Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АУДИТТИН ТАНДАМАЛЫ АДИСИ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
380.42 Кб
Скачать

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

1. АУДИТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Аудиттің мәні, мақсаты және әдістері.................................................................5

1.2 Аудиттің Қазақстанда қалыптасуы және одан әрі дамуы..................................7

2. АУДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2.1 Аудиттің жалпы және ерекше әдіснамасы.......................................................12

2.2 Аудиттің әдістерін жіктеу...................................................................................19

2.3 Аудиттің таңдамалы процедуралары.................................................................22

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................31

ҚОСЫМША...............................................................................................................32

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзекітілігі. Аудит - салыстырмалы түрде біздің елімізде акционерлік қоғамдардың, серіктестіктер мен басқа да шаруашылық субъектілерінің қызметін тәуелсіз қаржылық бақылаудың жаңа бағыты. Бақылау немесе ревизиялық қызмет бұрын жүргізілмеген деген түсінік қате болып саналады. Ревизия мен аудит мағынасы бойынша жақын болса да, екеуі әр түрлі түсінік. Аудит - бақылаудың шығармашылық дамуы. Қаржылық бақылаудың нысандары мен түрлерін толыктырып отырады.

Аудит қызметі біздің түсінігіміздегі экономикалық талдауға, құжаттық кешендік ревизияға, баланстың есептік бақылауы мен соттық - бухгалтерлік сарапқа тән емес. Аудиторлар өз міндеттерін жүзеге асыру барысында басқа да есептік, бақылау - аналитикалық тәжірибені қолданады. Профессор Я.В. Соколовтың айтуы бойынша: ревизияның мақсаты - кемшіліктерді, залалды жою болса, аудит мақсаты - кемшіліктерді қысқарту мен залалды шектеу.

Қазақстан республикасының аудиторлық қызмет туралы заңында Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік оргаңдар, заңды және жеке тұлғалар, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді – деп көрсетілген.

Аудиторлық есеп аудиттің мақсатын және масштабын, аудит мақсаттары мен атқарылған аудиторлық жұмыстың нәтижелерін көрсететін аудиторлық қорытындыны қамтиды. Есеп сондай-ақ аудиторлық анықталған кемшіліктерді, тиісті кеңестерді және, қажет болған жағдайда, аудит объектісі басшысының пікірлерін де қамтиды /1,15-б./.

Аудиторлық есепте есеп адресаттарына ішкі аудит нәтижелерімен жылдам танысып шығуға мүмкіндік беретін объективті, конструктивті және толық ақпарат қысқа да нұсқа нысанда берілуі тиіс.

Аудиторлық есеп ішкі бақылау мен тәуекелдерді басқарудың тексерілген жүйелерінің ақылға қонымдылығы мен тиімділігі жайында жалпы қорытындыны қамтуы тиіс.

Аудиторлық есеп есеп адресаттарының сезімталдығын есепке ала отырып, дипломатиялық салмақтылығын сақтауы тиіс. Менеджментті және/немесе өткен жайттарды сынаумен шектеліп қалмай, басты назарды жетілдіру қажеттілігіне аудару керек.

Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасы зандарыңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттардың ережелері қолданылады.

Аудиторлық қызмет - дегеніміз аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит жүргізу жоніндегі кәсіпкерлік қызметі. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар, аудитке қоса, өз іс-әрекетінің бейіні бойынша өзге де қызметтер көрсете алады.

Жалпы аудит туралы, оның ішінде сыртқы аудит туралы осыған дейін көптеген түсініктер қарастырылды. Енді сол сыртқы аудиттің ерекшеліктеріне тоқталамыз. Біріншіден, сыртқы аудит аудит фирмалары немесе жеке аудиторлар мен тапсырушылармен келісім-шарт жасау арқылы жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты бухгалтерлік қаржы ақпаратын тексеріп және оның табыстылық көрсеткіштерінің дұрыс анықталғандығын, шығарылғандығын дәлелдеп, оның қаржылық жағдайына түсініктеме беру.

Осындай тиянақты тексеру жүргізілгеннен кейін аудиторлар шаруашылық субъектілеріне, олардың қаржылық жағдайына экономикалық талдау жасап олардың экономикасының даму бағытын көрсетіп, оның қаржылық жағдайын нығайту жолдарын айтып, қаржы қолданудың тиімді, пайдалы қолдануына түсініктеме береді. Осы орайда аудитор сол кәсіпорынның қаржы жағдайының және төлем жасау тұрақтылығын, қандай даму қаржы қорларының бар екеніне толық түсініктеме береді.

Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудиторлық қызметті жүзеге асыруға құқығы бар.

Оқытушылық, ғылыми және өзге де қызметті қоспағанда, аудиторлардың кәсіпкерлік қызметтің басқа түрлерімен айналысуына тыйым салынады.

Курстық жұмыстың мақсаты. Аудиттің таңдамалы әдісі арқылы аудит жүргізудің мәнін, жүргізілу тәртібі мен шарттарын т.б. зерттеу.

Курстық жұмыстың міндеттері. Жұмыс мақсатына байланысты мынадай міндеттерді қарастыруға болады:

- аудиторлық есептің жүргізілуін;

- Аудиттің мәні, мақсаты және әдістері

-Аудиттің Қазақстанда қалыптасуы және одан әрі дамуы

-Аудиторлық қызметтің әдіснамалық негіздері

-Аудиттің жалпы және ерекше әдіснамасы т.б. мәселелреді толық зерттеу.

Зерттеу тәсілдері. Аудиторлық есеп жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге жағдайларда да міндетті болып табылады.

1. Аудиттің теориялық негіздері

1.1 Аудиттің мәні, мақсаты және әдістері

“Аудит” сөзі латынның “audit” – тыңдау деген сзінеөн шыққан. орта ғасыр бойында аудиторлардың белсенді іс әрекетін дәлелдейтін тарихи айғақтар аз емес. он үшінші ғасырдан бастап аудитор мен бухгалтер әр түрлі қєсіп түрі бола бастады.

Акционерлік қоғамдарға аудиторлық қызмет қµөрсетудің ережесін заңды тұрде алғашқы бекіту Англияда 1844 жылы болды; ол жылы компаниялар туралы заң –компаниялардың шоттары мен есептеріне 1 жылда бір рет міндетті аудиторлық тексеріс жүргізуді реттейтін құжат - өз құшіне енді /2,62-б./.

ҚР 20.11.1998ж. № 304-1“Аудиторлық қызмет туралы ” заңының 2 бабының 1п. сәйқес аудиторлық қызмет аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қаржылық есебін аудитін өтқізу бойынша кәсіпқерлік іс-әреқет. Аудит заңды тұлғалардың қаржылық есебінің ҚР заңдарының талаптарына (ҚР “Аудиторлық қызметі туралы ” заңының 4 бабы 1п.) сәйқес сенімді және әділ жасалғандығы туралы тәуелсіз піқір беру мақсатында теқсеру /3,30-б./.

Аудиторлық бақылау қаржылық-эқономиқалық бақылаудың басқа түрлерінен (ревизия, мемлеқеттіік ұйымдардың және басқа да аудиторлардан бөлек тұлғалардың тексерісі) мақсаты мен талабы; тексеруді жүргізетін тұлға; тесерілетін мекемелерге (клиентке) экономикалық және заңгерліқ қарым- қатынасы және сол сияқты параметрлері бойынша ерекшеленеді.

Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты – аудиторға қаржылық қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық қорытынды беру мүмкіндігін беру.

Аудит пен ревизияның арасында айырмашылықтар көп болғанымен, тексеру әдістеріне, тәсілдеріне деген ортақ көзқарас бар.

Аудиттің түрлерін зерттеудің зор әдістемелік маңызы бар. Аудиттің түрлері субъект ретінде ішкі және сыртқы аудит болып бөлінеді.

Қазақстан Республикасының "Аудиторлық қызмет туралы" Заңына, аудиттің № 4 « Аудит немесе оның түрлері» стандартында аудиттің 2 түрі көрсетілген:

1. Міндетті

2. Бастамашылық

Міндетті аудит заңда көрсетілген және субъектінің өздерінің қаржы-шаруашылық жұмыстарын тексеру үшін аудиторларды немесе аудиторлық фирмаларды шақыруға міндеті Міндетті жыл сайын аудиторлық тексерулердің объектілері :

- банктер ;

- несиелік серіктестіктер ;

- жекелеген банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар ;

- сақтандару ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары, инвестициялық қорлар ;

- табиғи монополия субъектілері ;

- шетел қатысушылылары бар кәсіпорындар ;

- ашық халықтық қоғамдастықтар .

Бастамашылық аудит соған қажетті тапсырушылардың тапсыруы бойынша жүргізіледі , егер бұл тексеру заң жүзінде көрсетілмесе, онда мұндай тексерудің көлемі клиенттердің талабына байланысты .

Аудит объектілері бойынша: банктік аудит, сақтандыру ұйымдарының аудиті т.с.с. түрлері бар. Бұл аудит түрлерін жүзеге асыру үшін сәйкесінше лицензиясы болуы қажет Мақсаты бойынша аудит бірнеше түрге бөлінеді:

Қаржылық есеп беру аудиті – субъектінің қаржылық есеп беруін бекітілген критерийлер мен бухгалтерлік есеп ережелеріне сәйкестігін тексеру. Аудит нәтижесі жарияланады – акция иелеріне , кредиторларға , мемлекттік реттеу органдарына .

Салықтық аудит – бұл салықтың есептелуінің дұрыстығы мен төлеу дұрыстығын, салық саясатының сақталуын тексеру .

Бағалық аудит – тапсырысқа бекітілген бағаның дұрыстығын тексеру. Бұл дамыған мемлекеттерде бюджеттің шығындарын негіздеу үшін жүргізіледі.

Басқармалық аудит - кәсіпорындарда басқару мен ұйымдастыруды жетілдіру мен тексеру. Кәсіпорынның өндірістік қызметтің тиімділігін бағалау, құралдарда пайдаланудың ұтымдылығымен өнімділігін арттыру бойынша шешімдер қабылдау.

Басқармалық аудит – бұл клиент үшін оның қуаты мен ресурстарын тиімді пайдалануды арттыру бойынша кеңес беру қызметінің түрі.

Арнайы аудит – шаруашылық субъектінің қызметін нақты аспектілерін тексеру. Оның қызметінің заңдылығы т.с.с. жақтары тексерілуі мүмкін (салықтық есеп беруді дайындау, әлеуметтік қорларда пайдалану т.с.с. )

Нарықтық қатынастың даму кезеңінде жалпы аудиттің атқаратын қызметі де, тапсырушылар талабына сәйкес олардың аудит қызметінің даму барысында алатын орны да ерекше.

Ақпаратты пайдаланушылар бойынша аудит ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді

Сыртқы аудит аудиторлық фирмалармен немесе жеке аудиторлармен шарт бойынша субъектінің қаржы есебінің дұрыстығын және қаржы мүмкіншіліктерін тәуелсіз түрде бағалау үшін жүргізіледі /4,128-б./.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің орындалған жұмыстарына тәуелсіз экспертиза берудің нәтижесінде аудиторлар қаржы жағдайын жақсарту, жұмыстардың тиімділігін арттыру жөнінде керек болған жағдайда өз ұсыныстарын береді. Сонымен қатар субъектінің төлем қабілеттілігіне және қаржы тұрақтылығына баға береді. Сыртқы аудиттің мақсаты тапсырыс берушілердің мүддесіне қарай жасалынады. Сыртқы аудиттің басты міндеті – субъектінің отчетына тәуелсіз түрде баға беру, көрсеткіштерінің дәлдігін анықтап, сол жайында тапсырыс берушілерге өз пікірін айту. Сыртқы аудит өз жұмысын заңдарға, стандарттарға , бухгалтерлік есеп принциптеріне, нормативтерге сүйене отырып жүргізеді.

Жалпы аудит туралы, оның ішінде сыртқы аудит туралы осыған дейін көптеген түсініктер қарастырылды. Енді сол сыртқы аудиттің ерекшеліктеріне тоқталамыз. Біріншіден, сыртқы аудит аудит фирмалары немесе жеке аудиторлар мен тапсырушылармен келісім-шарт жасау арқылы жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты бухгалтерлік қаржы ақпаратын тексеріп және оның табыстылық көрсеткіштерінің дұрыс анықталғандығын, шығарылғандығын дәлелдеп, оның қаржылық жағдайына түсініктеме беру. Осындай тиянақты тексеру жүргізілгеннен кейін аудиторлар шаруашылық субъектілеріне, олардың қаржылық жағдайына экономикалық талдау жасап олардың экономикасының даму бағытын көрсетіп, оның қаржылық жағдайын нығайту жолдарын айтып, қаржы қолданудың тиімді, пайдалы қолдануына түсініктеме береді. Осы орайда аудитор сол кәсіпорынның қаржы жағдайының және төлем жасау тұрақтылығын, қандай даму қаржы қорларының бар екеніне толық түсініктеме береді.

Сондықтан Қазақстан Респуликасында аудит қызметі жан-жақты таратылуы қажет, бірақ біздің елдің өзіндік экономикалық, әлеуметтік, тарихи даму ерекшеліктеріне сәйкес аудит принциптерін лайықты түрде қарастыру қажет. әрине, оның ішінде ұйымдастыру, құрылымы туралы көптеген өзгерістер енгізу өте қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]