Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+Programma_praktiki_ISkaz2014 (1).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
576.51 Кб
Скачать

2.3Өндірістік тәжірибенің мерзімі

«АЖ» мамандығы бойынша оқитын II курс студенті тәжірибені 5 апта аралығында өтеді. Өндірістік тәжірибенің басталуы мен аяқталу күні жұмыс жоспары мен университеттің бекітілген бұйрығы арқылы жүзеге асады.

Тәжірибе кезеңіне жобамен бөлінген уақыт

р/б

Жүзеге асырылатын жұмыстар тізімі

Күндер саны

1

Мекеменің мақсатымен, негізгі функцияларымен және ұйымдастырушылық құрылымымен танысу

2

2

Тәжірибе объектісіндегі қолданыстағы деректерді өңдеу жүйесімен танысу

2

3

Жорамалдау әдістерін қолдану

4

4

Ұйымдағы жинаудың техникалық құралдарын, деректерді өңдеу мен алмасуын меңгеру

1

5

Жаңа бағдарламалық құралдарды қарастыру және оларды АЖ құрауға қолдану

2

6

АЖ қолданатын тапсырмалардың экономико-математикалық модельдерін меңгеру.

2

7

Шешілетін тапсырмалардың алгоритмдерін жобалау және АЖ-дегі деректерді өңдеу технологиясын сипаттау

4

8

Бағдарламалау таңдау тілін түсіндіру

4

9

АЖ эргономикалық, құқықтық, кадрлық қамтамасыздандыруын суреттеу

2

10

АЖ кемшіліктерді анықтап, оларды жақсартудың амалын тауып суреттеу

2

Барлығы

25

2.4 Студенттің міндеттері

- Тәжірибе өтіп жатқан жерге дер кезінде келіп, тәжірибені белгіленген уақытында бастау.

- Мекемедегі тәжірибе жетекшісіне келіп бірге тәжірибе жоспарын құру. (Қосымша 10);

- Кәсіпорынның қолданысындағы ішкі ережелерге бағыну;

- Еңбек қорғау мен техникалық қауіпсіздік ережесін меңгеру мен қатаң орындау;

- Құрастырылған жұмыс бағдарламасын қатаң қадағалап, өз мамандығына байланысты дағдыларды үйреніп бойына сіңіру;

- Күнделікті тағайындалған формада толтырып, қысқаша жазбаша жасап аптаның аяғында жетекшіге қол қойғызу керек;

- АЖ және технологияның қолданылуын және болашақтағы дамуын меңгеріп, суреттеу;

- Өз жұмысын жоғары жауапкершілікпен орындап, жұмыс нәтижесін штаттық жұмыскерлермен теңестіру;

- Тағайындалған тәртіпке байланысты күнделік толтыру және тәжірибе соңында оны кафедраға тапсыру, сонымен қатар АЕЖ жазбаша түрде есеп тапсыру (Қосымша 10);

- Мәліметтерді жинақтау және оларды жүйелендіру;

- Ұйымның қоғамдық өміріне белсене қатысу;

- Ішкі тәртіп ережелерін бұзған студентке кәсіпорын басқармасынан сөгіс жариялануы мүмкін және ол университетке жария болады.

2.5 Тәжірибе жетекшісінің міндеттері

Тәжірибенің жалпы оқу-әдістемелік басшылығын және тәжірибенің тиісті дәрежесі мен оның орындалуын АЕЖ кафедрасы жүзеге асырылады.

АЕЖ кафедрасының басшылығы міндетті:

  • тәжірибе басталмай тұрып тәжірибеленушілерге дайындық ұйымдастыру;

  • тәжірибе базаларын өту барысында оның ұйымдастырушылығын тексеру;

  • бағдарлама тәжірибесі мен күнтізбелік-тақырыптық жоспармен сәйкес студент жұмысының сапасын, көлемін тәжірибенің бағдарламасыны сәйкес қадағалау;

  • студентке жеке тапсырмасы және тәжірибелік есеп бойынша кеңес беру;

  • студент ішкі тәртіпті бұзған жағдайда университет ректорына хабарлап тәжірибеден босатылуын ұсыну;

  • тәжірибеленушілердің есептерін қадағалау;

  • студент жұмысы жайлы сипаттауын беру;

  • тәжірибе жайлы есеп қабылдайтын комиссияның құрамында болып өндірістік тәжірибенің нәтижесі жайында конференцияға қатысу.

Кәсіпорындағы тәжірибе жетекшісі міндетті:

-екі жақты бекітілген келісім шарт негізінде жоғарғы және ЖОО-нан кейінгі ұйым қызметінің типтік ережелерімен сәйкес студенттердің тәжірибесін ұйымдастырып өткізу;

-бағдарламаға байланысты студентке тәжірибе орнымен және тәжірибенің тиімді өтуін қамтамасыз ету;

-тәжірибе бағдарламасын меңгеру;

-студенттердің индивидуалдық күнтізбе-тақырыптылық жоспарымен көмектесу;

-студентті ішкі тәртіп ережесі, қолданылатын құжаттармен, нұсқамалармен және басқа да материалдармен таныстыру;

-кеңес беру күндері мен сағаттарын бекіту;

-студентке кәсіпорынды толықтай таныстыруды ұйымдастыру және өз жұмысын тиянақты орындауға және өз мамандығы бойынша білім алуға тиісті жағдайлар жасау;

-ДЭЕМ жұмыс кезінде міндетті түрде еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасы жайлы нұсқаулар өткізу және оны құжаттарды рәсімдеуде де және керек жағдайда жұмыс жүзінде де қолдану;

-тәжірибенің бағдарламасына сәйкес жұмыстың орындалу сапасы мен уақытын қадағалау;

-күнделіктің толтырылуын қадағалау;

-студенттерге компьютерді, әдебиетті және техниканы қолдануға мүмкіндік беру;

-курстық жұмыстарға мәлімет жинауға көмек көрсету;

-ішкі тәртіпті бұзған студентке сөгіс жариялап, оны ректорға немесе АЕЖ кафедрасына хабарлау;

-тәжірибе өтіп жатқан студенттермен болған келеңсіз жағдайларға толық жауапты;

-тәжірибенің сапасы мен жағдайына толық жауапты;

-тәжірибеленушілердің есептерінің дайындылығын қадағалап және оларға кәсіпқойлы мінездеме береді.

Тәжірибе жетекшісі жұмыс орнындағы студенттердің жұмысын және олардың жұмыс тәртібін, күнделік толтырылуын қадағалап, тәжірибелік дағдыларды иемденуге көмектеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]