Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+Programma_praktiki_ISkaz2014 (1).doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
576.51 Кб
Скачать

1. І курс студенттері үшін оқу тәжірибесінің бағдарламасы

Студенттердің оқу тәжірибесі – ақпараттық жүйелер аумағында жоғары білікті мамандарды дайындауда ең маңызды кезең.

Мамандық бойынша дағдылар мен алғашқы кәсіби білімдерді алу үшін оқу тәжірибесі қолданылады.

    1. Тәжірибе мақсаты және тапсырмасы

Тәжірибе мақсаты – маманды кәсіби жүйеге сай дайындаудың жаттығу жұмыстарын енгізу, өткен пәндер бойынша жалпы теориялық бiлiмдердi пысықтап бекiту және жаттығу дағдыларын алу.

Есептеуіш тәжірибенің негізгі тапсырмасы болып:

- «Информатика», «Алгоритмдер, бағдарламалау мәліметтерінің құрылымы», «АЖ негіздері» курстары бойынша оқу үрдісінде алынған теориялық білімдерін бекіту;

- есеп беруде және ақпаратты сақтауда, талдауда, жинауда тәжірибелік дағдыларды алу;

- қолданбалы бағдарламалауда қазіргі бағдарламалау дестелерін (пакеттерін) зерттеу;

- дерекқордың басқару жүйелерімен жұмысты қабылдауларын игеру;

- Бағдарламалау негіздерімен танысу;

- жаhандық компьютер желiлерiндегi ақпаратты iздестiрудiң әдiстемелiгi.

Берілген оқу тәжірибесін өту нәтижесінде оқушы келесі жалпы және кәсіби құзыреттерді игеру керек:

- ойлау мәдениетімен иелену, талдап қорытуға, талдауға, ақпаратты қабылдауға, мақсатты қоюға және оған жету жолдарын таңдау, логикалық дұрысты білу қабілеттілігі, дәлелденген ауызша және жазбаша сөзді анық құру;

- әлеуметті мәнді мәселелер мен үрдістерді ғылыми талдау қабілеттілігі, тәжірибеде кәсіби және әлеуметтік қызметінің түрлеріндегі гуманитарлық, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық ғылымдардың әдістерін пайдалана білу.

- ақпараттық жүйелер мен технологиялар аймағында тәжірибелік тапсырмаларды шешу үшін дайындалу;

- кәсіби қызметте ғылыми пәндердің негізгі заңдарын пайдалану дайындығы, теориялық және эксперименталды зерттеу, математикалық талдау мен модельдеу тәсілдерін қолдану.

Студенттің міндеті:

- алгоритмдер мен бағдарламалардың өңделуін жүргізу;

- қарапайым реляциялы деректер базасының өңделуін жүргізу;

- бағдарламалық қамтамасыздандырудың жобалануын жүргізу;

- бағдарлама мәтіні мен конструкциясын өңдеу;

- бағдарламалаудың түрлі орталарының көмегімен алынған бағдарламаларға талдау жүргізу.

Студент тәжірибелік дағдыларға иеленуі тиіс:

  • алгоритмдер мен бағдарламаларды өңдеу;

  • есептеуіш және бағдарламалық құжаттамаларды өңдеу және рәсімдеу.

    1. Есептеуiш тәжiрибенiң объектiлерi

Есептеуiш тәжiрибенi өтудiң объектiсi кафедраның зертханасы болып табылады.

Студент мамандығына қатысы жоқ және тәжiрибенiң бағдарламасымен ескерiлмеген жұмыс орнында тәжірибені қолдануына рұқсат етiлмейдi.

    1. Есептеуіш тәжірибенің ұзақтылығы

5В070300 «Ақпараттық жүйелер» мамандығының І курс студенттері 1 апта ағымында тәжірибені өтеді. Тәжірибенің басталу және аяқталу күні жұмыс оқу жоспарына сәйкес университет бұйрығымен бекітіледі.

Шамамен тәжiрибенiң мерзіміне байланысты уақытты реттеу

р/б

Істелетін жұмыс мазмұны

Уақыт саны

1

Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық

1

2

Жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыру

3

3

3.1.

3.2.

3.3

Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудiң

көмегi бар нақты есептерін әзiрлеуі және орындауы:

Word мәтіндік редакторының мүмкіндіктерін игеру

Excel электронды кесте көмегімен есептер

«Access» ДББЖ-да жұмыс

9

2

3

4

4

Turbo Pascal бағдарламалау негіздері

15

4.1.

Turbo Pascal 7.0. ортасымен танысу

1

4.2.

Тіл алфавиті. Деректер типі. Константалар, айнымалылар. . Айқындаулар мен операциялар.

1

4.3.

Бағдарламаларды жазу негіздері. Сызықтық алгоритмдік ік конструкция.

2

4.4.

Шартты алгоритмдік конструкция.

2

4.5.

Циклдар

2

4.6.

Массивтер

2

4.7.

4.8.

4.9

Жолдармен жұмыс

Ішкі бағдарламалар мен функциялар

Графикалық мүмкіндіктер

2

2

1

5.

Internet желісінде жұмыс

2

Барлығы

30

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]