- •Саясаттану Дәрістер тірек конспектілері
- •Құрастырған Янчук э.Т. Т.Ғ.К., доцент
- •1 Тақырыбы: Политология деген не.
- •Биліктің типтері
- •Билік және жеке тұлға
- •4 Лекция
- •Саяси тәртіп, саяси жүйенің мінездемесі ретінде
- •5 Лекция
- •Лекция №6. Тақырыбы: «Демократия»
- •7 Лекция
- •Лекция №8. Тақырыбы: «Саяси партиялар»
Лекция №8. Тақырыбы: «Саяси партиялар»
Жоспар.
Саяси партия ұғымы.
Партиялық жүйесі.
Қазақстандағы саяси партиялар.
Саяси өмірде мемлекет пен қатыр партиялар да үлкен орын алады, олар саясаттың негізгі субъектісі болып табылады. Саяси партиялар қандай ба бір класстық, ұлттық, әлеуметтік топтың қажеттіліктерін қарастыратын ұйым болып есептеледі. Саяси партиялар 19-20 ғ. дами бастады, бұл бірнеше дәлелдермен түсіндіріледі:
19-20 ғ. аралған көптеген елдер дамыған капиталистік елдер қатарына қосылды. Бұл мемлекеттердің негізгі таптары болып буржуазия мен пролетариат таптары есептеледі, және олар достаспас таптар болғандықтан, араларында әрқашан күрес жүреді. Осы таптардың қажеттіліктері мен тәптәушылықтарын қорғау үшін, күресті басқыру үшін саяси партиялар құрылады. Жұмысшы тап өз партияларын, буржуазиялық тап өздерішінін.
Халықтар мен ұлттардың ұлттық сана - сезімі оянып, дамиды, сондықтан олар өз қажеттіліктерін ақамдау үшін партиялар құрады.
Биліктің танымдық және сайлаулық жүйесі құрылады. Биліктік құрылымға кіру партияның өзіне байланысты. Қоғамның белгілі бір табылың қолдауымен партия биліктің құрылымына енгісі келеді. Кез келген саяси партияға мынадай белгілер тәң:
Қоғамның белгілі бір табылың қажеттіліктерін айқылдайтын идеологияның кесі болып партия табылады.
Партия – жергілікті деңгеден халықаралық деңгейге дейінгі адамдардың ұзақ бас қосуларының ұйымы.
Партияның қоғамдық бағыттардан ерекшілігі – билікті алудың және ұстаздың мақсатты құрылымы.
Сайлау компаниялары кезінде немесе олардың арасында халықты демеуге талпынада.
Кез келген саяси партия белгілі бір функцияларды, міндеттерді атқырады. Ол партияның функциялары мысалар:
әлеуметтік топтардың активтілігі;
саяси идеологияларды ойластыру;
мемлекеттегі билік ана үшін күресуге қатысу;
қоғамдық көзқарасты қалыптыстыру;
қоғамды саяси тәрбиелеу;
мемлекеттік аппаратқа кадрларды даярлау және ұсыну;
мемлекеттік билікті іске асыруға қатысу.
Саяси партиялар әр түрлі, және олар өте көп, сондықтан партияда саяси партиялардың типтілігі бар. Саяси партиялардың бірнеше типтілігінің ішінде, кең тарағамы негізгісі басып құндылықтарын бағалай алатын партиялар табылады. Осыған байланысты партиялар:
коммунистік;
әлеуметтік-демократиялық;
либералдық;
консервативтік;
фашистік.
Коммунистік – Марксистік, Лениндік идеологияны қосдайтындағы. Негізгі мақсаты – тапсыз коммунистік қоғам құру. Көп елдерде бұл партия билік басында бірнеше жылдар бойы болды, бірақ бірде-бір елде олардың мақсаты іске асқан жаң 80 жылде соңы мен 90 жылде басында. Батыс Еуропа елдері мен КСРО-да демократиямендыру үшін процестер өтті. Оның нәтижесіне Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде коммунистік билік жойылды.
Әлеуметтік – демократиялық партиялардың да мақсаты – осындай. Социализм құру; айырмашылығы: компартиялар революциялық жолмен жаңа қоғам орнатуды кездесе, әлеуметтік – демократтар қоғамдық бірізділікпен эволюциялық жасда өзгертуді қалайды. Қазіргі кезде бұл партиялардың саны өте көп, және олар көп елдерде билік басында.
Либералдық – бұл партиялар өз іс - әрекеттің ең жоғары шықына жеке тұлғамы және оның қажеттіліктерін қояды. Бұл партиялардың негізгі құндылығы – құңықтары. Олар адамды мемлекет билігінен, мемлекет қорлауынан сақтайды. Либералдық партия кезінде мемлекет жеке тұлғаның құқығын кепілі басып есептеледі.
Консервативтык – бұрынғы тәртіптер мен дәстүрлерді қайта жаңғыртуда кездесу. Саяси бағыт ретінде консервативтік партия отбасы тұтастығын, азамат абырайын қорғайды.
Фашистік – негізгі құндылығы болып қатаң орталық және қатаң тәртіп есептеледі, олар жеке тұлға қажеттілігінен мемлекет қажеттілігін жоғары қояды.
Партиялық жүйе.
Саяси өмірге қатысу мүмкіндігі бар саяси жүйелер қоғамның саяси жүйесін құрастырады. Партиялық жүйе бір-бірімен бәсенелесу негізінде қалыптасады. Партиялық жүйеге сандың көрсеткіш иегіз басады. Партиялық жүйе: бір, екі және компартиялық басып бөлінеді. Бірпартиялық жүйе – демократиялық емес мемлекеттерге байланысты; тоталитарлық, авторитарлық. Бұл мемлекетті бір ғана билік жүргізуші партия болады.
Екіпартиялық жүйе – бұл билік үшін күресті екі партия жүргізетін жүйе, олардың ішіндегі жеңіске жеткені биліктің қарама-қарсы құрылымынен көп орын ала алады. Өте көп, бірақ негізгі күрес республикалық және демократиялық партиялар арасында жүреді және жеңіске жеткені ғана билік басына тұра алады.
Компартиялық жүйе – партиялардың саны өте көп болады, олардың барлығы да билідене таласа алады және олар бірлесіп үкімет құра алады, осындай партиялық жүйеде бір уақытта билік басында бірнеше саяси партия отыра алады.
№9 лекция
ТАҚЫРЫБЫ: САЯСИ ҮРДІС.
ЖОСПАР:
1.Саяси үрдіс ұғымы
2.Саяси жүйенің өзгеру жолдары
Саясатқа қатысушылар өте көп, олар жеке тұлғалар, саяси ұйымдар, бірлестіктер болуы мүмкін. Қатысушылар саяси аренада сөз алғанда, көптеген теориялық әзірлемелер мен жоспарлар іске асуы әбден мүмкін. САЯСИ ҮРДІС- саясаттың әр түрлі субъектілермен іске асатын шындық. Саяси үрдісті алдын ала болжауға болмайды, оқиғалар қалай дамитынын да айта алмайды, бұл саясатты іске асыруды көрінетін категория. Саяси үрдісті институцияланған және интситуцияланбаған тұтастық ретінде қарастыруға болады, өз әрекеттерін билық аймағында жүзеге асыратын, қоғамның саяси жүйесінің өзгеруі мен дамуына апаратын жол. Саяси үрдістердің орталық негізгі мәселесі алдымен дұрыс саяси шешім табуды көздейді, ол шешім тұрғындардың көбінің көзқарасымен сәкес келсе екен дейді. Барлық субъектілер саяси үрдіске әр түрлі уақытта қатысады, үрдіске әр түрлі белсенділікпен араласады, қоғамның дамуында саяси үрдістердің арқайы кезендерін көруге болады.
Демократиялық мемлекеттерде бұл кезең сайлау алдындағы кезеңде саяси үрдіс активтеленеді, сосын жаңа сайлаулар өткенше күрт төмендейді. Демократиялық емес мемлекеттерде бұл кезеңдерді байқауға болады. Негізгі мақсаты саяси үрдісте әлеуметтік мақсаттағы топтарды қатыстырып, олардың үрдісті қабылдауда белсене араласуын қалайды.Саяси тәртіпті қабылдау әр түрлі типте: популизм, элитизм, консерватизм, демократизм, радикализм.
Популизм- биліктің жалпы ойлауды қалайтыны, саяси шешімдер тез қабылданады. Билік көпшіліктің қалауымен жүреді, лозунг, шақыруларды қолданады. ЭЛИТИЗМ- саяси элита сапалы, квалификациялық түрде барлық мәселелерді шешеді деп ұйғарады, ал халық осы элитаның шешімімен келісуі керек. Осылай саяси шешім сапалы іске асады дейді. КОНСЕРВАТИЗМ- шешімді іске асыруда бар билікті сақтап қалу, жаңалық үрдіске кіргізуді онша қаламайды. ДЕМОКРАТИЗМ- саяси шешімдер халық игілігіне жарауын, халық қажеттіліктерін өтеуін қалайды, ең алдымен туғаннан бері бар азаматтық құқықтарды қолдау. РАДИКАЛИЗМ- саяси шешімдер революциялық жасмен іске асуына негізделеді, бар билік жүйесін тамырынан үзу.
Қоғамның саяси жүйесінде өзгерістер әр түрлі жолмен жүреді, қоғамның өзгертуінің ең кең таралған жолдары болып мынылар табылады: революция, реформалар. І. РЕВОЛЮЦИЯ- қоғамдағы сапалы өзгерісті ең қолайлысы деп есептейді, ең негізгісі күш қолдану дейді. Революция тарихындағы өзіне тән ең негізгі белгілерді атап кетсек:
революция келіспейтін жоғдалттар нәтижесінде пайда болады, басқа жолдарәлеуметтік бағытты әлсіздендіреді.
революция саяси- әлеуметтік тоқарау кезінде пайда болар.
революционерлердің іс-әрекеттерінің шешілгендігі. Революциялық өзгерістер өзімен бірнеше қайшылықтар әкеледі:
революциялық іс-әрекеттерді болжауға болмайды, ойлардан алмақ кетеді.
революциядан соң зардап шегушілер көп, революциялық генетиқалық фоннацияға өзгеріс әкеледі.
ІІ. РЕФОРМА- өзгерістің біртіндеп келуін қарастырады, ол күш қолдануды емес, қоғамның барлық топтарын бейбітшілікке шақыруды қарстырады.
Революциялық теорияларды қолдаушы болып Марксизм табылады, революция- осар үшін қоғамның дамуының ең қолайлы жолы.
Реформаны қолдаушылар қазіргі социал-демократтар. Қазіргі таңда көбі реформаны қолдайды.
Револяция мен реформалар көп аймақтардың назарын өзіне аударады, сондықтан басқа да саяси формалар шет қалады. Бейбіт саяси үрдісті тоқырауға әкелетіндері:
1) көтеріліс
2) бүлік
3) бүлікшілік
4) шатық
Ұйымдардың іс-әрекеттерінің шектелуі, саяси бағдарламалардың өздерін қызықтырмауы, көтерілісіне әкеледі. Көтеріліске қатысушылар өз іс-әрекеттерін ақтай алады.
Бүлік жиіліктің жоғары дәрежесімен сипатталады. Негізінде бүлік- саяси билыктің саяси шешімі мен іс-әрекетіне қарсы реакциясы. Бүлік локальды шектерден аспайды.
Бүлікшілік бүлікке өте жақын, бірақ оның негізгі белгісі- әскери күш пен негізге сүйіну. Бүлікшілерді, негізнде, әскер құрайды және бүлікшілік жақсы ұйымдастырылған. Әскер бүлікшілікті ұйымдастыруға азаматтарды қосқан сайын өз шектеумігін жоғалтады. Шатық бүлікшілікке жақын, бірақ тек қана әскери күштің қатасуымен сипатталады.
Айтылған саяси үрдістер саяси жүйесінің дамуының белгілі бір сатысында, анық айтқанда, саяси дағдарыс кезінде пайда болады. Саяси дағдарыс қоғамға өкіметтін өзгерілуі керек болған кезде пайда болды. Саяси дағдарыс кезінде өкімет авторитеты бірте-бірте төмендейді, өкімет мемлекеттегі жағдайды қолында ұстай алмайды және оның қоғамды билеуге мұршасы келмейді.
Саяси үрдістер үшін тағы бір басты фактор- саяси кампанияларды жүргізу. Саяси кампаниялар жұмысшыларды белгілі бір мәселе жайында қуатты агитация жүргізуді, бұл мәселені шешу үшін көпшілікті мобилизациялауды сипаттайды, кампанияда ақпарат көздерін көп қолданады.
Саяси кампанияның мысалы- Қазақстаң(президентін 2030 бағдарламасы). Бұл бағдарлама республика дамуының стратегиялық бағытын сипаттайды және бұл құжаттың мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешу үшін халықты мобилизациялауы тиіс. Саяси кампаниялар үшін қысқа мерзімді шектер өте маңызды боп табылады. Егер бұл шектер айқындалмаған болса қызығушылық тез жоғалып керекті нәтиже болмайды. Кеңес қоғамында маңызды болған компоненттердің бірі САЯСИ ПЛЮРАЛИЗМ, басқаша айтқанда көптеген әлеуметтік қызығушылықтардың танылуы және олардың саясаттағы білдіру тәсілдері. Плюрализм бола алады:
Конструктивті.
Ол әлеуметтік топтардың жалпы дамуына қарамастан, қоғамға тиімді болуына әкеледі.
2.Деструктивті.
Қызығушылықтар тобы қоғамда дауды туғызып, өкімет пайда болған проблемаларды шеше алмайтын кезде болады.
ПЛЮРАЛИЗМ- саяси жүйелерді есепке алып, саясатты іске асыру мүмкіндігі.
