті салықтар мен төлемдер төленеді. Көрсетілген есеп айырысқаннан кейін қордаланған таза кіріс «Бұлақ - Астық» ЖШС - ның иелігінде қалады және «Бұлақ - Астық» ЖШС - ның жарғылық капиталындағы олардың салымдарына сәйкес қатысушылармен түгелімен алуға болады.
Жұмысшылардың «Бұлақ - Астық» ЖШС - ымен еңбек қатынастары ҚР еңбек туралы заңымен реттеледі. «Бұлақ - Астық» ЖШС - ы еңбекақы төлеу жүйесі мен түрін өзі анықтайды, еңбекақы мен оның мөлшерін еңбек келісім шартында қарастырады, онда сәйкес біліктіліктегі мамандар мен жұмысшыларға мемлекеттік тариф ең аз жалақы ретінде кепілділік береді. Әр жұмысшының еңбектегі пайдасы жұмыстың соңғы нәтижесін есепке алған жеке еңбегін анықталады, үлкен көлеммен шектелмейді және ҚР заңына сәйкес салық салынады. «Бұлақ - Астық» ЖШС - ның факты бойынша жұмысшылар саны 124 адам. Орташа айлық еңбекақы 22641 млн теңге. «Бұлақ - Астық» ЖШС - ы әр жұмысшысымен еңбек шарты жасалады, онда жұмысшы мен «Бұлақ - Астық» ЖШС - ның барлық құқықтары мен міндеттері хабардар етіледі.
Қаржылық есеп берудің элементтеріне баланстағы қаржылық жағдайды бағалаумен байланысты – активтер, міндеттемелер мен капитал кіруі. Ал «Бұлақ - Астық» ЖШС - ның қызмет нәтижесін бағалаудағы негізгі элементтер пайда және залал, - табыс пен шығын жөніндегі есептерде көрсетіледі.
«Бұлақ-Астық» ЖШС-ның 2008 жылды 2007 жылмен салыстырғанда өнімді өткізуден түскен табыс 133,1 пайызға ұлғайды, оның себебі соңғы жылғы бидай бағасының күрт жоғарылап кетуіне байланысты «Бұлақ - Астық» ЖШС - ы өнімін жоғары бағаға өткізді. Өнімнің өзіндік құнын соңғы есептік жылды салыстыра отырып 131 пайызға артқанын көріп отырмыз, оның себебі тыңайтқыштардың, материалдық құндылықтардың, жанар – жағармайдың және басқа да қызмет түрлерінің бағасының өсуіне байланысты. 2008 жылмен 2007 жылды салыстырғанда жалпы табыс 297,6 пайызға артты. Еңбекақы қоры 2008 жылмен 2007 жылды салыстырғанды 164,0 пайызға өсіп отырғанын көреміз.
2008 жылмен 2007 жылды салыстырғанда кезең шығындары 86,4 пайызға өсіп отырғанын көреміз. Жалпы және әкімшілік шығындары 2008 жылмен 2007 жылды салыстырғанда 141,5 пайызға артты. Өнімді өткізу шығындары соңғы есептік жылды салыстыра отырып 327,2. 2008 жылмен 2007 жылды салыстырғанда пайызға көбейген. 2008 жылмен 2007 жылды салыстырғанда айналым активтері 252,5 пайызға артқан.
Аталмыш бөлімше бойынша есепті ұйымдастырудың кемшілігі – шығындарды толық емес есептеу. Оның шығындарына негізгі қорлардың амортизациясы, сақтандыру төлемдері кірмейді. Қырманның негізгі қорлары бойынша амортизациялық төлемдердің бір бөлігі 8010 – шотының «Өсімдік шаруашылығының жалпы өндірістік шығындары» деген 1-аралық шотында есептеледі.
«Бұлақ-Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қырман бойынша шығындар 8010 – шотының «Өсімдік шаруашылығы» аралық шоты бойынша жекелеген талдамалы шотында есептеледі.
Аталмыш шоттарда астық қырманы бойынша 560 мың теңге астық қырманы бойынша шығындардың жалпы сомасы 2757 мың теңгені құраған. «Бұлақ-Астық» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінде қырманның негізгі қорлары 2008 жылы 600 мың теңгені құрады. Бөлімшелерде астықты қабылдау мен орналастыруға арналған асфальтталған алаңдар, тұқымдық және жемдік дәнді сақтауға арналған қоймалар бар. Шаруашылық иелігінде күрделі дән тазалағыш нәтижесінде сппалы түрде тазартылған және кептірілген дәнді алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қырмандарда тұқымдық өнімдердің сапасын анықтауға арналған құрал – жабдығы бар зерттханалар, таразылармен, телефондық байланыстармен жабдықталған ғимараттар бар.
Көптеген шаруашылықтарда жыл бойында қырмандарда белгілі бір жұмысшылар жұмыс істейді. Мысалы, «Бұлақ-Астық» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінде агроном, қырман мен қойма меңгерушісі, зертханашы, он жұмысшы, тракторист − машинист квалификациясын меңгерген үш слесарь, күзетші жұмыс істейді. Егін егу мен астық жинау кезінде қосымша жұмысшылар алынады. Науқан кезеңінде 100-ге жуық адамдар жұмыс істейді. Нақты белгіленген операцияларды орындау үшін пайдаланылатын еңбек құралдарының мұндай шоғырлануы − олардың қолданылуы тиімділігін анықтауды талап етеді. Шаруашылықтардың біртұтас орталықтандырылған астық қырманы болған жағдайда − оның шығындарының оқшаулануы, бөлімшелерге қызмет көрсету шаруашылық есеп қағидаларын енгізу өте дұрыс іс болып саналады. Әдістемелік көзқарас тұрғысынан алғанда, шығындардың мұндай топтамасы − шығындардың түрлері мен мазмұны бойынша олардың біріңғайлығын, қолданылатын техника көрсеткіштері мен шығындардың жақсы сәйкестілігін қамтамасыз етеді, технологияға сәйкес шығындарды дұрыс пайдалану үшін жағдай жасайды.
Түрлері мен мазмұны бойынша олардың біртектілігін, қолданылатын техника көрсеткіштері мен шығындардың сәйкестілігін қамтамасыз етеді. Технологияға сәйкес шығындарды дұрыс пайдалану үшін жағдай жасайды. Тәжірибе жүзінде қырманның өз ұжымы тарапынан, тазалау сапасына дұрыс бақылау жүргізілуі − тұқымды күрделі машиналар арқылы қайта өткізуге және дәннің зақымдануына жол бермеуге септігін тигізеді. Осылайша, кәсіпорынның өндірістік − қаржылық қызметінде қырманның мәнін, астық қырманы шаруашылықтарын ұйымдастыру және оларды техникалық жабдықтау ерекшеліктерін ескере отыырып, бидай шаруашылықтарында аталмыш бөлімшені, яғни астық қырманын дербес шаруашылық есеп бөлімшесі ретінде бөліп шығару тиімді іс болып табылады. Экономикалық тұрғыдан алғанда, астық қырманын шаруашылық есепке өткізу мыналардың жүзеге асуын қажетсінеді: өндірістік тапсырманы аяқтау, бөлек есепті қамтамасыз ету және осы бөлімшенің өз қызметі нәтижелерінде жауапты болуын белгілеу. Бұл жоспарлау және шығындарды есептеу, қызметтерді есептеп шығару ісіне қатысты белгілі бір әдістемелік тәсілді жасауды талап етеді.
Қырман бойынша шығындарды жоспарлау және есептеу үшін шығын баптарының төмендегі топтамасын қолдану керек: Материалдық шығындар; Еңбекақы шығындары; Еңбекақыдан аударымдар; Жұмыстар мен қызметтер; Негізгі қорларды сақтау шығындары; Үстеме шығындар; Басқа да шығындар.
«Материалдық шығындар» бабында қырманға келіп түскен астық көлемінің шығыны жазылатын.
«Еңбекақы шығындары» бабына қырман жұмысшыларының, ағымдық желі машинистерінің, сонымен бірге жұмысқа таратылған және жалданған тұлғалардың еңбекақысы жатқызылады.
«Еңбекақыдан аударымдар» бабы әлеуметтік қажеттілікке аударылатын төлемдердің құнын көруге мүмкіндік береді.
«Жұмыстар мен қызметтер» бабы бойынша әр кәсіпорынның көмекші өндірістің қызметтері жұмыстары, сонымен бірге сыртта орналасқан ұйымдардың көрсететін қызметтері есепке алынады. Оларға жататындар: жүктік автомабиль транспорттарының, жөндеу шеберханаларының, электрмен, сумен, газбен және жылумен жабдықтау қызметтері.
«Негізгі қорларды сақтау шығындарына» негізгі қорларға қызмет көрсетумен және іске қосумен байланысқан шығындар, олардың амортизациясы және жөндеуге қажетті төлемдер кіреді. Астық қырманның негізгі құралдарына мыналар жатады: дән тазалағыш дән кептіргіш қоймалары, дән сапасын анықтау зертханасының құрал − жабдықтары, таразылар және т.б.
Негізгі қорларға қызмет көрсетумен және оларды іске қосумен байланысқан шығындар құрамына төмендегілер есепке алынады: отын және жанар − жағармай шығындары, электр энергиясының құны.
«Басқа да шығындар» бабына алдыңғы баптарда ескерілмеген басқа да шығындар, қырманды қоршау бойынша шығындар, жаңа өндірістік қуаттарды игерумен байланысқан жұмыс шығындары.
Жинап алынған астық өнімін сақтауға салуға дейін ақырғы рет өңдеу − өсімдік шаруашылығындағы технологиялық процестің жалғасы болып табылады. Дақылдар бойынша, дақылдар тобы бойынша ашылған бірінші бөлімшеде дақылдарды өсіру, дәнді дақылдарды жинау және астықты астық қырманы шаруашылықтарына жеткізумен байланысқан шығындар есепке алынады. Екінші бөлімшеде − дәндерді сұрыптау мен кептіру, оны өткізу дайындау істерімен байланысқан шығындар сонымен бірге астық өнімдерін сақтауға қою шығындарын да көрсетуге болады.
Қазіргі құрғақ климат әсерінен астық жинау мерзімі де өзгереді. Сонымен қатар, жинау мерзімінің өзгеруі қысқы дақылдарды егудің кең тарауымен байланысқан. Сақтау мерзімінің ұзақтығы жинап алынған астықтың салмағына байланысты болады. Қырманды тазалау, жылдың климаттық жағдайларына және астықтың жалпы жиналу көлеміне байланысты қазан − өараша айларында жүргізіледі. Осыған байланысты төмендегі көрсеткіштерді қолдануды ұсынамыз:
− тұқымдарды сақтау бойынша − егін кезінде бригадалардың, звенолардың қолданған тұқымдарының көлемі.
− қырманға жиналатын астықтың егістік ауданы;
− астықты өңдеу, тазалау және кептіру бойынша бөлімшелерден қабылданған астықтың салмағы.
Шаруашылық есеп бірлігі ретінде астық қырманы шығындары және қызметтері үшін жауапты болуы тиіс. Сондықтан, есептеулер кезінде жоспарлық − есептік бағалар қолданылуы мұмкін. Астық қырманы шаруашылығын пайдалану бойынша шығындар сомасын алдынғы 2-3 жылдағы орташа жжүзіндегі шығындар немесе технологиялық карта негізіндек белгілеуге болады. Қырман қызметінің жоспарлы – есептік бағасын анықтауда «Бұлақ – Астық» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің зерттеу барысында нақты шығындар алынды.
Ағымдағы активтердің пайдалану тиімділігінің төмендегенін оларды бекіту коэффициенті де дәлелдейді. Егер 2006 жылы өнім бірлігінде ағымдағы активтердің 1,51 теңгесі келсе, сеп беру жылында 0,14 тиынға ұлғайып отыр. «Бұлақ - Астық» ЖШС - ның мәліметтері бойынша айналымға қосымша жұмылдырылған қаражат мөлшері ұлғайып отыр.
«Бұлақ - Астық» ЖШС - ның бір айналымының 287 күнге баяулауы айналымға 881511мың теңге қосымша қаражат жұмылдыруды қажет етті. Ал есеп беру жылында ағымдағы активтердің айналымдылығы 0,60 рет құрады.
Қаржылық есеп беруде активтердің қалыптасу көздерінің құрылымын зерттей отырып, мынадай кесте құрамыз. «Бұлақ – Астық» ЖШС-ның есеп беру жылындағы барлық меншікті капиталды 2008 жылды 2007 жылмен салыстыра қарағанымызда резервтік капитал 99,9 пайызын құрады, ал жарғы капитал 0,1 пайызын құрады. Қарыздық капиталдың меншікті капиталға қатынасыны соңғы екі жылда да 9,9 құрады.
«Бұлақ - Астық» ЖШС - ның ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымы
Кесте-2.6
Көрсеткіштер |
2006 жыл |
2007 жыл |
2008 жыл |
Құрылымының өзгеруі(6 гр-4 гр) |
||||
мың теңге |
% |
мың теңге |
% |
мың теңге |
% |
+;- |
% |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Ағымдық активтер |
556871 |
100 |
569613 |
100 |
1438382 |
100 |
868,8 |
252,5 |
Оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
|
|
Тауарлы-материалдық қорлар |
438241 |
78,7 |
60129 |
10,55 |
495576 |
34,5 |
435,4 |
824,2
|
Дебиторлық борыш |
3992 |
0,7 |
484562 |
85,1 |
898832 |
62,3 |
414,2 |
185,5 |
Ақша қаражаттары мен қысқа мрзімді қаржылық салымдар |
18937 |
3,4
|
262
|
0,05
|
7260
|
0,1
|
6998,0
|
2770,1
|
Басқа да ағымдық активтер |
95771 |
17,2 |
24660 |
4,3 |
31514 |
2,2 |
6854,0 |
127,8 |
Кестедегі статистикалық мәліметтерді талдай отырып, ағымдық активтердің қайсысы мобильді екенін анықтаймыз. Ең мобильді активтер тауарлы-материалдық қорлар. Олар 435,4 мың теңгеге немесе 824,2 пайызға ұлғайған. Ағымдық активтердің ең мобильді бөлігінің олардың құнына қатынасы арқылы анықталатын тауарлы-материалдық қорлардың мобильділік коэффициенті 8,7 есеге азайған және ола 17,3 пайызды құрайды. Бұл коэффициент ағымдағы міндеттемелерді және де басқа да міндетті төлемдерді уақытылы жүргізуге мүмкіндік береді. Есепті жылы дебиторлық борыш та едәуір өскендігін, яғни 414,2 мың теңге немесе 185,5 пайызға өскен. Ал ағымдық активтер үлсінде де 15,6 пайызға ұлғайған. Дебиторлық борыш мұнша көп өскенін анықтап, оның ішінде күмәнді деген қарыздарды талдау қажет.
Есепті жылы барлық ағымдық активтердің ішінде ең көп үлесті ақша қаражаттары (2770,1) алса, сәйкесінше 414,2 және 185,5 % дебеторлық борыштар, қорлар мен қысқа мерзімді қаржылық салымдар үлесіне тиеді. Көбіне «Бұлақ - Астық» ЖШС - ның өтелмеген дебиторлық борыштар айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалануына әкеліп соғады.