Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі анықтамалық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
756.67 Кб
Скачать

2)Бір сыңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз түбірдің

қайталануы: жан-жақтан, үй-үйді, бетпе-бет, апа-жезделі, т. б.

20

3)Бір түбірдің әр түрлі қосымша жалғанып қайталануы: жөнді-жөнсіз, айтар-айтпасы, тұрар-тұрмастан, қолы-қолына, т. Б.

4)екінші сыңары бірінші сыңарына еліктеу арқылы жасалған қос сөздер: ет-мет, ат-мат, шай-пай, түйе-мүйе, т. б. 

5)Екінші сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап жасалған қос сөздер:

жарқ-жұрқ, сарт-сұрт, жалт-жұлт, т. б. 

6) Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер: тап-таза, мөп-мөлдір, сұп-суық, аппақ, көкпеңбек, жып-жылтыр, теп-терең, т. Б.

Екі түбірдің қосарлануы арқылы жасалған қос сөздер қосарлама қос сөздер деп аталады.

Қосарлама қос сөздің екі сыңары екі түрлі сөзден болады: сый-құрмет, ата-ана, ағайын-туыс, төсек-орын, қазан-ошақ ыдыс-аяқ, т. б

Қосарлама қос сөздің құрамы әр алуан болады:

1) Мағынасы бір-біріне жақын синонимдес қос сөздер: аяқ-табақ, жан-жануар, дос-жаран, ағайын-туыс, бақ-береке, ырыс-құт, т. б.

Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы антонимдес қос сөздер: үлкен-кіші, кәрі-жас, алыс-жақын, ащы-тұщы, алыс-беріс, жоғары-төмен, т. б.

2) Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз қос сөздер: бала-шаға, киім-кешек, көйлек-көншек, жүн-жұрқа, қыз-қырқын, шал-шауқан, келін-кепшік, жігіт-желең, т. б.

3) Екі сыңары да мағынасыз қос сөздер: апыр-топыр, ығы-жығы, апыл-ғұпыл, оқта-текте, абыр-сабыр, әлек-шәлек, т. б.

4) Кейінгі жылдары қалыптасқан қосарланған қос сөздер: үгіт-насихат, оқу-ағарту, саяси-экономикалық, қазақша-орысша сөздік, т. б.

Қайталама қос сөздер де, қосарлама қос сөздер де әрқашан дефис арқылы жазылады. Мысалы, ар-намыс, ыза-кек, әдет-ғұрып, мая-мая, салдыр-гүлдір, тәп-тәтті, елу-алпыс, ербең-ербең, ас-мас, орын-орнына, теккүшейткіш буын арқылы жасалған аппақ және көкпеңбек қос сөздері ғана бірге жазылады.

Қысқарған сөздер, тіркесті сөздер, емлесі

Күрделі атауларды шартты түрде белгілі тәсілдермен қысқарту арқылы жасалған сөздер қысқарған сөздердеп аталады. Қысқарған сөздерді тіл білімінде аббревиатура деп атайды. Күрделі сөздер әр түрлі жолмен қысқарады:

1. Күрделі атаудың әр сөзінің бас әрпінен: ҚР, БҰҰ, ТМД, т. б.

2. Күрделі атаудың бірінші сөзінің алғашқы буыны және қалған сөздің басқы әрпінен: ҚазҰУ, ҚарМУ, ҚазҰПУ, т. б.

3. Күрделі атаудың әр сөзінің алғашқы буынынан: ауатком, колхоз, ұжымшар, т. б.

4. Күрделі атаудың алғашқы сөзінің бірінші буыны мен келесі сөз түгел алынады: пединститут, медколледж, медбике, педпрактика, т. б.

5. Техника маркаларын көрсету үшін алынған шартты белгілер де қысқарған сөзге жатады: ТУ-104, ДТ- 54, ЯК-40 , т. б.

6. Әр түрлі өлшем бірліктерім (метр), кг (килограмм), ц (центнер), т. б.

Қысқарған ( пединститут, ауатком, ұжымшар, кеңшар медколледж,

сияқты сөздерден басқа) сөздерге қосымша дефис арқылы жалғанады. Мысалы: ҚазҰУ-ды бітірген, ДТ-54-ті жүргізеді, БҰҰ-ға мүше, т. б.

Күрделі сөздің бірі тіркесті сөздің құрамындағы сөздер біртұтас лексикалық мағына береді, бір ұғымның атауы болып келеді.

Тіркесті сөздер әр түрлі сөз табынан жасалады.

Зат есімнен жасалған тіркесті сөздербала бақша, нағашы ата, ортан жілік, қайын ене, қазақ тілі, Республика алаңы, Оқушылар үйі, Достық даңғылы, Абай даналығы, ауыл шаруашылығы – кім? не?

Сын есімнен жасалған тіркесті сөздер: сары ала, көк бурыл, күрең төбел, ұзын бойлы, қою қаба сақалды, қызыл шырайлы – қандай?

Сан есімнен жасалған тіркесті сөздер: он үш, жиырма бес, тоғыз жүз алпыс, екі мың елу жеті, алпыс үш, жетпіс тоғыз – қанша, неше?

Етістіктен жасалған тіркесті сөздер: келе жатыр, айтып болып еді, құлап қала жаздап еді, күліп жібере жаздады – қайтты, не істеді?

Үстеуден жасалған тіркесті сөздер: қыс бойы, күні кеше, таң атқаннан кеш батқанша, кеш батқаннан таң атқанға дейін – қашан?

Тіркесті сөздер әрқашан бір-бірінен бөлек жазылады.

Күрделі сөздердің түрлерін жинақтап кесте арқылы көрсеттік.

КҮРДЕЛІ СӨЗДЕР

Біріккен сөздер

Қос сөздер

Қысқарған сөздер

Тіркес сөздер

Саңырауқұлақ

Бәйшешек

Айдос

Ұлтабар

Алаөкпе

Ханталапай

Қосалқа

Өнеркәсіп

Жазғытұрым

Әлдеқалай

Үйір-үйір

Таудай-таудай

Бетпе-бет

Жөнді-жөнсіз

Ас-мас

Көйлек-көншек

Сарт-сұрт

Жап-жасыл

Көкпеңбек

Аппақ

ХШЖК

ҚР

ҚазҰУ

ҚБТУ

Ауатком

Ұжымшар

Физмат

Ил-40

Ан-24

см

Ана тілі

Сөз тіркесі

Ал қара көк

Күрең қызыл

Жиырма үш

Оқушылар сарайы

Ақ құба өңді

Қызыл шырайлы

Қыс бойы

Кешке дейін

 

Морфология

Сөз түрлері: атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер. Сөз таптары: Зат есім, түрлері, зат есімнің түрленуі, сөйлемдегі қызметі

Сөз табы - лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері ортақ болып келетін сөздер тобы. Қазақ тілінде9 сөз табы бар.

Сөзді топтастыру принципі үш түрлі болады: 1) лексикалық-семантикалық сипаты; 2) синтаксистік қызметі; 3) морфологиялық белгісі.

Сөз таптарының лексика-семантикалық сипатыӘр сөздің өзіндік ұғымы, мағынасы болады. Мысалы: зат есім заттың атын: адам, мектеп, табиғат; сын есім заттың сынын: жақсы, биік, қара, таза, үлкен; сан есім заттың санын: үш, жеті, елу, мың; етістік істің қимылын: бару, келу, айт білдіреді. Бұл тұжырымдар сөзділексика-семантикалық жағынан сипаттайды. Сөз таптарының синтаксистік қызметі. Әр сөз табы белгілі бір сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Сөз таптарының сөйлемдегі бұл функциясы синтаксистік қызметі деп аталады.

Сөз таптарының морфологиялық белгісі әр сөз табының сөзтудыру тәсілі мен түрленуінеграмматикалық ерекшелігіне қатысты болады.

Қазақ тіліндегі сөздер семантикалық және морфологиялық белгілеріне қарай үш үлкен топқа бөлінеді.

 

 

Атауыш сөздер – лексикалық та, грамматикалық та мағынасы бар, басқа сөздермен байланыса алатын дербес сөздер.

Көмекші сөздер – лексикалық мағынасы жоқ, көбінесе грамматикалық қызмет атқаратын жәрдемші сөздер.

Одағай сөздер – адамның көңіл күйі мен сезімін білдіру үшін қолданылатын сөздер.

Зат есім – заттың, құбылыстың атауы болатын, заттың атын білдіретін сөздер. Сұрақтары: кім? не? кімдер?нелер?

Мысалы: кім? – ана, ақын, етікші, жазушы, елші, оқушы, аспаз, кәсіпкер, зейнеткер, арбакеш, ұстаз, ақылгөй,жәрдемші, т .б.

Не? – ауыл, қағаз, жылқы, перде, теледидар, қарындаш, нөсер, нәтиже, өзен, жапырақ, торғай, кітап, дәптер, т. б.

Кімдер? – балалар, спортшылар, жүлдегерлер, әншілер, немерелер, аналар, орманшылар, ақсақалдар, әжелер, оқушылар, т.б.

Нелер? – журналдар, көгершіндер, орындықтар, бүркіттер, жылқылар, көлдер, таулар, дәптерлер, қаламдар, гүлдер, көліктер, т. б.