- •Мониторинг жүйесінің мақсаттары
- •Мониторинг объектілері
- •3. Мониторингтік жұмыстарды ұйымдастырудың жалпы принциптері
- •3.1. Мониторинг жүргізу әдістемелері
- •3.2. Далалық қадағалау деректерін тіркеу
- •3.3. Есеп жұмыстарын жүргізу. Қажетті аспаптар мен жабдықтар.
- •3.4. Деректерді камералық өңдеу және жүйелеу Алынған деректерді талдау, мониторинг нәтижелері
- •4. Сүтқоректілер мен құстардың мониторингілік түрлерін есепке алу әдістемелері
- •4.1. Сүтқоректілер
- •4.2. Құстар
- •5. Өсімдіктер мониторингі
- •5.1. Өсімдік жамылғысы мониторинг ұғымының анықтамасы
- •5.2. Мониторингтік бақылауларды ұйымдастыру
- •5.3. Өсімдіктер толық мониторингі
- •5.4. Қоршаған ортаны қорғау, табиғат пайдалануды басқару және осы салада мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыратын арнайы уәкiлетті органдардың тiзбесiн және олардың қызметiн ұйымдастыру
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Арнайы уәкiлеттi органдардың өзара ic-қимыл жасау және қызметiн үйлестiру тәртiбi
- •3. Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыру кезiнде арнайы уәкiлеттi органдардың қызметiн ажырату тәртiбi
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
3.2. Далалық қадағалау деректерін тіркеу
Кез келген мониторингтік қадағалаудың міндетті бөлімі барлық алынған деректерді жазу болып табылады. Хайуанаттардың мониторингтік түрлерін, сондай-ақ аумаққа елеулі әсерлерді, төтенше табиғи құбылыстарды, өрт және т. б. қадағалау жазбалары арнайы мониторингтік жұмыстар кезінде, сондай-ақ аумаққа күзету іс-шараларын өткізгенде, басқа да барып қарау кезінде жол-жөнекей жүргізіледі. Түрлері бойынша деректерге келетін болсақ, материал жеткілікті дәрежеде жинақталғанда бұл ақпараттың, әсіресе сирек және көрінбейтін түрлері бойынша үлкен құндылығы бар.
Бірақ әрбір жазба қажетті ақпарат минимумын – күні, қадағалау координаты, түрі, қадағалау мазмұны (кездескеннің саны) және т. б. – бергенде ғана маңызды. Сондықтан мониторинг жүргізгенде оларды одан әрі деректер базасында пайдалану үшін, далалық қадағалау жүргізуді стандарттау қажет. Бұл үшін жазбалар арнайы нысандарды (төменнен қараңыз) қолдана отырып жүргізіледі. Арнайы есепке алу кезінде дала күнделіктеріндегі толығырақ жазбалар немесе ауа-райын, хайуанаттардың жынысжас құрамын және басқа ақпаратты сипаттай отырып, алаңдар мен бағыттардағы есеп нысандары қосымша пайдаланылады. Нысандар Мониторинг деректерін тіркеу журналына енгізіледі. Ботаникалық сипаттамалар үшін бөлу нысандары бар. Жалпы аумақтың жай-күйін және қатерлердің жалпы деңгейін сипаттау үшін арнайы нысан қолданылады. Ауа-райы мен фенологиялық құбылыстарды аңшылық шаруашылығында аңшылар «аңшы күнделігіне», ЕҚТА-да – жауапты ғылыми қызметкерлер мен инспекторлар «Табиғат жылнамаларына» және т. б. жазады.
«Журнал» және дала күнделігі (немесе аңшы күнделігі) жазба үшін негізгі құжат болып табылады. «Журналдың» кестелік нысанына мониторингтік түрлері бойынша деректер, дала күнделігіне барлық табылған түрлері бойынша деректер, сондай-ақ «Журналға» енгізілетін негізгі деректерді түсіндіретін немесе нақтылайтын кез келген қосымша мәліметтер жазылады. Барлық жазбалар тікелей қадағалау жүргізу барысында жүзеге асырылады, олай болмаған жағдайда, егер жазбаларды құжаттарға қадағалау аяқталғаннан кейін – есте қалғандар бойынша жазсақ, құнды деректер біржола жоғалуы немесе бұрмалануы мүмкін.
3.3. Есеп жұмыстарын жүргізу. Қажетті аспаптар мен жабдықтар.
Арнайы есептерді тікелей жүргізер алдында әдістемелермен жақсы таныс және бұрын осындай зерттеулер өткізген тәжірибелі қызметкерлер арасынан жұмыстардың жетекшісі тағайындалады. Оның міндетіне барлық қатысушыларға міндеттерін түсіндіру, барлық қажетті керек-жарақтардың – алдын ала беттері бағандарға бөлінген(жұмыс барысында оларды толтырған жағдайда) қадағалау және тіркеу журналдары мен күнделіктері, қалам және қаламсап, қол сағат, GPS навигаторлары, егер бар болса – диктофондар, жердің ірі масштабты картасы, дүрбі, фотоаппараттар – жұмыс жағдайында болуын тексеру кіреді. Көлік қозғалысына байланысты немесе басқа себептер бойынша мұндай жазбаларды жүргізу мүмкін емес болғанда, барлық деректер уақытын көрсете отырып, диктофонға жазып алынады. Бұл жазбалардың мағынасын ашып, қағаз таратушы мен компьютерге (егер ол бар болса) сол күні жұмыстар аяқталғанан кейін көшіру қажет.
Мониторинг үшін ұсынылатын әдістеме қандай да бір күрделі аспаптар мен жабдықтарды пайдалануды көздемейді. Дала жұмыстарына оптикалық құралдар – сүтқоректілер мен құстарды алыстан қадағалауға қажетті дүрбілер мен көру құбырлары, сондай-ақ GPS навигаторлары, диктофондар, фотокамералар аса қымбат болып табылады.
Далалық қадағалауларды табысты өткізу көп дәрежеде қадағалаушылардың жол талғамайтын автомобильдер және ЖЖМ-мен қамтамасыз етілуіне байланысты болады.
Сондай-ақ мониторингтік объектілерді дәл сәйкестендіруге мүмкіндік беретін безендірілген анықтағыштар қажет.
Құстар мен сүтқоректілер мониторингі үшін қажетті жабдықтардың шамамен алғандағы тізімі:
• есепшілер тобына бір GPS аспабы;
• әрбір қадағалаушыға бір-бірден бинокль;
• есепшілер тобына бір дүрбі;
• есепшілер тобына бір фотоаппарат.
Ботаникалық мониторинг үшін қажетті жабдықтар:
• алаңдар мен экологиялық пішіндерді таңбалауға арналған материал (немесе металл діңгек, не ағаш, не басқа материалдан);
• гербарий аулары;
• GPS аспабы;
• бинокуляр (кейбір өсімдіктердің фенологиялық жағдайын анықтауға, олардың жасын және жаңару сатысын зерттеуге, және де жаңа түрлерді анықтау үшін);
• фотоаппарат.
Деректерді сақтау және онымен жұмыс істеу үшін мониторингтік деректерді жинайтын әр ұйымда кем дегенде бір компьютер (бастапқы материалдарды енгізу және оларды орталықтандырылған базаға жіберу үшін) және деректердің орталықтандырылған базасына бір компьютер болуы қажет.
