Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі анықтамалық.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
757 Кб
Скачать
☆

Жай септеу үлгісі:

Атау септік – кім? не? Дос, әке, гүл

Ілік септік – кімнің? ненің? Достың, әкенің, гүлдің

Барыс септік – кімге? неге? Досқа, әкеге, гүлге

Табыс септік – кімді? нені? Досты, әкені, гүлді

Жатыс септік – кімде? неде? Доста, әкеде, гүлде

Шығыс септік – кімнен? неден? Достан, әкеден, гүлден

Көмектес септік – кіммен? немен? Доспен, әкемен, гүлмен

2) Тәуелді септеу – септік жалғауының тәуелденген сөзге жалғануы.

Тәуелді септеу үлгісі:

Атау – Кімім? Кімі? Нем? Досым, әкесі, гүлім

Ілік – Кімімнің? Кімінің? Немнің? Досымның, әкесінің, гүлімнің

Барыс – Кіміме? Кіміне? Неме? Досыма, әкесіне, гүліме

Табыс – Кімімді? Кімін? Немді? Досымды, әкесін, гүлімді,

Жатыс – Кімімде? Кімінде? Немде? Досымда, әкесінде, гүлімде

Шығыс – Кімімнен? Кімінен? Немнен? Досымнан, әкесінен. гүлімнен

Көмектес – Кіміммен? Кімімен? Неммен? Досыммен, гүліммен, әкесімен

Жіктік жалғау бастауыш пен баяндауышты жақ және шақ жағынан қиыстыра байланыстырады. Сөздергежіктік жалғаудың жалғануы сөздің жіктелуі деп аталады. Жіктік жалғауы жалғанған сөз сөйлемде негізіненбаяндауыш қызметін атқарады. Мысалы, Мен гимназия мектебінің оқушысымын.

Қазақ тілінде есім сөздер де, етістік те жекеше және көпше түрде жіктеледі.

ЖЕКЕШЕ ТҮРДЕ ЖІКТЕУ

КӨПШЕ ТҮРДЕ ЖІКТЕУ

Мен азаматпын, отырмын

Сен азаматсың, отырсың

Сіз азаматсыз, отырсыз

Ол азамат, отыр

Біз азаматпыз, отырмыз

Сендер азаматсыңдар, отырсыңдар

Сіздер азаматсыздар, отырсыздар

Олар азамат, отыр

 Сөзге қосымшалардың жалғануының орын тәртібі болады. Жұрнақ сөз тудыратын және оны түрлендіретінбөлшек болғандықтан, үнемі түбірден кейін, жалғаулардан бұрын жалғанады. Жалғау сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша түрі болғандықтан, сөздің соңында келеді. Мысалы, үгіт+ші+лер+іміз+дің, кітап+хана+шы+лар+ымыз+бен, жапырақ+ша+лар+ы+ның, көл+шік+тер+де, т.б.

Сөз құрамы. Біріккен сөздер, түрлері, емлесі

Сөз құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара сөз; 2) күрделі сөз.

Дара сөз негізгі және туынды тұлғадағы бір ғана сөзден тұрады. Мысалы: киім, киімшең, еңбек, еңбекқор, қызмет, қызметкер, адам, адамшылық, т.б.

Күрделі сөздер екі немесе одан да көп түбірден құралады. Мысалы, ата-ана, ал қара көк, жиырма жеті, Ақшатау, түрегел, күздігүні, т.б.

Күрделі сөздер жасалу жолына қарай төрт түрлі болады: бірікен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер, тіркесті сөздер.

Біріккен сөздер екі не одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіреді. Мысалы: көкжиек, ешқашан, қонақжай, Жетіқарақшы, сексен, Екібастұз, қыстыгүні, т.б.

Біріккен сөз екі түрлі болады: 1) кіріккен сөздер; 2) біріккен сөздер.

Кіріккен сөз - сыңарлары дыбыстық өзгеріске түсіп, біртұтас лексикалық мағына беретін сөздер. Мысалы:қол + қап = қолғап, ендігіден+әрі = ендігәрі, сегіз+он = сексен, бұл+жыл = биыл, алып +бар = апар, тұрып+кел = түрегел, ащы тас = ашудас, жаздың күні = жаздыгүні, Орнын басар = Орынбасар, Өмірі ұзақ = Өмірзақ, солай етіп = сөйтіп, т.б.

Түбір тұлғасы дыбыстық өзгеріске ұшыраған біріккен сөздер дәстүр бойынша бірге жазылады: күздігүні,қолғанат, бүгін, қонақасы, т.б.

 

Біріккен сөз – сыңарлары дыбыстық құрамын сақтай отырып, бір мағынаға ие болатын сөздер. Мысалы:аққұтан, Темірқазық, киікоты, ханталапай, т.б. Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады: кәсіпорын, ақкөгершін, бұзаубас, т.б.

Қос сөздер, түрлері, емлесі

Қос сөздер екі сөздің қосарлануынан не бір сөздің қайталануынан жасалады. Қос сөздің екі түрі бар: 1) қайталама қос сөздер; 2) қосарлама қос сөздер.

Қайталама қос сөздер бір сөздің қайталануынан жасалады: жиі-жиі, әрең-әрең, ойдым-ойдым, мая-мая, көзбе-көз, үйір-үйір, т. б.

1)Қайталама қос сөздердің жасалу жолдары: қосымшасыз-қосымшалы сөздердің қайталануы: тау-тау, қатар-қатар, биік-биік; таудай-таудай, айта-айта, жүгіре-жүгіре, т. б.