
- •Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі м.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы
- •МагистранТтың жеке жұмыс жоспары
- •1. Магистрлік диссертация тақырыбын таңдаудағы негіздемесі мен құрылымы:
- •2. Магистрлік диссертацияны орындау жоспары:
- •3. Ғылыми мақала және ғылыми тағылымдама мерзімін өткізу жоспарлары
- •4. Жеке жұмыс жоспары
- •5. Оқу жұмысы
- •1 Семестр
- •6.1. Өндірістік іс-тәжірибе
- •7. Ғылыми ізденіс жұмыстары, магистрлік диссертацияның орындалуы
- •1 Семестр
- •7.2 Магистрлік диссертацияның орындалу жоспары:
- •2 Семестр
- •9. Магистрлік диссертацияны плагиат бойынша тексеріп өткізу
- •10. Магистрлік диссертацияны алдын-ала қорғау
- •Магистратурада оқу мерзімінің қорытындысы
Ф.7.28-01
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі м.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы
«Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу құқығы кафедрасы»
(мамандық шифры және аты)
«Заңтану және халықаралық қатынастар факультеті»
(факультеттің толық атауы)
Келісілді: Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы бастығы
____________М.Айтуреев (қолы, аты-жөні) «____»___________2014ж. |
бекітемін: Ғылыми жұмыс және Халықаралық байланыс жөніндегі проректоры ____________М.Сатаев (қолы, аты-жөні) «____»__________2014ж.
|
МагистранТтың жеке жұмыс жоспары
Аты-жөні, тегі: |
Арзымбетова Мәрмәр Ерсинбайқызы |
Мамандығы: |
6M030100-Заңтану |
Дайындау бағыты: |
Бейіндік (ғылыми-педагогикалық, бейіндік) |
Бұйрықпен қабылданған |
№ 109-п «28» 08 2014 ж. |
Ғылыми жетекшісі : |
Қуанышбаева С. (аты, жөні, тегі ғылыми дәрежесі, атағы) |
Диссертация тақырыбы: |
Қазақстан Республикасындағы және кейбір мемлекеттердегі медиация мәселелері (Ғылыми кеңесте бекітілген диссертация тақырыбы ) № ___ «___» _____________ 20___ж. (бұйрықтың бекітілген күні) |
Ескертпе: ҚР Мемлекеттік жалпыға білім беру стандартының 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 бұйрығы бойынша сәйкестелген. Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандарты. Магистранттың жеке жұмыс жоспары бүкіл оқу жылына құрастырылады. Магистрант жеке жұмыс жоспарын типтік оқу бағдарлама және элективтік пәндер боәынша эдвайзердің көмегімен құрастырады
1. Магистрлік диссертация тақырыбын таңдаудағы негіздемесі мен құрылымы:
НЕГІЗДЕМЕ
Қазіргі жаңа, яғни қоғамдық қатынастардың субъектілері жүріп-тұру ережесін бекітіп және оларды қадағалауды дербес жүзеге асыра алатын заманда өзін-өзі реттеу механизмі аса үлкен маңызға ие. Азаматтық айналымның қатысушыларының белсенділігі мен жауапкершілігінің артуы мемлекеттің азаматтарға, азаматтық қоғамның институттарының белгілі бір шеңбері аясында өз құзыреттілігінің белгілі бір сатылары бойынша, пайдалану құқығын беру мүмкіндігін туғызады. Халықаралық тәжірибе құқықтық дауларды реттеу мен шешуді аталған шеңбер аясына жатқызады.
Бүгінгі таңда әлемде сот өндірісі және басқа да азаматтық істерді шешу мен қараудың заңды механизмдері құқықтардың, бостандықтар мен заңды қажеттіліктердің бұзылуынан қорғайтын негізгі тәсілдер болып отыр. Дегенмен, жаңа заман талаптарына сай азаматтық қоғамның дағдылы түрде дамуы мен қалыптасуы сол тәсілдердің тиімділігінің жеткіліксіз болып жатқанын мойындау қажет. Басты назар азаматтық-құқықтық даулардың әр түрлі категорияларын реттеу барысындағы заңды органдар қызметіндегі медиацияны дамытуды бағыттауға аударылған.
Әлем бойынша қолданыста ең жиі кезедесетін, дауларды шешудің ең перспективті және альтернативті тәсілдерінің бірі, – ол медиация.
«Медиация» түсінігінің өзі латынның mediare (делдалдық) деген сөзінен бастау алған және бейтарап үшінші тұлға – медиатордың (делдал) қатысуымен жүргізілетін дауды шешудің альтенативті жолы дегенді түсіндіреді.
Қазіргі таңда аталып отырған институт дауларды шешудің ең тиімді және ең заманауи тәсілі болып отыр. Жаһандану заманында азаматтық қатынастар бойынша даулар тек бір мемлекеттің шегінде ғана емес,сонымен қатар шетел элементі шиеленіскен азаматтық іс жүргізу қатынастары бойынша да жиі кездесіп жатыр.
ҚҰРЫЛЫМЫ
Магистрлік зерттеу жұмысы мынадай құрылымнан тұрады:
КІРІСПЕ
1. МЕДИАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Медиация түсінігі және оның пайда болу тарихы
1.2 Медиация процедурасының қағидалары мен ерекшеліктері
2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ МЕДИАЦИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Медиацияның халықаралық құқықтық реттелуі: әмбебап және аймақтық құжаттар
2.2 Шет мемлекеттердің ұлттық заңнамаларындағы медиация мәртебесіне құқықтық талдау
2.3. Қазақстан Республикасындағы медиацияның құқықтық жағдайы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ғылыми жетекшісі: Қуанышбаева С. .