- •1.1. Тауарлы шаруашылық: пайда болу шарттары, негізгі белгілері мен типтері және оның қассиеттері.
- •1.2. Тауардың категориялық құны.
- •1.3. Ақша тауар өндірісінің категориясы: пайда болуы және мәні.
- •1.4. Тауарлы өндірістің ерекше бағалары.
- •2.1. Қазақстан Республикасында тауар өндірісінің негізгі нышандары.
- •2.2. Халық тұтынатын тауарлар өндіру мен қызмет көрсету саласын
1.3. Ақша тауар өндірісінің категориясы: пайда болуы және мәні.
Қандай бір қоғамда болсын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар айналымынан туындайды. Олай болса, ақша соңғы айтылғандардың ұзақ мерзімді даму процесінде пайда болған. Сондықтан да ақшаның пайда болуы өте ерте заманнан бастау алады. Орта ғасырдағы алхимия жай метелды табиғатты болмаған «философия» тасын – алтынға, күміске айналдыру жолдарын іздестірген. Алхимиктер алтынның атасы: күнді бейнелейтін – күкірттің белгісі, ал оның анасы: айды бейнелейтін – сынаптың белгісі деп түсінген. Міне, осы белгі орта ғасыр алхимиктерінің танбасына айналған. Алхимиктердің соншалықты аңқаулығына қарамастан, олардың мұндай жобалауларында шындықтың ізі бар. Бүгінгі таңдағы ядролық физика ғылымы алтынды сынаптан алуға болмайтындығын дәлелдеді. Бірақ мұндай алтынның бір грамының құны асыл металдардың бір миллион тонна құнына тең болар еді.
Ақшаның мәнін анықтауға ынталылық капитализмінің қалыптасуы және дамуы дәуірінде өрістеді А.Смит, Д.Рикардо, К.Маркс, И.Фишер, А.С.Пигу, М.Фишер және басқа да көптеген экономистер осы проблеманы шешуге ынталанған. Бүгінгі экономикалық ілімдерде ақшаның мәні туралы әр түрлі пікірлер орын алып отыр. Мысал ретінде А.Самуэльсонның пікірін келтірейік: «Ақшаның тауар дәуірін, қағаз ақша дәуірі алмастырады. Қағаз ақшалары, оның мәнін, ішкі табиғатын бейнелейді ... Ақша – бұл жасанды әлеуметтік шарттылық».
20 ғасырдың басына дейін экономикалық теорияда ақша туралы екі мәселе орталық орын алған: 1/ ақшаның пайда болуы және мәні: 2/ оның құны және сатып алу қабілеті. Бірінші мәселе бойынша, саяси экономикада «қосметалды» және «бірметалды» деп аталатын екі бағыт дамыған.
Жалпылама эквивалент қызметін алтынмен қатар – күміс атқарған кезде ақша жүйесі «қосметалды» болды. Бірақ 20 ғасырдың басында-ақ әлем бірінен бірі тек алтын валютаға, яғни «бірметалдық» жүйеге көше бастады. Ол Австрияда 1892 жылы, Жапонияда – 1897, Ресейде – 1898, ал Америка Құрама Штаттарында – 1990 жылы болды. Англияда алтын ақша жүйесі 18 ғасырдың аяғында-ақ, Германияда – 1871 жылдан, Голландияда – 1877 жылдан бастап енгізілді. Бельгияда, Францияда, Швейцарияда, сондай-ақ, Британия мен Голландияның орталық иеліктерінде ол іс жүсінде 20-шы ғасырдың басында үстем бола бастады.
Ақша-тауар. Көптеген тауарлар массасының белгілі бір немесе бірнеше тауарлар айырбас кезінде делдалдық рөль атқару мақсатымен бөлініп шығады. Мұндай тауар ұлу қабыршығы және аң терісі, май және тұз, шегелер және алтын, тағы да басқа көптеген басқа тауарлар болуы мүмкін.
Қоғамдық еңбек бөлінісінің одан әрі дамуы, тауар өндірісінің өсуі, құн формасының эволюциясы, айырбас жүйелігінің артуы – барлық тауарлар дүниесінен басқа тауарлар барған сайын осыған көбірек айырбасталатын болған бір тауардың бөлініп шығуына әкелді. Бұл құнның жалпыға ортақ формасының пайда болуы деген сөз еді. Кез келген басқа тауарларға тікелей айырбасталуға қабілеті бар тауар жалпылама эквивалент деген ат алды. Әр түрлі халықтарда және сол бір халықтың өзінің тарихының әр түрлі кезеңдерінде жалпылама эквивалент рөлін әр түрлі өнімдер / мал, аң терілері, піл сүйегі және т.б. / атқарады. Уақыт өте келе, бұл рөлді барлық жерде дерлік үнемі күміс пен алтын атқаратын болды.
Ақырында жалпылама эквиваленттік қызметтік алтын атқара бастады. Айырбастың тәжірибесі бойынша, қолайлы эквивалент бірнеше ерекшеліктермен сипатталынуы қажет. Біріншіден, оынң біртектіліг және сапалылығы. Екіншіден, экввиваленттік беріктігі мен мүлтіксіз сақталыну қасиеті. Үшіншіден, оның қандай да бір болсын, пропорцияда бөліне алынатын ерекшелігі. Төртіншіден – біртұтастығы. Міне, алтын осы аталған қасиеттермен бейнеледі.
Ақша – тауардың басқа да тауарлар тәрізді тұтыну құны мен құндық қасиеті бар. Осыған байланысты алтын бағасы төмендеген кезде / ол ақша болған жағдайда / , барлық тауарлардың бағасы да көтеріледі. Мәселен, Американы ашқан кезде Ескі дүниеге көп алтын алып келуге байланысты осындай жағдай қалыптасқаны әлем тарихынан белгілі.
Құнның белгісі. Ақша айналыс құрамында шақа формасы ретінде көрініс алады. «Шақа» деген сөздің шығу тегі Ертедегі Римның біздің дәуірге дейін 4 ғасырда ақша белгісін соғуы бастау алған Юноны Монета жеріне байланысты.
Алтын – жұмсақ шақа және олардың мөрі айырбас процесінде бірте – бірте өше бастайды. Мамандардың есебі бойынша, алтын – шақа жыл сайын өз салмағының 0,07 процентінен айырылады. Сөйтіп 2600 жыл ішінде алтын – шақаның айырбастау процесінде жалпы шығынның мөлшері 2 мың тонна алтынға тең болды.
Шақаның пайда болуы және дамуы нақты тарихта көптеген ғасырларды қамтиды. Ең алдымен мемлекет тек салмағын және сынамасын анықтап кесіктерді / алтын немесе күміс / шекіді. Шақалар өзінің қазіргі мәнәнде техниканың және көркемөнердің дамуынан көп кейін пайда болды. Оны дайындау тек мемлекеттің ерекше пұрсаты бойынша жүзеге асырылып, шақалық религия деп аталады.
Қағаз ақша. Ақша дамуының өзі айырбаста асыл металдардан жасалған шақаның болуымен тоқталған жоқ. Бұл дамудың келесі қадамы – қағаз ақшаның, содан кейін несиелік ақшаның пайда болуы.
Қағаз ақша екі жолмен пайда болды. Бірінші жолы – «шақа мөрінің тозуы». Алдымен, өз ақшаларын басып шығарушы князьдар, корольдер болды. Олар жаңадан шөкілген шақалар мен айырбаста жүрген салмағы кем, мөрі тозған шақалар өздерінің қызметтерін қатар атқаратынын байқап, асыл металдардаң шекілген шақалардың санын саналы түрде азайта бастайды. Сөйтіп, бірте – бірте алтынды және күмісті «үнемдеу» мақсатымен шақаны асыл емес металдардың қорытпасынан шеки бастады.
Сонан кейін «казначейлік вексельдер» басылып шығарылатын болды. Бұлар күміс және мыстан жасалған шақаларға еркін айырбасталатын мемлекеттің міндеттемесі. Қағаз ақшалар металдан жасалынған шақаларға қарағанда, айырбасқа әлдеқайда қолайлы екені белгілі.
Қағаз ақша 13 ғасырда тұңғыш рет Қытайда басылып шықты. Соңыра 1690 жылы қағаз ақшалар Америкада пайда болды. Ал 18 ғасырда Францияда, Англияда және Ресейде 1769 жылы шығарыла бастады.
Ақша – екінші жолы коммерциялық вексель арқылы пайда болды. Коммерциялық вексель – кәсіпкердің немесе саудагердің кредитке алған тауарларға белгілі бір уақыттан кейін ақша төлеуге берген міндеттемесі. Вексель ең алдымен тек қарыз алушы және кредит беруші аралығында айналымға түседі де, сол арқылы кредит беруші де өз борыштарын төлей бастайды.
Осы аралықта біршама уақыт өткеннен кейін ірі банктер өздерінің банкнот деп аталатын қағаз ақшаларын шығара бастайды. Ал банкноттардың пайда болуы кәсіпкерлердің әрекеттерін ынталандыра түседі де, кредиттері үшін жылына 20 процент ставка алатын өсімқорлардың ақшаға деген монополиясын тежеуге болады.
Банкноттар әу баста казначейлік билеттерге қарағанда, алтынға еркін айырбастала бастады. Мұндай жүйе алтын стандарт деп аталады. Ол кемелденген түрінде 1914 жылға дейін өмір сүрді. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін алтын стандартты сақтап қалған тек АҚШ қан болатын, ал Англия мен Франция оны кейбір шектеулі формада ғана енгізеді. 30 – жылдары барлық капиталистік елдерге қағаз ақшаларды алтынға алмастыру жойылды. Және ешбір елдің ішкі ақша айналымында оны өз орнына келтіру жолға қойылған жоқ.
Бірақ дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан дүниежүзілік валюта жүйесі алтынға аса маңызды рөл берді, өйткені Батыс елдерінің барлық валюттары алтын арқылы американдық доллармен байланысты еді. Алтын стандартты ақырында, 1971 – 1973 жылдары толығымен жойылды.
Бүгінгі таңда алтын немесе күміс капиталистік мемлекеттердің ақша айналымына қатынаспайды, ал ақша массасының 25 проценттейі олардың өз қолдарына, ал 75 проценті қолма – қол ақшасыз есеп беру үшін ағымдағы есеп – шотқа / банктерге / орналастырылған.
Ақша қызметі. Бұл проблема бойынша екі пікір қалыптасқан: 1 / маркстік көзқараста /; 2 / бүгінгі таңдағы буржуазиялық пікір /.
Маркстік көзқарас. К.Маркс ақшаның пайда болуын және мәнін анықтай отырып, оның бес қызметін атап көрсетеді.
Біріншіден, тауар құны өлшеуіші. Бұл ақша арқылы басқа тауарлардың құны өлшенеді деген сөз. Кір тасының өз салмағы болғандықтан, өзге де заттар салмағының өлшеуіші болатыны сияқты, ақшаның да өзіндік құны болғандықтан, басқа тауарлар құнының өлшеуіші бола алады.
Екіншіден, ақша тауар айналаманың құралы қызметін атқарады. Ақша шыққааннан кейін тауардың тауармен тікелей айырбасталуы / Т – Т / біржолата тауар айналымына / Т – А – Т /, яғни ақша арқылы тауар айырбасына орын береді. Мұнда ақша тауар айналымының құралы болады. Ақша тауарларды таратуға қатыса отырып, ацналым саласында жүреді.
Үшіншіден, ақша қазына жинау құралы рөлін де атқарады. Тауар иесі өз тауарын сатқаннан түскен ақшасын басқа тауар сатып алуға жұмсаса, ол ақша айналымынан шығып қазынаға айналады. Тауар өндірушілерді ақша жинау әрекетіне нарық бәсекесі мен экономикалық тұрақсыздық итермелейді.
Төртіншіден, ақша төлем құралы болып табылады. Ақшаның бұл қызметі тауарды несиеге сатумен, яғни төлемді кейінгі қалдырумен байланысты. Сатушы несие берушіге, ал сатып алушы борышқорға айналады. Ақша шартта белгіленген мерзім біткеннен кейін төленгенде төлем құралы ретінде көрінеді. Ақша тауар қозғалысына тікелей қатысы жоқ: жалақы, зейнетақы бергенде, салықтарды төленгенде және т.б. төлемдер кезінде де тап осындай қызмет атқарады.
Бесіншіден, елдер арасындағы экономикалық қатынастарда ақша дүниежүзілік / бүкіл дүниежүзілік / ақша ретінде болады. Бұл қызметінде ол халықаралық саудаға және тауарлы емес операцияларға / заемдер, бір елден екінші елге аударылатын ақшалар және т.б. / қызмет етеді. Халықаралық көлемде ақша әдетте тек таза алтын түрінде ғана қабылданады.
Бүгінгі таңдағы экономикалық теорияда орын алған Батыс Еуропа және АҚШ экономистерінің пікірлері бойынша, ақша үш қызмет атқарады:
1. Айырбас құралы. Ақшалар ең алдымен айырбас құралы ретінде пайдаланылады. Ақшаны тауарлар, қызметтер сатып алу және сату үшін қолдануға болады. Мәселен, наубайхананың жұмысшысы өз еәбегінің өтеміне 200 бөлке алғысы клмейді. Ал наубайхана болса, ол да өз алдына өзінің бөлкелері үшін жаңа ауланған балық алғасы келмейді.
Біріншісіне ақша сол бөлкеге және басқа өзіне қажетті тауарларды дүкеннен сатып алу үшін қажет. Бұл оған қолайлы, себебі әрбір тұтынушының қажеттігі біркелкі емес. Екіншісіне өз өнімдерін ақшаға сату ұтымды. Себебі, ол өнімдерін өткізгеннен кейін түсірген соманың есебінен өндіріс шығындарының орнын толтыру / шикізат, материалдар және т.б. сатып алу / , жұмысшыларға жалақы төлеуі, өзіне қажетті тауарлар сатып алуы, кредитормен есеп айырысуы керек. Міне, осыған байланысты ақша төлемге өте жеңіл құрал болып табылады.
2. Құн өлшеуіші. Қоғам ақша даналарын әр түрлі игіліктер мен ресурстардың салыстырмалы құнын өлшеу маштабы ретінде қолдануды қолайлы көреді. Біз ара қашықтықты миль немесе километр арқылы анықтап, оларды өзара салыстырамыз, сол сияқты игіліктер мен қызметтер құнын да ақша арқылы анықтаймыз.
3. Айналым құралдары. Ақша өтімді болғандықтан, игіліктерді сақтайтын өте ыңғайлы форма. Ақшаны иемдену байлық игіліктерін, мәселен, қозғалмайтын мүліктерді / меншік немесе бағалы қағаздарды, акциялар, облигациялар және т.б. / сақтаудан алынған табыстарға қарағанда, өте сирек, ерекше жағдайда болмаса, ақшадай табыс әклмейді. Бірақ ақшаның артықшылығы, оларды фирмалар немесе үй шаруашылығының қаржы міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін кідіртпей пайдалануға болады.
Ақша айналамы және ақша жүйесі. Тауарларды өткізуге, қызметтерге төлемдер төлеуге байланысты жүзеге асатын ақша қозғалысы ақша айналымы деп аталады.
Ақша қозғалысы қай ел болсын, стихиялық құбылыс емес, ол мемлекет тарапынан нақтыланған ақша жүйесінің шегінде болады. Ұлттық ақша жүйесі – бұл тарихи тұрғыдан қалыптасқан және заңды түрде анықталынған ақша айналымы формасы. Ақша жүйесінің басты элементтері мынадай:
1. Негізгі ақша данасы. Бұл тауар бағасын анықтап, өлшеу үшін қолданылады. Ресейде, соңыра бұрынғы одақта қолданылған ақша данасы – рубль. Ол 14 ғасырдың соңына таяу қалыптасқан.
2. Баға масштабы – мемлекет анықтаған ұлттық қағаз – ақша данасының алтынға бағаланған салмақ мөлшері. Қазіргі кезде фунтстерлинг ресми түрде 2,13281, ал АҚШ доллары – 0,716662 грамм алтынға теңеседі. Ресейде 19 ғасырдың аяқ шенінде рубльдің алтын баламасы 0,774235 грамм болып белгіленді. 1921 жылы қаңтардың 1 жұлдызында оның алтын баламасы 0,987412 грамм болып белгіленді. Мұндай масштаб бағасы бойынша, 1973 жылы 1 доллар, 75 тиынға тең болды.
3. Ақша түрлері. Бұған жататындар: жоғарыда қаралған мемлекет шығаратын несие ақшалары / «банкноттар» / , ақша қағаздары / «мемлекеттік қазыналық билеттер» / .
4. Эмиссиялық жүйе – айырбасқа арнап заңды түрде ақша шығару тәртібі. Бұл жүйенің ерекше белгісі – орталық / эмиссиялық / банктің атқарушы өкіметке бағынбауы.
5. Мемлекеттік ақпарат. Бұл орган ақша айналымын реттеп отырады. Бұған кіретін ақпараттар: Қаржы министрлігі, Орталық банк және олардың тараудері және т.ь.
Сонымен, ақша айналымы өте қатаң ережелі ақша жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Ақша жүйесінің өте қауіпті «ауруы» - құнсызданудың пайда болу себептері. Бүгінгі таңда қоғамға бұл экономикалық теория және экономикалық тәжірибенің орталық проблемаларының біріне айналып отыр.
