Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экология СОЖ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.53 Кб
Скачать

3.4. Деректерді камералық өңдеу және жүйелеу Алынған деректерді талдау, мониторинг нәтижелері

Әрбір мониторингтік қадағалау мен санын есептеу кезеңі аяқталғаннан кейін жиналған деректерге камералық өңдеу және жүйелеу жүргізу қажет. Материалдарды жинауға жауапты мамандар кестелік нысандардың толтырылу және күнделікке қосымша жазбалардың жазылу дұрыстығын мұқият тексереді. Алынған деректер жүйеленеді. Әрбір мониторингтік алаңда немесе маршрутта жиналған мәліметтер түрі және топтары бойынша сортталады. Мониторинг деректері электронды базаға енгізіледі. Компьютерлік нұсқада олар мониторинг түрлерінің әр тобы бойынша, жеке-жеке, сондай-ақ мекендейтін жерінің, табиғат құбылыстарының, антропогендік әсерлердің жағдайы бойынша жалпы кестеге жинақталады. Электронды таратқышта – компьютерде сақталатын деректердің жоғалып кетуін болдырмау үшін, бастапқы деректері бар журналды мұқият сақтаған маңызды. Сондай-ақ далалық қадағалау күнделіктерін де мұқият сақтау керек.

Мониторингтік қадағалаудың барлық кезеңдері аяқталғаннан кейін – қараша-желтоқсанда – алынған деректерді өңдеу және оларды талдау қажет. Әрбір мониторинг өткізілген жылдың қорытындысы есеп болып болуы тиіс, онда барлық мониторингтік объектілердің жай-күйі туралы: ландшафтар мен мекендейтін жерлердің жалпы жай-күйі және олардың түрлену бағыттары, қауіптер, мониторингтік түрлер мен топтар туралы (ең алдымен олардың саны, хайуанаттардың болу сипаты, мониторинг объектілері-учаскелері бойынша орналасу ерекшеліктері туралы, сондай-ақ жалпы жүйеге кіргізілген аудан бойынша, өсімдік топтарының түрлену бағыттары туралы) нақты деректер бейнеленеді. «Сандық мониторинг» нәтижелері «сапалық мониторинг» деректерін талдау нәтижелерімен толықтырылған болуы тиіс.

Негізгі желі.

ЕҚТА-да деректерді салыстырмалы талдау үшін (Табиғат жылнамасын жүргізу үшін көзделгендей) ЕҚТА жасау немесе кеңейтуге табиғи-ғылыми негізделген материалдар, орманды реттеу және түгендеу материалдары, ЕҚТА экологиялық жүйелерінің бастапқы (негізі) жағдайы туралы кешенді ғылыми зерттеулер негіз болады. Алдыңғы жылдардың деректері, егер олар бар болса, ЕҚТА болып табылмайтын учаскелер үшін алынған деректерді онымен салыстырғанда негізгі деректер ретінде қабылданады.

Материалдарды салыстыру ландшафтар мен мекендейтін жерлеріне жалпы (өңірлер бойынша және жекелеген учаскелер бойынша), сондай-ақ әрбір мониторингтік түрлерінің жай-күйі және өзгеру үрдістері туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Жұмыс нәтижелерін пайдалану.

Мекендейтін жерлері және мониторингтік түрлерінің жалпы жай-күйін бағалау нәтижелері бойынша жекелеген учаскелердегі экожүйелердің жағдайы туралы қорытынды беріледі, бұл жиынтығында жалпы аумақтағы экологиялық жағдай және оның өзгеру болжамы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Сол немесе өзге мекендейтін жерінің, мониторингтік түрінің немесе түрлері тобының жай-күйіне жағымсыз әсер ететін нақты факторлар белгіленген жағдайда, осы әсерлерді жою үшін ұсынымдар беріледі.

Толық есеп уәкілетті органға (ҚР АШМ ОАШК) беріледі. Есеп түйіндемесі, сондай-ақ нақты учаскелер бойынша тұжырымдар мен ұсынымдар аталған учаскелерді басқарушы және мониторинг жүйесіне қатысушы ұйымдарға жіберіледі. Бұл тұжырымдар мен ұсынымдар аталған аумақтарды жақсарту, соның ішінде оларға тұрақты табиғатты пайдалану, табиғатты қорғау шараларының тиімділігін және т. б. ұйымдастыру үшін пайдаланылады.

Табиғат объектілерін сақтау үшін мемлекеттік басқару органдары дереу шешім қабылдауды талап ететін жағдайларда, мониторинг жүйесінің қатысушылары табиғат кешендерінің (немесе оның жекелеген тарауларының) ағымдағы өзгерістері туралы жедел ақпаратты ала салысымен электронды пошта, факс немесе басқа тәсілдермен бірден уәкілетті органға береді. Мониторингтік деректер жиналатын орталықта, егер мұндай ақпарат уәкілетті органнан бұрын оған келіп түссе, осылай жасайды.