
- •Әдістемелік нұсқаулар Тексерген: Орындаған:
- •Қысқартулардың тізімі:
- •2.Көрінетін кілегей қабаттады:
- •3.Тері астылық шел (май)
- •4.Лимфатикалық жүйе
- •7. Мойын
- •8.Кеуде (көкерік қуысы)
- •10. Жүрек–тамыр жүйесі
- •11.Ас қорыту жүйесі
- •12. Зәр шығару, жыныс жүйесі
- •14. Жергілікті өзгерістер (status localis)
- •VII. Сұрыптау диагностикасы (1-кезең)
- •VIII. Алғашқы диагноз және оны негіздеу
- •X. Қосымша зерттеу әдістерінің нәтижелері
- •XV. Операция алдындағы қорытынды
- •XVI. Операция хаттамасы
- •XVII. Күнделік
- •XVIII. Науқасты бақылау беті.
- •XIX. Шығару немесе кезеңдік (этаптық) эпикриз.
- •Ауру тарихын бағалау ережесі
- •Қалыптағы лабораториялық көрсеткіштер Ересек адамдардың перифериялық қаны
- •Зәрді зерттеу
- •Зәр тұнбасын зерттеу
- •Нәжісті зерттеу
- •Коагулограмма
- •Қанның биохимиясы
- •Жұлын сұйығын зерттеу
- •Санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу үшін ұсынылатын дәрістер тақырыптары
- •Тәжрибелік дағдылар тізімі
- •Әдебиет:
XV. Операция алдындағы қорытынды
Оған кіретіні
а) операциямен емдеуге дәлел көрсеткіш
б) жоспарланатын операцияның аты
в) жансыздандыру әдісі
г) операция жасауға қайшы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштер
д) операциялық – анестезиологиялық қауыптілік
е) операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу жоспары
ж) науқастың операцияға келісімі
з) операция жасайтын дәрігерлер (бригада)
XVI. Операция хаттамасы
Операция № ______
Ауруханаға түскені күні, сағаты ________
Операция жасаған күні, сағаты_________
Тегі______ Аты _______ Әкесінің аты_______
Жасы ________ Жынысы ________ Ауру тарихының № _________
Мекенжайы________
Операция дейінгі диагноз______________
Операциядан кейінгі диагноз______________
Операцияның аты_______________________
Хирург_____________ Ассистенттер________ Операциялық медбике___________
Анестезиолог_______________
Жансыздандыру _________________
Операция хаттамасы___________
Макропрепарат сипаты_____________
XVII. Күнделік
Күнделік науқасқа курация жасаған мезгілге жазылады. Күнделікте симптомдардың өзгерісі, ауру желісі және емнің нәтижелігі жазылады.
Күнделік таблица түрінде толтырылады, оның 3 графасы бар: күн, ауру ағымы, ем шаралары.
«Ауру желісі» бөлігінде ауру сипаттары жазылады, олардың тәулік бойы өзгерісі, науқастың жағдайы, өмірге маңызы зор органдардың органдары, жараның жағдайы, жараны таңу қысқа және айқын құрастырылады. Күнделіктерде кафедра меңгерушісі, доцент, ассистенттердің, бөлім меңгерушісінің, консультанттардың науқасты қарағаны, консультация, консилиум жасағаны туралы жазылады. Әрбір күнделіктің соңында науқастың жағдайы туралы қысқаша қорытынды жазылады.
«Емдеу» бөлігінде тәртіп, диета, сонымен қатар тағайындалған дәрілер (дозасы, енгізу тәсілдері, манипуляциялар және т.б. жазылады.
XVIII. Науқасты бақылау беті.
Жеке бетте құрастырылады, онда: дене температурасы, қан қысымының көрсеткіші дем алу жиілігі, тамыр соғуы (пульс), қажеттілігіне қарай бір тәуліктегі зәрдің және ішкен сұйықтың көлемі.
XIX. Шығару немесе кезеңдік (этаптық) эпикриз.
Егер курация соңында науқас ауруханадан шығарылатын болса шығару эпикризі, егер ем шаралары әрі қарай жалғасатын болса – кезеңдік эпикриз жазылады. Эпикризде көрсетілендері:
Науқастың тегі, аты, әкесінің аты, жасы, ауруханаға түскен уақытын шұғылдығын ескерте отырып көрсетеді.
Қандай мәліметтер негізінде диагноз қойылды (негізгі шағымдары, анамнезі, объективті және қосымша зерттеу нәтижелері).
Операция алдындағы дайындықтың қысқаша сипаттамасы.
Операция жасалған күн, операция аты, операция кезінде табылған патологиялық өзгерістер.
Операциядан кейінгі кезеңнің қысқаша сипаттамасы және қолданылған ем шаралары. Егер науқасқа операция жасалмаса онда жүргізілген ем шараларына қысқаша түсініктеме.
Науқастың ауруханадан шығар кезіндегі немесе курация соңындағы жағдайы.
Тамақтану, еңбек және тұрмыс тәртіптері, әрі қарай емдеу туралы ұсыныстар.
Болжам туралы қорытынды:
А) өмірге
Б) толық сауығуы туралы
В) еңбекке қабілетінің қалыпқа келуі
XX. Әдебиет (монографиялар, нұсқаулар, журналдық мақалалар) – ауру тарихын жазғанда қолданылған (5 атаудан кем болмау керек).