
- •Әдістемелік нұсқаулар Тексерген: Орындаған:
- •Қысқартулардың тізімі:
- •2.Көрінетін кілегей қабаттады:
- •3.Тері астылық шел (май)
- •4.Лимфатикалық жүйе
- •7. Мойын
- •8.Кеуде (көкерік қуысы)
- •10. Жүрек–тамыр жүйесі
- •11.Ас қорыту жүйесі
- •12. Зәр шығару, жыныс жүйесі
- •14. Жергілікті өзгерістер (status localis)
- •VII. Сұрыптау диагностикасы (1-кезең)
- •VIII. Алғашқы диагноз және оны негіздеу
- •X. Қосымша зерттеу әдістерінің нәтижелері
- •XV. Операция алдындағы қорытынды
- •XVI. Операция хаттамасы
- •XVII. Күнделік
- •XVIII. Науқасты бақылау беті.
- •XIX. Шығару немесе кезеңдік (этаптық) эпикриз.
- •Ауру тарихын бағалау ережесі
- •Қалыптағы лабораториялық көрсеткіштер Ересек адамдардың перифериялық қаны
- •Зәрді зерттеу
- •Зәр тұнбасын зерттеу
- •Нәжісті зерттеу
- •Коагулограмма
- •Қанның биохимиясы
- •Жұлын сұйығын зерттеу
- •Санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу үшін ұсынылатын дәрістер тақырыптары
- •Тәжрибелік дағдылар тізімі
- •Әдебиет:
8.Кеуде (көкерік қуысы)
Кеудені зерттегенде анықтайтыны:
а)кеуденің пішінін (формасын) (қалыптағадай, конустәрізді, бөшкетәрізді, циллиндр тәрізді, варонка тәрізді)
б)деформация, пішіннің өзгеруі және ассиметрия болуы (бұлтию және ішке кіріп тұруы)
в)қабырғаларды пальпациялағанда ауырсыну не оның болмауы
г) кеуде жарақатының орналасқан жері және көлемі. Ол кеуде де өткізілетін шартты сызықтар көмегімен айқындалады
9. Дем алу жүйесі
Өкпені зерттегенде анықтауға қажет болатыны:
а)дем алу түрі (қабырғалық немесе іштік)
б)дем алу жиілігі
в) дем алудың тереңдігі және ырғағы (демікпе, патологиялық түрлері: Кусмауль, Чейн–Стокс дем алысы)
г)өкпеге перкуссия жүргізгенде салыстырмалы нәтиже (шекарасары, өкпе, қоробтәрізді, тимпаникалық дыбыстардың орналасқан жерлері)
д)өкпеге аускультация жасағанда салыстырмалы нәтиже (везикулярлық, қатты, бронхиальдық, амфорлық, аралас, бәсеңдеген, дем алыстың болмауы, құрғақ және ылғалды сырылдар, олардың орналасқан жері, плевраның үйкелу шуы). Тимпаникалық дыбыс және дем алыстың болмауы немесе өте бәсеңдеуі өкпенің тесіліп бейреттік немесе травмалық пневмоторакс пайда болғанын көрсетеді. Түйық дыбыс және дем алыстың болмауы плевра қуысында сұйық жиналғанын (плеврит, гематоракс) көрсетеді.
е)дыбыстық діріл (өзгермеген, бәсеңдеген, үздеген, оның орналасуы)
10. Жүрек–тамыр жүйесі
Науқасты зерттегенде келесі көрсеткіштірді анықтайды
а) тамыр соғу (пульстің) жағдайы (жиілігі, ырғағы, толуы және кернеуленуі). Көбіне тамыр соғуын кәрі жілік артериясынан, анықтайды. Кейбір жағдайда йық артериясынан, қолтық асты немесе жалпы үйқы артериясынан анықтауға тура келеді.
б)артериялық қысым сынап бағанасы бойынша мм мен
в)жүрек итерісі оның күші және жайылымы
г) жүрек тұйықтылығының абсолюттік және шартты шекаралады
д)жүрек аускультациясы–тондары (анық және көмескі, шапалақшалау, екіге айрылған, тондардың ажырауы, акценттері). Шулардың болуы: систолалық, диастолалық, пресистолалық, перикардтың үйкелу шуы.
е) перифириялық артериялардың жағдайы. Бунақ артериялярының соғуын анықтау (артқы үлкен жілік артериясы ішкі тобықтың артының төменгі бөлігінде, бунақтың сыртқы артериясы бірінші және екінші бақайшақ сүйектерінің арасы тұсынан), тақым артериясының (тақым ойығында науқас етбетінен жатқызылады да балтырын 900-қа бүгеді), сан артерияларын (мықын жалғамынан төмен ортаңы және ішкі үштен бірі тұсында), мықын артерияларын (мықын аймағында мықын жалғамынан жоғары оның ортаңғы және ішкі үштен бірі тұсынан ішке қарай)
ж)көк тамырлар жағдайы: мойын көк тамырларының кеңеюі (көкірек ортасындағы тамырлардың ісікпен басылып қалуы), кеуде және іш қабырғасының көк тамырларының кеңеюі (портальдық гипертензияда) аяқ көк тамырларының кеңеюі (варикоздық ауруда). Көк тамырлардың варикозды кеңеюі болғанда оны таралу деңгейін, қатайған жерлерін, тамыр бойынмен ауырсыну, кеңейген немесе тромбыланған веналар үстіндегі терінің жағдайын анықтау керек.
11.Ас қорыту жүйесі
Ас қорыту жүйесін зерттегенде анықтайтыны:
а)ауыз қуысының жағдайы (ерін клегей қабағының қызыл иектің түсі мен ылғалдығы, тілдің ылғалдығы мен жамылғысы);
б)тістердің жағдайы (кариозды, салынған, тістердің жоғы), жұткыншақтың (түсі қалыптағыдай, қызарған, ісінген, құрғақ, жабылмалар), бадамша бездері (қалыптағыдай, гипертрофияланған, түстері, жабылмалардың, тығындардың бары);
в)іштің жағдайы. Қарағанда анықтайтыны;
1)пішіні (конфигурация) (қалыптағыдай, «көлбақа іші» іш шеменінде);
2)симметриялығы ;
3)іш кебуінің бары немесе жоғы (метеоризм болғанда, жайылмалы перитонитте, іш шеменінде бір келкі кебу; ас қазан немесе ішек өтімсіздігі, іш ағзамаларының ісіктері болғанді бір қалыпты болмайды);
4)іштің тартылып тұруы (іш қабырғасындағы бұлшық еттердің қатаюынан, қуыс органдар тесілгенде, өте арықтағанда кахексияда);
5) іштің демалуға қатысы (жайылмалы перитонит болғанда іш қабырғасы дем алу үдерісіне қатыспайды). Бұл белгіні зерттегінде дем алған кезде іштің әрбір жері ауыратыны байқалса көбіне сол жерде патологиялық үдеріс бар орналасатынына назар аудару керек.
6)іш қабырғасындағы терінің түсі (қапталаған, теріастылық гематомалар соғылғанда болады);
7)іш қабырғасы көк тамырларының кеңеюі (портальдық гипертензия, іштің кистамен кенеттен үлкеюінде және т.б.) ;
8)көрінетін перистальтиканы оның қай жерде орналасуын анықтау: жоғарғы және ортанғы құрсақ тусында болса–ас қазанның шығар тесігінің тарылуы, іштін басқа аймақта болса–ішек өтімсіздігінде.
Ішке пальпация жасағанда іш қабырғасының жағдайын анықтайды (жұмсақ, қатайған), тақтай тәрізді (қуыс органдар тесілгенде), пальпация кезінде ауырсыну (ол жер қабыну ошағына сәйкес келеді). Ас қазан, бауыр, өт қабы, көк бауыр, ток ішектердің жағдайын анықтайды. Аталған мүшелер іш аурулары пропедевтика курсында жазылған ережелер бойынша жүргізіледі. Іште бұлтию немесе ісік болса олардың орналасқан жерін, шекараларын, көлемін конституциясын, жылжымалығын, ауыратынын, бүдерлі екенін анықтайды. Ішке пальпация жүргізгенде В.П. Образцов ұсынған ережелерді игерген дұрыс:
1)пальпация жылы қолмен жүргізу
2)пальпацияны ауырмайтың жерден бастап біртіндеп ауру ошағына қарай ауысу
3) пальпация жүргізгенде алақанды жайған күйінде ішке басу керек (тырпақ фалангалары өте нәзік бүгілу керек).
Ішке перкуссия жүргізгенде бауыр тұйықтығын айқындауға назар аударады. Қалыптағы жағдайда абсолюттік тұйықтықтың жоғарғы шекарасы орта бұғаналық сызық бойынша 6 қабырға денгейінде, жауырын сызығы бойынша 10-қабырғада. Төменгі шекарасы ортаңғы сызық бойынша семсер өсіктен 4-6 см төмен (ол конституцияға және кеуде құрылысының ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады), орта бұғаналық сызық бойынша қабырға доғасының сыртына шықпайды. Перкуссия кезінде бауыр тұйықтығының орнына тимпаникалық дыбыс анықталса ол іш қуысына бос газдың (бауыр үстіне) жиналғанының айғағы басқа симптомдармен үйлескенде асқазан немесе ұлтабар ойық жараларының тесілуін сипаттайды, сонымен қатар ішектің басқа бөліктерінің тесілуіне (жыртылуына) тән симптом. Жарық бұлтиюның үстінен перкуссия кезінде естілетін тимпанит жарық қалтасында ішек иірімі бар екенін көрсетеді. Іш қуысының ойық жерлерінде перкуссия кезінде тұйық дыбыс анықталса және науқасты қарсы қырына жатқызғанда түйық дыбыс жоғалса – іш қуысына сұйықтық жиналғанын көрсетеді (асцит, қанның жиналғаны). Қасаға үстінен шекарасы доға тәрізді тұйық анықталса қуықтың шамадан тыс толып тұрғанын, жатыр немесе оның қосалқы ағзаларының ісігін, жүктілік датырды көрсетеді. Тұйықтық шекарасы көлбеу шығыңқы деңгейде болса ол іш қуысында бос сұйық жиналғанын көрсетеді. Асцит (іш шемені) болғанда перкуссиядан басқа ундуляция әдісін қолданады. Осы мақсатта іштің бір жағына алақанды жазып саламыз екінші жағынан екінші қолдың бүгілген саусақтарымен қайталап түрткілейді.
Іште сұйық болса түрткі толқын ретінде алақанға «беріледі».
Ішке перкуссия жүргізгенде перкуторлық ауырсынуды анықтаудың маңызы зор, өйткені ол патологиялық ошақтың барып және орналасқан жерін көрсетеді.
Ішке аускультация жасағанда перистальтикалық шу анықталады, олар ішек өтімсіздігінің бастапқы кезінде өте айқын болады, ал соңғы кезеңінде және перитонитте болмайды. Ішек өтімсіздігі, ас қазан қалтқысының стенозында шалпылдау симптомын анықтаудың маңызы бар, ол патологиялық ошақ тұсында ішті ептеп түрткенде анықталады.
Жарық шығатын жерлерде бұлтию анықталса (ортаңғы ақ жолақ, мықын, сан аймақтары), оның түрін, көлемін, салынатынын (түрегеп тұрғанда, жатқанда), бұлтиюдың консистенциясын, маңайындағы тіндер мен органдарға қатынасы анықталады, перкуссия нәтижесі (тимпаникалық дыбыс жарық қалтасында ішек иірімі болғанда тұйық дыбыс – онда шарбы болғанда анықталады), жөтелдік итеріс симптомы, жарық қақпасының көлемі анықталады. Шап жарығында шап каналының беткейлі тесігін анықтау үшін сұқ саусақты ұманың терісі арқылы шап каналына қарай кіргізеді де қасаға бүдірін анықтайды, одан кейін саусақты сыртқа қарай алға жылжытады сонда шап каналының беткейлі тесігіне кіреді.
Тік ішек пен артқы тесікті зерттегенде сыртқы геморроидальдық түйіндердің, кондиломалардың, жарықтың, параректальдық жыланкөздер, клегей қабығының немесе ішектің барлық қабаттарының түсіп кетуіне (тегіс немесе бір бөлігі) назар аударады.
Іш органдарының хирургиялық ауруы бар науқастарға тік ішек арқылы зерттеу міндетті түрде жүргізіледі, ал әйелдерге оған қоса қынап арқылы зерттеу жүргізіледі. Тік ішек арқылы зерттеуді науқасты шалқасынан жатқызып, оң жақ қырында, шынтақ-тізесіне тұрғызған күйінде жүргізеді. Тік ішек арқылы зерттеуді науқасты шалқасынан жатқызып, оң жақ қырында, шынтақ-тізесіне тұрғызған күйінде жүргізеді. Резина қолғап киіп сұқсаусағын вазелинмен майлап, зерттеуші саусақты ептеп тік ішекке кіргізеді. Зерттеу кезінде сфинктер тонусын, ампуланың ішіндегісін (нәжіспен толған, бос, ашылып қалған), ішек қабырғасынан патологиялық құрылымды анықтайды-геморорроидальдық түйіндер, жарықтар, жыланкөздің ішкі тесігін, ісік (жазық, бүдірлі, оның жылжымалылығы және т.б.)және ішектен тыс – қуық астылық без, жатыр және оның қосалқылары, ішектің алдыңғы қабырғасының салбырауы, инфильтраттар олардың консистенциясы, жұмсарған жерінің болуы, ауырсыну (жамбас ішкілік іріңдік). Саусақты ішектен шығарғаннан кейін резина қолқапты қарайды – нәжістің түсі, патологиялық қосындылар (қан, ірің, шырыш). Тік ішектің ауруына күдік туғанда зерттеу арнаулы ректальдық айна арқылы жүргізіледі. Іш органдарының жедел хирургиялық ауруы бар науқастарды зерттегенде арнаулы симптомдарды анықтау керек.