
- •Мониторинг жүйесінің мақсаттары
- •Мониторинг объектілері
- •3. Мониторингтік жұмыстарды ұйымдастырудың жалпы принциптері
- •3.1. Мониторинг жүргізу әдістемелері
- •3.2. Далалық қадағалау деректерін тіркеу
- •3.3. Есеп жұмыстарын жүргізу. Қажетті аспаптар мен жабдықтар.
- •3.4. Деректерді камералық өңдеу және жүйелеу Алынған деректерді талдау, мониторинг нәтижелері
- •4. Сүтқоректілер мен құстардың мониторингілік түрлерін есепке алу әдістемелері
- •4.1. Сүтқоректілер
- •4.2. Құстар
- •5. Өсімдіктер мониторингі
- •5.1. Өсімдік жамылғысы мониторинг ұғымының анықтамасы
- •5.2. Мониторингтік бақылауларды ұйымдастыру
- •5.3. Өсімдіктер толық мониторингі
- •5.4. Қоршаған ортаны қорғау, табиғат пайдалануды басқару және осы салада мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыратын арнайы уәкiлетті органдардың тiзбесiн және олардың қызметiн ұйымдастыру
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Арнайы уәкiлеттi органдардың өзара ic-қимыл жасау және қызметiн үйлестiру тәртiбi
- •3. Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыру кезiнде арнайы уәкiлеттi органдардың қызметiн ажырату тәртiбi
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Мониторинг (латынның «monitor» деген сөзі) сөзінің дәлме-дәл мағынасы «ескерту» немесе «хабарлау» дегенді білдіреді. Бұл мағына негізгі мақсатты көрсетеді. Соңғысына жату үшін объектілер/құбылыстарға турақты бақылау, яғни олардың мониторингі жүргізіледі. Адамзат қызметінің түрлі салаларында өзіне бірқатар тізбекті әрекеттерді кіргізетін мониторинг жүйесі табысты қолданылады.
Дала көптеген елдерде және өңірлерде далалық аумақтарды ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, өнеркәсіптік даму және т. б. Кең пайдалану салдарынан жоғалып кеткен әлемдегі экожүйелердің ең аз қорғалған типтерінің бірі болып табылады. Қазақстан даласы Причерноморьеден Моңғолияға дейін созылып жатқан байтақ Еуразияның далалық аймағының бөлігі болып табылады. Түрлі типті далалық аймағы елдің 42%-дай аумағын алып жатқан Қазақстан алуан түрлі және бірегей дала учаскелерін әлі де болса сақтап қалғандықтан, Еуразияда оларды сақтауда ерекше рөл атқарады.
Қазақстан даласында 1950–1960 жылдары тың жерлерді жаппай игеруге байланысты өсімдіктер түбегейлі өзгеріске ұшырады. Кең ауқымды жер жырту көптеген жазық далалардың толықтай жойылуына және олардың антропогендік түрленуіне әкелді. Қара топырақта құрғақ дала және күңгіртқызыл топырақты шөл дала фрагментті түрде ғана сақталып қалды. Қазақстанның солтүстігіндегі қалған дала учаскелері қайта жайылымға беру нәтижесінде едәуір түрін өзгертті. Сақталып қалған дала аймақтары негізінен далалық аймақтың оңтүстік бөлігіне орналасқан және шөлге айналған және ішінара құрғақ даланы қамтиды. Қазақстан даласын сақтау үшін аса маңызды учаскелердің бірі бірегей өсімдіктер тобы ғана емес, ақбөкенді қосқанда, сирек және жаһандық қауіпті және сирек түрлерімен қатар өзіндік дала фаунасын да сақтап отырған Ырғыз-Торғай-Жыланшық аумағы болып табылады. Мұнда әдеттегі дала экожүйелері бастапқы түрінде сақталған, оларды сақтап қалу үшін олардың жай-күйіне бақылау – мониторинг жүргізу қажет. Бұл ретте экожүйе жағдайына табиғи, сондай-ақ антропогендік сипаттағы бірқатар факторлар әсер етеді: жауын-шашын деңгейі, өрт, мал жайылымы және ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, пайдалы қазбалар алу,газ және мұнай құбырларын жүргізу, жолдар салу, оның ішінде стихиялық топырақ, аңшылық пен броконьерлік және т. б., және бұлардың барлығы табиғатты қорғау қызметінің, сонымен бірге мониторинг сызбасының табыстылығының мүмкін болыуна сәйкес ескерілуі тиіс.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Мониторинг жүйесінің мақсаттары
Жүйе далаға экологиялық мониторинг жүргізу, ақпаратты басқару және жерді пайдалану, табиғатты қорғау қызметін жоспарлау мәселелері бойынша шешімдер қабылдауда көмек көрсету құралы сияқты жұмыс істеуі тиіс.
Мониторинг жүйесін құрудың негізгі мақсаты мемлекеттік табиғи және табиғи-қорық қорларын басқаруды ақпараттық қамтамасыздандыру болып табылады.
Бұл үшін түрлі ұйымдардан дала экожүйесінің жай-күйін бағалауға немесе онымен байланысты мәселелерді қарауға қажетті деректерді тұрақты алып отыру және сақтау жүзеге асырылуы тиіс.
Мониторинг жүйесін құрудағы негізгі принциптер:
• кешенді көзқарас;
• мониторингтің үздіксіздігі;
• бірыңғай әдістемелік тәсілдерді пайдалану;
• МАЖ негізінде мониторг жүйесін ұйымдастыру;
• басқа жүйелермен практикалық үйлесімділік болу үшін жүйенің
ашықтығы;
• деректерді жинау, сақтау және өңдеу бойынша компьютерлік
технологияларға бағдарлану.
Бұл жүйе, ең алдымен, дала табиғаты туралы деректерді мысалы, табиғи процестердің барысы туралы, экожүйелер үшін қауіптер, белгілі бір түрлерінің саны туралы, оларды бөлу, популяциялық сипаттамасы, арнайы зерттеулердің нәтижелері және т. б., яғни дала экожүйелерімен осылай немесе басқаша жұмыс істейтін түрлі ұйымдар мен зерттеушілер алған барлық деректерді жинау мен сақтауға негізделгенін білдіреді. Бұл деректердің барлығы бір жерде сақталуы және табиғат ресурстарын қорғау және пайдалану қызметін дәл жоспарлау және маңызды шешімдер қабылдауға көмектесу үшін далалық аймақтарда жұмыс істейтін ұйымдарға талдау үшін қол жетерліктей болуы тиіс. Бұл деректер жалпы экожүйенің жай-күйін, негізгі түрлерінің ұзақ мерзімді популяциялық өзгерістерді және басқаларды, сондай-ақ ағымдағы табиғатты қорғау қызметі мен табиғатты пайдаланудың табыстылығы және оларды түзету қажеттілігін қадағалауға мүмкіндік береді. Жүйе деректерін пайдаланудың әрбір жағдайында нақты мақсат жүйені қолданып отырған ұйымның міндеттері мен деректер керек болған экожүйенің түрі/типіне байланысты болады.
Мониторинг объектілері
Дала экожүйелері, басқа кез келгені сияқты, абиотикалық (жер бедері элементтері, топырақ, су және т. б.) және биотикалық (өсімдік, хайуанаттар әлемі мен микроорганизмдер) компоненттерінен тұрады. Жүйелердің барлық осы элементтері тікелей немесе жанама түрде бір-біріне әсер етеді және олардың жай-күйі экожүйелер жай-күйін сипаттайды.
Дала экожүйелерінің ерекшеліктері:
• ағаш өсімдіктері болмағанда (немесе өте шектелген учаскелерде болғанда) мекендейтін жерде шөп өсімдіктердің өсуі;
• орман экожүйелерімен салыстырғанда, хайуанаттар әлемінің орналасу тығыздығы салыстырмалы түрде алғанда төмен;
• өсімдіктер дамуының және соған сәйкес әр жылдың климаттық жағдайларына байланысты хайуанаттардың мекендеу жағдайларының күрт өзгергіштігі;
• антропогендік әсерлерге көп ұшырауы, оның ішінде адам және көлік үшін оңай қол жетерлік болуына байланысты.
Дала экожүйелеріне мониторинг жүргізу үшін таңдалатын компоненттері келесідей болуы тиіс:
1) салыстырмалы түрде оңай қадағалана және тіркеле алады;
2) олардың жай-күйі мен өнімділігін жақсы бейнелейді;
3) қорғау жағдайын және сақтау әрекеттерінін, табыстылығын бейнелейді.
Сонымен бірге экожүйелерге әсер ететін табиғи және антропогендік факторларына мониторинг жүргізу қажет; онсыз экожүйелердің жай-күйін болжау, тиімді пайдалану және сақтау бойынша дәлме-дәл шаралар қабылдау мүмкін емес.
Экожүйелерге тікелей және нақты әсер ететін факторлардан мыналар тіркеледі:
• тікелей қадағалайтын жердегі негізгі климаттық көрсеткіштерімен ауа-райы, сондай-ақ жинақталған көрсеткіштері бойынша өңірлердің жалпы үрдісі;
• қадағаланатын және болжанатын антропогендік жүктемелердің түрлері және дәрежесі, оның өзгерістері;
• өрт және басқа төтенше, апаттық әсерлер (топан су басу, дауыл және т. б.).
Экожүйелердің жалпы жағдайын сипаттау үшін ең алдымен мыналар тіркеледі:
• мекендейтін жерлердің алуан типтерінің жалпы жай-күйі, олардың антропогендік түрлену дәрежесі;
• өсімдік жамылғысының жалпы жай-күйі;
•жерді пайдалану типтері, алып жатқан ауданы.
Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді тіркеу үшін оңай өлшенетін көрсеткіштер немесе қарапайым көз мөлшерімен бағалау , сондай-ақ дистанциялық алдын ала тексерудің қол жетерлік деректері пайдаланылады.
Мекендейтін жерінде күрт өзгерістерді байқаған жағдайда, әсіресе мұның себептері айқын болмаса, талдау жүргізу үшін, мысалы, өсімдіктерді және т. б. талдау үшін топырақ құрамын, судың ластануын, ауыр металдар және басқа да геоботаникалық түсірілімдерді жүргізу, мамандар мен мамандандырылған ұйымдар тартылуы мүмкін.
Экожүйенің жалпы жай күйі мониторингісінің объектілері – оның бірліктері болып «басқару бірліктері», яғни ЕҚТА, не аң шаруашылығы, не Орман және биоресурстар МБ басқаратын учаскелер, не басқа біреулермен басқаратын учаскелер (соңғысы - егер олардың меншік иелері жүйеге қосылғысы келген жағдайда), қызмет етеді.