Формулаларды құрастыру және енгізу
Ұяшықта мәтін мен саннан басқа формула да бола алады, яғни оның ішіндегі мәлімет басқа ұяшықтардағы мәндерді ескере отырып саналады.
Формулаларды енгізу электрондық кестелердің ең маңызды және негізгі операцияларының бірі болып табылады.
Формулаларды енгізу кезінде әрқашан = (теңдік) символынан бастау керек. Формулаларды енгізу «Enter» пернесін басумен аяқталады.
Excel программасында көптеген түрлі математикалық, статистикалық, логикалық және басқа функциялар бар. Функциялармен жұмыс істегенде тек қана олардың аргументтерінің мәндерін беру керек, ол функциялар мастерінің көмегімен жүзеге асырылады. Функциялар мастерін формула жолынының алдындағы x батырмасын шерту арқылы шақыртуға болады. Басқа нұсқасы – Формулы қаптамасынынан Вставить функцию опциясын таңдау. Алдын –ала қажетті функциясы бар формула орналасатын ұяшықты белсенді ету керек. Экранда функциялар мастерінің терезесі ашылады. Алдымен Категория өрісінде (бұл бірінші қадам) қажетті функция жататын ккатегорияның түрін таңдайды, ал Функция өрісінде оның атын көрсету керек. Егер функцияның қызметін білгіңіз келсе, онда терезенің төменгі жағынан осы функциямен орындалатын әрекеттер туралы көмекші сөздерді оқуға болады. Бұл ақпарат жеткіліксіз болса, терезенің соңғы жағында Справка по этой функции батырмасын басуға болады. Формула таңдалған соң ОК басу керек: осылайша келесі қадамға өтуге болады. Функцияны енгізуді болдырмау үшін Отмена батырмасын басқан жеткілікті.
Функциялар мастерінің екінші қадамы аргументтерді беруден тұрады. Ол үшін формулалар палитрасы қолданады. Бұл жерде бірнеше әдісті қолдануға болады.
Бірінші әдісі - мәндерді және ұяшықтар адрестерін ашылатын өрістерде енгізуге болады, әрбір жаңа аргументті енгізу Tab немесе келесі енгізу өрісіне шерту арқылы аяқталады. Барлық аргументтер енгізіліп болған соң, Enter пернесін немесе ОК батырмасын шерту керек.
Функция аргументтерін берудің екінші әдісі – осы аргументтері бар ұяшықтарды тышқанмен шерту керек (керек болған кезде ұяшықтар тобын да белгілеуге болады). Олардың адрестері формулалар палитрасының ағымдағы енгізу өрістерінде көрініс табады. Егер палитра бөгет жасаса, енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырманы шертуге болады, сонда ол жинақталады. Оралған палитраны ашу үшін екінші рет енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырманы шертуге болады.
Функция күрделі формуланың құрама бөлігі ретінде бола алады, және бір формулада бірнеше функциялар қолданыла алады.
Көп жағдайда формулаларды жұмыс кітабының басқа парақтарынан көшіру керек болады. Ол үшін жұмыс кітабының парағының атын көрсету керек, сосын леп белгісін қойып, сосын ғана осы беттегі ұяшық адресін көрсету керек.
Егер жұмыс кітабының парағының формула берілгеннен кейін атын өзгерту керек болса, бұл формула автоматты түрде парақтың жаңа атына сәйкес жөнделеді.
Диаграмма құру
MS Excelде диаграмма жұмыс кітабының ұяшықтарындағы мәліметтерді және осы мәліметтердің арасындағы байланысты визуалды көрсететуге арналған. Диаграмманы қолдану үлкен көлемді ақпараттарды талдау процесін жеңілдетеді.
Әр диаграмма көптеген элементтерден тұрады. Оларды орнын ауыстырып, редакторлеп және жоюға болады.
Диаграмманың элементтерін келесі суреттен көруге болады.
