
- •1.1. Тауарлы шаруашылық: пайда болу шарттары, негізгі белгілері мен типтері және оның қассиеттері.
- •1.2. Тауардың категориялық құны.
- •1.3. Ақша тауар өндірісінің категориясы: пайда болуы және мәні.
- •1.4. Тауарлы өндірістің ерекше бағалары.
- •2.1. Қазақстан Республикасында тауар өндірісінің негізгі нышандары.
- •2.2. Халық тұтынатын тауарлар өндіру мен қызмет көрсету саласын
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық Университеті
Экономика және қаржы институты
″Экономика″ кафедрасы
“ Экономикалық теория ” пәнінен
Тақырыбы: Тауар өндірісі – нарық шаруашылығының негізі
Орындаған:
Тексерген: Мукашева Б.
Астана 2006 ж.
Мазмұны:
Кіріспе......................................................................................................3
І-тарау. Тауар категориясының экономикалық мәні....................4
Тауарлы шаруашылық: пайда болу шарттары, негізгі белгілері мен типтері және оның қассиеттері....................................................................4
Тауардың категориялық құны......................................................................8
Ақша тауар өндірісінің категориясы: пайда болуы және мәні...............11
Тауарлы өндірістің ерекше бағалары.......................................................19
ІІ-тарау. Экономика мен тауар өндірісінің байланысы...............22
2.1. Қазақстан Республикасында тауар өндірісінің негізгі нышандары.....24
2.2. Халық тұтынатын товарлар өндіру мен қызмет көрсету саласын
дамыту........................................................................................................31
Қорытынды............................................................................................36
Қолданылған әдебиеттер......................................................................38
Кіріспе.
Тауар категориясына дейін тарихта игілік ұғымы болған. Ол заттардың адамзаттың белгілі қажеттілігін қанағаттандыру қабілеттілігін көрсетеді. Ағылшын экономисі Кембридж мектебін құрушы А.Маршалл ″ Саяси экономия принциптері ″ кітабында игілікті адамның барлық көңілі ауған заттарын түсінген және ол адамның қажеттігін қанағаттандыру қажет. Экономикалық игіліктің ерекше түріне тауар жатады. Қазақстанда тауар ұғымы тым ерте дүниеде пайда болған. Ол көшпелі түрік тайпаларынан алынған және сөзбе – сөз алатын болсақ: ″ мүлік ″, ″ жақсылық ″ мағынасын білдіреді. Тауар теориялары:
Марксистік теорияда тауар сатуға арналған және адамға пайдалы еңбек өкілі ретінде қарастырылады. Тауар ең алдымен:
1) тек адамның қандай да бір қажеттігін қанағаттандыратын зат боп табылады.
2) тауар сатуға арналған.
Маркстің ойынша тауар екі қасиетке иеленеді:
І қасиет. Қандай да бір адамның сұранымын қанағаттандыруы бұл тұтыну құны деп аталады.
ІІ қасиет. Зат бола отырып басқа затқа айырбасталу қабілеттілігі тауардың белгілі бір сандық пропорцияда басқа тауарларға айырбасталу және алу қасиеті айырбас құны деп аталады.
Австриялық экономикалық мектеп өкілі Карл Менгер, тауар айырбас үшін өндірілген ерекше экономикалық игілік ретінде анықталады ( Т – Т ) ( Т – А ). Тауар құны оны екінші бір тауарға айырбастағанда көрінеді.
І-тарау. Тауар категориясының экономикалық мәні.
1.1. Тауарлы шаруашылық: пайда болу шарттары, негізгі белгілері мен типтері және оның қассиеттері.
Адамзат қоғамы өндіріс - еңбек әрекеттерін, еңбек бөлінісі, мамандану, кооперация және айырбас арқылы ұйымдастырудың негізінде, өзінің материалдық, рухани жағдайының жақсартуында жақсы жетістіктерге ие болды.
Экономиканы ұйымдастырудың элементарлық формасында — шаруашылықта — байлықтың табиғи формасының көрініci натуралдық өнім түрінде болады. Бұл өнімге, біріншіден, тұтыну бағалылығы, екіншіден, еңбек нәтижесі деген қасиеттер тән болады.
Заттың пайдалылығы, оның өзіне тән белгілі физикалық, немесе, басқа да қасиеттерінің арқасында адамдардың белгілі 6ip кажеттерін қамтамасыз ететін қабілеті, өнімнің тұтыну бағалылығын құрайды.
Тауар өндірісі жағдайында еңбек өнімі оны тауарға айналдыратын жаңа ерекше қасиеттерге ие болады. Бұл өнімнің бағалылығы өндіріс үшін емес, басқа адамдар үшін болады — басқаша айтсақ, бұл өнім қоғамдық қасиетке ие болады.
Қоғамдық тұтыну бағалылығының өлшемі болу қызметін сұраныстың көлемі атқарады. Өнімнің өндірісі ұсыныс көлемін белгілейді. Егер ұсыныс сұранысты канағаттандырған болса, онда заттарға қоғамдық тұтыну бағалылығы тап болғаны. Кез келген зат тауар бола алама? Жоқ тек адамның еңбек жұмсап жасаған заты тауар болады. Мысалы, өзендегі балық оны ұстап алғаннан соң тауар бола алады. Өйткені оны ұстауғa еңбек жұмсалады.
Тауар болу үшін заттың тек басқалар үшін жасалуы, оның тауар болуына жетімсіз жағдай; осы зат басқаларға өткізілуі керек, оның орны эквиваленттік түрде етелуі қажет. Басқа адамның қажеттігін канағаттандыру үшін жасаған сыйлық тауар бодмайды. Енді тауарға анықтама берейік. Тауар дегеніміз – еңбекпен жасалған қоғамдық бағалылықты иемденген және айырбасқа арналған заттар, немесе қызметтер. Заттар өзінен өзi тауар бола алмайды. Тауар болу үшін олар адамдар арасындағы айырбастың объектіне айналуға тиіc. Сондықтан тауар адамдар арасындағы еңбек өнімінің айырбасы арқылы білінетін қатынастарды көрсетеді. Тауармен алмасудың формалары сан алуан болуы мүмкін, 6ipaқ барлық жағдайда осы айырбастың әрекетінің нәтижесінде 6ip зат өтіп орнына екінші зат келуі қажет. Осыдан шығатын тұжырым: айырбас процесінде әр тауар нарықта айырбас құнына ие болады. Яғни, белгілі сәйкестікте басқа пайдалы затқа айырбастала алатындық қабілетке ие болады.
Осындай теңдік, айырбас сәйкестігі нарық практикасында күн сайын шексіз көп рет қайталанып, болып отырады. Әдетте, адамдар заттар неге бір - бірімен салыстырылады деп, әp6ip нақты салыстыру теңдігінің негізінде не жатады деп ойланбайды. Ал экономикалық теориядағы айырбас сәйкестігін, айырбас құнының қандай себептер белгілейді деген сұрақ Аристотелден бастап осы күнге дейін ой толқытады.
Экономикалық әдебиетте тауарлардың құны туралы негізгі үш бағытты атап өтейік.
Біріншісі Карл Маркстің еңбектік құн теориясында негізделеді. Осыған сәйкес, тауарлардың өндіріci мен айырбасы солардың құнының негізінде жүріп отырады, құнның өзі еңбектің қоғамдық — қажетті шығындарымен белгіленеді. Бұл жағдайда тауар өндірушілер мына зандылықпен есептесуі қажет: егер еңбектің индивидуалдық шығындары қоғамдық қажеттіктен артық болса, онда шығындардың осы артық бөлшегін қоғам мойындамайды. Ал тауардың құнының негізінде оның өндірісіне жұмсалған қоғамдық еңбек жатады. Сөйтіп, құн тауарға сіңген тауар өндірушілердің қоғамдық еңбегі болып белгіленеді. К. Маркс тауарға 6ip жағынан, адамдардың белгілі қажеттерін қанағаттандыруға қабілетті тұтыну құны деп, екінші жағынан - құн деп анықтама береді. Тауардың ең жақты сипаты, осы тауарға сіңген еңбектің екі жақты сипатымен белгіленеді. Тұтыну құны деп алынған тауар белгілі формадағы еңбектен жасалады, яғни, нақты еңбекпен; құм деп алынған тауар нақты формаларына тәуелді емес жалпы еңбекпен жасалады, абстракты еңбекпен, яғни, тікелей жұмыс уакытының нақты бірліктері емес, эквивалент қызметін атқаратын басқа тауарларды салыстыру арқылы. Сөйтіп, тауардың құны, өндірістің қоғамдық – қалыпты шарты болған жағдайда және осы қоғамдағы еңбектің іскерлі дәрежесі мен қарқындығының орташа жағдайында тауарды жасауға қажет индивидуалдық емес қоғамдық - қажетті жұмыс уакытымен белгіленеді.
Әңгіме құнды орташа еңбекпен емес, өндірістің өткізудің қоғамдық шарттарымен болжамдалған еңбекпен белгілеу туралы болса да, басқа тауарлармен салыстыру арқылы жанама өлшеуіштерді қолдануды кейде еңбектік құн теориясына қарсылар қолдамайды.
Екінші бағыт шекті пайдалылық теориясын қолдануға негізделген. Бұл теорияны кең пайдаланатын маржиналистер. Бұлар бойынша құн және баға тауарлардың шекті пайдалылығының және олардың сиректігінің туындысы болып табылады. Бұл бағыттың өкілдері, субъектің қарамағындағы иеліктер қорының тең шамаларының тізбектелген өсімдері белгілі нүктеден артып кетсе, онда игіліктер бірлігінің пайдалылығы үдемелі төмендейді деп есептейді. Қордың ең ақырғы бірлігінің пайдалылығы, немесе игіліктің шекті пайдалылығы, осы тауардың құнының көлемін белгілейді.
Маржинализмнің теоретиктері, бұлардың ішінде австриялық мектептің өкілдеpi, материалдық игіліктердің бағалылықтарының екi түрін бөліп атайды — субъективтік және объективтік. Субьективтік бағалылық деп олар материалдық игіліктердің осы субъект үшін бағалылығын түсінеді. Австриялық мектептің өкілдepi, олар баға теориясының негізіне жатқызған, субъективтік бағалылыққа шешушi рөл береді. Олар бұны сатып алушы және сатушылар жағынан осы тауардың пайдалылығын бағалаушы субъектердің нарықта қарсыласуының нәтижесі деп есептейді.
Үшінші бағытты тұжырымдаған Л. Маршалл. Шекті пайдалылық түрін алған ұсыныс жағындағы және өндipic шығындары түрін алған ұсыныстың негіздеріндегі нарықтық күштердің 6ip - 6ipiнe әсерін айқындау, осы бағыттың зерттеуінің мазмұнын құрайды. Осыған А. Маршалл мынадай қорытынды жасайды; пайдалылық ұсынылған көлемді белгілейді, ұсынылған көлем өндірic шығындарын белгілейді. Оның болжамы бойынша, сатушының тауар үшін төлеуге келісім беретін бағасы тауардың пайдалылығымен белгіленеді; бұнда ол пайдалылықты, тауар үшін сатып алушы төлей алатын, барынша жоғарғы құны деп есептейді.
А. Маршалл бағаны белгілеуде, оған әсер ететін eкi факторды бөліп атайды: шекті пайдалылық және өндіріс шығындары. Оның тұжырымдауы бойынша, тауардың сатушы белгілеген бағасын оны өндіру үшін жұмсалған шығындар құрайды, ал нарықтық баға сатып алушылармен және сатушылармен белгіленеді, сұраныс пен ұсыныстың нәтижесінде.
Пайдалылықты өлшеу туралы бүгін маржиналистер, кардиналистер — шекті пайдалылықтың абсолюттік шамасын сан жағынан өлшеуге болады деген идеяны жақтаушылар және ординалистер — шектi пайдалылықтың абсолюттік шамасын өлшеудің мүмкіндігін және қажеттігін жоққа шығарушылар болып бөлініп отыр. Ординалистердің аса көрнекті өкілдеріне Дж. Хикс және П. Самуэльсон жатады. Бұлар тұтынушылардың артықшылықтарының шәкілін жасады.
Дж. Хикс бойынша бүгінгі заманда тұтынушылардың артықшылық, шәкілінің бастапқы пункті талғаусыздықтың қисық сызығының теориясынан басталады. Осы қисық сызықтың негізінде пайдалылықтың өзін өлшеумен айналыспай, тұтынушы тауарларға ең ұнамды таңдау жасай алады. Дж. Хикс шекті пайдалылықпен және сатып алушы төлеуге келетін бағаның арасында айырмашылықтардың болуымен есептеспейді, ал сұраныс заңын ол бағаның өзгерістермен және тауарлардың саны арасындағы шамалас сәйкестік арақатынасқа жатқызады.
П. Самуэльсон экономикалық тепе-теңдік үлгілерін қолдануда, шекті пайдалылық теориясын ақшаның шекті пайдалылығымен және табыстармен байланыстыруды ұсынады. Оның есебі бойынша, игіліктің әрбіреуінің шекті пайдалығы бағаға белінгенде 6ip-6ipiмен тең болуға тиісті және нәтижесінде (қорытынды) табыстың 6ip долларына келетін орташа шекті пайдалылықты беруге тиістi.
Нарықта сұраныс пен ұсыныста өзгерістердің әсерімен нарықтық бағалардың ауытқулары болып түрады. Еңбектің құн теориясы бойынша, осындай ауытқулар бағаның құнынан ауытқуы деп түсінеді. Осыған байланысты, тауардың өндірушілеpi, олардың айырбасталуында, бағаның негізі болып табылатын тауардың қоғамдық еңбектік құнымен есептесуге мәжбур болады. Сұраныс және ұсыныс 6ip - 6ipiмен сәйкестікке жеткенде тепе-теңдік орнайды. Игіліктің бағасын шекті пайдалылық теориясы негізінде белгілегенде, бағаның ауытқулары "шекті өнімнің" бағалылығының манайында жүріп отырады. Тауардың тепе-теңдік нарықтық бағасы, сатып алушылар мен сатушылар жағының осы тауардың, пайдалылығын субъективтік бағалауларынын нәтижесі болып табылады.
Қорытынды мынау: маркстік еңбектік құн теориясы және шекті пайдалылық теориясы 6ip-біріне қарсы, қайшылықта емес олар 6ipiн-6ipi толықтырады. Егер біріншіде, еңбектік шығындарға сәйкес жасалатын құнға басты назар аударылған болса, екіншіден теориялық бағыттан өндірістің негізгі факторларын - еңбекті, капиталды, жерді және т.б. неғұрлым тиімді пайдалану, барынша терең дәлелденген.