
- •Мониторинг жүйесінің мақсаттары
- •Мониторинг объектілері
- •3. Мониторингтік жұмыстарды ұйымдастырудың жалпы принциптері
- •3.1. Мониторинг жүргізу әдістемелері
- •3.2. Далалық қадағалау деректерін тіркеу
- •3.3. Есеп жұмыстарын жүргізу. Қажетті аспаптар мен жабдықтар.
- •3.4. Деректерді камералық өңдеу және жүйелеу Алынған деректерді талдау, мониторинг нәтижелері
- •4. Сүтқоректілер мен құстардың мониторингілік түрлерін есепке алу әдістемелері
- •4.1. Сүтқоректілер
- •4.2. Құстар
- •5. Өсімдіктер мониторингі
- •5.1. Өсімдік жамылғысы мониторинг ұғымының анықтамасы
- •5.2. Мониторингтік бақылауларды ұйымдастыру
- •5.3. Өсімдіктер толық мониторингі
- •5.4. Қоршаған ортаны қорғау, табиғат пайдалануды басқару және осы салада мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыратын арнайы уәкiлетті органдардың тiзбесiн және олардың қызметiн ұйымдастыру
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Арнайы уәкiлеттi органдардың өзара ic-қимыл жасау және қызметiн үйлестiру тәртiбi
- •3. Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыру кезiнде арнайы уәкiлеттi органдардың қызметiн ажырату тәртiбi
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
4.2. Құстар
Сүтқоректілер сияқты құстар түрлерінің жалпы тізіміне дала аймағының экожүйелерін мониторинг үшін суда жүзетін және су маңында жүретін құстардың 10 түрі, 5 түрлі жыртқыш құстар және жерде жүретін құстардың 7 түрі кіреді. Аталғандар ұсынымдар үшін анағұрлым көрсеткіштік, типтік дала және танымал құстардың 5 түрі ерекшеленген: дала ителгісі, тырна, дуадақ, безгелдек және ақсұңқар.
Аңшылық шаруашылығында сондай-ақ түз аң-құсы, суда жүзетін және басқа аңшылық түрлерінің есебі міндетті, сондықтан төменде жалпы осы топтардың есебін жүргізу үшін жалпы ұсынымдар берілген.
Суда жүзетін және су маңындағы құстар мониторингі.
Қадағалау кезеңдері және тіркелетін деректері.
Бақыланатын суда жүзетін түрлерінің жай-күйін бағалау үшін сандық, ал бірқатар түрлері үшін олардың биологиялық циклін – жергілікті қауымдастың көктемгі ұшып кету және ұшып келу, көбею, жазғы түлеу және көшу кезеңінің негізгі сатыларын қадағалауды қамти отырып, сапалық мониторинг жүргізу көзделген. Жобаланған аумақта көктемгі көшудің басталуы наурыз айының бірінші жартысына, ұя салу кезеңі – сәуір айының екінші жартысына, түлеуі – шілде – тамызға және күзгі көшу – қыркүйек-қазанға тұспа-тұс келеді. Алайда осы кезеңдер арасында айқын уақытша шекара жоқтығын есте сақтаған жөн, әдетте мерзімі бойынша алдыңғылары кейінгісіне «салынады».
Аталған кезеңдердің әрқайсысында екі негізгі индикаторлық көрсеткіш бойынша – тіршілік иелерінің саны мен сипаты, олардың есеп алаңдарына келуі – ақпарат жинау қажет. Ұя салу кезінде осы көрсеткіштерге қосымша некелік жұптар, жұмыртқалары немесе балапандары бар ұялар, онан соң ұяларын қалдырғаннан кейінгі барлық ересек және жас құстар тіркеледі. Әдетте су бетіндегі қамыспен жабылып тұрған өзен бойларына жинақталған сүңгуір үйректердің жекелеген түрлерін есептеу едәуір қиын болып табылады, сондықтан қадағалаушының оған қол жеткізуі қиын.
Жер үсті экожүйелері құстарының мониторингі
Суда жүзетін құстар мониторингіне қарағанда жер үстін мекендеген құстарды қадағалаудың айырмашылығы қадағалаушы үшін едәуір мүмкіншіліктер мен артықшылықтары бар. Ең алдымен, бұл қашықтықтан қадағалау үшін оңтайлы жерге құсқа жақындау мүмкіндігі. Сондай-ақ құрлық жағдайында қадағалаушы биотоптың мекендейтін түрлерін егжей-тегжейлі тексере және әсіресе қадағаланатын құс түрі осы алаңда ұя салса, қосымша мәлімет жинай алады.
Қадағалау кезеңдері және тіркелетін деректер.
Жер үсті құстарының жылдық биологиялық циклінің кезеңдері немесе сатылары көбіне суда жүзетіндермен ұқсас, бірақ жалпы алғанда олар мерзімдері бойынша көбірек созылған.
Мониторингілік ретінде таңдалған аталған топ түрлерінен көктемде жобалық аумаққа дуадақ, онан соң тырна, безгелдек ұшып келеді. Ең соңғы болып жобалық аумаққа лашын ұшып келеді.
Санамаланып берілген түрлердің ұя салу кезеңі негізінен мамыр – маусым айларына келеді, дуадақ, безгелдек мен тырнаның ұядан ұшқан балапандары қанаты қатайғанша және өз бетімен өмір сүруге көшкенге дейін бір жарым – екі ай бойы ата-аналарымен қала береді. Жазғы түлеу кезінде дуадақтар мен безгелдектер жасырын, оңаша өмір сүреді, ал тырналар керісінше көп болып жиналады.
Күзгі ұшып келу және ұшып кету кезеңі топтарда жалпы алғанда өте созылыңқы. Бірінші болып тамызда тарғақтар ұшып кетеді, онан соң безгелдектер мен дуадақтар ұшады. Тырналардың ұшып кететін уақыты – қыркүйектің екінші жартысы.
Аталған кезеңдердің әрқайсысында екі негізгі индикаторлық көрсеткіштер – әрбір түрінің әрқайсысының саны және есеп алаңдарында олардың болу сипаты бойынша деректер алу қажет. Ұя салу кезінде бұған қосымша некелік жұптар, балапандары немесе жұмыртқалары бар ұялар, онан соң ұяларынан ұшып шыққан барлық ересек және жас құстар тіркеледі.
Жыртқыш құстар мониторингі
Жыртқыш құстар жер үсті экожүйелерінің құстарына қарағанда аз дәрежеде, олардың мекендейтін жерлеріндегі топырақ-өсімдік жабуларына байланысты емес, жекелеген түрлері ғана, мысалы далалық ителгі көбею кезінде өсімдіктері бар биотопқа орналасады. Жоғарыда аталғандай, осы топ үшін басты фактор азықтық болып табылады. Жобалық аумақта мониторингтік түрлердің ықтимал мекендейтін орындары жемі мол учаскелер болады. Сонымен бірге ағаштары, әсіресе жоғарғы бөлігінің бастары кепкен биік ағаштардың болуы, ірі жыртқыш құстардың, әсіресе көбею кезінде, көпшілігін тартатын сөзсіз фактор болады. Тап осындай жерлерде мониторингтік түрлерін табу анағұрлым ықтимал.
Қадағалау кезеңдері және тіркелетін деректер.
Жыртқыш құстар үшін және алдыңғы екі топ үшін, олар осы топтың түрлі өкілдерінде соншалықты айқын білінбесе де, көктемгі және күзгі көшу, көбею және жазғы қоныстану тән. Әрі, мүмкіндігінше, барлық аталған төрт маусым мониторингтік қадағалаумен қамтылуы тиіс. Егер бұл мүмкін емес болса, ұя салу алдындағы және ұя салудан кейінгі қоныстану кезеңінде – сәуір – шілдеде қадағалау, құндырақ мониторингтік деректер алуға мүмкіндік береді.
Сандық әдісті орындау үдерісінде 2 негізгі индикаторлық көрсеткіш – мониторингтік түрлердің саны және олардың жобалау аумағында болуы – ұшып келу, ұя салуы, жемдік қоныстану сипаты тіркеледі. Сапалық мониторинг кезінде осы деректерге қосымша некелік жұптар, жұмыртқалары немесе балапандары бар ұялар, ұядан ұшып шыққан ересек және жас құстар, олардың мінез-құлқының ерекшелігі және басқалар тіркеледі.