Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі анықтамалық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
756.67 Кб
Скачать

1) Сырттағылар тегіс кіріп, 2) орын-орындарына жайғасқан соң.

Бағыныңқы сөйлемдердің басыңқы сөйлеммен байланысуына қарай көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем екіге бөлінеді:

1) жарыспалы көп бағыныңқы сабақтас; 2) сатылы көп бағыныңқы сабақтас.

Жарыспалы көп бағыныңқы сабақтастың құрамындағы бағыныңқы сөйлемдерінің әрқайсысы басыңқы сөйлеммен тікелей байланысады. Мысалы: Ағайын-туыстары Тілекті ортаға алып, кезек-кезек бетінен сүйіп, қолынан қысып, табысымен құттықтасып жатыр. Сөйлемнің құрамындағы әрбір бағыныңқы сыңары басыңқымен тікелей байланыса алады. Мысалы: Ағайын-туыстары Тілекті ортаға алып, табысымен құттықтасып жатыр; кезек-кезек бетінен сүйіп, табысымен құттықтасып жатырқолынан қысып, табысымен құттықтасып жатыр.

Сатылы көп бағыныңқы сабақтастың құрамындағы бағыныңқы сыңарлары басыңқымен тікелей байланыспай, өзара бір-бірімен байланысып барып басыңқымен байланысады. Мысалы: Көк алғаш тебіндеп шығып, жер дегди бастағанда, Құнанбай Қарқаралыдан елге қайтты.

Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы бағыныңқы мен басыңқы сөйлемдерінің мағыналық қарым-қатынасына қарай алты түрге бөлінеді: 1) шартты бағыныңқы; 2) қарсылықты бағыныңқы; 3) себепбағыныңқы; 4) мезгіл бағыныңқы; 5) қимыл-сын бағыныңқы; 6) мақсат бағыныңқы.

1. Шартты бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдерінің біріншісі екіншісіндегі істің орындалу не орындалмау шартын білдіретін құрмаластың түрі шартты бағыныңқы сабақтас деп аталады. Мысалы: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Шартты бағыныңқы сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдердіңбағыныңқы сыңарының баяндауышы тиянақсыз болып, сабақтаса байланысады. Шартты бағыныңқысабақтас сөйлемнің сыңарларының арасына үтір қойылады.

Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышының жасалу жолдары:

1) бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы етістіктің -са, -се шартты рай тұлғасынан болады. Мысалы: Айтқан сөзің дұрыс болса, қалғанын өздері түсіне жатар.

2) көсемше тұлғалы етістіктің -ма+й, -ме+й немесе -майынша/мейінше,

-байынша/бейінше, -пайынша/ пейінше жұрнақтарынан болады. Мысалы: Бұл оқиға дәл осы күндердің өзінде тыным алмай, ұзын құлақ арқылы тамам Тобықтыны шарлап шықты. Шындықтың бетін ашпайынша,жарғақ құлағы жастыққа тимеді.

3) жатыс септігіндегі өткен шақтық есімшеден болады. Мысалы: Мылтығын алып шықпағанда, азулы қасқырдан құтылуы екіталай еді.

Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарына қайтсе, не етсе, қайткенде, не еткенде, қайтпейінше, не етпейінше, қайтпей, не етпей? деген сұрақтар қойылады.

Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышының жасалу жолдары мен сұрақтарының кестесі

р/с

Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы

Баяндауышының тұлғалық белгісі

Бағыныңқы сыңарына қойылатын сұрақтар

1

Шартты рай

-са, -се

Қайтсе? Не етсе?

2

Көсемше

Ма+й, ме+й; майынша/мейінше

Қайтпей? Не етпей?

Қайтпейінше? Не етпейінше?

3

Есімше

-ған+да, -ген+де

Қайткенде? Не еткенде?

2. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңары бір-біріне қарама-қарсы мағынада қолданылады. Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңары қайтсе дене етсе де, қайткенмен, не еткенмен, қайткенше, не еткенше, қайткеніне (не еткеніне) қарамастан, қайте тұра, не ете тұра? сұрақтарына жауап береді. Жұмыс уақыты әлдеқашан аяқталса да(қайтсе де?) Рахмет пен Лиза ертеңгі жиналыстың барысын талдап ұзақ отырды. Теңіз бетінен қаншама биік болғанмен (қайткенмен?), осы өңірдің кез келген жерінен су шығады.

Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауышы төмендегідей жолдармен жасалады:

1) шартты райлы етістікке да, де шылауының тіркесуінен жасалады. Мысалы: Екеуінің мақсаты екі түрліболса да, бірге жұмыс істегендеріне он шақты жыл болып қалды.

2) шартты райдың болымсыз түрінен болады. Мысалы: Күн бұлттанғаны болмаса, жаңбыр жауған жоқ.

3) Көмектес септік тұлғасындағы өткен шақтық есімше арқылы жасалады. Мысалы: Ай қараңғы болғанмен,жолды болжауға әбден болады.

4) Есімше тұлғалы етістікке -ша/ше жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Бұл сөзді естігенше, жерге батып жоғалған жақсы еді.

5) -а/е, -й жұрнақты көсемше тұлғалы етістік арқылы жасалады. Өз көңіліңді білдіре, менің көңіліме демеу сала келгеніңе ризамын.

6) келер шақ есімшенің болымсыз түріне шығыс септік жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы:Терімшілер күннің салқындығын елеместен, бастаған жұмыстарын бітіруге асықты.

Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышының жасалу жолдары мен сұрақтарының кестесі

р/с

Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы

Баяндауышының тұлғалық белгісі

Бағыныңқы сыңарына қойылатын сұрақтар

1

Шартты рай

-са да, -се де

Қайтсе де? Не етсе де?

2

Есімше

-ған/ген+-ша/ше

Қайткенше? Не еткенше?

3

Есімше

-ған/ген,-қан/кен+-мен

 

Қайткенмен? Не еткенмен?

4

Шартты райдың болымсыз түрі

-ма/ме, -ба/бе,

-па/пе+са/се

Қайткені (не еткені) болмаса?

5

Көсемше

-а/е, -й + тұра

Қайте тұра? Не ете тұра?

6

Есімше

-ған+ы+на(-ген+і+не)+ қарамастан

Қайткеніне (не еткеніне) қарамастан?

3. Мезгіл бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісінде айтылған іс екіншісінде айтылған істің мезгілін білдіретін құрмаластың түрі мезгіл бағыныңқы сабақтас деп аталады.

Мезгіл бағыныңқы сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдер сабақтаса байланысады. Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемнің бағыныңқы сыңары қашан, қашанға дейін, қашаннан бері, қай кезде? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауышы төмендегідей жолдармен байланысады:

1) -ған/ген, -қан/кен есімше тұлғалы етістікке -ша/ше жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы:Жиналыс аяқталғанша (қашан?), тізім жасалып та болды.

2) -ған/ген, -қан/кен есімше тұлғалы етістікке жатыс септік жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Бір күні Құрмаш Көксерекке ас беріп тұрғанда (қашан?), қара ала төбет Көксерекке ұмтылды.

3) -ған/ген, -қан/кен есімше тұлғалы етістікке соң, кейін, сайын, бері, шейін септеулік шылауларыныңқатысуы арқылы жасалады. Мысалы: Күшік ауылға келген соң (қашан?), екі күннен кейін көзін ашты.

4) -ған/ген, -қан/кен есімше тұлғалы етістікке кезде, шақта, уақытта мезгіл мәнді көмекші сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Әбден қас қараюға айналған уақытта (қашан?) Көксерек жалғыз өзі ауылға келді.

5) -ғалы/гелі, -қалы/келі көсемше тұлғалы етістік арқылы жасалады. Мысалы: Жазғы демалысқа шыққалы (қашаннан бері?), тек дене еңбегімен айналысып жүр.

6) -са/се шартты райдың жұрнағы және -ысымен/ісімен деген қосымшаның жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Ұлпа уәделі жерге келсе (қашан?), аттың ізі бар да, жігіт пен ат жоқ. Қыс басталысымен (қашан?),Ораз да аңға шығуға дайындалады.

Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышының жасалу жолдары мен сұрақтарының кестесі

р/с

Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы

Баяндауышының тұлғалық белгісі

Бағыныңқы сыңарына қойылатын сұрақтар

1

Есімше

-ған/ген, -қан/кен+

-да/де, -та/те,-нда/нде

Қашан?

2

Есімше

-ған/ген, -қан/кен+

-ша/ше

Қашан?

3

Есімше

-ған/ген,-қан/кен+ соң, кейін, сайын, бері, шейін

Қашан?

4

Есімше

-ған/ген,

-қан/кен+кезде, шақта, уақытта

Қай кезде? Қашан? Қай уақытта? Қай шақта?

5

Көсемше

-қалы/келі, -ғалы/гелі

Қашан?

6

Етістік

-са/се, -ысымен/ісімен

Қашан?

4. Себеп бағыныңқы сабақтас. Бағыныңқысы басыңқыдағы айтылған ойдың себебін білдіреді. Мысалы:Қожық Көкшетау оязына қарайтын жерде отырғандықтан, Есенейдің қолына түспей кетті. Осы құрмалас сөйлемдегі Қожық Көкшетау оязына қарайтын жерде отырғандықтан деген алғашқы сөйлем Есенейдің қолына түспей кетті деген екінші сөйлемнің себебін білдіріп тұр.

Себеп бағыныңқы сабақтас неліктен? не себепті? неге? не деп? деген сұрақтарға жауап береді.

Себеп бағыныңқы сабақтастың баяндауыштары төмендегідей жолдармен жасалады:

1. Есімшенің өткен шақ формасына -дықтан/діктен қосымшасының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Есі шыққан керуен аты жүре алмағандықтан, (неліктен?) айқай салып қашып еді.

2. Есімшенің өткен шақ формасына соң шылауының тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Халі ауыр болған соң, (неге?) арнаулы ауруханаға жатқызған-ды.

3. Көсемшенің  жұрнағына біткен болымсыз түрінен жасалады. Мысалы: Қалада қона қоятын ағайын-туған болмай, (не себепті?) қысыла-қысыла жатаққа келдім.

4. Ашық райлы етістікке деп көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Үйдегілерді оятып алмайын деп, (не деп?) аяғының ұшынан басып өз бөлмесіне өтті.

Себеп бағыныңқы сабақтас құрмаластың жай сөйлемдерінің арасына үтір қойылады.

Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышының жасалу жолдары мен сұрақтарының кестесі

 

р/с

Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы

Баяндауышының тұлғалық белгісі

Бағыныңқы сыңарына қойылатын сұрақтар

1

Өткен шақ есімше

-ған/ген, -қан/кен +

-дықтан/діктен

Неліктен? Не себепті?

2

Өткен шақ есімше және шылау

-ған/ген, -қан/кен және соң шылауы

Неге? Неліктен?

3

Болымсыз етістік және көсемше

-ма/ме, ба/бе, па/пе+-й

Неліктен? Не себепті?

4

Ашық райлы етістік және көмекші етістік

ашық рай+деп

Не деп? Неліктен? Не себепті?

5. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдердің бағыныңқысы басыңқыдағы істің, қимылдың қалай орындалғанын білдіретін құрмаластың түрі қимыл-сын бағыныңқы сабақтас деп аталады. Мысалы: Күн батар алдында балықшы жігіт сыртқа әлденеше рет шығып, биік жар басынан теңіз жаққа көз салды.

Қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарына қалай, қайтіп? деген сұрақтар қойылады.

Қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауыштарының жасалуы төмендегідей:

1. -ып/іп, -п және -а, -е, -й көсемше тұлғалы етістік арқылы жасалады. Мысалы: Домбыра шертіп отырған әнші әуелете шырқап (қайтіп?), ән салып қоя берді. Жұпар мен Қалампыр бастарын изей (қалай?), әлдене жайлы қызу әңгімелесіп отыр.

2. -ған/ген, -қан/кен өткен шақ есімшеге -дай/дей жұрнағы мен болып, күйі, қалпында сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Ақ ұлпа бұлттың үстінде қалықтап бара жатқандай болып (қайтіп?), ерекше бір күйді басынан кешірді.

3. Болжалды келер шақ есімшеге –тан/тен жұрнағының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Ол жөн-жосығын айтпастан (қалай?), атына міне сап шаба жөнелді.

Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышының жасалу жолдары мен сұрақтарының кестесі

р/с

Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы

Баяндауышының тұлғалық белгісі

Бағыныңқы сыңарына қойылатын сұрақтар

1

Көсемше

-ып/іп, -п

Қалай? Қайтіп?

2

Есімше

-дай/дей болып, күйі, қалпында

Қалай?

3

Есімше

-ма/ме, ба/бе, па/пе+

-с+-тан/тен

Қалай?

6. Мақсат бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдердің бағыныңқысы басыңқыдағы істің, қимылдың мақсатын білдіретін құрмаластың түрі мақсат бағыныңқы сабақтас деп аталады. Мысалы:Жалпақ ел жауабын өз аузынан айтпақ болып (не етпек болып?), ұлыққа таң атпай келіп еді.

 Мақсат бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарларына не үшін, не мақсатпен, не деп, неге? сұрақтары қойылады.

Мақсат бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауыштары төмендегідей жолмен жасалады:

1. -мақ/мек, -бақ/бек, -пақ/пек мақсатты келер шақ етістікке болып көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Ергештің жаман әдетін қойғызбақ болып (не мақсатпен?), балар әр түрлі амал істеген-ді.

2. Тұйық етістік пен үшін септеулік шылауының тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Аянның ертегісін тыңдау үшін (не үшін?), ауыл балалары күнде кешкісін Бапай шалдың үйінің іргесіне жиналамыз.

3. Болжалды келер шақ есімшенің болымсыз түріне үшін септеулік шылауының тіркесуі арқылы жасалады.Серіктері танып қалмас үшін (не үшін?), бет-аузын орамалмен таңып алыпты.

4. Қалау және бұйрық райдың ІІІ жағынан кейін деп көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы:Ат тұяғының дүбірі естілмесін деп, (не деп?) атының аяғына киіз орап тастады.

Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышының жасалу жолдары мен сұрақтарының кестесі

р/с

Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы

Баяндауышының тұлғалық белгісі

Бағыныңқы сыңарына қойылатын сұрақтар

1

Мақсатты келер шақ етістік

-мақ/мек, -бақ/бек, -пақ/пек және болып

Не мақсатпен?

2

Тұйық етістік

-у және үшін

Не үшін?

3

Болжалды келер шақ есімше

-ма/ме, -ба/бе, -па/пе+

-с және үшін

Не үшін? Неге??

4

Қалау және бұйрық рай

-айын/ейін, -сын/сін және деп

 

Аралас құрмалас сөйлем. Құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысатын құрмаластың түрі аралас құрмалас сөйлем деп аталады. Аралас құрмалас сөйлемніңқұрамында кем дегенде үш жай сөйлем болады. Аралас құрмаластағы жай сөйлемдер өзара екі түрлі жолмен байланысады: 1) ешбір жалғаулық шылаусыз іргелес тұру арқылы; 2) жалғаулық шылаулар арқылы. Аралас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің – бағыныңқы, басыңқы сыңарларының орын тәртібі әр түрлі болады. Мысалы: Көктем шығып, күн жылынды, бірақ таудағы қар әлі еріген жоқ.Құрылысы: бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.

Күшік бауырын көтеріп, өздігінен тырбанып жүруге айналған соң, ас ішетін арнайы асқұйғыш дайындалды, жетектеп жүру үшін мойнына жіп тағылды. Құрылысы: бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.

Толқындай теңселген шалғынның ішіне кірсең, оның гүлге бөленген тереңіне сүңгігің келеді, жұпар иісті жасыл желегін жастанып, жаныңды жайландыра жатқың келеді. Құрылысы: бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы

Моп-момақан боп тұнып тұрған Есілдің суы қабықтай қалқытып ала жөнелгенде, сен малтымпаз болмасаң, суға кеттім деп үрейленесің, бірақ Есілдің суында тек аяғың мен қолыңды қимылдатсаң болғаны, Есіл сені көтеріп ала жөнеледі. Құрылысы: бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы.

Төл сөз, автор сөзі, төлеу сөз. Тыныс белгісі төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары

Сөйлеуші өз сөзінің ішінде біреудің айтқан сөзін дәл сол күйінде, ешбір өзгеріссіз беруі төл сөз деп аталады. Мысалы: «Мал жұтайды, өнер жұтамайды», – деген Абай. Осы сөйлемде «мал жұтайды, өнер жұтамайды»деген Абайдың сөзі ешқандай өзгеріссіз айтылған күйінде беріліп тұр.

Төл сөз тек біреудің айтқан сөзі ғана емес, ойлаған ойы, айтуға оқталған сөзі түрінде де беріледі. Мысалы:Айбала: «Еркем», – деп қала жаздап, аузын жиып ала қойды. «Түнімен осы суретті қалайда бітіруім керек», – деп ойлады қарт суретші.

Төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзі автор сөзі деп аталады. Жоғарыдағы мысалдағы деген Абай, Айбала ... деп қала жаздап, аузын жиып ала қойды, деп ойлады қарт суретші – автор сөзі. Төл сөз бен автор сөзі «де» көмекші етістігінің деді, деп, деген, дейді, дегендей, дей жаздады, деген екен тұлғасындағы түрінің бірімен байланысады.

Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібіне, төл сөзді сөйлемнің хабарлы, сұраулы, лепті болуына қарай төл сөздің тыныс белгілері де әр алуан болады.

1. Төл сөз автор сөзінен бұрын орналасса, төл сөз бас әріппен жазылып, тырнақшаға алынады не алдынан сызықша қойылады. Егер төл сөз хабарлы сөйлем болса, соңына үтір, сұраулы сөйлем болса, сұрақ белгісі,лепті сөйлем болса, леп белгісі қойылып, автор сөзінің алдынан сызықша қойылады. Мысалы: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар деген нәрселермен озады», – деген ұлы Абай.

– Бекбергеннің қызын неге алып қашпақ болдыңдар? – деп сұрады үй иесі менен.

2. Төл сөз автор сөзінен кейін тұрса, автор сөзінен кейін қос нүкте қойылып, төл сөз не тырнақшағаалынады, не алдынан сызықша қойылады. Мысалы: А.Жұбанов былай деген: «Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті». Әйел бір төбенің басына шығып алып былай деді: – Менің атым – әйел, мына қыздың анасымын.

3. Төл сөз автор сөзінің ортасына орналасса, автор сөзінен кейін қос нүкте қойылып, төл сөздің алдынан несызықша қойылады, не төл сөз тырнақшаға алынады да, төл сөзден кейін не үтір, не сұрақ белгісі, не леп белгісі қойылады. Мысалы: Әйтілес қарт: – Аттың құлағында ойнайтын жас кезіміз, – деп бастады әңгімесін.

4. Автор сөзі төл сөздің ортасына орналасса, төл сөз тырнақшаға алынып немесе алдынан сызықшақойылып, автор сөзінің алдынан да, соңынан да сызықша қойылады да, төл сөздің екінші бөлігі кіші әріппен жазылады. Мысалы: «Осы бір тегін адам болмаған шығар, – деді Жалпақ балуан, – түнейік осы молаға».

Төл сөздің әрқайсысы жеке сөйлем болып айтылса, бас әріппен жазылып, автор сөзінің алдынан үтір (сұрау не леп белгісі) мен сызықша қойылып, автор сөзінен кейін нүкте мен сызықша қойылады. Мысалы: –Баруын барарсың, елін де шабарсың, – деді Бала би. – Қалыңдықтың қызығына түсіп кетпей, қалың жылқыға да көзіңді сал.

5. Бір төл сөздің ішінде екінші төл сөз келген жағдайда алқашқысының алдынан сызықша қойылып,соңғысы тырнақшаға алынады. Мысалы: – Қазақ халқында «Ұлық болсаң, кішік бол» деген нақыл бар, – дегенді жиі айтатын ол.

Сөйлеуші тарапынан өзгеріске ұшырап, біреудің сөзінің тек мазмұнын ғана сақтап жеткізу төлеу сөз деп аталады.

Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру кезінде болатын өзгерістер:

-негізгі өзгеріс төл сөздің тұрлаулы мүшелерінде болады;

-бір жақтың орнына екінші жақ айтылады;

Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары:

1. Төл сөздің баяндауышы етістіктің ашық райынан болса, төлеу сөзде ол сәйкес шақтағы есімшеге айналып, оған -дық, /-дік жұрнағы, тәуелдік жалғауы және табыс септігі жалғанады да, толықтауыш болады.

2. Төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық райынан болса, төлеу сөзде ол тұйық етістікке айналып, оғантабыс не барыс септік жалғауы немесе туралы, жөнінде, жайында шылауларының бірі қосылып айтылады.

3. Төл сөздің баяндауышы есім сөздерден не тұйық етістіктен болса, төлеу сөзде ол сөзге тіркес екеніндеген көмекші етістік айтылады. Төл сөздің бастауышы төлеу сөзде ілік септік жалғаулы анықтауышқаайналады.

4. Төл сөзде белгілі бір жақта тұрған сөз төлеу сөзде автор тарапынан басқа бір жақта тұрып айтылады.

5. Төл сөз сұраулы сөйлем болып, оның құрамында сұрау есімдігі болса,-төлеу сөзде сол күйінде сақталады. Егер сұраулы сөйлем -ма/ме сұраулық шылауы арқылы жасалса, төлеу сөзде шылаумен айтылған сөзболымды-болымсыз түрде не антоним түрінде қосарланып айтылады.

6. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда автор сөзіндегі де етістігінің орнына айт, сұра, ойла, бұйыр, талап ет, ескерт деген сияқты айту, ойлау мәнді етістіктерінің бірі айтылады.

Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдарының мысалдарының кестесі:

ТӨЛ СӨЗ

ТӨЛЕУ СӨЗ

– Қиындықтан қалай шығудың жолын мен білмеймін, – деді анасы.

Анасы қиындықтан қалай шығудың жолын білмейтіндігін айтты.

Әркім әр түрлі сөз айтып даурығып жатқанда, Сырбай: – Тоқтатыңдар! – деп ақырды.

Әркім әр түрлі сөзді айтып даурығып жатқанда, Сырбай тоқтатуын ақырып бұйырды.

– Қазақтың мұң-мұқтажына алтын діңгек болған сенбісің? – деді басын көтеріп. – Қайдан жүрсің?

Қазақтың мұң-мұқтажының алтын діңгегі екенін айта келіп, басын көтерген қалыппен қайдан жүргенін сұрады.

– Сенімен сырымды бөлісейін деп келдім, – деді Гүлнұр.

Гүлнұр оған сырымен бөліскелі келгенін айтты.

– Баламды сізге бірер сағатқа қалдыруыма бола ма? – деп сұрады Айман көршісінен.

Айман көршісінен баласын бірер сағатқа қалдыруға болатынын-болмайтынын сұрады.

66