Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Поликомплекстердің беріктілігіне органикалық ер...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
142 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Химия және химиялық технология факультеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Поликомплекстердің беріктілігіне органикалық еріткіш қоспасының әсері

Орындаған:Бектұрсынова А.М. ОЗХТ, магистратура, 1 курс

Тексерген: Уркимбаева П.И.

х. ғ. к., доцент

Алматы, 2014

ЖОСПАР

І КІРІСПЕ

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Поликомплекстер туралы түсінік

2.2 Органикалық еріткіш қоспасының поликомплекс беріктілігіне əсері

2.3 ИПК-ның түрлі жүйедегі түзілуі

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

IV пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Поликомплекстер топырақтың сулы эрозиясымен күресуде тиімді құрал және дисперстік жүйелердің құрылым түзушісі ретінде, сонымен қатар медицинада полимерлі биоүйлесімді материал, биологияда фермент тасымалдаушы болып қолданылады. Сонымен қатар поликомплекстер полиокстың практикалық қолданылуында перспективті болып саналады. Қазіргі кезде медицинада инплантанттар ретінде, агротехникада, суспензия бөлуде кең қолданыс табады. Мәселен поликомплекстерден жасалатын мембраналар физика-механикалық қасиеттерге иеленіп, гемодиализ әдісінде, қанның оксигенациясында жақсы қолданылады. Оның себебі полиэлектролитті комплекстерден алынған мембраналардың табиғи биологиялық мембраналарға ұқсас болуы. [4]

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Поликомплекстер туралы түсінік

Поликомплекстер (полимер-полимерлі комплекстер, интерполимерлі комплекстер) комплиментарлы макромолекулалардан тұратын тізбектерді құрайтын тұрақты макромолекулалық қосылыстар. Қасиеті бастапқы құраушы полимердің қасиетінен сапалырақ. Осылай суда еритін полимерлерден реакциялық ортада ерімейтін поликомплекстер түзіледі.

Поликомплекстерді комплементарлы макромолекулалар ерітінділерін араластыру және матрицалық синтез арқылы алады. Химиялық комплементарлы торлы және сызықты макромолекула арқылы түзілген поликомплекстер де белгілі. Бұндай поликомплекстер матрицалық синтез арқылы, сонымен қатар сызықты макромолекуланың алдын ала синтезделген торлы полимерлерге химиялық белсенді тасымалдану арқылы да алынуы мүмкін. Поликомплекстердің химиялық комплементарлы макромолекулалардан түзілу схемасы:

1-сурет. а және б – реттелген және реттелмеген құрылымы. Мысалы, егер А= COOH және B = OH болса, онда A және B тізбектерінің арасында сутектік байланыстар түзіледі, ал егер A = COO- және B = NR+3 болса – иондық.[5]

Поликомплекстер сыртқы ортаның әрбір өзгерісінің аралығында түзіліп және бұзылып жатады: температура, еріткіш құрамы, рН, еріткіштің иондық күші, яғни көптеген параметрлер әсер етеді. Сыртқы ортаның өзгерісі тепе-теңдіктің ығысуымен бірге жүреді де, а мен б құрылымының арақатынасы өзгереді. Макромолекулалар арасындағы біртұтас әрекеттесудің арқасында поликомплекстер комплементарлы тізбектегі бөлек буындар әрекеттесуінің еркін энергиясы аз болған жағдайда да тұрақты қосылыстар болып қала береді. Реагенттердің полимерлену дәрежесінің белгілі жоғары мәнінде ғана тұрақты поликомплекстер түзіледі. Полимерлену дәрежесі макромолекула табиғатына байланысты бірнеше мономерлік буыннан жүздегенге жетуі мүмкін.[3]

Поликомплекстер химиялық модификацияға ұшырауы мүмкін, мысалы сутектік не иондық байланыстардың бөлігін коваленттіге айналдыру арқылы тігу. Бұл кезде поликомплекстердің қасиеттері біршама өзгереді, бұзғыш әсерлерге тұрақтылығы өседі, ісінгіштігі мен ерігіштігі өзгереді, алмасу реакцияларына қабілеті жоғалады. Поликомплекстерге ДНҚ комплексі, ДНҚ мен ақуыз-гистондар, синтетикалық сызықты полиэлектролиттердің ақуыздармен не БАЗ-мен комплексі жатады. [6]