Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экология СОЖ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.53 Кб
Скачать

3. Мониторингтік жұмыстарды ұйымдастырудың жалпы принциптері

Экожүйелердің жалпы жай күйіне мониторинг жүргізгенде, 2007 ж. ҚР АШМ ОАШК бекіткен «Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы табиғат жылнамасын жүргізу жөнінде әдістемелік нұсқауларда» баяндалған принциптерге бағдарлануға болады.

Хайуанаттар әлемі объектілерінің мониторингісіне келетін болсақ, «Қазақстан Республикасы аумағында хайуанаттар әлемінің мемлекеттік есебі және мемлекеттік кадастр жүргізу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 ж. 21.08. №1153 Қаулысына сәйкес ҚР БжҒМ Зоология институты ҚР ОАШК мемлекеттік тапсырысы бойынша «Қазақстанның негізгі аңшылық-кәсіптік және сирек кездесетін жануарлар түрлерінің есебін жүргізу әдістемесін» (Алматы, 2003 ж.) әзірлеп, ресми түрде бекітті. Бұған қоса аңшылық шаруашылығы аумағында аң аулау объектілері болып табылатын түрлерінің есебін жүргізуге арналған нормативтік құжаттар бар. Соған сәйкес барлық қолданылатын әдістемелер аталған құжаттарға сәйкес болуы тиіс. Дұрыс және салыстырмалы деректерді алу үшін, әдістеме біркелкі болуы тиіс. Бұл ретте түрлі топтағы жануарлар үшін жылдың және жердің нақты жағдайларына байланысты шамалы мүмкін болатын түзетулерімен бірдей есепке алу тәсілі мен олардың жүргізу мерзімдері қолданыла алады.

Ботаникалық мониторингтің өзіндік ерекшелігі бар, оны өткізу бойынша (мемлекеттік орман қоры аумағындағы орман шаруашылығын жүргізетін жүйе жұмыстарын есепке алмағанда) бекітілген нормативтік құжаттар жоқ.

Аталған ұсынымдарда мониторингтік жұмыстарды жүргізудің негізгі әдістемелік принциптері және мониторингтің жекелеген объектілері, есеп типтері және т. б. үшін мониторингтің кейбір ерекше бөлшектері және т. б. ұсынылады. Қосымша ақпаратты арнайы дерек көздерінен табуға болады.

3.1. Мониторинг жүргізу әдістемелері

Экожүйелердің абиотикалық компоненттерінің (мекендейтін жері, ландшафтар) және оларға әсер ететін сыртқы факторлардың (оның ішінде қауіптердің) жай-күйін бағалау және мониторинг жүргізу үшін деректер төмендегі әрекеттер арқылы жиналады:

а) жай ғана тіркеу және көзбен шамалап бағалау;

ә) қол жетерлік дерек көздерінен (Интернет) қашықтықтан барлап қарау арқылы;

б) ағымдағы және әлеуетті антропогендік әсерлер бойынша –статистикалық ақпарат көздеріне және өңірлердің даму жоспарларынан алу арқылы.

Экожүйелердің биотикалық компоненттер мониторингі жүйесінің негізін бірқатар әдістемелер бойынша өткізілген құстар, сүтқоректілер мен өсімдіктер есебі құрайды. Құстар мен сүтқоректілер үшін 3 негізгі әдіс қолданылады: бағдарлық (немесе трансектілі), таңбалық және алаңдық (төменнен қараңыз). Өсімдік жабыны мониторингінің оны құстар мен сүтқоректілерден қатты өзгешелейтін өзіндік ерекшелігі бар, бірақ сонымен бірге мониторинг мақсаты мен міндеттері, тәсілдер мен әдістемелерді стандаттару мен жүйелілік талаптары және т. б. ұқсас болып қала береді. Негізгі ұйымдастыру айырмашылықтарының бірі осы жұмыстарға кәсіби ботаниктерден басқа қандай да бір адамдарды тарту қиын, олардың өткізіліп жатқан жұмыстардың көпшілігіне қатысу қажеттілігі де осыған байланысты.