 
        
        Сурет 1. Диаграмма элементтері
Диаграмманы құру диаграммада көрсетілу керек берілгендерді белгілеуден басталады. (Қатар орналаспаған ұяшықтарды белгілеу үшін Ctrl пернесі қолданылады). Берілгендер қатарымен бірге легенда, категориялар осінің жазбалары ретінде көрсетілетін берілгендерді қоса белгілеу керек.
Лентаның Вставка қаптамасындағы Диаграмма құралдарынан диаграмманың қажет типі таңдалып, диаграмма ағымдағы жұмыс парағында пайда болады. Құрылған диаграмманы жұмыс кітабында жылжытуға болады, жоюға және басқа параққа орнын ауыстыруға немесе басқа жұмыс кітабына, не MS Office пакетінің басқа қосымшаларына да көшіруге болады.
Диаграмманың 11 түрі бар. Көп қолданылатын диаграмма типтері: гистограмма, дөңгелек диаграмма, график, нүктелік (точечная) және т.б.
Диаграмманы форматтау және редакторлеу
Диаграмманы құрғаннан соң оны параметрлерін таңдап, форматтау керек. Ол үшін Конструктор, Формат және Макет қаптамалары қолданылады. Бұл қаптамалар диаграмма белсенді болған кезде пайда болады.
Конструктор қаптамасының көмегімен диаграмманың типін, берілгендердің ұяшықтарының диапазонын өзгертуге, диаграммаға берілгендер қатарын қосуға, алып тастауға болады. Ұсынылған үлгідегідей диаграмманың стилін және макетін таңдауға болады. Переместить диаграмму батырмасымен диаграмманың орналасуын таңдауға болады.
Макет қаптамасы арқылы диаграммаға сурет, стандартты фигура және надпись қоюға болады, диаграмма мен координалар осьтерінің аттарын (заголовки) құруға болады. Диаграммада оның жазбаларын немесе берілгендер кестесін орнатып көрсетуге болады. Оси группасының батырмаларымен координаталар осьтерін өзгертуге, вертикаль және горизонталь сеткалардың сызықтарын орнатуға болады.
Формат қаптамасы диаграмманың жеке элементтерін форматтауға арналған.
Қосымша 2
Бақылау тапсырмасы
Тапсырма 1
1. Шаблон құру.
MS Excel 2010 программасын қосыңыз. «Книга1» файлының атын «Шаблон» атына өзгертіңіз.
Excel-дің әрбір жұмыс кітабының бастапқы 3 парағы болады. Шаблонға біреуі де жеткілікті. Сондықтан қалған екеуін келесі әдіспен алып тастау керек: қажетсіз парақтардың ярлыгына тышқанның оң жақ батырмасын шертіп контекстік меню шақыртыңыз. Содан кейін Удалить опциясын таңдап, қосымша сұраудан кейін ОК таңдаңыз. Қалған Лист1 парағының атын өзгертіңіз. Ол үшін контекстік меню шақыртып, Переименовать опциясын таңдаңыз. Лист1 орнына Шаблон деп жазыңыз.
Енді бастапқы мәліметтер енгізіңіз.
В1 ұяшығына «ЕМТИХАНДЫҚ ВЕДОМОСТЬ» мәтінін енгізіп «Enter» басыңыз.
A3 ұяшығына «№ _ топ» мәтінін енгізіңіз;
СЗ ұяшығына - «Пән»;
А5 ұяшығына - «№ п/п»
В5 ұяшығына - «Фамилиясы, аты, жөні»;
С5 ұяшығына - «Сынақ кітапшасының №»;
D5 ұяшығына - «Баға»;
Е5 ұяшығына - «Емтихан қабылдаушының қолы».
Егер ұяшық ішіндегі мәліметті жою керек болса, алдын ала қажетті ұяшықты белсенді етіп, Delete пернесін қолдануға болады басқа нұсқасы – ұяшыққа тышқанның оң батырмасын шертіп, контекстік менюден “Очистить содержимое” опциясын таңдау. Егер қате мәтінді енгізу кезінде жіберілсе, онда Esc пернесін басқан жеткілікті. Ұяшық ішіндегісін редактрлеу (өзгерту) үшін (барлық мәтінді өшіру қажеттілігі болмағанда) тышқанның сол батырмасымен қажетті ұяшыққа екі рет шертіп, өзгертулер енгізуге болады.
Топтағы әртүрлі бағалар санын есептеу үшін әрбір баға түріне баған қосу керек: F бағаны бестер үшін (F5 ұяшығы), G бағаны төрттер үшін (G5 ұяшығы), Н бағаны үштер үшін (Н5 ұяшығы), I бағаны екіліктер үшін (I5 ұяшығы), J бағаны келмегендер үшін (J5 ұяшығы). Бұл ұяшықтарға сәйкес бағаларды енгізіңіз. По центру орнатыңыз. Кестенің бөлгіш сызықтарын (ішкі және сыртқы) орнатыңыз.
Енді әрбір ұяшыққа келесі технологияны қолданып, кесте тақырыбын форматтаңыз:
А5, B5, С5, D5, Е5 ұяшықтарын белгілеңіз
Формат ячеек диалогтық терезесінің Выравнивание закладкасынан келесі командаларды таңдаңыз:
- По горизонтали: по центру 
- По вертикали: по центру 
- Отображение: переносить по словам опциясына флажок орнатыңыз 
- ОК 
Немесе мәтінді ортамен туралаудың стандартты нұсқасын қолданыңыз. Яғни ұяшықтарды белгілеп, саймандар панеліндегі По центру батырмасын басыңыз.
А5 ұяшығына номірленген тізім енгізу қажет. Тізімді автотолтыру арқылы жасау қажет. (1-15 –ке дейін болу қажет)
В5 (фамилиясы, аты, жөні) ұяшығынан студенттер фамилиясын енгізіңіз.
С5 ұяшығына бірінші студенттің сынақ кітапшасының № енгізіңіз, яғни 2013-1, келесі 2013-2 енгізу қажет (автотолтыру қолдану қажет).
В бағанына топтағы алынған бағалардың қорытынды санының атын енгізіңіз: В22 ұяшығына «өте жақсы», В23 ұяшығына – «жақсы», В24 – «қанағаттанарлық», В25 – «қанағатсыз», В26 – «келген жоқ», В27 – «БАРЛЫҒЫ».
Кестені өз қалауыңыз бойынша әсемдеңіз. Сақтаңыз және ораңыз (свернуть).
2. Емтихандық ведомость құру.
Енді жаңа жұмыс кітабын құру қажет. Құрылған жаңа жұмыс кітабын «Книга 2» атынан «SESSION» атына өзгертіңіз.
Бұл жұмыс кітабында 4 парақ болады. Бірінші парақта математика пәнінен емтихандық мәліметтер көрсетіледі. Екінші парақта – физикадан. Үшінші парақта – тарихтан. Ал төртінші парақта әрбір студенттің алынған бағаларына сәйкес стипендия мөлшері саналады.
Жұмыс кітабында үнсіз келісім бойынша 3 парақ қана болғандықтан, тағы бір парақ қосу керек. Ол үшін тағы бір парақты контексттік меню көмегімен Добавить лист опциясын таңдау арқылы қосыңыз. Парақтарды Емтихан1, Емтихан 1(2), Емтихан 1(3), Стипендия деп атаңыз.
Шаблон кестесі бұл жұмыс кітабының үш парағында қайталанатындықтан, Емтихан1, Емтихан 1(2), Емтихан 1(3) парақтарына мәліметтерді бір уақытта енгізіңіз. Ол үшін:
- Жұмыс кітабының бірден үш парағын белгілеңіз. Қажетті парақтар бірінен соң бірі орналасқандықтан, бірінші парақтың ярлыгын тышқанмен шерту арқылы өтіп, Shift пернесін басыңыз. Пернені жібермей тұрып емтихандық ведомостьтің үшінші парағының ярлыгын шертіңіз. 
- ШАБЛОН файылын ашыңыз, парақты белгілеңіз және CTRL+C пернесін басыңыз, содан кейін SESSION файлының Бірінші парағының (Емтихан1) А1 ұяшығына мәліметтерді қойыңыз CTRL+V немесе Вставить батырмасы). 
Осылайша SESSION жұмыс кітабының үш парағында Шаблон пайда болды.
Мәліметтерді алғашқы мысалдағыдай форматтаңыз.
НАЗАР АУДАР! Әрі қарай жұмыс кітабының қандай да бір парағына мәлімет енгізгіңіз келсе, қалған парақтардың белгіленуін алып тастаңыз. Ол үшін бірінші параққа өтіп, оның ярлыгына тышқанмен шертіңіз, сосын Shift пернесін басып тұрып бірінші парақтың ярлыгын тағы да шертіңіз.
Әрбір парақтың D3 ұяшығына сәйкес пәннің аттарын енгізіңіз: математика, физика, тарих.
Математика пәнінен емтихандық ведомость құру үшін бағаларды келесі түрде енгізіңіз: «5» саны 4, «4» саны — 13, «3» саны —10, «2» саны — 1, «келемегендер» саны — 2.
Физика пәнінен емтихандық ведомость құру үшін бағаларды келесі түрде енгізіңіз: «5» саны 6, «4» саны — 12, «3» саны — 8, «2» саны — 2, «келемегендер» саны — 2.
Тарих пәнінен емтихандық ведомость құру үшін бағаларды келесі түрде енгізіңіз: «5» саны 12, «4» саны — 15, «3» саны —1, «2» саны — 1, «келемегендер» саны — 1.
Е6 ұяшығына сәйкес емтихан қабылдаушының фамилиясын енгізіңіз. Е бағанының ұяшықтарын қажетті ұяшыққа дейін автотолтыруды жүзеге асырыңыз. Осындай операцияны Емтихандық ведомостьтің барлық парақтарында орындаңыз.
В бағанына топта алынған бағалардың қорытынды санын енгізіңіз В22 ұяшығына «өте жақсы», В23 ұяшығына – «жақсы», В24 – «қанағаттанарлық», В25 – «қанағатсыз», В26 – «келген жоқ», В27 – «БАРЛЫҒЫ».
Формулалар енгізу.
F26 ұяшығына формула енгізіңіз.
- Курсорды осы ұяшыққа апарып қойыңыз. 
- Формула жолынан функциялар мастерінің x батырмасын таңдаңыз. 
- Сол жақ тізімнен функция түрін таңдаңыз: логикалық. 
- Оң жақ тізімнен функция атын таңдаңыз: ЕСЛИ. 
Экранда формулалар палитрасы пайда болды.
- Алғашқы жолға D6=5 өрнегін жазыңыз 
- Екінші жолға - 1 
- Үшінші жолға - 0 
- ОК батырмасын басыңыз. 
Осылайша, формулалар жолында формула пайда болады: =ЕСЛИ(D6=5;1;0). Бұл дегеніміз: егер бірінші студенттің бағасы «5» (біздің жазуда D6=5) болса, онда F6 ұяшығында 1, ал кері жағдайда 0 пайда болады.
Осы түрде келесі ұяшықтарға формулалар енгізіңіз:
- G6: =ЕСЛИ(D6=4;1;0) 
- H6: =ECJIИ(D6=3;1;0) 
- I6: =ЕСЛИ(D6=2;1;0) 
- J6: =ЕСЛИ(D6="келмеген";1;0) 
Осы формулаларды әрбір студент үшін осылай енгізіп отырмау үшін формулаларды көшіруге болады. Ол үшін F6, G6, Н6, I6, J6 ұяшықтарын белгілеп, саймандар панелінен Копировать батырмасын шертіңіз, формулалар орналасуы қажет барлық жолдар мен бағандарды белгілеп, саймандар панеліндегі Вставить батырмасын шертіңіз. Барлық белгіленген ұяшықтар автоматты түрде формулалармен толтырылады. F, G, H, I, J бағандарында студенттің алған бағасына сәйкес 0 мен 1 сандары пайда болады. Формулаларды барлық ведомосттарға көшіріңіз.
Алынған бағалардың нақты бір түрінің суммалық санын анықтау өзгеше орындалады. «Өте жақсы» бағаларын есептеу үшін тышқан гұсқағышын D22 (B22-ге қарсы) ұяшығына орнатыңыз. Функциялар мастерін шақыртып келесі параметрлерді таңдаңыз:
- функция категориясы: математикалық; 
- функция аты: СУММ; 
- ОК. 
Экранда формулалар палитрасы пайда болды. Енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырманы (қызыл стрелка) шертіңіз, палитра жинақталады. F6 ұяшығын белсенді етіп, тышқан батырмасын басып тұрып курсорды F бағанының бойымен F20 ұяшығына дейін тартыңыз. Жинақталған палитраны енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырманы қайта басу арқылы ашыңыз. Палитраның бірінші жолында автоматты түрде жазылған формуланың дұрыс жазылуын және сумманың дұрыстығын тексеріңіз. Егер барлығы дұрыс болса (қате тек ұяшықтар дұрыс белгіленбеген жағдайда болады), ОК басыңыз. D22 ұяшығында өте жақсы бағалардың суммасы немесе =СУММ(F6:F20) формуласы пайда болады. Осы тәсілмен басқа бағалардың санын есептеңіз.
Барлық алынған бағалардың суммасын да (БАРЛЫҒЫ) осылайша есептеуге болады немесе Автосумма батырмасының көмегімен есептеуге болады:
- Курсорды D27 ұяшығына орнатыңыз; 
- «» (Автосумма) батырмасын шертіңіз; 
- бағалардың барлық түрлерінің суммасын есептеу үшін ұяшықтарды белгілеңіз (D22:D26); 
- Enter. 
D27 ұяшығында бағалардың жалпы саны (15) немесе =СУММ(D22:D26) формуласы пайда болады.
Барлық формулаларды барлық ведомостьтарға көшіріңіз.
2. Енді «Стипендия» парағын толтырамыз. Формулаларды қолданып стипендия тағайындалуын есептейміз.
«Стипендия» парағын ашыңыз. В1 ұяшығына кесте атын енгізіңіз: «СТИПЕНДИЯ», В2 ұяшығына – «минимум», С2 – «стипендия», D2 - 15000 (минимал стипендия мөлшері). A5 және B5 ұяшықтарынан бастап, А20 және В20 ұяшықтарына дейінгі А бағанын (студенттердің реттік нөмірлерімен) және В бағанын (студенттер фамилияларымен) «Шаблон» файлынан көшіріңіз. Қосымша бағандар қосыңыз: «Орташа балл» (C5 ұяшығы), «тапсырылған емтихандар саны» (D5) және «Стипендия» (E5).
Студенттің орташа балын есептеу үшін С6 ұяшығына орташа балды есептеу формуласын енгізу керек. Бұны келесідей орындаңыз:
- Тышқан нұсқағышын С6 ұяшығына орнатыңыз; 
- Функциялар мастері батырмасын шертіп, диалогтық терезеде параметрлерді таңдаңыз: 
- функция категориясы: статистикалық; 
- функция аты: СРЗНАЧ; 
- ОК. 
Экранда формулалар палитрасы пайда болады.
- Курсорды бірінші жолға орнатыңыз. Енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырмаға шертіңіз, палитраны жиналады. Емтихан1 парағының ярлыгын шертіп, бірінші студенттің бірінші емтихан бойынша алған бағасын D6 ұяшығына енгізіңіз. Енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырмаға қайта шерту арқылы палитраны ашыңыз. 
- Курсорды екінші жолға орнатыңыз. Енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырмаға шертіңіз, палитраны жиналады. Емтихан2 парағының ярлыгын шертіп, бірінші студенттің екінші емтихан бойынша алған бағасын D6 ұяшығына енгізіңіз. Енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырмаға қайта шерту арқылы палитраны ашыңыз. 
- Курсорды екінші жолға орнатыңыз. Енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырмаға шертіңіз, палитраны жиналады. Емтихан3 парағының ярлыгын шертіп, бірінші студенттің үшінші емтихан бойынша алған бағасын D6 ұяшығына енгізіңіз. Енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырмаға қайта шерту арқылы палитраны ашыңыз. 
- Жазылған формуланың дұрыстығын (таңдалған ұяшықтардың дұрыстығын) тексеріңіз. Қате болмаған жағдайда - ОК. 
С6 ұяшығына =СРЗНАЧ('Емтихан1'!D6;'Емтихан1(2)'!D6;'Емтихан1(3)'!D6) формуласымен анықталған бірінші студенттің орташа баллының мәні көрсетіледі.
С бағанының барлық ұяшықтарына формуланы көшіреміз. Автотолтыруды қолданыңыз. Ұяшықтар автоматты түрде әрбір студентің орташа баллының мәндерімен толтырылады.
Кейбір ұяшықтарда орташа балл бірнеше ондық цифрдан тұрады. Бізге ондық санның біреуі ғана жеткілікті болғандықтан, нұсқағышты қажетті ұяшыққа апарып, «Уменьшить разрядность» батырмасының көмегімен қалған ондық сандарды алып тастауға болады.
Әрбір студенттің тапсырған емтихан санын есептеу үшін D6 ұяшығына Функциялар мастерінің көмегімен құрылған формуланы енгіземіз.
- D6 ұяшығына тышқан нұсқағыгын орнатыңыз; 
- Функциялар мастері батырмасын шертіп, диалогтық терезеден параметрлерді таңдаңыз: 
- функция категориясы: статистикалық; 
- функция аты: СЧЕТ; 
- ОК. 
Экранда формулалар палитрасы пайда болады.
- Нұсқағышты бірінші жолға орнатыңыз. Палитраны жинаңыз. Емтихан1 парағының ярлыгына шертіп, бірінші студенттің бірінші емтиханы бойынша алған бағасы бар D6 ұяшығын таңдаңыз. Палитраны ашыңыз. 
- Курсорды екінші жолға қойып, палитраны жинаңыз. Емтихан1(2) парағының ярлыгына шертіп, бірінші студенттің екінші емтиханы бойынша алған бағасы бар D6 ұяшығын таңдаңыз. Палитраны ашыңыз; 
- Курсорды үшінші жолға қойып, палитраны жинаңыз. Емтихан1(3) парағының ярлыгына шертіп, бірінші студенттің үшінші емтиханы бойынша алған бағасы бар D6 ұяшығын таңдаңыз. Палитраны ашыңыз; 
- Жазылған формуланың дұрыстығын (әрбір студенттің тапсырған емтихандар санын есептеу ұяшықтарының таңдалу дұрыстығын) тексеріңіз. Қате жоқ болған жағдайда – ОК басыңыз. 
D6 ұяшығында =СЧЕТ('Емтихан1'!D6;'Емтихан1(2)'!D6;'Емтихан1(3)'!D6) формуласымен есептелген бірінші студенттің тапсырған емтихандарына сәйкес саны шығады.
D бағанының барлық ұяшықтарына формуланы көшіреміз. Автотолтыруды қолданыңыз.
Жоғарыда айтылғанның бәрін ескере отырып және формулаларды енгізуден алынған тәжірибелерді қолданып, студенттің стипендиясының мөлшерін есептейтін формуланы Е6 ұяшығына енгізіңіз:
=ЕСЛИ(И(С6>=4,5;D6=3);$D$2*1,5;ЕСЛИ(И(С6>=4;D6=3);$D$2;0)).
Формуланы енгізу «Enter» пернесін басумен аяқталатынын ұмытпаңыз.
Бұл формуланы Е бағанының барлық ұяшықтарына көшіріңіз. Үлгеріміне байланысты әрбір студентке стипендияны тағайындау автоматты түрде жүзеге асырылады.
3. «Стипендия» кестесінің мәліметтері негізінде диаграмма құру
Сессия және стипендия есептеудің қорытындысы бойынша диаграмма құру үшін тағы бір парақ қосыңыз және оны Диаграмма деп атын өзгертіңіз.
1. «Орташа балл» диаграммасын құру.
Студенттердің бағаларының орташа балы бойынша гистограмма құрыңыз. Диаграмманы форматтаңыз.
2. «Стипендия тағайындалуы» диаграммасын құру.
Студенттердің стипендия мөлшері бойынша тек стипендия алатын студенттер үшін дөңгелек диаграмма құрыңыз. Диаграмманы форматтаңыз.
Жұмысыңызды оқытушыға тапсырыңыз
