
- •Әдістемелік нұсқаулар Тексерген: Орындаған:
- •Қысқартулардың тізімі:
- •2.Көрінетін кілегей қабаттады:
- •3.Тері астылық шел (май)
- •4.Лимфатикалық жүйе
- •7. Мойын
- •8.Кеуде (көкерік қуысы)
- •10. Жүрек–тамыр жүйесі
- •11.Ас қорыту жүйесі
- •12. Зәр шығару, жыныс жүйесі
- •14. Жергілікті өзгерістер (status localis)
- •VII. Сұрыптау диагностикасы (1-кезең)
- •VIII. Алғашқы диагноз және оны негіздеу
- •X. Қосымша зерттеу әдістерінің нәтижелері
- •XV. Операция алдындағы қорытынды
- •XVI. Операция хаттамасы
- •XVII. Күнделік
- •XVIII. Науқасты бақылау беті.
- •XIX. Шығару немесе кезеңдік (этаптық) эпикриз.
- •Ауру тарихын бағалау ережесі
- •Қалыптағы лабораториялық көрсеткіштер Ересек адамдардың перифериялық қаны
- •Зәрді зерттеу
- •Зәр тұнбасын зерттеу
- •Нәжісті зерттеу
- •Коагулограмма
- •Қанның биохимиясы
- •Жұлын сұйығын зерттеу
- •Санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу үшін ұсынылатын дәрістер тақырыптары
- •Тәжрибелік дағдылар тізімі
- •Әдебиет:
12. Зәр шығару, жыныс жүйесі
Бүйректерді зерттеуді науқасты шалқасынан жатқызып, қырына жатқызып және тік тұрғызғанда сәл еңкейтіп бимануальды(екі қолмен) пальпация арқылы жүргізеді. Қалыпты жағдайда орналасқан бүйрек пальпация кезінде білінбейді. Бүйрек түскенде қолға білінеді.
Бүйректерді зерттегенде Пастернацкий симптомын анықтау қажет (12-қабырғадан төмен белге қарай сәл ұрғанда аурады), шайқау (баллотирование) әдісін құрылым анықталғанда қолданады (ол үшін қолдың саусақтарын 12-қабырғадан төмен салады да түрткілейді ол қабырға астына қойылған басқа қолмен сезіледі). Бұл сынақ оң болғанда құрылымның бүйрекке қатысы бар екенін көрсетеді.
Қуықасты безінің ауруына күдік туғанда тік ішекті саусақпен зерттейді де оның алдыңғы қабырғасында бездің көлемін консистенциясын ортаңғы, бөлік арқылы сызықтың барын, бүдірлігін, флюктуациясын анықтайды. Ұманы тексергенде оның түріне, оң және сол бөліктерінің бірдейлігіне, ұмада жұмыртқа және қосалқылары орналасқанын, олардың көлемін, үстін, консистенциясын, ауырсынатынына назар аударады. Шәуһет бауының жағдайын анықтайды: жуандығын (шәуһет бауының кистасы, шемені), иреленген таспалардың (кеңейген көк тамырлар) барын.
Бимануальды қынап арқылы зерттегенде қынаптан шығатын бөліністің сипатын (қан, ірің, иісті, иіссіз), жатырдың оның мойыншығының орналасуын, көлемін, бүдірленгендін, ісіктердің бары, күмбездердің жағдайы (бос, жазық, қысқарған, ауырсынудың болуы), қосалқылардың жағдайы (олардың көлемі, ауырсынатыны), Промптов симптомы (жатыр мойыншағын тартқанда қатты ауырсыну) анықтайды.
13. Жүйке жүйесі
Зерттеген кезде науқастың интеллектілік даму денгейін бағалайды, ашуланғыштығы, бейтараптығы, жылауықтығы, көңіл күйінің күрт өзгердін анықтайды. Науқастың сөйлеу мүмкіншілігіне назар аударады (қалыптағыдай, дизартрия, нығыздап қатты – скандированная, тұтықпа), қозғалу реттілігі (координация) (статикалық, Ромберг сынағымен анықталады – науқас тік тұрғызып бунақтарын жиып қолын алға создырғанда жеке теңдікті ұстау, саусақ мұрын, саусақ-көрсету, тізе-өкшелік сынақтарды жүргізу). Орталық жүйке жүйесінің аурулар мен жарақаттануында қозғалу (тырыспа, фибриллярлық қозғалыс, парездер, параличтер)және сезіну (тактильдік, ауру және температураны) қабілеті, тері рефлектерінің жағдайы (іштік, табандық, кремастерлік), клегей қабат жағының рефлексі (корнеальдық, коньюктивальдың, жұтқыншақтық), сіңірлік рефлекстер (тізе, ахиллдік және т.б.) және дермографизмді анықтайды.
14. Жергілікті өзгерістер (status localis)
Жергілікті өзгерістерді толық жазу: жара таңғыны, жараны (жиектерін, түбін, қабырғаларын, грануляциялық тіндердің бар, жоғын, қабынуды, жараның бөлінісін, жараның маңайындағы тіндердің жағдайы, бөліністің сипаты, егер жара тігілсе – тігістің жағдайы), құрылымдар (көлемі, консистенциясы, жылжымалығы, ауыратыны, салынатыны, маңайындағы терінің және үстіндегі терінің өзгерістері).
VII. Сұрыптау диагностикасы (1-кезең)
Аурудың негізгі синдромдарын атап өту керек, олардың ішінен жетекші синдромын боліп алу керек, осы синдром бойынша клиникасында негізгі болатын аурулар айқындалады (әдетте 4-5 ауру болады). Сұрыптау диагностикасын жүргізгенде науқастың клиникалық симптомдарын басқа аурулардың симптомдарымен салыстырады. Салыстыру ауру тарихының сызбасы (схемасы) бойынша кезеңмен жүргізіледі. Ең соңында сұрыптау диагностика науқаста күдіктеліп отырған аурумен жүргізіледі. Басқа ауруларды жоққа шығару немесе кейбір ауруларды бұл кезеңде жоққа шығаруға болмайтыны туралы қорытынды жасау керек.