Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Из методички по лат яз(перевод).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
540.09 Кб
Скачать

Клиникалық терминология

1-2 тапсырма.

Клиникалық терминология (гр. – klinike techne-емдеу өнері) науқастарды емдеуге бағытталған, құрамына клиникалық пәндер енетін медициналық терминологиядағы негізгі үш жүйенің бірі. Анатомиялық терминологияда латын тілінің сөздері, клиникалық терминологияда грек тілінің сөздері қолданылады. Мысалы:

лат. грек

сүйек os, ossis n osteon

нерв nervus, i m neuron

Клиникалық терминдер: osteoma- сүйек ісігі

neuritis- нервтың қабынуы

Клиникалық терминологияда негізгі құрылымдық бірлік сөз емес, терминэлемент болып есептеледі. Клиникалық терминологияны оқу кезінде негізгі назар грамматикаға емес, сөздің семантикасына(мағынасына) аударылады.

Терминэлементтер туралы түсінік.

Терминэлемент- бірнеше терминдердің құрамында үнемі қайталанып отыратын, сөздің негізгі бөлігі. Сөз құрамындағы орналасу орнына байланысты бастапқы және соңғы терминэлементтерді ажыратады.

1.Бастапқы терминэлементтер:

а) терминнің жалпы мағынасын анықтайтын приставкалар:

dys-бұзылу,функцияның бұзылуы

a (an)-бірдененің болмауы

hyper-жоғары

hypo-қалыптан төмен

Мысалы: -tonya

dys- бұзылуы

a- болмауы

-tonya тонустың

hyper- жоғарылауы

hypo- төмендеуі

б) латын анатомиялық атауларға ұқсас түбірлік, гректік:

лат грек түбір қаз

vertebra spondylos spondyl- омыртқа

cerebrum encephalon encephal- бас миы

ren nephros nephr- бүйрек

Кейбір бастапқы түбірлі терминэлементтер грек сөздерінің Атау септігіндегі немесе Ілік септігіндегі негіздерінен екі түрлі жасалады.

Мысалы: haem – Атау септігі

haemat – Ілік септігі

haematoma – қанды ісік

haemopoesis – қан кету

2. Соңғы терминэлементтер.

Соңғы терминэлементтерге терминнің жалпы мағынасын анықтайтын жұрнақтар жатады.

Мысалы:

жұрнақ – itis - қабыну

-oma- ісік

мидың myel

бүйректің қабынуы nephr -it is

терінің dermat

мидың myel

бүйректің ісігі nephr -oma

терінің dermat

Көбінесе соңғы терминэлементтер –ia жұрнағымен белгіленіп, негізгі мағыналық міндетті атқарады.

Мысалы: -aemia терминэлементімен жүздеген клиникалық терминдер жасалған.

Клиникалық терминэлементтерді қолдану өте ыңғайлы, себебі олардың арқасында клиникалық терминдер қысқа, ауқымды, бірсөзді.

Салыстыр: орыс тілінде - воспалительный процесс, поражающий мышцы и кожу

қазақ тілінде - бұлшықет пен теріні зақымдайтын қабыну процессі

латын тілінде – dermatomyositis